Іліпов М.Т. – т.ғ.к., доцент, Елжанова П.А.- ізденуші (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Соңғы 15 жылдың ішінде елімізде қыруар өзгерістер болып жатыр. Атап айтатын болсақ, еліміз 1995 жылы 30 тамызда “Ата заңды” қабылдап, өзіміздің төл теңгемізді шығарды. Білім, экономика, ғылым, мәдени салаларда көп өзгерістер болып жатыр. Дәлірек айтсақ, экономикалық реформа, саяси реформа, білім реформасы, мәдени реформа және т. с. с. Ал біз студент жастарға қатысты айтар болсақ білім реформасы өте маңызды болып отыр. Еліміз дамыған мемлекеттер қатарына қосылу мақсатында 2005-2010 жылдарға арналған 12 жылдық білім беру реформасы қалыптасты. Ондағы негізгі мақсат, мектеп жасында білім алған жастардың кәсіби біліктілігін арттыру. Білім саласы бойынша Отандық деңгейдегі барлық кәсіби маманның білімін жетілдіріп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің еншісіндегі аса негізгі мақсаттардың бірі болып саналады. Олай дейтін себебіміз тәуелсіздіктің туы, білім мен білік, ақыл мен парасаттың арқасында желбірейтіндіктен осынау киелі ұғым жоғарыдағы айтылғандармен сәйкес келетіні баршамызға белгілі. Ол жастардың ұлттық намысын оятты. Өткенді сараптамай, ақ пен қараны ажыратып алмай, нақақ күйгендердің рухы алдында тазармай, болашаққа нық бару қиын. Осыған орай 1997 жылы Жалпыұлттық татулық пен қуғын-сүргінді еске алу жылдары деп жарияланды. Тәуелсіздіктің арқасында дініміз, діліміз қайта оралды. Оның айғағы ретінде Діндер съезінің өтуі, сондай-ақ Алматыда 18-қазан 1992 жылы рухани татулық жөніндегі бірінші дүниежүзілік конгресс болып өтті. Конгреске әлемдегі аса ірі діни ағымдардың өкілдері, жазушылар, ғалымдар және ірі саяси қайраткерлер бас қосты. Әлемдік деңгейде діни қақтығыстарды болдырмау жөнінде өтетін форум Қазақстандағы дәстүрлі жиындардың біріне айналып келеді. Айталық елде экономиканы жақсарту мақсатында нарықтық экономиканы қалыптастыру көзделді. Нарықтық экономиканың негізі – жеке меншік, оның қозғаушы күші бәсеке заңы, осының негізінде орта тапты қалыптастыру мемелекетті нығайтудың негізі деп саналды. Осыған сәйкес әрбір шағын кәсіпорын өз өнімдерін шығаруға ат салысып, Қазақстанның өркендеуіне өз үлесін қосып келеді. Шағын кәсіпкерлердің саны жыл сайын артып отырды. Қазақстан өзінің сыртқы, ішкі саясатын бірқалыпты ұстауға тырысып бақты. Ядролық қарудан бас тартты. Ел болып есею мақсатында кедейшілдікпен, жұмыссыздықпен күресті дамытуға күш салды. Түбі бір түркі халықтарымен қатынасымыз күшейді. Араб, түркі, парсы жұртымен рухани және мәдени, экономикалық одақта бірікті. Сондай-ақ Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында Абай мен Мұхтардың тойы әлемдік деңгейде атап өтілді. Қазіргі заманғы әдебиеттің аса көрнекті тарландарының шығармалары жарыққа шықты. Тіл туралы заңымыз қабылданғаннан кейін, “қазақ тілі” мемлекеттік тіл, ал “орыс тілі” ұлтаралық қатынас тілі деп жарияланды. Бүгінгі таңда барлық іс-қағаздар қазақ тіліне көшірілуде, барлық қазақстандықтардың қазақ тіліне деген құлшынысы күн сайын артып отыр. 1994 жылдан бастап нарықтық құқықтың негіздері жасалды. Соның алғашқыларының бірі “Инвесторлар туралы” заң еді. Олардың барлығын тарту біз үшін оңай болған жоқ. Себебі, олардың барлығына жеңілдіктер жасауға тура келді. Олардың бірі “шеврон” “техасо” және тағы басқалар. Осы тұста елбасы батыл қадамдар жасап, заң күші бар жарлықтармен қоса 150-ден астам аса қажет заңдарды бекітті. Қазіргі таңдағы бюджетіміз жыл сайын өсіп 9-10 % құрап отырды. Дегенмен еліміздің экономикалық әл-ауқаты Украина, Өзбекстанға қарағанда біршама жоғары болды. Осы экономикалық өсудің арқасында халықаралық беделіміз де өсіп отыр. Айталық Ресей, Қытай, Еуропа мен Азия елдерінің алдында даму жүйесі нық мемлекет болып саналамыз. Ендігі маңызды шешуді қажет етіп отырған мәселенің бірі технология мамандығын игерген кадрларды көптеп дайындау. Себебі әлемдік бәсекеге қабілетті өнім шығару еліміздің маңызды мақсаттарының бірі. Мәдени шаралар бойынша біраз тоқырау болғаны жасырын емес. Дегенмен экономика мен мықты саясаттың арқасында барлығы да өз орнына келді. Көптеген жәдігерлеріміз елге қайтарылып, Монғолиядан Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі Еуразия университетіне орналастырылды. Осыған орай үкімет отырыстарының бірінде “Мәдени мұра” бағдарламасы қабылданды. “Мәдени мұраға” президенттің жарлығымен 4 млрд. теңге қаржы бөлінді. Ол тәуелсіздіктің ең басты жеңісі. Астана қаласының бой көтеруі айтарлықтай іс-шаралардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Астана елдің негізгі орталығы.
ХХІ ғасыр қазақ халқы жаңа мыңжылдыққа ұлттық асқақ сезіммен қадам басты. Оның дәлелі ретінде “бес жылдың белесінде” құрылған Астана қаласының құрылысы.
Сол көштің басында тұрған, қазақ ұлтының кемеңгер ұлы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еді. Н. Ә. Назарбаев дүние жүзінде дұрыс ойлай білетін саясаткер ретінде танылып отыр. Бұған Н. Ә. Назарбаевтың экономикасы дамыған елдердің тәжірибесін қайталауға емес, талдап қорытуға деген ұмтылысы, оның бір-бірі үшін өз рыноктарын аша отырып, жаңа Еуразиялық елдерді экономикалық дағдарыстан шығудың жолдарын бірлесіп іздеуге шақырды. Елдің тізгіні Н. Ә. Назарбаев сияқты сарабдал саясаткердің қолында болғаны біздің республикаға қаншалықты пайда бергенін тарих айтып отыр. Бұл мықты саясат өз елімізді ғана емес, өзге елдердің қызығушылығын тудырып отырғаны белгілі.
Осыған орай елбасының жарлығымен 1998 жылы 6-мамырда Ақмола Астана қаласы деп аталды. Дегенмен сол жылдарда үмітке қарағанда, күдік басымдау болғаны да, жасырын емес. Тарихтағы елеулі уақиға болған желтоқсан айының 10-жұлдызы 1997 жылы Астананың туған күні болып есептеліп келеді. Енді Астанамыз бой көтерудің соңында 130-дан астам ұлт өкілдерінен тұратын Қазақстан Халқына керегі “Келісім, Бірлік, Келешек” осылар еді. “Тату елдің таңы нұрлы” демекші 2002 жылы қараша айында Астанада Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ІХ сессиясы болып өтті. Бұл жиынға 220 шағын халық өкілдері, ғылым мен мәдениеттің 10 қайраткері, 4 журналист, 7 парламент депутаты, атқарушы өкілеттің республикалық жүйесінің 13 басшысы, 16 облыс пен қала әкімі, 16 мәслихат хатшыларының болуы Қазақстандағы бейбіт өмірдің бірден-бір кепілі еді. Осы жиынға арнайы пікірін білдірген БҰҰ Төрағасы Кофи Аннан былай деген: “Әлемнің өзге мемелекеттері үшін ұлтаралық келісімнің, тұрлаулы әрі тұрақты дамудың үлгісі” – Қазақстан. Қазақстан Халықтар Ассамблеясы діни қақтығыстар мен ұлтаралық ланкестіктер болмауды көздеген келісім институтына айналғаны бүгіннің өзінде шындыққа айналып отырғаны баршаға аян.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Ассамблеяда сөйлеген сөзінде басты көздеген мақсаты “Халықтар Ассамблеясы Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бір белгісіне айналды, ол барлық этностардың мүдделерін бір арнаға тоғыстырады, ұлттық тегіне қарамастан барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етеді” – осындай сөздермен дәлелденген болатын. Бұл айтылған сөдер тек баяндама ретінде ғана емес, сондай-ақ Ассамблеяға қатысқан барлық зиялы қауымның негізгі міндеті болып қала бермек. Яғни, елбасы баяндамасында “Ұлттық келісім” “Қаупсіздік Азаматтық бітім” атты ұғымдарды басшылыққа алған еді. Ассамблеяда ұйғырлар мәдени орталықтары қоғамдарының төрағасы, профессор Фархад Таипұлы Хасанов ұйғыр халқының Қазақстанда еркін өмір сүріп жатқанына өзінің шексіз алғысын білдірді.
Тәуелсіздіктің тағы бір жемісі негіз боларлықтай іс бұл - ауыл мәселесі. Ауыл деген сөздің өзі айтып тұрғандай ауылда туып, ауылда өскен әрбір азамат үшін оның қадір-қасиеті, кіндік қаны тамған жері, туған жерге деген ыстық махаббаты шексіз. “Әркімге туып өскен жері мысыр шаһары” демекші, әрбір адамға туған жерінің топырағы да, адамдары да өте ыстық.
Жарық дүние есігін ашып, толықсып пісіп балиғат жастың босағасынан аттаған әрбір мұсылманның ұл-қызы, ұлттық өнеге, ырым-тиымдар мен салт-дәстүрден сусындап, басқан әр қадамына есеп беруі парыз. Өмір - өзеніне толқын болып қосылған осы даланың әр перзенті кіндік қаны тамған туған елінің кез-келген төбесі киелі екенін сезіне білген жөн. Халықта “өзін-өзі билеген ер бақытты, өзін-өзі билеген ел бақытты” деген дана сөз бар. Біздің еліміз өзін-өзі билеп бақытты болса, өзін-өзі біліп, бақыт құшағына бөленіп жүрген азаматтар да жетеді. Ондай азаматтардың дені ауылдан шығып жатады. Елбасымыз 2003-2005 жылдарды “Ауыл жылы” деп тегіннен-тегін жариялаған жоқ. Әрбір жылға мынандай көлемде қаржы бөлініп отырды: 2003 жылы 40 млрд, 2004 жылы 50 млрд., 2005 жылы 55 млрд. теңге бөлінді. “Қазақтың тамыры ауылда.
Достарыңызбен бөлісу: |