Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады


Қиялдың жасалу жолдары: аглютинация, гипербола, типтік образ жасау. Баланың қиялын дамыту, тәрбиелеу. Шығармашылық қиялын қалыптастыру



бет75/101
Дата26.09.2023
өлшемі0.84 Mb.
#478627
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   101
Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғыл-emirsaba.org

Қиялдың жасалу жолдары: аглютинация, гипербола, типтік образ жасау. Баланың қиялын дамыту, тәрбиелеу. Шығармашылық қиялын қалыптастыру.

Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өңделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез əдістері, агглютинация, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тəсілдері жиі кодданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы əдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия - танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана - суға қонып, ұша алатын самолет) құрастырылады. Агглютинация əдісі ежелгі Мысыр елінде


Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған. Қиял бейнелерін жасауға қатысатын əдістердің бірі – гипербола.
Гипербола деп нəрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мəнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бейнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола көп колданылады.
Бұлардан басқа қиял бейнелерін жасайтын әдіс - гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіп көрсетілуін айтады.
Ертегілерді қиял-ғажайып бейнелеуді жасауда осы әдіс көп қолданылады.
Мысалы: "7 басты (жылан) айдаһар". Кеміте көрсету "бармақтай бала".
Қиял образдарының күрделі түрі - типтік образдар жасау. Типтік образдар жасау дегеніміз - түтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей ортақ белгілері бар бір образ жасап, жинастыру.
Мектеп - бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы оқушылардың қиялын оятады.

  1. Эмоция мен сезім туралы жалпы түсінік, атқаратын қызметі. Жоғары сезімдер, күрделі эмоциялар.

Сезімдер – өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілікқажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамныңөмірі қогамға байланысты, оныңәрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.


Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі – олардың актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісінс: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық, т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т.6. сезімдер жатады. Бұл жерде мынадай бір жағдай есте болсын. Түрлі нақтылы жағдайлардың ретіне қарай адамдарда бір сезімніңөзі бірде қуатты, бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.
Сезімдердіңүшінші бір ерекшелігі – жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердіңқарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін жұмылдырада. Осы кезеңөткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді.

Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. осындай эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар – белсенді әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады. Осы айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамныц органикалыққажеттерініңөтселу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, қүмарлық эмоциялары кірсді.


Жоғары сезімдер, күрделі эмоциялар.
Жоғары сезімдер
Адамның жан дүниесінің сыры қоршаған ортаға әсерленіп қана қоймай, оның құпия сырларын танып білуге ұмтылады. Мұндай әрекет адам сезімінің жоғары деңгейдегі саналы әрекетін эстетикалык. Талғамы мен адамгершілік-моральдық қасиеттерін сезіне білетін көңіл-күйіне байланысты. Жоғары деңгейдегі сезімдердің ақыл-ой (интеллектік), эстетикалық және моральдық-адамгершілік дейтін түрлері бар.
Адамгершілік сезімдердің тобына: достық, жолдастық, адалдық,әр намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т.б
Интеллектік сезімдер:тану процестерімен,ақыл-ой әрекетімен байланысты білуге құмарлық,күдіктену, сенімділік, жаңашылдық,болжау.
Эстетикалық сезімдер: адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі.
Адамгершілік немесе моральдық сезімдердің мазмұны , құрылымы да күрделі келеді.
Күрделі эмоциялар. Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір-тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет