Трансформациялық қызмет атқарғанда ғылым салаларынан іріктелген мәліметтер балалардың жас ерекшеліктері мен дидактикалық талаптарға сай қайта өзгеріп, бала түсінігіне жеңіл болады.
Жүйелеуші қызметінің нәтижесінде оқулықтағы материалдар жүйелі және бірізділікпен баяндалады.
Оқулық материалды бекіту және оқушыға өзін-өзі бақылату жұмыстарын жүргізеді. Оқулық оқушыға ол білетін ұғымды өзінің тексеруіне мүмкіндік жасайды.
Біріктіруші қызметі нәтижесінде оқушы оқулықтың материалына оған жақын ғылымдардан қосымша мәліметтер қосады.
Үйлестіруші қызметі нәтижесінде материалды түсінуге керекті алуан түрлі оқыту құралдары (карта, суреттер, диапозитив, табиғи көрнекіліктер) қолданылды.
Дамыту, тәрбие беру қызметінің нәтижесінде оқулықтағы материал баланың рухани өміріне, ақыл-ойына, шығармашылығына әсер етеді.
Оқыту қызметі арқылы баланы өздігінен білім алуға, әдебиетпен жұмыс істеуге, талдап, зертханалық жасауға үйретеді.
Оқыту процесіндегі басты, маңызды бөлік - оқулықтармен жұмыс, ол түсіндірумен, зертханалық, тәжірибелік жұмыстармен қатар тұрады.
Озат мұғалімдер оқулықпен жұмысты сабақта да, үйде де ұйымдастырады. Оқушы оқулықпен өз бетімен жұмыс істеп, оқу қабілетін дамытады, есін жетілдіреді, баяндауға, талдауға, сынауға, толықтыруға, оқылған мәтінді қосымша әдебиеттер арқылы өзгертуге үйренеді.
Оқулық құрамына негізгі бөлік мәтін енеді. Мәтіннен тыс көмекші бөліктер (Д.Д.Зуев): мәтіндер көркем, ғылыми, ресми, әңгімелеу, сипаттау, талқылау мәтіндері болып бөлінеді.
Мәтіннен тыс бөліктерге оны меңгеруге көмектесетін ақпараттар (сұрақтар мен тапсырмалар, нұсқаулар, кесте, иллюстрациялық материалдарға берілген түсініктер, иллюстрациялық материалдар), бағыт беретіндер(кіріспе, ескерту, қосымша) жатады.
Сонымен, оқу пәндерінің бағдарламалары және оқулықтары – білім мазмұнындағы маңызды элементтер. Олар оқыту процесін ұйымдастырудың да маңызды бөлігі болып табылады. Бағдарламалар мен оқулықтарда оқушыларға берілу керек білім, іскерлік, дағдылардың мөлшері белгіленген. Оларды меңгеру баланың жеке тұлғасын қалыптастырады.
1990-1995 жылдарда еліміздегі бастауыш мектептер үшін бірінші буын оқулық жазылып, 1995-1996 оқу жылдарында республика мектептерінің бастауыш сыныптары толығымен республикалық оқулықтарға көшірілді.
І-ІV сыныптар үшін математика (Авторлары: Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, К.Ерешова, т.б.) басқада оқу құралдары жарық көрді.
Сонымен қатар 5-11 сыныптардағы тіл және әдебиет курстары 2-3 рет толық өңдеуден өткізілді. Мектептер үшін 90 жаңа оқулық пен 300-ге жуық әдістемелік басшылық әзірленген және оның көбі баспадан шығарылды.
Оқулық басылымдары материалдарына қойылатын талаптар
9. Оқулық басылымдарын дайындау үшін пайдаланылатын материалдар химиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
10. Оқулық басылымдарын дайындауға арналған қағаз баспа мәтінінің жақсы көрінуін қамтамасыз етеді.
Шағылысу коэффициенті 70%-дан 80%-ға дейінгі ақ немесе кішкене сарғылт түсті қағаз қолданылады. Газет қағазы мен жалтылдаған жылтыр қағаз қолданылмайды.
11. Қағаздың беті тегіс (машиналық тегіс қағаз үшін кемінде 30–40 секунд (бұдан әрі – сек) және глазурленген қағаз үшін 100–150 сек), таза, түксіз және дақсыз, біркелкі, айтарлықтай жылтырсыз жасалған.
12. Қағаз тиісті беттегі немесе парақтың артқы жағындағы баспа мәтінін көрсетпейді.
13. Қағазды зерттеуге қолданылатын аспаптар осы Гигиеналық нормативтерге 2-қосымшада келтірілген.
3. Оқулық басылымдарын басып шығаруға қойылатын талаптар
14. Оқулық басылымдарын басып шығару айқын, қарқынды қара түсті және біркелкі болады.
Оқулық басылымдарында мынадай ақаулар көзделмейді:
ақпараттың бұрмалануына немесе жоғалуына алып келетін, жеңіл оқылуды, оқу жағдайларын нашарлататын ақаулар;
дұрыс басып шығармау (бейнелеу элементтерінің жоғалуы), бояудың көшуі, бояу толтырылған учаскелер, дақтар, сызаттар, баспа-таңбадағы қосарланған баспа элементтері;
белгілердің штрихтары айқын емес мәтіннің басып шығарылуы;
жиектеріне немесе блоктың ішіне желімнің құйылуы, беттердің желімделуі және ашу кезінде мәтіннің немесе иллюстрациялардың зақымдалуы;
умаждалған, кір беттер;
мұқабаның түбіртектен артта қалуы;
блоктың немесе мұқаба қақпағының зақымдалуы.
15. Оқулық басылымдарында:
тақырыптардан басқа жіңішке жазылған;
негізгі мәтін үшін курсивпен жазылған;
1-4 сыныптар үшін басылымдарда дөңгелектенген әріптердің көлбеу осі бар қаріптерді қолданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |