Ресей психологиясындағы ес мәселесі
Амирбекова М.А. – оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпи)
Ес мәселесі өзінің психологиялық мазмұнын психологиядағы әр түрлі бағыттардың сансыз зерттеулерінен тапты: генетикалық (П.П.Блонский, Л.С.Выготский, А.Н.Леоньтев, т.б.), іс-әрекеттік (П.И.Зинченко, А.А.Смирнов, Г.К.Середа, В.Я.Ляудис), функционалдық (В.П.Зинченко, Б.М.Величковский, т.б.), жүйелік (С.П.Бочарова, В.Я.Ляудис), когнитивті (Тулвинг, Найссер, Линдсей, т.б.), корреляциялық (Е.С.Махлах, Я.А.Петров, Е.И.Степанова, т.б.) және т.б.
Кеңес психологиясында естің екі концепциясы ең алдымен қарастылуы тиіс: оның бірін - П.П. Блонский ал екіншісін - Л.С. Выготский ұсынды. Оның екеуі де психиканың диалектикалық–материалистік түсінігінен шығады және психикалық процестердің немесе психикалық функциялардың даму мәселелерін психологияда маңызды деп санай отырып естің даму мәселесін шешеді, естің дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі сапалық өзгешеліктерін ашады.
П.П. Блонский естің генетикалық теориясын дамытты. Бұл теория бойынша, естің генетикалық сатыларын сипаттай отырып, мынандай түрлерін бөліп көрсетеді: моторлы ес, бейнелі ес, аффективті ес және вербальді ес. Олар – ес дамуының төрт сатысы, деңгейлері. Олар психиканың жүйелі түрде даму процесінде пайда болды. П.П.Блонский адамзат дамуының тарихында естің бұл түрлері жүйелі түрде бірінен кейін бірі пайда болды деген ойды негіздейді. Оның еңбегінде бейнелі әсіресе, вербальді естің сапалық сипаттамасына ерекше көңіл бөлінген. Сапалы, мазмұнды сипаттама беру П.П.Блонскийдің ес мәселесін зерттеудегі ерекше құнды үлесі болып табылады. Ол антикалықтан бастап сол кездегі психология бағыттарын талдайды. Ол ес пен ойлаудың өзара байланысын зерттеді. Ол «ес және сезім» мәселесін, вербальді ес пен вербальді қиял - ес пен қиял дамуының ең жоғарғы сатысы дей келе, «ес, қиял және сөйлеу» мәселесін қарастырды. Моторлы есті зерттей келе, адам есінің бастапқы кезеңінде-ақ еске еңбектің басты рөл атқаратынын айтты. Дамудың белгілі деңгейіне жете отырып, естің қалай ойлауға көшетінін және ойлаудың қалай еске көбірек әсер ететінін көрсетті. Логикалық, вербальді есті адам есінің жоғарғы формасы ретінде санады.
Сонымен қатар ол естің филогенетикалық дамуын зерттеуде маңызды үлес қосты. Онтогенезде балада естің барлық түрлері мейлінше ерте және белгілі жүйелілікпен қалыптасады. Логикалық ес 3-4 жасар балада салыстырмалы түрде қарапайым формада көрінеді, бірақ тек жеткіншектік және жасөспірімдік шақта ғана қалыпты дамуға қол жеткізеді.
Бейнелі ес өзінің бастауын өмірдің екінші жылынан алады және жасөспірімдік шақта өзінің жоғарғы шегіне жетеді. Бәрінен бұрын, туғаннан кейінгі 6 ай мерзімінде аффективті ес көріне бастайды. Уақытқа байланысты ең бірінші көрінетіні - моторлы немесе қозғалыс есі. Мнемикалық процестерді, әсіресе ес дамуының жоғарғы сатысы ретінде бейнелі және вербальді естің сипаттамасын сапалық түрдегі талдаудағы П.П.Блонскийдің елеулі үлесі болып табылатын ес туралы концепциясының негізгі ойлары осындай.
Адам есінің тарихи дамуы мәселесі Л.С.Выготский концепциясында басқа аспектіде қарастырылды. Бұл концепцияның негізі болып психика дамуының мәдени-тарихи теориясы деген атпен белгілі Выготский ұсынған жоғары психикалық функциялар дамуының жалпы теориясы табылады. Бұл теорияға сәйкес қазіргі мәдениетті адамның мінез-құлқы психикалық дамудың әр түрлі екі процесінің нәтижесі болып табылады: жануарлардың биологиялық эволюция процесі және тарихи даму процесі.
Выготский ұсынған теория оның ес дамуы туралы концепциясын, естің жоғары формасының пайда болуын да анықтайды. Адам есінің мәні белгілердің көмегімен белсенді есте сақтаудан тұрады. Мәдени ес дамуының алғашқы сатысында біз оның рудиментті формасына кездесеміз. Есте сақтаудың бұл формасының мәні мынада: адам ситуацияға жасанды-заттық-стимулды енгізеді және осылармен есте сақтау процесіне әсер етеді. Ары қарай бұл заттық стимул стимул-құрал, белгі рөлін атқаратын сөзбен, сөздік стимулмен алмасады.
Л.С.Выготскийдің ойынша, адам есінің филогенезде жетілуі есте сақтау құралдарының жақсаруы және мнемикалық функциялардың басқа психикалық процестермен және адам күйімен байланысының өзгерістері арқылы жүреді. Сөйлеудің түрлі формаларының арқасында - ауызша, жазбаша, ішкі, сыртқы - адам есті өз еркіне бағындыруға, ақпараттарды сақтау және қайта жаңғырту процестерін басқаруға қабілетті болды.
Л.С.Выготский мен А.Р.Лурия өздерінің «Этюды по истории поведения» атты кітаптарында ес эволюциясын талдайды, салыстырмалы генетикалық зерттеу принципін фило- және онтогенез мәліметтерін салыстыруды қолданды. Выготскийдің ұсынған ес және оның дамуы жайлы концепциясының негізгі ойлары осындай. Онда басты назар ес дамуының түрлі сатыларындағы ес процестерінің сапалық ерекшеліктеріне аударылатынын көру қиын емес, сонымен бірге олардың адам іс-әрекетінің ерекше түрі ретіндегі кейбір ерекшеліктері анықталды. Бұл ойлар ары қарай өзінің дамуы мен жалғасын А.Н.Леонтьевтің жұмыстарынан тапты. Оның еңбегі адам есінің әлеуметтік-табиғи және оның фило- мен онтогенезде қалыптасу тарихы жайлы материалистік түсініктерді одан әрі тереңдетті. Ол естің жоғары формасының табиғатын адам еңбек іс-әрекеті дамуының тарихи заңдылықтарымен байланысты талдады. Ол жүргізген эксперименттік зерттеулердің нәтижесінде Выготский концепциясында соншалықты маңызды рөл атқаратын есте сақтаудың екі жолының: тікелей және жанама есте сақтаудың жас ерекшелікке байланысты өзгеретінін анықтады. Ол бір мнемикалық процесс-тікелей есте сақтау – жас өсе келе басқа, жанама есте сақтаумен алмасатынын көрсетеді. Бұл баланың материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртудың стимул-құралдарын меңгеруінің арқасында өтеді. Оның зерттеулерінде түрлі жолдармен: тікелей және картинкалардың көмегімен есте сақталатын мағынасыз буындар мен мағыналы сөздерді есте сақтау жайлы салыстырмалы мәліметтер келтіріледі. Есте сақтаудың оны жүзеге асыру тәсілдеріне тәуелділігі айқын көзге түседі. Тікелей есте сақтау жағдайында сыналушылар сөздерді көмекші материалға сүйенбей еске түсіреді. Жанама есте сақтау кезінде мұндай тіректер ұсынылады. Леонтьевтің еңбегінде балалық шақтағы арақатынас процестері арнайы зерттелінді. Оның теориялық негізі – Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы. Оның негізгі ойлары мынандай: «Естің дамуы сандық өзгерістердің үздіксіз жолымен жүрмейді, бұл оның бір формасының сапалық түрде басқа формаға өтуін болжайтын терең диалектикалық процесс». Леонтьевтің пікірінше оны келесі схемемен көрсетуге болады: «ес дамуының бірінші кезеңі – бұл оның есте сақтау мен қайта жаңғыртуға табиғи қабілеті ретінде дамуы. Дамудың бұл кезеңі қалыпты жағдайларда мектепке дейінгі жаста-ақ аяқталады. Алғашқы мектеп жасына тән кезең есте сақтау процестерінің құрылымының өзгеруімен сипатталады, есте сақтау сыртқы құралдар рөлі басым болатын жанамаланған бола бастайды. Өз кезегінде жанама есте сақтау екі жолмен: сырттан әсер етуші тітіркендіргіш формасында қалатын көмекші құралдарды қолдану тәсілдерінің дамуы бойынша және сыртқы құралдардан ішкі құралдарға өту бойынша дамиды. Бұл ойларды автор «екі жақты стимуляцияның функционалды әдістемесі» деп аталатын әдістемені қолдана отырып, әр түрлі жастағы балаларға және ересектерге (студенттерге) жүргізген эксперименттің негізінде ұсынды. Леонтьев логикалық есті сөйлеудің құралдық функциясына сүйенетін «іштей жанамаланған іс-әрекет ретінде» анықтайды. Оның ойынша есте сақтау бастапқыда сыртқы заттарға сүйенетін әрекет ретінде қалыптасады. Тек кейін ішкі әрекетке айналады. Бұл заңдылық ырықты есте сақтауға қатысты болады. Есте сақтауға арналған стимул-құралдардың дамуы мына заңдылықтарға бағынды: бастапқыда олар сыртқы ретінде (мысалы, есте сақтау үшін түрлі заттарды, қолдың саусақтарын т.б. қолдану) көрінеді., ал кейін ішкіге айналады (сезім, ассоциация, бейне, ой).
К.П.Мальцева Леонтьев әдістемесіне ұқсас әдістемені қолданып төменгі сынып оқушыларының сөздік тіректі қолдану мүмкіндіктерін толығымен анықтап көрсетті.
Ал, көрнекті материалмен жанамаланған есте сақтаудың артықшылығы Я.В.Занковтың оқушыларға жүргізген тәжірибесінен де алынады. Ол бұл әдістеме бойынша ақыл-ойы артта қалған балалардың есін зерттеді.
Осы концепцияларға сүйеніп, А.Р.Лурия мидың зақымдануы кезіндегі мнемикалық іс-әрекеттердің бұзылуын зерттеді. Оның зерттеулерінің нәтижесінде зақымдану сипатына тәуелді жанама есте сақтауды қолданудағы елеулі айырмашылықтар анықталды. Егер деменциясы жоқ мидың ошағы зақымдалған ауруларда мағыналық көмекші құралдарды қолдануда елеулі ауытқулар байқалмаса, ал мидың маңдай алабы зақымдалған жағдайда көбінесе аурудың есте сақтау құралы ретінде көмекші мағыналық байланыстарды анықтауға және қолдануға қабілетсіздігі көрінеді.
Бореас материалды қосымша оқу әдісін қолдана отырып, буындар мен тақпақтардың есте сақтауын салыстырды. Алғашқы жаттаумен салыстырғанда қайталаулар барысындағы материалдардың есте қалай сақталатынын анықтады.
Ес мәселесін зерттеудегі келесі бір бағыт - жүйелік бағыт болды. Кеңес психологиясының өткен кезеңдегі естің жалпы теориясының жүйелік бағыт бойынша алға басуы материалды есте сақтаудың оның әрекет құрылымындағы орнына заңды тәуелділігі жайлы ойлардың дамуымен байланысты болды. Бұл кезеңнің зерттеулерінде естің құрылымдық деңгейлік онтологиясы мақсатқа, тәсілдерге және әрекеттің фондық жағдайларына тәуелді қарастырылатын қызметі объективті түрде көрсетілді. Талданатын мәселелер қатарында ес процестерінің деңгейі мен құрылымы, өзіндік ұйымдасуы (В.П.Зинченко, Б.М.Величковский, Ю.К.Стрелков, С.П.Бочарова) сондай-ақ «психиканың интегративті қасиеті» ретінде (Н.Н.Корж) «тұлғалық мақсатты- психикалық тұрғыда» талдау мәселелері болды. Есті зерттеудің жүйелі бағыты бойынша естің когнитивті және продуктивті функцияларын бірлікте қарастыруға ерекше көңіл бөлді. (С.П.Бочарова, Е.Б. Зайка). Жүйелік методологиясына арнайы сүйенген алғашқы зерттеуді С.П.Бочарова жүргізді. Ол естің «адам - оператордың іс-әрекет құрылымындағы базалық функционалды жүйесі» ретіндегі моделін ұсынды. Бұл модельдің ерекшелігі, онда естің функционалды автономиясы жайлы ескі, бірақ берік идеяны жеңуге ұмтылыс байқалды. Модель өзіне үш «мнемикалық емес» блоктарды (сенсорлы, интеллектуалды және моторлы) енгізді. Оның моделінде «көпжүйелі комплекстегі» процестердің өзара әрекеттесуі қарастырылады, бұл модельде ес жүйесінің ішкі механизмдері зерттелмейді. Оның түсіндірме ресурстары ес процестерінің арақатынасы жайлы, олардың өнімділігінің шарты жайлы мәселелерге бағытталмаған.
Жүйелі бағыттың позициясы бойынша естің төрт генетикалық формасы ажыратылады (В.Я.Ляудис): ерте санасыз ырықсыз ес, ырықты ес, өтпелі сырттай қарағанда жанама ес, метаес. Бұл концепцияда естің дамуы тұлға санасының даму деңгейімен байланыстырылады.
Ес мәселесін түсіндірудегі келесі кезең П.И.Зинченко, А.А.Смирнов және олардың шәкірттерінің есімдерімен байланысты іс-әрекеттік бағыт болды. Бұл бағытттың жаңалығы мынада: ес субъект іс-әрекетінің әр түрлі формаларымен зерттелді. Естің психологиялық механизмдерін талдауда ырықты және ырықсыз есте сақтауды салыстырмалы түрде зерттеу П.И.Зинченко жұмыстарынан көрініс тапты. Ырықты және ырықсыз есте сақтау жағдайындағы индивидуалдық айырмашылықтар, осы екі жағдайдағы тану және қайта жаңғыртудың байланысты, сондай-ақ ырықсыз есте сақтаудағы мағыналы және мағынасыз материалдардың айырмашылықтары анықталды. Ырықты және ырықсыз есте сақтауды салыстыру кезінде олар өз мақсаттарына және оған жетудің тәсілдеріне байланысты әр түрлі болатыны анықталды. Оның пікірінше, тіпті, әр түрлі мақсатқа бірдей тәсілдерді қолдану бірнеше өзгешеліктермен ерекшеленуі тиіс. Зинченко ес процесінің ол жүзеге асырылатын іс-әрекетке тәуелділігі, осы процестердің іс-әрекеттің ерекше түрі ретіндегі мазмұны жайлы және есте сақтаудың жоғарғы деңгейлерінде қайталаулардың өзгешелігі жайлы «Ырықсыз есте сақтау» атты еңбегінде келтіреді. Ырықсыз есте сақтау құбылысы бұл жұмысты зерттеудің арнайы пәні болады. Естің екі түрі үшін де есте сақтаудың негізгі факторы – қайталау деп саналады, ал олардың саналық айырмашылықтары жайлы мәселе көтерілмеді. Оның еңбегі естің ең басты теориясы деген негізгі бағалауға ие болды және осы саладағы көптеген эксперименттік жұмыстарға негіз болды. Ол зерттеулерін қорытындылай келе, өз жұмысының басты нәтижесін былай тұжырымдады: «Ырықты және ырықсыз есте сақтауда құрылымдық, генетикалық және функционалды талдаудың ортақ бірлігі болып адам әрекеті табылады».
Есте сақтаудың нәтижесінде есте сақтау жүзеге асатын әрекеттердің сипатына тәуелділігі А.А.Смирнов жұмыстарында анық көрінді. Ол ес мәселесінің әр түрлі аспектілерін фундаменталды зерттеді. Оның зерттеулері үлкен мәнге ие болды және үлкен қолдау тапты. Адамның танымы оның таным белсенділінінің негізінде жатқан мақсаттарына, міндеттеріне, мотивтеріне бағытталған іс-әрекеттің ерекше түрі болып табылады. А.А.Смирнов осыған сүйене отырып, ес процесінің адам іс-әрекетіне тәуелді болатынын және сонымен бірге өздері де ерекше мнемикалық іс-әрекетті құрайтындығын дәлелді түрде көрсетті. Осы негізде пайда болған көптеген мәселелер арасынан ол эксперименттік түрде зерттеу үшін үш үлкен мәселелер тобын бөліп алды: есте сақтаудың негізгі екі түрінің – ырықты және ырықсыз есте сақтаудың байланысы, есте сақтаудың мағыналылығы, есте сақтаудың негізінде ойлаудың маңызы мен функциясы. Осы мәселелерге қатысты эксперименттік жұмыстардың барысында Смирнов ырықты және ырықсыз есте сақтаудың жалпы сипаттамасын берді, ырықты есте сақтау кезіндегі мнемикалық бағыттылықтардың түрлерін (есте сақтаудың нақтылығына, толықтығына, беріктігіне), олардың есте сақтауға әсерін қарастырды; есте сақтаудың мотивтерін және оның есте сақтаудың өнімділігі үшін маңыздылығын талдады. Ырықты есте сақтау мынандай жағдайда, естің белсенді мнемикалық жұмысын, интелектуалды іс-әрекеттің әр алуан формаларымен қосылған жағдайда барынша жемісті болатыны және бар мүмкіндіктерді жүзеге асыратынын дәлелдеді. Ырықты есте сақтауды сипаттауда ол оның іс-әрекетінің бағыттылығына, мазмұны мен сипатына тәуелділігін дәлелді түрде көрсетті. Есте сақтаудың өсы екі түрінің салыстырмалы талдауын келтіре отырып, Смирнов олардың әрқайсысының жас ерекшеліктік айырмашылығын белгіледі, адамның шынайы өмір тәжірибесіндегі олардың өзара байланысын көрсетті. Есте сақтаудың мағыналылығы мәселесін зерттей отырып, ол еспен ойлау процесссінің өзара байланысының, өзара әсерлерінің екі жақты сипатын көрсетті. Есте сақтаудағы ұғынудың рөлін және есте сақтаудың ұғынудың нәтижелілігіне әсерін қарастырды, олардың диалектикалық, олардың өзара әрекеттерінің жағымды, жағымсыз мүмкіндіктерін, осы процестердің дамуының жас ерекшеліктік динамикасын анықтады. Елесте сақтау кезіндегі ойлау іс-әрекетінің сипатына басты назар аударды. Қайталау процесін, оның мәні мен функциясын зерттей отырып, қайталау туралы мәселенің есте сақтаудың мағыналылығы мен белсенділігі мәселесін зерттеуден тыс шешілуі мүмкін еместігін көрсетті. Ең маңыздысы, Смирнов есте сақтау процесінің құрылымының жасқа байланысты айырмашылықтарын ашты, жаттау процесінде белсенді және саналы қатынастың маңыздылығын көрсетті. Кейін есте сақтаудың әр түрлі тәсілдерінің қалыптасуы (В.И.Самохвалова, К.П.Мальцева); мнемикалық әрекеттің құрылымы (В.Я.Ляудис); мнемикалық процестер мен тұлға ерекшеліктерінің байланысы (Е.С.Махлах, М.А. Рапопорт, т.б.) зерттелді.
Т.В.Розанова, П.Я.Гальперин, Г.К.Середа, Нечаев, т.б. ырықсыз еске ерекше көңіл аударды. Арнайы ұйымдастырылған әрекет жағдайында ырықсыз естің артықшылығына қол жеткізуге болатыны көрсетілді, материалды меңгеру процесінде оны есте сақтаудың жемістілігінің шарты жасалды.
Ес мәселесі жөніндегі фактілер қатары функционалды бағыттың, оның ішінде қысқа мерзімді ес бойынша зерттеу (В.П. Зинченко, Б.И.Величковский, Ю.К. Стрелков, т.б) шеңберінде алынды. Микроқұрылымдық процестердің бір-біріне қосылуын, қысқа мерзімді ес деңгейінде олардың операциялық құрамының бір-біріне жақындығын көрсетеді. Когнитивті психологияның зерттеулерінде семантикалық ес, оның ұйымдасуы, құрылымы, семантикалық естің моделі, естегі схемалардың рөлі және т.б. зерттелді. Қорыта айтқанда, Ресей психологиясында ес мәселесін зерттеуге аз әрекеттер жасалған жоқ және ес мәселесі жайлы ойлар аз болған жоқ. Ресей психологтарының еңбектерінде осы мәселеге қатысты құнды мәліметтер келтірілді және олар үлкен мәнге ие болды.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
ЗинченкоП.И.Память в экспериментальной и когнитивной психологии. М., 1980
-
Блонский П.П. Память и мышление. СПб.: Питер, 2001.
-
Леонтьев А.Н. Развитие памяти. М.:, 1931.
-
Корж Н.Н. Исследования памяти. М.; Наука, 1990.
-
Смирнов А.А. Психология запоминания. М., 1948.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Ресей психологиясындағы ес мәселесіне қатысты теориялар талданады.
РЕЗЮМЕ
В статье анализируются российские теории памяти.
Бала тұлғасының дамуында отбасылық
қарым-қатынастың әсері
Бағыбаева М.И. –психология магистрі,
Алибаева Р.Н. – психология магистрі (Алматы қ., Қазмемқызпи)
Отбасында бала ‰лкендерге еліктеуді ‰йренеді, µмірге ќажетті тєжірибе жинаќтайды. Д‰ниеге шыр етіп келгеннен бастап бала ата-анасымен єсіресе анасымен етене жаќын болады. Баланы µз ќ±рбыларыныњ ќатарынан ќалдырмай, білімге ќ±штар, µнерге єуес белсенді µмірлік позициядаѓы шекке кенѓару ата-ананыњ абзал борышы шындыѓында да балалардыњ ата-анамен ќарым-ќатынасыныњ жаќсы болмауы - олардыњ психикасыныњ дамуына єсер ететіні белгілі жайт. Баланыњ ана мейірімін сезінбеуі оныњ келешектегі аќыл-ой дамуында кенжелеп ќалуымен мінез-ќ±лќыныњ нашар болуына негіз ќалайды.
Отбасыныњ балаѓа єсері µзіндік ерекшелігімен кµзге т‰седі бала µз ‰йінде ѓана шын мєнінде еркін сезінеді, дамиды, ойнайды, ересектерден жылы сµз, мейірім к‰теді. Басќа жерде байќала бермейтін творчестволыќ ќабілеті байќалады. Баланыњ азаматтыќ абзал саналарды бойына сіњіруге ‰й-іші ќарым-ќатынасыныњ ыќпалы µлшеусіз мањызды. Отбасы м‰шелерініњ ‰лкендер мен кішілерініњ арасындаѓы силасымдылыѓы, балалардыњ µз ќ±рбыларымен ересектермен мектепте жєне одан тыс жерлерде инабатты араласуы олардыњ тєрбиесіне жєне жан-жаќты µсіп жетілуіне игі ыќпалын тигізеді. Отбасындағы тєрбиеніњ нєтижелі тартымды болуы, кµп жаѓдайда ата-ананыњ білім дєрежесіне байланысты.
Кµбінесе, ата-ананыњ балаларына деген ‰лкен с‰йіспеншіліктіњ нєтижесінде бала психикасыныњ даму зањдылыќтарын білмеуден ќарым-ќатынаста бірќатар дµрекі ќателіктер жіберіп алады. Ата-аналар оны µздері байќай бермеуі м‰мкін. Алайда м±ныњ бєрі ќалыптасушы, дамушы бала психикасына єсері мол.
Осыѓан орай отбасылық ќарым-ќатынастаѓы жєне тєрбиелеу стиліндегі білімдердіњ жетіспеушілігінен баланыњ психикикалыќ дамуына кері єсер ететін бірнеше факторларды бµліп шыѓаруѓа болады:
І. Ата-аналар µз балаларыныњ психикалыќ жєне т±лѓалыќ дамуындаѓы жас ерекшелік ќиындыќтарымен к‰ресуде єлсіздік танытады. Б±л баланыњ табиѓи дамуы мен жастыќ даѓдарыс кезењдеріне байланысты. М±нда ата-аналар тарапынан баланыњ жасына сай м‰мкіндіктеріне сєйкес келмейтін жоѓары талапшылдыќ, шыдамсыздыќ жєне мектептегі принципиалдыќ жатады. Б±л факторлардыњ, жаѓымсыз нєтижелердіњ екі жаѓдайда шиеленісіп келуін байќауѓа болады:
а) отбасының ќарым-ќатынасы мен тєрбие стилініњ біржаќтылыѓы, яѓни бала тєрбиесімен тек єйел адамдарыныњ айналысуы б±л ер бала ‰шін µте жаѓымсыз болып табылады;
б) Ананыњ б±л тєрбиесінде “єке ролінде” ойнау б±л балаѓа ќарым-ќатынастаѓы шектен тыс талапшылдыќ, жазалаудаѓы ќаталдыќ ±штасады.
ІІ. Отбасының ќарым-ќатынас стиліндегі рационалдыќ аспектініњ басым болуы, яѓни, моралдыќ ±станымдар мен талаптардыњ жоѓарлыѓы. М±ндай формалді ќарым-ќатынас баланыњ табиѓи дамуына кері єсерін тигізеді. М±ндай тєрбие орын алѓан жерде баланыњ ќиялы мен ойлау икемділігі жєне творчестволыќ ќабілеттеріне аз кµњіл бµлінеді. Б±л балалар ќ±рдастарына ќараѓанда єлеуметтік ортада µзін ќалай ±стау, єњгімелесу таќырыбын тањдауда, моральдыќ нормалардан ауытќымау ‰шін µз жеке басыныњ ќызыѓын ойлауды, сонымен ќатар м±нда жан±ядаѓы ±л жєне ќыз балалар тєрбиесініњ ортаќтыѓы, олардыњ µзіндік табиѓи ерекшелігіне кµњіл бµлу жатады.
ІІІ. Бала дамуындаѓы психикалыќ даѓдарыстар табиѓатын жеке т‰сініктеу, баланыњ µзіндік табиѓатымен, ерекшеліктерімен санаспау:
а) Баламен ќарым-ќатынастаѓы ќабылданушылыќ. Єдетте б±л бала ата-ана ‰шін к‰тпеген проблема туындатушы жєне кєсіби µсуге кедергі ретінде саналѓан жаѓдайларѓа кездеседі;
є) Тєрбиелеу стиліндегі икемсіздік, стандартты кµзќарас;
б) Бала тєрбиесіндегі эмоционалдыќ ќатынастыњ тењсіздігі;
в) Тєрбие мен ќарым-ќатынас стилініњ т±раќсыздыѓы мен ж‰йесіздігі. Б±л бала бойына µзіндік “мен” образы мен сенімділікті ќалыптастыруѓа кедергі келтіреді.
ІV. Ата-ана т±лѓасындаѓы жаѓымсыз саналардыњ басымдылыѓымен сипатталады:
а) Отбасылық ќарым-ќатынас пен тєрбие стиліндегі мазасыздыќ, гиперсоциалды жєне уайымшылдыќ бітістердіњ басым болуы;
є) Отбасының ќарым-ќатынастаѓы эмоционалдыќ, аффективтілік, жаќтырмау жєне ќанаѓаттанбаушылыќ. Єдетте б±л айќай, ±рыс, болжау, ќорќыту болып табылады.
б) Баланыњ ќарым-ќатынастаѓы басынушылыќ, билікшілдік, категориялыќ жєне пікірдіњ дерективтілігі, баланы µзіне баѓындырумен ‰немі тыњдатуѓа тырысу;
в) Баламен ќарым-ќатынаста µмірдіњ м‰мкіндігі мен ќабілеттеріне сенбей, дербес єрекеттері мен ойларына к‰ман келтіру;
V. Тєрбиелеу мен ќарым- ќатынастыњ базистік сипаттары жатады:
а) қайырымдылыќ. М±нда балаѓа ата-ананыњ біреуі тарапынан шектен тыс ќайырымдылыќ кµрсетіледі;
є) ќамќорлыќ. Б±л бала болашаѓы µміріне ќауіп, жалѓыздыќты мойындауѓа деген мазасыздыќтыњ кµрінісі;
б) балаѓа деген с‰йіспеншілік. Ана µз баласыныњ табиѓатын толыѓымен емес, оныњ идеалды образдары мен ќылыќтарына деген ерекше с‰йіспеншілігі;
в) отбасының ќарым-ќатынас пен тєрбие барысындаѓы баќылау, ќадаѓалау. Б±л жаѓдай µз бетінше ойлап, творчестволыќ ќабілеттерініњ кµрінуі мен ж‰зеге асырылуы ойлау икемділігі жолындаѓы басты кедергі болып табылады. Бала єрекетініњ барлыѓы дерлік ата-ана баќылауынан µтіп, ќадаѓалаѓандыќтан бала бойында дербесшілдік пен µзін творчестволыќ ж‰зеге асыруѓа м‰мкін болмайды;
г) оќыту. Бала дамуы м‰мкіншіліктеріне сай келмесе де, баланы ерте жастан оќыту бірден-бір іскерліктерге ‰йрету, балаѓа кейде жаѓымсыз ыќпал етуі м‰мкін. Танымныњ дамуы табиѓи дамумен астарласа ж‰ргенде ѓана ол нєтиже беретіні назардан тыс ќалады. Бала мектепке барѓаннан кейін де жан±ялыќ ќарым-ќатынастыњ єсері, к‰ші кемімейді ќайта т‰рлене т‰седі.
Тєрбиелеу стилініњ баланыњ т±лѓа ретіндегі дамуындаѓы ролі. Отбасылық тєрбие стилініњ бала табиѓатыныњ дамуына єсері туралы сµз ќозѓаѓанда бала тєрбиесіне ќатысты ата-аналардыњ ‰ш типі ажаратылады: бірінші - авторитарлы-диктаторлыќ, екінші - єсіресе ќамќорлыќ, үшінші - либералды демократиялыќ.
І. Авторитарлы-диктаторлыќ. Б±л жан±ялыќ тєрбие типі бала дамуына µте жаѓымсыз болып табылады. Б±л жерде балаѓа деген авторитарлы кµзќарас, яѓни, бала ќызыѓуларымен ќ±ндылыќтары жєне оныњ т±лѓалыќ ерекшеліктері есепке алынбайды. Баланы єлеуметтік бейімсіз, єлсіз т±лѓа ретінде ќарау бала т±лѓасыныњ творчестволыќ дамуындаѓы ењ басты кедергі болып табылады. М±ндай балалар ‰шін егер отбасында ата-анасыныњ с‰йіктісіне айналѓан басќа да іні-ќарындастары болуы жаѓдайды ќиындата т‰седі. Ата-аналар µздері тарапынан бала ж‰ріс-т±рысын ‰немі ќадаѓалап, жазалау шарасына кµбірек ж‰гінеді.
М±ндай тєрбие типініњ салдарынан баланыњ невроздан ауытќуларѓа шалдыѓуы м‰мкін. Зерттеулер кезінде ќоѓамдыќ тєртіп б±зушы жасµспірімдер арасында ата-анасы тарапынан агрессивті ќатынас зардабын жиі шеккендер µте кµп екені аныќталѓын. Америка психологы Н.Б.Бенер - бала тєрбиесіндегі стилді бала бойында творчестволыќ ќабілетті т±ншыќтыруды невротикалыќ б±зулар, дербессіздік, єлеуметтік мешелдік, жеке µзіне деген максималды агрессиялыќ кµзќарас ќалыптасатындыѓы аныќтады. Сонымен ќатар кіші шєкірттік шаќта балаѓа єкеден гµрі ана тєрбиесініњ ыќпалы басым болады. Егер анасы µз баласыныњ табиѓатын жоќќа шыѓарып, жєне оны балаѓа авторитарлыќ жолмен кµрсетіп отырса, бала бойында µзін шарасыз ќабылдау, ешкімге керегі жоѓын сезіну ќалыптасады. М±нда ќыздарѓа ќараѓанда ±лдардыњ ана баѓалауына µте сезімтал келетінін байќауѓа болады. Келесі мањызды мєселе егер жан±яда шешесі авторитарлы т±лѓа болса, балалары єке ролін мойындамайды. Олар єкесіне шешесі кµзќарасымен ќарап, баѓалауѓа бейім болады. Ќыз балалар тєрбиесінде керісінше ќатал авторитарлы єкені ќабылдамайды. М±ндай жан±яда ќайшылыќтыњ тенденциялары ќалыптасады.
ІІ. Єсіресе, ќамќорлыќ. Б±л тєрбиеніњ басты белгісі жан±я µмірінде бала тєрбиесіне шектен тыс кµњіл бµлу. Бала тєрбиесін назарда ±стайтын ата-аналар ќатынасына жатады. Б±л тєрбие екі т‰рде кµрініс беруі м‰мкін. Басымдылыќ жєне ќамќорлыќ тєрбиеде баланыњ єр ќадамына баќылау жасау ойлары мен идеяларына деген ќатањ талап, тыйымдар мен баќылаулар айќын орын алады. А.Я.Варга зерттеулерінде м±ндай тєрбиеніњ авторлы баќылаулардан µзгесі баламен жаѓымды µте жаќын ќарым-ќатынаста болатынын аныќтаѓан. Б±л баланыњ творчестволыќ дамуына біршама жаѓымды єсер етеді. Егер бала ќажеттілігі мен ата-ана м‰мкіндіктерініњ арасында ќайшылыќ кµбейген жаѓдайда субьективті жаѓымсыз болып есептелінеді. Н.В.Беккер м±ндай тєрбиеніњ салдары бала т±лѓасында тєуелді, шабытты, баѓынушылыќ ережелерді ќатањ саќтау, кµнбістік таѓы басќа ќасиеттер ќалыптасатынын аныќтады. Авторитарлы, симбиотикалыќ ќатынас аналар жаѓынан тєрбие барысында мейірімділік, кішілік, тєуелділік ќалыптастырады. М±ндай типті тєрбие кµбінесе ±лдарѓа кµп єсер етеді. Ж±мсаќтыќ єлемге тєн ќаттылыќ ер адамдарѓа тєн ќасиетпен ќарастырсаќ, авториторлы, симбиотикалыќ ана баласын µзіне жаќындата отырып, оныњ табиѓатын тежейді. Нєтижесінде м±ндай ер балаларда єйел адамѓа тєн нєзіктік ќалыптасады.
ІІІ. Либералды-демократиялыќ. Тєрбие стилінде бала ата-ананыњ басты назарында болады жєне ќажеттіліктерініњ барлыѓы дерлік максималды дењгейде ќанаѓаттандырылады. М±ндай ата-аналар балаларын кез келген ќиындыќтар мен сєтсіздіктерден ќорѓау жєне баласы ‰шін µздері µмір с‰реді. Отбасылық тєрбие стилініњ м±ндай т‰ріне баладан стимулдыќ пен жауапкершіліктіњ тµмендігін, ата-ана жєне бала ќарым-ќатынасындаѓы µзара серіктестігініњ болмауы жєне баламен шектен тыс жаќындыќќа ±мтылу байќалады. Б±л бала бойындаѓы творчествалыќ пен дербес ойлау даѓдыларын басып отырады. Отбасылық ќарым-ќатынастыњ б±л т‰рініњ жаѓымсыз салдары баланыњ єлеуметтік µмірге бейімсіздігі жоѓары µзіндік баѓалау реалды жєне “мен” арасындаѓы алшаќтыќ, бала ќоѓамдыќ ортадаѓы топ м‰шелерімен ќарым-ќатынастаѓы басты кедергі болып саналады. Б±л ќиыншылыќ бала т±лѓасындаѓы жаѓымсыз саналар бірбеткейлік, агрессивтілік, к‰мєншілдік, сенімсіздік т.б. ќалыптасуына єкеледі.
Отбасылық тєрбие аналыќ махаббатќа, соныњ ішінде ата-ана мен бала арасындаѓы жаѓымды ќарым-ќатынасќа негізделген. Б±л санасу, ±мтылыстар мен идеяларын ќолдау, творчестволыќ дербес ойлау мен ќабілеттерін ±штап, оњ ыќпал етуді кµздейді. Отбасылық тєрбие типтерін зерттеуші ѓалымдар зерттеуінше ќандай типтіњ болмасын шектік жаѓдайлары бала ќалыптасуы ‰шін ыќпалы басым. Сондыќтан да орталыќ дењгейде тєрбие ж‰ргізуге ќол жеткізу ќажет. Балалардыњ аќыл-ой жєне творчестволыќ дамып-жетілуі ‰шін жан±ялыќ ќарым-ќатынас пен тєрбие стиілініњ ќандай типі оптималды деген с±раќќа зерттеушілер єрт‰рлі кµзќарас т±рѓысында жауап береді.
Мєселен, Д.Бауринніњ пікірінше бала белсенділігініњ ењ оптималды варианты авторитет типі басым, сондыќтан авторитетті ата-ана тєрбие єдістерін пайдалана отырып, ±лттыќ баѓытќа бейімдейді. Бала бойындаѓы µзіндік ќызыѓулары мен жеке басты баѓалау жєне оныњ беделді сыйлауѓа баулиды. Б±л типтегі ата-аналар міндеті баланыњ дербес еркі мен тєртіптілікті µзара ‰йлестіру, м±ндай ата-аналар µзініњ ересектік ќулыѓымен ќатар, бала ќызыѓулары мен м‰мкіндіктерін мойындайды.
Ата-аналардыњ балалармен µзара єрекеттестік жєне µзара ќатынас тарихы отбасы тарихымен тыѓыз байланыста. Ата-аналармен µзара єрекеттестігінде балалар басќалармен ќарым-ќатынас єдісін мењгереді. Отбасындағы дұрыс қалыптасқан қарым-қатынас баланың әлеуметтік ортада өзін дұрыс көрсету үшін маңызды орын алады.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Елеусізова С.М. Қарым-қатынас психологиясы. А.: Рауан. 1996.
-
Матейген В. Родители и дети. М.: Просвещение. 1992.
-
Спивановская А.С. Как быть родителями. О психологической родительской любви. М.: Педагогика. 1986.
-
Петровский А.В. Дети и тактика семейного воспитания. М.: Знание. 1981.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада бала тұлғасының дамуында ата-ананың ықпалы, отбасылық қарым-қатынастағы және тәрбиелеу стиліндегі білімнің жетіспеушілігі бала психикасының дамуына кері әсер ететін факторлар түрінде қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
В статье изучается влияние родителей на развитие личности ребенка и факторы, влияющие на развитие психики, общение и воспитание в семье.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗЕТІН МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ ТУРАЛЫ
Бапаева М.Қ. - пс.ғ.к., доцент, Бапаева С.Т. – оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпи)
Алыс жақын шет елдерде дарындылық проблемасы туралы зерттеулер баршылық. Мәселен, С.Л.Рубинштейннің, Б.М.Тепловтың еңбектерінде қабілеттілік, дарындылық және талант үғымдары бір негіз бойынша - іс-әрекет табыстылығына қарай топтастырылған. Б.М.Теплов дарындылық ұғымында белгілі бір іске деген табиғи бейімділікті қолдайды, яғни дарындылық деп баланың кез келген іс әрекетті нәтижелі атқару мүмкіндігінің сапалы үйлесімділігі деп тұжырымдайды.
Л.А.Рудин бойынша "дарындылық" қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік беретін туа біткен ерекшеліктері, ал П.И.Иванов - дами келе қабілеттілікке айналатын жаратылысында біткен ерекшелік десе, Н.Д.Левитов анатомиялық-физиологиялық болып саналатын қабілеттіліктің табиғи қоры дейді.
В.Д.Шадриков осы ойларды ары қарай дамытып, дарындылықты қабілеттің іс-әрекетте тұтастай байқалуы ретінде, қабілеттіктер жиынтығындағы интегралданған іс-әрекеттің жалпы қасиеті ретінде сипаттайды.
Н. С. Лейтес дарынды балалар ақыл-ойының дамуын зерттей келе, оны қарапайым оқушылардың жас ерекшеліктерімен салыстыра отыра, жалпы дарындылық жалпы қабілеттіліктің жиынтығын білдіреді деген шешім ұсынады. Сонымен бірге автор, ақыл-ой қабілеттілігі жас нормаларынан артықшылығы бар интеллектілі даму деңгейі болып сипатталатындығын қолдайды. Ғалым "дарынды бала" термині жетімсіз, өйткені мүнда туа біткен "табиғи дарын" деген мағына басым көрінеді, дарындылықтың дамуында "анатомиялық-физиологиялық" ерекшеліктерден гөрі оның, қалыптасуына, дамуына әлеуметтік орта көп әсер етеді - деп атап көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" (1996 ж.) жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 1998 жылдың 24-ші наурызындағы № 256-шы қаулысы бойынша талантты жастарды қолдау және дамыту мақсатымен "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ашылды. Аталған мәселені шешуге арналған стратегиялық бағдарлама жасалынды.
Кейінгі жылдары елімізде дарындылық мәселесіне баса назар аударылуда. Оған дәлел Қазақстан Республикасы Президентінің "Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" (1996 ж.) жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 1998 жылдың 24-ші наурызындағы № 256 қаулысы бойынша талантты жастарды қолдау және дамыту мақсатымен "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ашылды. Аталған мәселені шешуге арналған стратегиялық бағдарлама жасалынды.
Дарынды балаларды анықтау, дамыту және оқыту жөніндегі ауқымды міндеттердің шешімі кәсіби мамандардың (педагогтардың ғана емес, сондай-ақ мектеп психологтары мен кеңесші психологтарының да) қатысуын талап етеді. Сонымен бірге дарынды балалармен жұмыс жасайтын мамандарды даярлаудың күрделі проблемасы өзінің теориялық және қолданбалы маңызына қарамастан, арнайы зерттелінген жоқ. Сәйкес оқу курстары міндеттелмей, даярлау бағдарламасына оқытушылардың бастамашылдығымен қосылады.
Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мамандардың даярлығы – оқыту стратегиясы, мазмұны, формалары мен әдістері – олардың кәсіби біліктіліктерінің базалық әрі айрықша компоненттерінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқыту процесінде сәйкес іскерліктерді қалыптастырумен қатар, тұлғаның дарынды балалармен жұмысқа қажет қасиеттерін арттыру қажет. Мамандарды даярлаудың ерекшелігі төмендегідей міндетті жағдайларды ескере отырып, құрастырылуы тиіс:
-
дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың кәсіби іс-әрекеті (мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары, бастауыш сыныптағы мұғалімдер, әртүрлі пәндерден оқытатын педагогтар, қосымша білім беру жүйесінде қызмет ететін педагогтар, дефектолог-педагогтар, практикалық педагогтар, сондай-ақ мектеп әкімшілігінің өкілдері және т.с.с.);
-
көзделген қызмет жүзеге асырылатын балалардың ерекшеліктері (олардың жасы, денсаулықтарының ахуалы және т.с.с., дарынды балалардың ерекше тобы – жетім балаларға, мүгедек балаларға және т.б.ерекше назар аударылуы тиіс)
-
білім беру жүйесінің дарынды балалардың оқуы мен дамуы үшін маңызды қайсібір компоненттерінің (қажет оқу-әдістемелік материалдары, мұражайлар, концерт залдары, кітапханалар, театрлар, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесіндегі педагогтар мен психологтар сияқты арнайы мамандар) бар-жоқтығына байланысты олармен жүргізілетін жұмыстың жағдайлары;
-
балалармен педагогикалық, тәрбие жұмыстарының тәжірибесі (педагогикалық және психологиялық бөлімдерде білім алған студенттер, жалпыға бірдей мектептерде (арнайы мектеп-интернаттарында, «дарынды» балалар топтастырылған сыныптарда) тәжірибесі бар педагогтар мен психологтар);
-
дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс үшін арнайы дайындықтың жоғары деңгейі (дарынды балаларды анықтау, оқыту, дамыту және тәрбиелеу жөнінде ақпараттың қажет мазмұны мен көлемі, арнайы тренингтік сабақтарға қатысу (педагогикалық өзара әрекеттестік дағдылары мен қабілеттерін дамыту жөнінде және т.б.);
Осындай жағдайларға сәйкес оқыту төмендегідей қағидалар бойынша құрылуы мүмкін:
-
Жалпы және арнайы оқытудың бірлігі мен дифференциациясы жайлы қағида.
Жалпы оқыту – дарындылық мәселесі жөніндегі тармақ барлық психологиялық және педагогикалық жоғары оқу орындарындағы психологияның курсына енгізілуі тиіс, балалармен жұмыс жасайтын барлық мамандардың қажетті алғашқы даярлығы осылайша жүзеге асырылуы мүмкін.
Арнайы оқыту жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерді ескерілуімен жүргізілуі тиіс.
-
Оқытудың сатылығы жайлы қағида.
Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мамандардың даярлығы оқытудың әрқилы кезеңдерінде және кейінгі кәсіби іс-әрекеттің (ЖОО, магистратура, біліктілікті арттыру курстары және т.б.) аясында да жүргізілуі тиіс.
-
Теориялық және практикалық даярлықтың бірлігі жайлы қағида.
Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мамандарды даярлау барысында теориялық және практикалық даярлықты бара-бар үйлестіру қажет. Аталмыш қағиданың жүзеге асырылуы арнайы экспериментті алаңдарды қажет етеді. Олардың негізінде бір уақытта теориялық курсты тыңдаумен қатар, дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың тәжірибелі даярлығы да жүгізілуі мүмкін.
Бүгінгі күні психологтардың көпшілігі дарындылықтың даму деңгейі мен сипаты - табиғи туа біткен қасиет пен баланың негізгі іс-әрекетімен байланыстырылған (ойын, оқу, еңбек) әлеуметтік ортаның күрделі әрекеттестігінің нәтижесі екендігін мойындайды. Сондай-ақ, жеке дарындылықтың қалыптасуы және іске асырылуы негізінде жатқан түлғаның өзін-өзі дамытуының психологиялық меха-низмдері мәнін де ескермеуге болмайды.
Дарындылық мәселесінің аясында сол қолды адамдар жайында және олардың дарындылығы жайлы айтып кетпеске болмас. Солақайлықтың дарындылықпен және шығармашылықпен байланысы көпшілікке танымал әдебиеттердегідей қарапайым емес. Оның дәлел ретінде көптеген көрнекі солайқай адамдардың қатарын келтіруге болады. Суретшілер Рафаэль Санти, Пабло Пикассо, Микеланджело Буонаротти және т.б. солақай болған. Музыканттардың ішінде де Людвиг ван Бетховен, Карл Бах сияқты сол қолдылар бар.
Алайда барлық суретшілер мен музыканттар солақай емес. Қазіргі заманғы өнер тұтас бейнені бөлшектеп немесе күрделендіріп қарастырады. Бұл – мидың сол жақ жарты шарының қызметі болып табылады.
Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты сол қолды адамдардың да оңқолдылармен салыстырғанда әрқайсысына да өзіне сай даралық ерекшіктері тән екендігін айтып кеткен орынды. Жалпы солайқайлық сияқты күрделі құбылыстың табиғатын түсініп, зер салып салып қарастырғанның өзі сол қолды балалармен жұмыс жасайтын адамдардың даярлығында маңызды бір проблема ретінде ескерілуі керек сияқты.
ӘДЕБИЕТТЕР
-
Лейтес Н. С. Психология одаренности детей и подростков. М. АсасІеті А., 1996.
-
Лейтес Н. С. Способности и одаренности в детские года. М., 1984.
-
Матюшкин А. М., Яковлева Е. Л. Учитель для одаренных. М., 1991.
-
Одаренные дети. Перевод с англ. Под ред. Бурменской, Слуцкого. М.:Прогресс, 1991.
-
Спингер.С., Дейч.Т. Левый мозг, правый мозг. Ассиметрия мозга. М., 1988.
-
Юркевич В. С. Одаренный ребенок. Иллюзии и реальность. М.: Просвещение, 1996.
-
Теплов М. Б. Избранные труды. В 2-х т., (т.1.) М.:Просвещение, 1971.
-
Формирование творческих способностей: сушность, условия, эффективность. Сб. науч. тр. Свердловск. СМПМ, 1990.
-
Шуркова Н. Е. Собрание пестрых дел. И.: Новая школа, 1994.
-
Эфроимсон В. П. Загадка гениальности. М.: Знание, 1991.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада дарынды балалармен жұмыс жасайтын мамандарды даярлау, сондай-ақ сол контекстідегі сол қолды балалардың мәселелері баяндалған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается проблема подготовки специалистов для работы с одаренными детьми и проблема леворуких детей.
ТҰЛҒА ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӘЛЕУЕТІ
Бапаева С.Т. –оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпи)
«Тұлға» ұғымы көпжоспарлы. Тұлға философия, әлеуметтану, психология, әдеп, эстетика, педагогика сияқты көптеген ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады. Аталмыш ғылымдардың әрқайсысы тұлғаны өзіне тән айрықша аспектіде зерттейді. Тұлға ұғымына жақын: «адам», «индивид», «даралық» іспеттес басқа да атаулар бар.
Адамның өмірі мен іс-әрекеті биологиялық және әлеуметтік факторлардың бірлігімен әрі өзара әрекеттестігімен шартталады. Мұндағы әлеуметтік фактор жетекші болып табылады, өйткені сана, сөйлеу тілі және т.б., адамға тұқым жолымен берілмей, өмір бойында қылыптасатандықтан, биологиялық түрдің жалпы генотиптік тұқым қуалайтын қасиеттеріне ие биологиялық ағза ретінде «индивид» ұғымы және адамның сана мен мінез-құлықтың қоғамдық қалыптарын, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін иеленудің нәтижесінде қалыптасатын адамның әлеуметтік - психологиялық негізі ретінде «тұлға» ұғымы қолданылады (біз қоғамдағы өмірдің, тәрбиенің, оқытудың, қарым-қатынастың, өзара әрекеттестіктің ықпалынан тұлғаға айналамыз). Тұлғаның көптеген анықтамалары бар.
Б.Г.Ананьев: тұлға бұл – еңбектің, таным мен қарым-қатынастың субьектісі.
И.С.Кон: тұлға бұл – әлеуметтік рөлдердің айрықша жиынтықталуы.
А.Г.Ковалев: тұлға бұл – қоғамда белгілі бір орынға ие және нақты бір қоғамдық рөлге ие саналы индивид.
Ең алдымен тұлғаның біртұтас ұйым екендігін ескерген жөн. Көптеген психологтар тұлға құрылымының сенімді сипаттамаларын ұсынған (З.Фрейд, Э.Берн, К.Юнг, В.А.Ядов және т.б.). Тұлға құрылымының К.К.Платоновтың ұсынған сипаттамасы зерттеу үшін едәуір көрнекі және әдістемелік қолайлы болып табылады.
Платонов тұлға құрылымында негізгі төрт және екі қосалқы құрылымдарды бөліп көрсетеді.
-
Саналы мотивтерді (қажеттіліктерді, қызығушылықтарды, сенімдерді, идеалдарды, дүниетанымды) және бейсаналы мотивтерді (әуестіктер мен ішкі бағдарларды) қамтитын тұлға бағыттылығын қамтитын құрылым. Аталмыш құрылым көбінде тәрбиенің көмегімен өмір барысында қалыптасады.
-
Тәжірибені қамтитын құрылым. Бұл көбінде оқытудың көмегімен өмір бойында қалыптасатын білімдер, іскерліктер, дағдылар мен әдеттер.
-
Сәулелендіру формаларының құрылымы. Ол психикалық процестерді (түйсікті, қабылдауды, ойлауды, қиялды), зейінді және тұлғаны эмоциялы-ерікті сфераны қамтиды. Көп мөлшерде бұл құрылым тума болса да, көбінде өмір барысында қалыптасады.
-
Биологиялық шартталған құрылым. Ол темпераменттің қасиеттерін, тұлғаның жыныстық, жас ерекшеліктерін, сондай-ақ оның патологиялық өзгерістерін қамтиды. Аталмыш құрылым да адам өмірінің барысында өзгерістерге ұшырап, оның денсаулығы мен тіршілік әрекетінің ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады.
Негізгі төрт құрылымға еніп, ықпал ететін мінез бен қабілеттер қосымша құрылымшалар болып табылады.
Тұлғаның құрылымын талдаудың негізінде оның барлық құрылымшаларына қоғамның басым ықпал ететінін көруге болады. Тұлғаның қоғамда қалыптасуы әлеуметтену деп аталады.
В.Н.Князев тұлғаның құрылымы бір уақытта әрекет ететін қағидаларға негізделген әлеуметтік қасиеттердің өзара байланысқан жиынтығын анықтайтынын айтады. Біріншісі бойынша тұлғаның едәуір жалпыланған, неғұрлым күрделі қасиеттері неғұрлым қарапайым, жеке қасиеттерді бағындырады. Екінші қағиданың мәні қасиеттер өзара әрекеттестігінің әрқайсысының салыстырмалы тәуелсіздігін анықтауда (мәселен, еңбек ұжымынындағы адамдардың өзара әрекеттестігіндей: барлығы бірігіп, ортақ істі жасайды, алайда олардың әрқайсысы дербес бастамашылдықты танытуға құқылы).
Тұлғаның осындай күрделі құрылымы қоршаған әлемді қабылдауды саналы әрі бейсаналы компоненттерін, сондай-ақ өзіндік таным мен өзіндік қатынасты қамтитын сана сезімді қамтитын сана құрылымына теңдестіріледі.
Тұлға мақсатқа бағдарланған әрі өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе. Тұлға болу дегеніміз бұл - өзіңді және басқаларды құру, дербес мінез-құлқыңды меңгеруге, еркіңе бағындыруға ықпал ететін амал тәсілдердің қатарын меңгеру. Тұлға еркін таңдау жасай алады және оның тауқыметін көтере алады. Оның барлығын жүзеге асыру үшін индивид өзінің әлем және өзі жайлы түсінігін анықтайтын дүниетанымдық тұжырымдаманы сезінуі тиіс. Ондай дербес философия «Мен тұжырымдамасы» деген атауға ие.
«Мен тұжырымдасы» сана сезімнің айрықша өнімі болып табылады.
Сана-сезімнің құрылымында төмендегідей жағдайларды атап көрсетуге болады:
-
Жақын және алшақтағы мақсаттарды, өз «менінің» мотивтерін сезіну («Мен әрекет етуші субьект ретінде»);
-
өзінің шынайы және идеалды қасиеттерін сезіну («Шынай Мен», «Идеалды Мен»);
-
өзі жайлы танымдық түсініктері («Мен бақылаудағы обьект ретінде»);
-
өзі жайлы эмоциялы, сезімдік түсінік;
Осылайша сана-сезім: өзіндік танымды (адамның өзіне деген интеллектілі қатынасы), өзіндік қатынас (адамның өзіне деген эмоциялы қатынасы);
Сана-сезімнің динамикалық құрылымын талдауда: «ағымдағы Мен» және «жеке дара Мен» ұғымдары қолданылады. «Ағымдағы Мен» адамның өзін ағымдағы осы шақта сезінуінің нақты формаларын білдіреді. «Жеке дара Мен» бұл – «ағымдағы Мендердің» жинақталуының өзегі, өзара қатынастың тұрақты құрылымды сызбасы. Сана-сезімнің әрбір актісінде біруақытта өзіндік таным мен өзіндік қатынастың элементтері анықталады.
Адам өз бетінше емес, қоғамда тіршілік етеді әрі әртүрлі топтардың ықпалында тұлға ретінде қалыптасады.
Топ мүшелерінің өзара қатынастары өте күрделі де әртекті келеді: мұнда іскер әрі жеке (ұнату немесе ұнатпау, достық немесе қастық сияқты тұлғааралық қатынастар) қатынастар орын алады. Тұлға қатынастар жүйесінде белгілі бір орынға ие, беделдің, танымалдықтың әртүрлі дәрежесіне ие, әрқилы дәрежеде топтың басқа мүшелеріне ықпал ете алады. Адам іс-әрекеттерінің барлық қырларын сезіне бермейді. Көптеген психикалық процестер сезінбей қалады. Шартты түрде оларды санасты деп анықтауға болады. Ағзаның бір уақытта сыртқы және ішкі орталарынан жеткен белгілердің аз мөлшері ашық сана аумағында сипатталады. Ашық сана аумағына түскен белгілер адамның өз мінез-құлқын саналы басқару үшін қолданылады. Қалған белгілер де ағзамен кейбір процестерді санаасты аумағында реттеу үшін қолданылады. Ашық сана аумағына реттеудің алдыңғы тәртібін жалғастыруға қиындық тудырған обьектілер түседі. Орын алған қиындықтар назар аудартып, сезіледі. Осының салдарынан шешімнің жаңа тәсілін немесе реттеудің жаңа тәртібін анықтаудың мүмкіндігі туады да басқару қайтадан сана астына көшіріледі, ал сана жаңадан пайда болған қиындықтар үшін босайды.
Басқарудың осылайша үздіксіз алмастырылып отыруы адамның жаңа міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Сана аталмыш объектіге уақыттың қысқа мерзімінде ғана пайдаланып, ақпарат жетіспеген сын мезеттерде жорамалдарды өндіруге жағдай жасайды. Үйреншікті жағдайда пайда болатын жеке, типтік міндеттерді адам, автоматты түрде сана асты шешеді. Сана астының автоматтандырылуы сананы күнделікті операциялардан (жүру, жүгіру, кәсіби дағдылар және т.б.) тек саналы деңгейде ғана шешілетін жаңа міндеттерге орын босатады.
Әрбір адамның ішкі әлемін құрайтын көптеген білімдер, қатынастар, күйзелістер сезілмей, одан туатын ынталандыру әрекеттері мінез – құлқын шарттандырып, оның өзін де айналадағыларды да таң қалдырады.
Әрбір адам әдейі немесе байқамастан өзін айналадағылармен салыстырып, нәтижесінде өзінің интеллектісі, сырт келбеті, денсаулығы, қоғамдағы орны жайында тұрақты көзқарасқа келеді, яғни «өзін-өзі бағалаудың жиынтығын» қалыптастырады.
Көптеген адамдарда өздерін орташа шамадан сәл жоғары бағалау бетбұрысы байқалады. Бұл адамға жеткілікті дәрежеде жоғары қажеттілік тән екендігін қорытындылауға жағдай жасайды. Яғни әрбір адам өз-өзін сыйлағысы келеді. Адамның өзін-өзі сыйлауы психологиялық тұрақтылықтың, жақсы көңіл-күйдің алғышарты.
Кей жағдайларда адамдар өздерін жоғары немесе төмен бағалайды (өте мейірімді, ең ұялшақ, ең әділ). Өзін басқалардан ақылды деп есептейтін, яғни өзін-өзі жоғары бағалайтын адам әдейі болмаса да басқалардың ызасын түдырады, өйткені адамның «көрдіңдер ме, менің қандай ақылды екенімді» деген ойы, айналадағыларға деген селқос қатынасты танытады. Ал өзін төмен бағалайтын, яғни өзін аса қабілетті, әдемі емес, бақытсыз деп есептейтін адамда «толымыздық кешені» байқалады. Адамның тұрақты түрде өзін тым төмен бағалауы оның басқалардан тәуелді болуына, ынжықтықтың, тұйықтықтың, тіптен айналадағылардың бұрмаланып қабылдануына әкеледі.
Адамның өзін-өзі сыйлауы мен бағалауына ерте балалық шақтан келе жатқан, ата-аналардың қатынасы, құрдастарының арасындағы орны, педагогтардың қатынасы сияқты көптеген факторлар ықпал етеді. Адам айналадағылардың оның өзі жайлы көзқарастарын салыстырып, өзіндік бағаны қалыптастырады. Ең алдымен адам басқаларды, кейін өзін бағалауға үйренеді. Тек 14-15 жасқа келгенде ғана жас өспірім өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау мен кері байланыстарды жасау іскерліктеріне ие бола бастайды. Өзінің дербес нәтижелерін талдап, өз-өзін бағалауға үйренеді («Қиын жағдайдан қорықпасам, мен қорқақ емеспін», «Егер мен қиын тапсырманы шеше алсам, мен қабілеттімін»). Адамда қалыптасқан өзіндік баға бара-бар (адам өзін орынды, обьективті бағалайды) не болмаса жоғары не төмен бағалайды.
Ал ол өз кезегінде талаптанудың деңгейіне ықпал етеді.
Талаптанулардың деңгейі дегеніміз адамның өзінің алдыңғы орындау деңгейін біле тұра, жетуге тырысқан міндет қиыншылықтарының деңгейі. Талаптанулардың деңгейіне өмір жолындағы сәтсіздіктер мен жетістіктердің динамикасы әсер етеді. Талаптанулардың деңгейі бара-бар болуы мүмкін (адам шынымен орындай алатын, қабілеттеріне, іскерліктеріне, мүмкіндіктеріне сәйкес келетін мақсаттарды таңдайды) не болмаса жоғары не төмен болуы мүмкін. Адам өзін-өзі неғұрлым бара-бар бағалайтын болса, оның талаптануларының деңгейі де соғұрлым бара-бар болады. Егер адам ойға қонбайтын талаптарды көздейтін болса, ол мақсатқа жетуде үлкен кедергілерге ұрынады, сәтсіздіктерді, фрустрацияны кешіреді.
Фрустрациялар – қалаулы мақсатқа жету жолында үлкен кедергілер пайда болатын жағдайда пайда болатын адамның айрықша эмоциялы күйі. Фрустрация басқаларға («агрессивті фрустрация») немесе адамның өзіне («регрессивті фрустрация») бағытталуы мүмкін агрессия, ызалық түрінде анықталады.
Күнделікті өмірде фрустрациялаушы жағдайлар шартты түрде екі топқа бөлуге болатын қажеттіліктердің кең аумағына байланысты:
-
Биологиялық қажеттіліктер. Мұнда физиологиялық (аштық, шөл, ұйқы), жыныстық немесе сексуалдық (ұрпақ көбейту, интимді қатынас қажеттіліктері), бағдарлаушы (кеңістікте, уақытта, қоршаған ақиқатта және т.б. бағдарлану қажеттіліктері) және т.с.с.;
-
Әлеуметтік қажеттіліктер – еңбек, танымдық, тұлғааралық, эстетикалық, адамгершіліктік.
Фрустрацияға: көңіл қалу, ашушаңдық, сияқты кері күйзелістер тән. Адамда басқа адам немесе қоғам шеттеп, үйреншікті әлеуметтік байланыстарынан айырылғандағы күйзелістерді ауыр кешіреді.
Жиі фрустрация адамның өзінің кәсіби еңбегіне, оның мазмұны мен нәтижелеріне қанағаттанбаудың салдарынан дамиды. Фрустрацияның жиі қайталанатын күйлері адамның тұлғасында: агрессивтілік, қызғаныш, ызақорлық сияқты кейбір бітістерді нығайтса, тағы бірінде енжарлық, өз күшіне деген сенімсіздік, «толымсыздық кешені», селқостық байқалуы мүмкін. Егер адам ұзақ уақыт бойы фрустрациялық күйден шықпаса, невроз – адамның қалаулары мен оларды қанағаттандыра алмаған ақиқаттың арасындағы қақтығыстың негізінде қоршаған ортамен даудың салдарынан пайда болатын ауру қалыптасады.
Невроз – жүйке жүйесінің қайсібір анатомиялық зақымның белгілерінсіз іс-әрекеті ұшығып, қызметінің бұзылуы. Невроз сәтсіздіктердің, фрустрациялардың және тұлғааралық қақтығыстардың салдарынан туындайды, сонымен бірге олардың себебіне де айналуы мүмкін. Сонымен дау-дамайлар невротизацияға әкелсе, ол өз кезегінде жаңа даулардың себепшісіне айналады.
Еңбек іс-әрекетінде тұлға типологиясы жайлы ұғымның болғаны да аса маңызды. Бітістерінің бүкіл жиынтығымен тұлға еңбек іс-әрекетінде айқын көрініс береді. Тұлға типологиясының түрлері өте көп. Ең алдымен қайсібір кәсіби іс-әрекетке еш қатысы жоқ ортақ типологияны қарастырайық. Оның авторы Э.Шпрангер әрбір тұлға көбінде алты типтерінің біріне жатады деп есептейді.
1. Теориялық адам. Таза күйіндегі теориялық адам түсіндірмеге, байланыс-тардың қалыптасуына, теориялауға әкелетін проблемаға, мәселеге деген құштарлықты ғана сезінеді. Оның күйзелістері шынайы өмірден алшақ болады: оның тани алмаудан рухы түседі, ал тек теориялық жаңалықтың өзінен масаттанады. Ол заңды байланыстардың идеалды әлемін жасау үшін өзін психологиялық ағза ретінде қалжыратып жібереді. Оған кез келген жолмен ақиқатқа жету – тану әдістерінің тазалығы ғана аса құнды. Ол үшін әлем бұл – болмыстың шексіз туындауы және тәуелділік қатынастарының жүйесі. Ол әлемде уақытсыз тіршілік етеді, оның көзқарасы алыс болашаққа жалғасады, кейде тұтастай дәуірлерді қамтиды.
-
Экономикалық адам. Экономикалық адам бұл – міндетті түрде өндіріске байланысты адам емес. Ең дұрыс мағынасында өмірлік байланыстарының барлығында пайдалылықты бірінші орынға қоятын адамды экономикалық деп білеміз. Ол үшін барлығы өмірді қамтамасыз етіп отыратын, тіршілік пен өмірін жақсырақ қалыптастырудағы күрестің құралы болып табылады. Ол ең жоғары дәрежеде пайдаға ие болу үшін материалды, күшін, уақытын үнемдейді. Оны үнемді адам деп атаған орынды болар еді, өйткені экономика ұғымымен тұтастай техника бөлімі байласады. Ал оның әрекеттерінің мәні іс-әрекеттің өзінде емес, оның пайдалы эффектісінде.
-
Эстетикалық адам. Шығармашылықтың туындылары эстетикалық күйзелетін жанда ғана тууы мүмкін. Эстетикалық адам үшін пайдалылық оның негізін жояды. Эстетикалық адам теориялық адам сияқты өмірдің экономикалық шарттарының алдында әрдайым өзін қауқарсыз сезінеді.
-
Әлеуметтік адам. Әлеуметтік мінез-құлыққа ерекше акт, атап айтқанда өзге өмірге деген қызығушылық әрі өзін онда сезіну қабілеті тән. Адамның өзін өзге үшін құрбан ету жетекші өмірлік қажеттілікке айналғанда әлеуметтік деп аталатын ерекше өмірлік қалып пайда болады. Прагматикаға қатысты барлық рухани актілер толықтай жоққа шығарылады, өйткені онда әлеуметтік мезет емес, өзге, мәселен экономикалық немесе саяси мезеттер басымдылық танытады. Ең жоғары көрінісіндегі әлеуметтік бағдар бұл – махаббат. Ол бүкіл өмірге бағытталған негізгі сезім болуы мүмкін. Алайда ол жеке затқа не заттардың шеңберіне бағдарланып, бүкіл дара болмысты анықтайтын жетекші қажеттілік сипатынан айырылмауы мүмкін.Жеке дара адам құндылықтардың шоғыры ретінде махабаттың затына айналады. Басқа адамды сүюге болады, өйткені онда ақиқаттың немесе сұлулықтың құны айшықталуы мүмкін.
-
Саяси адам. Билік жетекші құндылығы болып табылатын адамдарды Шпангер саяси деп атайды. Енжар және белсенді, саяси болмыстағы адамдарды бөліп қарастыруға болады. Бірі жоғары әлеуметтік мәртебеге ұмтылып, тек көсем ретінде атақтың арайында өздерін жайлы сезінеді. Басқалары керісінше өмірде басшысыз бағдарлана алмайды. Олар дербес татымдарында, әрекеттерінде, көзқарастарында, дүниетанымдарында тәуелділік таныта алмайды. Физикалық және рухани саяси адамдармен қатар дәстүрлерге бағдарланған адамдар да саяси адамдардың қатарына жатқызылады.
-
Діндар адам. Діндар адам бұл – рухани құрылымы әрқашан әрі тұтастай құндылықтарды жоғары дәрежеде күйзелуге бағдарланған адам.Діндар типтің өзі үшке бөлінеді. Оның үшіншісі қалған екеуінің арасында орналасып, айқын көріністерімен байқалады. Олар құндылықтардың өмірдің жалпы мәніне: жағымды, жағымсыз немесе аралас сияқты қатынаста болудың негізінде ажыратылады.
С.И.Самыгин бойынша жұмысшының орындаушы іс-әрекеті өзінің заттық және кәсіби қасиеттерін есепке алмағанда жеті психологиялық сипаттамалармен (шкалалармен) баяндалады:
-
мақсатқа бағыттылық – мақсатсыздық;
-
ынта – қызығушылықтың болмауы;
-
дербестілік – тәуелділік;
-
жинақылық – шашыраңқылық;
-
жауапкершілік – жауапкершіліксіздік;
-
біліктілік – біліксіздік;
-
шығармашылық – кертартпашылық.
Аталмыш шкалалар бойынша орындаушылардың психологиялық «кескіндерін» анықтап, сапалы талдаудың негізінде едәуір айқындарын ажыратуға болады. Олардың ішіндегі негізгілері:
-
орындаушының шығармашылықты, дербес, білікті, ізденуші типі;
-
мөлшерден тыс қалыпты-мақсатқа бағдарланған, қызығушылығы мол, жинақы;
-
шектелген (ең көп тараған тип);
-
енжар;
-
басшының нұсқауларын «өңдеуші»;
-
ынтасы төмен;
-
орындаушының жалтарма түрі;
-
қиын басқарылатын орындаушылар.
Қиын басқарылатын орындаушылардың ішінде:
-
жалқау: жеткілікті жұмыс жасамайтындар;
-
«ызақор»: адамдармен қатынастарын ызақорлықпен және шамданған мінезімен нашарлатады;
-
қауқарсыз: сәтсіздікке ұшырағысы келмейтіні соншалықты, оған мндетті түрде шыдайды;
-
эмоциялы: өз сезімдеріне асыра бөленеді;
-
аморалды: өзінің рахаты үшін адамдар мен жүйелерді барынша пайдаланып, оларға зақым келтіреді;
-
қорғаныс позициясын ұстанатындар: өзгерістер жайлы аздаған белгі пайда болғанда кедергілерді жасай бастайтындар;
-
қиян-кескілер: өткен реніштерін ұмытпайтындар;
-
жалтармалылар: белсенді түрде жарықтан жалтарады;
-
мейірімсіздер: айналадағыларға көңіл бөлмейтіндер;
-
ақылсыздар: бұрыс немесе шектеулі ой–қорытындылайтындар;
-
менменшілер: өздерін күнасыз деп есептеуге жақын тұрғандар;
-
үріккендер: неден қорқатындары белгісіз, өздерінің бар мүмкіндіктерін шектеп отыратындар деген типтері ерекшелінеді.
Шығармашылыққа деген ұмтылыс көптеген адамдарға тән. Шығармашылық тұлғаны:
-
ақылының ашықтығы;
-
конформдылықтың болмауы;
-
табандылық, өзін-өзі дәлелдеуге бейімділік;
-
«дербес күн тәртібі» бойынша жұмыс жасау ұмтылысы;
-
ұзақ уақыт бойы күрделі жұмыс жасауға қабілеттілік;
-
иррационалды идеяларды қарастыруға, барлық оғаш жағдайларға деген татым;
-
белгісіз, шатасқан, көп мағыналы проблемалары бар жұмысқа бейімділік;
-
қатаң қалыптасқан ережелер мен нормаларды сыиламаушылық;
-
идеяларды еркін пайдалану құмарлығы;
-
белгіліден гөрі, белгісізге деген үлкен қызығушылықтың байқалуы;
-
белгісіздік жағдайларына шыдамдылық;
-
жаңа, ерекше әсерлерді қажетсіну;
-
еркіндікті, әсіресе, зерттеудің тақырыбын таңдаудағы еркіндік;
-
қалжыңға бейімділік;
-
зиялылықтың орта көрсеткіштерден асатын деңгейі.
Шығармашылыққа бейім адамдарға қарағанда кәсіпке жақын адамдар басшының нұсқауымен жұмыс жасап, оның айтқанын ғана істейтіндер. Олар өте күрделі жұмыстарды атқарады.
Аталмыш типтер адамның әлеуметтік және тұлғааралық рөлдерімен жақсы жанасады. Қарым-қатынастағы серіктесінің типологиялық рөлін анықтап алған соң басшы әрекеттерінің дұрыс бағытын таңдай алады.
әдебиеттер
-
Маслоу А.Г. Мотивация и личность. Пер.с англ СПб.: Евразия, 2001.
-
Свенцицкий А.Д Социальная психология управления. – Л.1986.
-
Шепель В.М. Управленческая психология. – М., 1993.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада тұлға және оның басқару жүйесіндегі әлеуеті баяндалады.
РЕЗЮМЕ
В статье расматривается личность и ее потенциал в управлении.
Достарыңызбен бөлісу: |