Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес



бет6/142
Дата25.01.2022
өлшемі290.91 Kb.
#454803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142
Өзің өзі тану сабақтар

Бақылау әдісі. Бұл — педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылатын әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда баңылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, экскуреия, зертханадағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізілу әдістері мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шеберлікпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты. Педагогикалық бақылау — бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің танымдық әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін белсендіру, балалар ұжымының іс-әрекеті, т.б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-құлқын бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін зерттеуші түрлі  формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, сызбаларды, әсіресе техникалық құралдарды, киноға түсіру, бейнемагнитофонға жазу, т.б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке немесе хаттамаға жазылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың ішкі процесі жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болмайды. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез-құлқын, түрлі іс-әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау басқа әдістермен ұштастырыла жүргізіледі.

Педагогика саласындағы зерттеудегі бақылау екі қызмет атқарады:

а)теориялың зерттеуді эмпириялық ақпаратпен қамтамасыз ету;

б)теорияның тәжірибедегі тепе-теңділігі мен шын-шылдығын тексеру.

Бақылау әдісі — ұзақ мақсатқа бағытталған және жоспарды қабылдауға негізделген педагогикалықүрдіс танымыныңәдісі.

Бақылаудың негізгі міндеті — тәжірибе мәселесіне жауап беретін ғылыми-зерттеу мәселелерін дұрыс анықтап алу. Бақылау әдеттегідей алдын-ала белгіленген жоспар бойынша нақты бақылау нысандарын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мақсатты түрде бағытталған бақылау ғылыми қызметкерге қызығушылық тудырған құбылыстарды айқындайтын жағымды және жағымсыз факторларды жинастыруға мүмкіндік береді.

Алайда, бақылау алға қойылған сұраққа анық жауап бере алмайды, олар тек эмпириялық таным тудырады. Эмпириялық білім толық түрде анық емес, дәлелсізі көбінесе қате болады. Педагогикалықғылымнын міндеттері осы кемшіліктерді жеңу, педагогикалық білімді тереңдету, нақтылау, дәлелдемелі қылу, себебі осыларға сүйене отырып педагогикалықүрдіске одан да тиімді түрде басқару жүргізу.

Бақылауды жіктеудің түрлі жолдары бар. Бақылау жиілігіне қарай тұрақты, қайталанбалы, біржолғы болып бөлінеді.

Тұрақты бақылау, мысалға белгілі бір уақыт жиілігінде кейбір пән бойынша сабақты қамтиды; қайталанбалы белгіленген мезгіл аралығында, біржолғы — бір сабақтағы көрініс қана тіркеледі.

Нысанды қамту көлемі жағынан тұтас және тұтас емес бақылау болып бөлінеді. Бірінші жағдайда барлық зерттелетін нышандар бақыланса, екіншісінде, оның бөлігі ғана. Мәлімет жинау тәсіліне қарай бақылауды тікелей және қосалқы деп бөледі. Тікелей немесе тура бақылауда зерттеуші бақылау кезінде көрген деректерді тіркейді. Қосалқы немесе жанама бақылауда нысанныңөзі емес, тек оның нәтижесі бақылауға түседі.



Бақылаудыңқосылған түрі болады, мұнда зерттеуші бақылау жүргізілетін топ мүшесі болып қосылады. Және «қосылмаған» түрі болады, яғни «сырттан» (инкогнито). Сонымен қатар тұтас, таңдамалы түрлері болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет