Педагогика факультеті мамандық: 5В010100-мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу академиялық дәреже: Мектепке дейнгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалавры



бет78/116
Дата04.03.2016
өлшемі9.06 Mb.
#41143
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   116

Пререквизиттер: Информатика, Биологияны оқыту технологиясы.

Постреквизиттер: Биологияны кәсіптік оқыту, Биологияны жеке оқыту әдістемесі, Педпрактика

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: ХХІ ғасырдың ақпараттандыру қоғамында білім беру саласында дәстүрлі қағаз тасымалдаушы мен салыстырғанда негізінен электронды тасымалдаушы түрлерін қолдану, электронды оқыту мемлекеттік саясаттың бағыттарының бірі. Бағдарлама электронды оқу құралдарын стандарты, электронды оқу құралдарының түрлерімен таныстырады. Биология пәнінен электронды оқу құралдарының құрылымы, мазмұны, сабақта ұтымды қолдану жолдары туралы білім қалыптастырады. Сонымен қатар, электронды оқу құралын құрастыру әдістемесі қарастырылған. Білім берудің 2011-2020 ж.ж. мемлекеттік білім беру бағдарламасында көрсетілген электронды оқытуды, қашықтықтан оқытуды, 12 жылдық мектепте оқушыда ақпараттық құзіреттілік қалыптастыруды жүзеге асыруға бағытталған.

Мақсаты: Студенттерде биологиядан электронды оқулықты қолдану біліктілігін қалыптастыру.

Пәннің міндеті:

  • Электронды оқулықтың құрылымы, мазмұнымен танысу.

  • Электронды оқулықты қолдану әдістемесімен танысу.

Негізгі әдебиеттер

1. Биология пәнінен электронды оқулықтар 6-11 сыныптар.



Қосымша әдебиеттер:

1. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии.- Москва, 1998. С.114-118.

2. Минич О.А. Информационные технологии в образовании.- Минск, 2008.

Оқу тілі: қазақ, орыс.

Бағдарлама жетекшісі: Мусарова В.А.

4 КУРС


7 семестр – 13 кредит

цикл

код

Пәннің атауы

кр

цикл

код

Пәннің атауы

кр

Міндетті компоненті-6 кредит

Таңдау компоненті -7 кредит

Базалық пәндер

ВВЕ 467

Эволюция ілімі

3

Кәсіптендіру пәндері

BOZR237

FTP 237


Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық негіздері

Фитопатология



2

Кәсіптендіру пәндері

ВРС 488

Топырақ биологиясы

3

Базалық пәндер

BF 221

PBE 221


Биофизика

Биоэнергетика мәселелері



3













MRZB246

MROZ246


Биологиядан есептер шығару әдістемесі

Биологиядан олимпиадалық есептер шығару әдістемесі



2

8 семестр – 8 кредит

цикл

код

Пәннің атауы

кр

цикл

код

Пәннің атауы

кр

Міндетті компоненті -2 кредит

Таңдау компоненті -6 кредит

Кәсіптендіру пәндері

ВРМ488

Молекулалық биология

2

Кәсіптендіру пәндері

IMM251

BT 251


Иммунология

Биотехнология негіздері



2










RB244

НВ 244


Радиобиология

Хронобиология



2










OURi B245

BLR245


Мектеп учаскесінде оқу тәжірбие жұмыс-тарын ұйымдастыру және биометрия

Биогеоценология



2



Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық негіздері (Основы биологической защиты растении Fundamentals of biological plant protection)

Преквизиттер: Ботаника, Зоология, микробиология.

Постреквизиттер: Эволюциялық ілім, паразитология.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Өсімдіктерді қорғаудың биологиялық негіздері пәнінің ашылу тарихы, мақсаты. Жәндіктердің өзара қарым-қатынасын. Симбиоз, паразитизм, жыртқыштық ұғымдары. Жәндіктердің негізгі топтары мен табиғи жауларының негізгі топтарының биологиясы. Энтомофагтардың биологиясы және негізгі топтары. Зиянкестердің табиғаты. Зиянкестермен күресудің әртүрлі жолдары. Математикалық модель және интегралдық тәсілдер.

Мақсаты: Зиянкестер тудыратын аурулар және олармен күресуде биологиялық табиғи әдістерді пайдалану туралы ұғым қалыптасады.

Пәннің міндеті: Жәндіктердің өзара қарым-қатынасын, жәндіктердің негізгі топтары мен табиғи жауларының негізгі топтарын, зиянкестермен күресудің әртүрлі жолдары, математикалық модель және интегралдық тәсіл түрлері туралы биологиялық ғылымның негізін қалыптастыру.

Негізгі әдебиеттер

1. Бондаренко Н.В. Биологическая защита растений. Л, 1978 г.

2. Вавилов Н.И. Проблемы иммунитета культурных растений. М.-Л., 1964 г.

Қосымша әдебиеттер:

1. Тарр С. А., Основы патологии растений, пер. с англ., под ред. М. С. Лунина, М., 1975.

2. Санкина Е. М., Защита растений. Фитопатология. Учебное пособие для самостоятельного изучения дисциплины/ Москва, 2005 г.

Оқу тілі: қазақ, орыс.

Бағдарлама жетекшісі: Зияева Г.К.

Фитопатология. (Фитопатология . Phytopathology)

Преквизиттер: Ботаника, Зоология, микробиология.

Постреквизиттер: Эволюциялық ілім, паразитология. Ғылыми жоба.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Фитопатология ғылымының тарихы, адам өміріндегі маңызы. Қазақстандағы фитопатология ғылымы.

Өсімдіктің аурулары мен оларды қорғаудың алдын- алу шаралары. Өсімдіктің ауруларының қоздырғыштарын олардың пайда болуы, даму заңдылықтарын және таралуын, жайылып кету анатомия-физиология ауытқуларын, иммунитет пен карантин мәселелерін және олардан қорғанудың тиімді әдістері қарастырылады. Орман, дала, ауыл шаруашылығында таралған өсімдік ауруларының түрлері, олардан қорғанудың әдістері. Фитопатогендермен күресуде биологиялық препараттарды пайдалану жолдары.



Мақсаты: Өсімдіктің аурулары мен олардан қорғанудың тиімді әдістері туралы ұғым қалыптастыру.

Пәннің міндеті: Өсімдіктің ауруларының қоздырғыштарын ,олардың пайда болуы, даму заңдылықтарын және таралуын, жайылып кету , анатомия-физиология ауытқуларын, иммунитет пен карантин мәселелері туралы ұғымды меңгеру.

Негізгі әдебиеттер

1. Методы фитопатологии, пер. с англ., под ред. М. В. Горленко, М., 1974; Пересыпкин В.



Қосымша әдебиеттер:

1. Тарр С. Основы патологии растений. М. Мир. 1975. 242 с.

2. Ван дер Планк Я.Е. Болезни растений. М. Колос. 1966. 353 с.

3. Журавлев И. И., Соколов Д. В., Лесная фитопатология, М., 1969:

4. Поляков И. М., Химический метод защиты растений от болезней, 2 изд., Л., 1971;

5. Пересыпкин В. Ф. Сельскохозяйственная фитопатология, М., 1974;



Оқу тілі: қазақ, орыс.

Бағдарлама жетекшісі: Зияева Г.К.

Биофизика. (Биофизика. Biophysics)

Пререквизиттер: физика, химия, метематика, информатика, биохимия, физиология, малекулалық биология, генетика, цитология, гистология, экология, микробиология, ботаника, зоология, эволюциялық биология

Постреквизиттер: Радиобиология, зерттеу жұмыстары

Бағдарламаның қысқаша мазмұны

Биофизика пәнінің даму тарихы. Биофизиканың зерттеу әдістері. Биологиялық жүйелердің термодинамикасы. Энтропия. Градиент. Бос энергия. Биологиялық процесстердің қайтымдылығы мен қайтымсыздылығы. Мембрана биофизикасы. Липосондар. Биологиялық мембрана арқылы пассивті тасымалдану. Активті тасымалдану. Уссинг тәжірибесі. Электронды-иондық насостар. Биологиялық жүйелердің электр өткізгіштігі. Максвель теңдеуі. Гемодинамиканың негізгі заңдары. Қан айналудың биофизикасы. Қанның реологиялық қасиеттері. Фотобиологиялық процестер. Жарықты өткізу заңдары, спектрлік әсері. Митогенетикалық сәулелену. Хемилютинесценция. Инфра- қызыл және жоғары жиілікті толқындар ультра күлгін сәулелер. Лазерлер олардың түрлері. Ауыл шаруашылық лазерлік қондырғылар. Радиоционды биофизика. Иондық радиацияның биологиялық әсері. Түрлі иондық сәулелену түрлерінің биологиялық әсерлерінің ерекшеліктері, мүмкіндік дозалары. Түрлі организмдердің радиосезімталдығы Сәулемен зақымдануға әсер ететін факторлар.



Мақсаты: Тірі организм, ұлпа клеткаларда элементар өмір сүру процесінің негізі болып табылатын физикалық, физикалық-химиялық құбылыстарды және физикалық факторлардың организмге әсерімен таныстыру.

Пәннің міндеті:

  1. Білімгерлерге «Биофизика» пәні туралы, оның дамуы, зерттейтін мәселелері жайында теориялық материалдар бере отырып, нақты оны практикамен ұштастыру;

  2. Биофизика заңдылықтары мен принциптерінің тірі организмдерде қолданылу жолдарын меңгерту;

Негізгі әдебиеттер

  1. Антонов ВФ. и др. Биофизика. М.: ГИЦ "ВЛАДОС", 1999.

2. Арызханов Б.С. Биологиялык физика. Алматы: Кайнар, 1990.

Қосымша әдебиеттер:

1. Дорохов Г. П. Перспективы применения электромагнитных полей п растениеводстве. Алма-Ата: КАЗНИИНТИ, 1984.

4. Иваницкий ПР., Кринский В.И., Сельков Е.Е. Математическая биофизика клетки. М.: Наука, 1978.

Оқу тілі: қазақ, орыс.

Бағдарлама жетекшісі: Төлеубаев Ж.С.

Биоэнергетика негіздері . (Основы биоэнергетики. Problems of bioenergetics)

Преквизиттер: ботаника, жалпы биология, экология, органикалық және бейорганикалық химия, биохимия, молекулалық биология, биофизика, география

Постреквизиттер: Ғылыми зерттеу жұмыстары

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Экологиялық факторлардың энергетикалық алмасуға әсері. Биоэнергетика және зат алмасудың бұзылуы. Биоэнергетика деңгейлері. Биоэнергетика және экологиялық апаттар. Ұлпалық тыныс алу. Май қышқылдары, ақуыздар мен амин қышқылдары негізгі энергия көздері. Биоэнергетика ғылымы биохимияның негізгі бөлігі ретінде. Биологиялық бос энергияның маңызы. Тірі ағзалардың энергиясы мен жұмысы. Өсімдіктердегі энергия түзілу процесінің негізгі этаптары. Тотығы-тотықсыздану кезіндегі энергияның бөлінуі. Аэробтық тыныс алу механизмі. Кребс циклі. Анаэробты тыныс алу механизмінің энергетикалық тиімділігі. Фотосинтез процесіндегі энергетикалық коэффициент.

Мақсаты: Тірі организмдердегі биоэнергетикалық құбылыстардың маңыздылы мен мәнін түсіндіру.

Пәннің міндеті: білімгерлерге биоэнергетика пәнінің негізгі ұғымдарын түсіндіру, тірі организмдердегі биологиялық процестердің жүру жолдарының ерекшеліктерін түсіндіру, түрлі деңгейлердегі биохимиялық және биоэнергетикалық құбылыстарды зерттеу.

Негізгі әдебиеттер

1. Кеплен С. Р., Эссиг Э. - Биоэнергетика М.,1986



Қосымша әдебиеттер:

  1. Устинова Елена - Биоэнергетика комнатных растений Кладезь-букс 2006

  2. Есқайыров М.Е. Биоорганикалық қосылыстар. Алматы, «Мектеп», 1987.

  3. Кенесарина Н.Ә. Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, «Мектеп», 1986.

Оқу тілі: қазақ, орыс.

Бағдарлама жетекшісі: Қожамжарова Л.С.

Биологиядан есептер шығару әдістемесі. (Методика решения биологических задач. Methods of solving biological problems)

Преквизиттер: Цитология, ботаника, зоология, генетика, биологияны оқыту әдістемесі

Постреквизиттер: Олимпиадалық есептер шығару. Педагогикалық практика.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Биологиядан есептер шығару әдістемесінің мақсаты мен міндеттері. Биологиядан есептер шығару әдістемесінің методологиялық негіздері, биологиялық есептер шығарудың әдіс-тәсілдері, оқу әрекетіндегі белсенділікті жоғарылатумен ойлау әрекетін дамытуға арналған биологиялық есептер. Ботаникадан, зоология, физиологиядан, биохимиялық, экология мен генетикадан есептерді шығару әдістемесі.

Мақсаты: Студенттерде биологиядан есептер шығарудың әдіс-тәсілдері туралы біліктілігін қалыптастыру.

Пәннің міндеті:

- Әртүрлі типті есептер шығаруға, биологиялық заңдылықтарды терең түсінуге, логикалық ойлауды дамытуға, ойлау және таным белсенділіктерін дамытуға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерде орынды пайдалана білуге үйрету.

- Бағдарламалық материалдық мазмұнына жан-жақты талдау жасап, тақырыптық есептерді таңдау және оны оқушы санасында қалыптастыру, меңгерілген білімнің күнделікті тұрмыста маңыздылығын түсіндіру.

Негізгі әдебиеттер

1. Т.Л.Богданова .Биологические задачи и упражнении. Москва 1984г Просвещение

2. Г.М.Муртазин. Задачи и упражнении по общей биологии. Москва Просвещение 1981г.

Қосымша әдебиеттер:

1. С.С.Молис. Активные формы и методы обучения биологии. Москва, Просвещение 1985г.

2. Я.Ф.Дырда. К обучению школьников решению задач по биологии. Москва Просвещение 1981г.

3. В.Трайтак. Решение биологических задач, Москва Просвещение 1998г



Оқу тілі: қазақ, орыс.

Бағдарлама жетекшісі: Зияева Г.К.

Биологиядан олимпиадалық есептер шығару әдістемесі. (Методика решения олимпиадных задач по биологии. Methods of solving problems in biology olympiad)

Преквизиттер: Цитология, ботаника, зоология, генетика, биологияны оқыту әдістемесі.

Постреквизиттер: Ғылыми жобалар . Педагогикалық практика.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Олимпиадалық есептер мен жаттығулар шығару әдістемесі, мақсаты, міндеті. Дарынды оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру бағыттындағы биологиялық есептерді шешу жолдары. Лабораториялық тәжірибелер қою арқылы, логикалық ой-өрісін дамытуға арналған проблемалық есептер. Оқушыларды биологияның фундаминтальды және қолданбалы бағыттары бойынша ғылыми зерттеу және танымдық әрекеттерін белсендендіру жолдары.

Мақсаты: Студенттерде биологиядан олимпиадалық есептер шығарудың әдіс- тәсілдері туралы біліктілігін қалыптастыру.

Пәннің міндеті:

- Оқыту үрдісінде тиімділігін арттыру, оқушылардың ойлау және таным белсенділіктерін дамытуға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді пайдалану.

- Биологиялық түрлі есептер шығара отырып, алған білімдерін пысықтау, логикалық қабілеттерін дамыту.

- Олимпиада есептерін шығару, құрастыру әдістерін меңгерту арқылы студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру.



Негізгі әдебиеттер

1. Т.Л.Богданова .Биологические задачи и упражнении. Москва 1984г Просвещение

2. Г.М.Муртазин. Задачи и упражнении по общей биологии. Москва Просвещение 1981г.

Қосымша әдебиеттер:

1. С.С.Молис. Активные формы и методы обучения биологии. Москва, Просвещение 1985г.

2. Я.Ф.Дырда. К обучению школьников решению задач по биологии. Москва Просвещение 1981г.

3. В.Трайтак. Решение биологических задач, Москва Просвещение 1998г



Оқу тілі: қазақ, орыс.

Бағдарлама жетекшісі: Зияева Г.К.

Иммунология. (Иммунология. Іmmunology)

Преквизиттер: Цитология, генетика, микробиология және вирусология, адам және жануарлар физиологиясы.

Постреквизиттер: биотехнология.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Антидене және антидененің өндірілуі. Иммундық жүйе, Т- және В- лимфоциттер. Иммунды жүйенің орталық және шеткі бөлімдері. Т- және В-лимфоциттердің әрекеттесуі мен генезі, Т- және В- лимфоциттердің жалпы сипаттамасы. Иммунды жасушалардың бір-бірімен әрекеттесуі. Иммунды жүйенің гармондары мен медиаторлары. Иммунологиялық толеранттылық. Толеранттылықты тудыратын факторлар. Толеранттылықты болдырмау жолдары. Иммунды жауапты генетикалық қадағалау. Иммуноглобулиндердің құрылымдық гендері. Туа пайда болған иммунодефициттер. Қатерлі ісіктерге қарсы иммунитет. Қатерлі ісіктердің антигендері Ағзаның қатерлі ісікке қарсы иммунды жауаптың түрлері.

Пәннің мақсаты: Иммунологияның негізгі түсініктері, қазіргі теориялары, түрлері, иммундық жүйенің құрылымы, организмдегі иммунологиялық реакциялардың жүру заңдылықтары, иммунологиялық - медициналық препараттар туралы білім қалыптастыру. Адам мен жануарлардың иммунды жүйесінде қалыпты жағдайда және патология кезінде өтетін барлық иммунологиялық процестерді салыстыра отырып оқыту.

Пәннің міндеттері:

- Білімгерлерге «Иммунология» пәні туралы, оның дамуы, зерттейтін мәселелері жайында теориялық материалдар бере отырып, нақты оны практикамен ұштастыру;

- Антидененің табиғаты және иммуноглобулиндердің құрылысын анықтау;



- Иммундық жүйе, Т- және В- лимфоциттердің құрылысын қарастыру;

- Толеранттылықтың дамуында иммундық жасушалардың маңызын зерттеу ;

- Ағзаның қатерлі ісікке қарсы иммунды жауаптың түрлері анықтау;

Негізгі әдебиеттер :


  1. П.А. Красочко и др. "Иммунология". М; 2005

  2. И.А. Кондратьева и др. "Практикум по иммунологии"М. 2004г

Қосымша әдебиеттер:

  1. Х. Фримель, И.Брок "Основы иммунологии". М. 1986 г

  2. Воробьев А.А. Микробиология и иммунология . М., 1999.

Оқу тілі: қазақ, орыс.

Бағдарлама жетекшісі: Зияева Г.К.

Биотехнология негіздері. (Основы биотехнологии. Fundamentals of biotechnology)

Преквизиттер: Цитология, ботаника, зоология, генетика, микробиология және вирусология.

Постреквизиттер: Хромосомдық иженерия.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Биотехнология ғылымының Қазақстанда дамуы. Биотехникалық өндіріс және өнімдердің сипаттамасы. Микроорганиканың тіршілігі мен байланысты. Ашу өндірістері.Спирті ашу процесі. Этонолды алу. Сүт қышқылын алу . Органикалық қышқылдарды алу. Органикалық қосылыстар трансформациясы.

Биологиялық активті қосылыстарды алу. Дәрумендер. Аминқышқылдары. Ферменттер.

Екіншілік метоболиттер өндірісі. Антибиотиктер. Ағынды суларды өңдеу биотехнологиясы. Ағынды суының негізгі сипаттамасы. Ағынды суларды аэробты өңдеу. Ағынды суларды анаэробты өңдеу. Биотехнология негізгі бағыттары. Металдардың биогеотехнологиясы. Биотехнология және өсімдіктер өнімділігін жоғарылату. Мәдени өсімдіктердің сорттарын жақсарту. Ұлпалық және клеткалық дақылдарды пайдалану.

Адам және жануарладың клеткасын биотехнологияда пайдалану.



Мақсаты: Биотехнология ғылымының салалары мен әдістері, генетикалық, клеткалық және белоктық инженерия, энзимология инженериясы, жануарлар, өсімдіктер және бактериялар клеткаларының культурасын көбейту, клеткаларды біріктіру әдісі, биотехникалық өндіріс пен өнімдер туралы ұғым қалыптастыру.

Пәннің міндеті: Өсімдік, жануар клеткаларының құрылысын, олардың ферменттік құрамын, клеткалық және гендік инженерия, заттардың биосинтезі мен биотрансформациясын зерттеу, биотехнологияның негізгі бағыттарымен танысу.

Негізгі әдебиеттер :

1.Биотехнология / Под ред. А.А. Баева - М: Наука, 1994г

2. Жубанова А.А. Основы биотехнологии. Т.1,2,3 -Алматы: КазГУ, 2000. -54с

Қосымша әдебиеттер:

1. Беккер М.В. Биотехнология микробиологического синтеза, - Рига: Зинатне, 1980, . - 249

2. Биотехнология. Принципы и применение / Под ред. И.Хиггенса. - М.: -Мир, 1980 -480

Оқу тілі: қазақ, орыс.

Бағдарлама жетекшісі: Зияева Г.К.

Радиобиология. (Радиобиология. Radiobiology)

Пререквизиттер: Жалпы физика, атомдық және ядролық физика, Химия, Адам анатомиясы, Өсімдіктер физиологиясы, Генетика, Биофизика.

Постреквизиттер: Биотехнология, Биоэкология, Өсімдік, жануар және адам экологиясы, Эволюциялық ілім

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Радиобиология пәні, мақсаты, міндеттері, даму тарихы. Ядролық физиканың кейбір элементтері, заттардың құрылысы, изотоптар, изомерлер, изоборлар, изотоптар туралы түсінік, ядролық күштер, масса дефектісі, радиоактивтілік, бөлшектердің физикалық қасиеттері, £-ыдырау, ß-ыдырау, ішкі конверсия, радиоактивтілік қатарлар, Радиоактивтілік ыдырау заңы, Гамма активтіліктің өлшем бірлігі, радиоактивті сәулелердің заттармен әсерлері, ионданушы сәулелердің дозиметриясы мен радиометриясы, иондаушы сәулелерді тіркейтін анықтайтын әдістемелер, микродозиметрия туралы түсінік, қоршаған ортаны радиоактивті заттармен ластайтын көздер, жасанды иондаушы сәулелер көзі, иондаушы сәулелердің биологиялық көзі, иондаушы сәулелерді қанға, қан түзейтін мүшелерге әсері, радиоактивті заттардың уыттылығы, жануарлардың иондаушы сәуле ауруына шалдығуы, сәуле әсері ауруына шалдыққан жануарларды сақтау.

Мақсаты: Білімгерлерге қоршаған ортаны радиоактивті заттармен ластайтын көздерді, иондаушы сәулелердің биологиялық әсерлерін, ағзаға түсетін радиоактивті заттардың уыттылығын, қауіпті сәулелік аурулар мен радиоактивті заттардың ауыл шаруашылығына тигізетін әсерлерін түсіндіру.

Пәннің міндеті:


  • Ағзаны радиациядан қорғау, иондаушы сәулелер әсер еткенде, оның зиянды салдарынан құтылудың жолдарын іздестіру.

  • Радиацияның адамдарға, жануарларға қауіпті деңгейлерін алдын-ала болжай білу.

  • Иондаушы сәулелерді ғылым мен практикада және медицинада, ауыл шаруашылығында қолдану, яғни сәулелік ауруларды емдеу, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеп, сақтауға қолдануды білу.

  • Радиобиология ғылымының жаңа жетістіктерімен және оның даму перспективаларымен таныстыру.

Негізгі әдебиеттер

1. Ярмоненко С.П. Радиобиология человека и животных. М. 1977г. 368с.

2. Малғаждаров С., Жуков Е., Малғаждаров М. Радиобиология. А. 1998ж. 200б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет