-
Подласый Подласый И.П. Педагогика: Новый курс: В 2 кн. – М.: ВЛАДОС, 2003. – Кн. 1: Общие основы. Процесс обучения. – 576 с.
-
Эльконин Д.Б. Избранные психологические труды. – М., 1989. – 328 с.
-
Большой энциклопедический словарь в 2-х т. / Гл. ред. А.М.Прохоров. – Сов. энциклопедия, 1991. Т.2 – 1991 – 768 с.
-
Эверт Н.А., Сосновский А.И., Кулиев С.Н. Критерии оценки деятельности учителя. – Красноярск: Книжное изд-во, 1991.– 80 с.
-
Белич В.В. Нормативы в развитии творческой активности личности. – В сб.: Творчество и педагогика: Мат-лы Всесоюз. науч-прак. конф. Секция 3. Креативные исследования и педагогика. – М., 1988. – 269 с.
-
Щукина Г.И. Педагогические проблемы формирования познавательных интересов учащихся. – М., Просвещение, 1988. – 156 с.
РЕЗЮМЕ
В статье творческая деятельность педагога-музыканта рассматривается в контексте анализа учебной деятельности, интеллектуальной активности и объективной оценки педагогического труда.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада педагог-музыканттың шығармашылық қызметі оқу-білім үрдісін талдау, интеллектуалды белсенділік және ұстаз еңбегін объективті бағалау әрекеттері тұрғысынан қарастырылады.
М.МАҚАТАЕВ МҰРАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Ерғанатова А.- №19 мектеп мұғалімі (Мақтарал ауд., Шымкент обл.)
Төменде белгілі ақын М.Мақатаевтың өмірі мен әдеби мұрасының оқушы – жастарды тәрбиелеудегі маңызын көрсететін кештің үлгісі беріліп отыр.
Кештің тақырыбы: «Мұқағалидің мәңгілік мұрасы»
Кештің мақсаты: а) Білімділік: Мұқағали шығармаларының тақырыбымен,
идеясымен таныстыру, көркемдік мазмұнының
ерекшелігі мен қыр-сырын ашу;
ә) Тәрбиелік: Отанды сүюге, табиғатты аялауға, тілді
құрметтеуге тәрбиелеу;
б) Дамытушылық: жатқа, мәнерлеп оқу дағдысын қалып-
тастыру, шығармашылықтарын шыңдау.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, сурет.
Көрнекілігі: ақын портреті, қанатты сөздер, бүктеме «М.Мақатаев 75 жаста», газеттер тігіндісі «Таланттар тұғырдан түспейді», «Аққудың қанатына жазылған жыр», «М.Мақатаев - 75 жаста»,
Кештің барысы:
-
Әке - балаға сыншы.
-
Көрініс «Күзгі кездесу».
-
Шолпан апайдың әңгімелері.
-
Көрініс «Қызылқұм сапары».
-
Т.Молдағалиев тебіренісі.
-
Әдеби монтаж.
-
Д.Тілендікелінінің естеліктері.
-
Көрініс «Сарыжайлау» әнінің туу тарихы.
-
Көрініс «Мұқаңның жан азабы».
-
Көрініс «Есіңе мені алғайсың».
Тілші сөздері: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған түрлі деңгейдегі, түрлі формадағы іс-шаралар соңғы жылдары арнаулы нұсқаусыз-ақ, Мұқағалидың туылған күні еліміздің түкпір-түкпірінде халықтың өз ықыласымен аталып өтуде. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің, қазақ ұл-қыздарынан қалыспай Мұқағалидың жырларын мемлекеттік тілде жатқа айтып, мүдірмей сайрағаны көкірегіңе жылылық ұялатып, жүрегіңді мол қуанышқа кенелтеді.
«Жазылар естеліктер мен туралы» деп сонау еленбей жүрген ерте кездің өзінде-ақ ілгері, ұлы ақындарша дөп басып, дәл болжап ақын өзі айтқанындай ақын туралы құлаш-құлаш естеліктер айтылып, еселенген әңгімелер жазып, тебіренбеген жандар кемде-кем шығар.
Тіпті ақын мұрасын тақырып етіп алып, бергісі диплом, арғысы кандидаттық қорғап жүрген студенттер, аспираттар бар.
Біз бүгінгі кешімізді бағы мен соры, күні мен көлеңкесі қатар жүрген ақиық ақын Мұқағалидың 75 жылдық мерейтойына арнаймыз. Қаламы қарымды аға-әпкелеріміздің, ақын жанында жүрген құрдастарының айтар тілегі, сағынышқа толы естеліктері бүгінгі кешімізде молынан көрініс табады.
Сонымен қатар кешіміздің қонақтарымен таныса отырыңыздар: ақынның тұнғышы Айбар ағамыз, ақынның рухани інісі Сабырханның жары Шолпан апай, Мұқаңның өнердегі ағасы Нұрғисаның жары Дариға Тілендікеліні, қаламдас бауыры Тұманбай Молдағалиев.
Тілші: Айбар аға сөз кезегі өздеріңізде. Әкеңіз туралы сөзді неден бастар едіңіз?
- Әкем үлкен ойдың адамы болатын. Ол күрделі жұмыс бастарда алдын-ала оған көп дайындық жүргізетін, жан-жақты зерттейтін. Ал шабыты келіп қалған шағында асығыс қаламын ақ параққа үйкей беруші еді. Анам күліп Мұқа-ау сонша асығасың десе, білесің бе Лашын өлеңді маған біреу сыбырлағандай болады. Сол естігенімді ұмытып қалмай қағазға түсіру ғой менікі деп шын пейілімен жауап беретін.
Тілші: Әкелеріңізбен қарым-қатынасьтарыңыз қандай еді?
- Біз бір кіндіктен екеуміз. Жұлдыз-тергеуші, мен-құрылысшымын, Алмагүл-ауылда кітапханада істейді, Шолпан шет тілінің мұғалімі. Әкем бізге кекшіл болма көпшіл бол деп дұрыс жол көрсетіп отыратын. Өмірде не нәрсенің де өз заңдылықтары бар, соны бұзбауға тырысыңдар дейтін.
Тілші: Ақын жылдың қай мезгілін ерекше ұнатушы еді?
- Ол күзді ұнататын, Жазда ойнадық, күлдік, күз енді жазатын мезгіл деп әзілдейтін.
Тілші: Олай болса сол ақын ұнатқан күз мезгіліндегі тамаша бір сахналастырылған көріністі тамашалайық.
Көрініс: «Күзгі кездесу»
Бір топ қыз-жігіттер сауық-сайран құрып отырады.
Бір жігіт: Қыздар, жігіттер Мұқағали деген ақын ағамыздың жаңа кітабы шыққан екен. Іші сырға, жырға толы дүние екен. Біразын қарап шығып, керемет әсер алдым. Алған әсерімді сендермен бөліссем деймін.
1. «Гүлгүл».
- Тағы, тағы оқышы.
- Тағы несі бар екен?
2. «Шұғыла арман»
3. «Болады деп арманда»
4. «Сен менің»
5. «Хал сұрама, жыр сұра»
5. «Сәби болғым келеді»
Осы кезде сахнаға қарапайым киінген, айналасына ерекше ықыласпен ойлана көз салып келе жатқан кісі шығады. Қолында жапырақтан дестеленген гүл шоғы.
-
Мына кісі мен білсем, Мұқағали ақынның дәл өзі ғой.
-
Иә, соның өзі.
Жастар орнынан тұрып, ақын ағасына құрмет көрсетеді.
Мұқағали: Орта толсын жастар.
1-оқушы: Аға біз мұнда бәріміз жиналып, сіздің кітабыңызды қолға алып, жырларыңызды әуелетудеміз.
2-оқушы: Келіңіз, сіз де ортақтасыңыз.
Бір қыз ұяла басып ортаға шығады: Неткен ғажап кездесу. Сіз ұнататын күз мезгілі. Өзіңіз жыр арнаған жастар. Ол жастар да құр алақан емес, өзіңізді өз жырларыңызбен қарсы алуда. Неткен ғажап кездесу. Аға, сіз қарсы болмасаңыз өзіңіз жазған «Қыз сыры» атты өлеңіңізді сізге тарту етейін.
«Қыз сыры».
Мұқағали: Бәрекелді, аққу бейнелі қарындасым, бәрекелді. Сендерге қарап тұрып менің шабытым күйіне енді. Мына жыр жолын сендерге арнаймын.
«Асығу керек».
Жастардың бірі: Мына көктің нұры нөсерлетті ғой. Қой бір пана жер іздеп таппасақ болмайды.
Бәрі қолшатырларын жайып, жаңбырдан қорғанып, жүгіре басып, шығып кетеді. Мұқағалиды иықтарына отырғызып алған екі жігіт сахна төріне қайта шығады.
Мұқағали: Әй, жастар-ай, сендердікі бәрі де. Бәрі жарасымды, бәрі орынды. Аман болыңдар жастарым, қарттарым!
Тілші: Жаңағы көріністен кейін ақынның сыйы құрдас ақындар арасында қандай еді. Бұл жайында Сабырхан ақынның жары Шолпан апайымыз не айтар екен.
Шолпан апайдың әңгімелері: Сабырханды Мұқаң да, Лашын жеңгеміз де жақсы көретін. Мұқаңның жаны таза, көңілі тау суындай кіршіксіз болатын. Сол ағасының жанынан бір елі қалмайтын Сабырхан мен ағамнан көп нәрсені үлгі еттім. Еңбекқорлық, адамға адалдық, Мұқаңның ең жоғары қасиеті ғой деп әрі мақтаныш етіп, әрі қызыға әңгімелейтін. Әсіресе Сабырханның ауылы Кировте болып, одан он күндей Қызылқұмды аралауы екеуінің арасын тым жақындатып жіберді.
Тілші: Олай болса «Қызылқұм сапары» атты сахналастырылған естелікке ден қойсақ.
Көрініс: «Қызылқұм сапары»
Жеңіл автомашинадан түсіп қалған екеуі үсті ашық машинаға мініп, алады.
-
Қалай аға, ыңғайсыз болмады ма? Сізге таза ауа жұтқызайын деп едім.
-
Ойпырмай, бұл не деген рахат.
-
Жылда осылай ма?
-
Жылда осылай.
-
Маған неғып айтпай жүргенсің?
-
Ә, ұрысайын десеңіз, ұрыса алмай тұрсыз-ау. Жүзіңіз бал-бұл жанады ғой.
-
Асфальттің керегі жоқ қой мұнда. Мына қызғалтақтардың от жалыны сияқты лап-лап етуін-ай. Желі неткен жұмсақ.
-
Аға мана күндіз жақсы айттыңыз. Мына бір жері есімде қалыпты:
Ас артынан алдыға шұбат келді.
Біреу татып, біреулер сынап көрді.
Қызылқұмның қиылып қыз-келіні
Шұбат емес бір шара шуақ берді.
-
Сосын сіздің «Тауға кетем» деген жырыңыз әсер етіп, мен де «Құмға кетем» деген өлең жазсам деймін.
-
Өлеңім шын әсер етсе, жатқа оқышы.
-
Ә, сынағыңыз келе ме, жарайды. «Тауға кетем» жатқа.
-
Мә, мынаны да көр, күндіз жазғам. «Сабырханға» жатқа.
-
Пәлі, бір желпініп қалдым ғой. Қой межелі жерге жетіп қалыппыз, түсейік.
Тілші: Тұманбай аға сөз кезегі өзіңізде, ақын аға жайлы не айтасыз.
Тұманбай аға. Ол кең алқымды, мол тынысты, зор қайратты, шабыты қаламының ұшында жүретін ақын еді. Маң-маң басып, маңғаздануды білмей өтті ғой, өмірден.
Көп жерде қолдау таппай, беті қайтып қалса, бір сәтке ғана мұңаятын. Ничего, халқым аман болсын дейтін. Мені халқым қолдасын, мен еңбегімді халқым үшін аямаймын деп қайта жадырайтын. Оның мезгілсіз қазасы бәрімізді күңірентті ғой. Сондай бір күңіренген шақта туған мына жырымды оқып берейін.
«Мұқағалиға» жатқа.
Тілші: Осы ақын ағалар сияқты әдебиетке жаны құмар жастар біздің арамызда да көптеп табылады. Сондай жан-дүниесін өлең жырмен байытып жүрген оқушыларымыздың бір тобы Мұқағалидың жырларын жатқа оқиды.
Әдеби монтаждар:
-
«Нені аңсаймын».
-
«Сәлем берем Жетісуға».
-
«Сен менің».
-
«Қазақ елім».
-
«Бақыт деген».
-
«Отан».
-
«Қайран қарасазым-ай».
Тілші: Дариға апай, Нұрғиса Тілендиев ағамыз Мұқағали туралы қандай әңгімелер айтушы еді.
Дариға: Нұр ағаң «Мұқаш батыр ерекше ғой. Тұнып тұрған талант, еңбекқор»- деп еске алып отыратын. Ақынның талынтына, ақындық қасиетіне куәмін ғой. Әсіресе екеуі 75 жылдың күзінде біздің үйде 1 айдай бірлесіп жұмыс жасады. Сонда көрдім ғой, кең арналы, екі дарияның өнер додасында қосыла қалай аққанын.
Тілші: Яғни, Дариға апай әннің өмірге келер сәтінде басы-қасында болдыңыз. Осы сәтті дүниелердің шығуы туралы қандай естеліктер айтасыз.
Дариға. Бірде үшеуміз саябақты әбден аралап келіп, күрең шайдан ұрттап отырғанбыз. Сонда Нұрғиса ағасы «Дариға, домбырамды берші маған» дегені. Қиядағыны көңілмен шалатын Мұқаш дереу сөзін жазып, ағасының алдына тастады. Нұр ағаң әнін шығарып, ән осылай дүниеге келген.
Тілші: Рақмет, осындай бір әннің туу тарихы жайлы бейнебаянды тамашалайық.
Көрініс: «Сарыжайлау әнінің туу тарихы».
Дариға: Әй, әлгі екеуі әлі жоқ қой. Ақын, композитор дегенің періште немесе адамдардан бір саты тұрған пенде десем артық айтпаймын.
Ә, келді-ау, Есікті ашайын, етті түсірейін.
Екі алып сырттан кіреді, жүздері бал-бұл жанады. Мұқағали қолындағы бір шоқ қызғалдағын жеңгесіне ұстата алды да:
-
Жеңеше, маған ас үйіңді берші. Сабақты ине сәтімен деген. Бір ғажап дүние туғалы тұр.
-
Етімді қайтем, асқаныма біраз уақыт болып еді?
Нұрғиса: Үндеме, бәйбіше, үндеме. Кейін.
-
Жарайды онда, сендерге кедергі келтірмейін.
Нұрғиса күй шертіп, інісі Мұқаш қара қаламымен ақ параққа шүйлігіп, ағысыс бірдемелерді жазды да:
-
Аға қараңызшы, буын саны келе ме екен.
-
Ән мен сөздің ырғағы дәлме-дәл екен. Екі адамның жан дүниесі қалай қабысады-ә, мынау керемет қой.
-
Дариға мұнда кел, мына дүниемізге баға бер.
«Сарыжайлау» әнін үшеуі айтып шығады.
-
Жақсы екен, сендередің ең бірінші әншілерің мен болдым ғой. Қарын жағын да мен қарастырайын. Етімді түсірейін (кетеді).
Мұқағали: Аға мені босатыңыз. Мен үйге кетем. Сіздің шақыруыңызбен тұп-тура отыз күн отырыппыз. Сол отыз күнде отызға жуық ән-жырымыз дүниеге келіпті. Әрі жедел, әрі сәтті туған дүнеиміздің бағасын халық берер.
-
Жарайды, Мұқаш, үйіңе қайт, дем ал, дәрігерге көрін.
Тілші: Әбден шаршап шалдыққан, көңіл күйі түсіңкі, дерті қозған Мұқағали өмірінің бір сәтінен көрініс.
Көрініс
Креслода бойын әбден науқас билеген, шаршап-шалдыққан Мұқағали отырады. Жары Лашын келіп: Мұқа қалайсың хал-күйің жақсы ма?
Жастығын түзеп, дәрісін береді.
Мұқағали: Лашын білесің бе, мен сендерді әбден әбігерге салып қойдым-ау. Сен маған алаңдама, жұмысыңа бар. Қасымда Алмаш бар ғой. Ол өте ақылды, пайымды. Әсіресе сезімталдығына ризамын.
Лашын: Қызым, әкеңнің жанында бол. Қасынан шықпа. Ауру бір жабысқан соң қиын екен. Мен жұмыстан хабар алып келейін.
Алмагүл үй ішін жиып жүріп, әкесінің көңілін аулау үшін әр өлеңін жатқа оқиды.
-
Әке, маған әсіресе сіздің «Өмір» өлеңіңіз ұнайды (жатқа оқиды).
Мұқаң зорлана жымиып, күлген болды.
-
Сендерге ұнаса менде арман жоқ, сол балапандардай сендер де сары ауызсыңдар ғой. Алма, анау балконның бұрышында өрмекшінің торы бар екен. Соған өрмекші бір шыбынды қамап алып, кешке шейін зарлатты. Көріп жатып одан әрі қиналдым, сол торды құртшы.
Алмагүл жылап жібереді:
-
Әке жаныңыз не деген нәзік еді, не деген сезімтал едіңіз. Білем қиналып жатырсыз. Мен дәрігер шақырып келейін. Әбділдә ағама телефон шалсам, ақ халатты абзал жандарды өзі-ақ ертіп келеді ғой.
Мұқаң келіскендей үндемеді.
Көрініс «Есіңе мені алғайсың»
Диванда аурудан жаңа ғана тұрған Нұрғиса отырады. Қолымен басын сүйеп алған. Жары Дариға келіп:
-
Білем, сені Мұқаш батырдың қазасы әбден күңірентіп кетті. Арманда кеткен есіл ерге бәріміздің де қабырғамыз қайысады. Мқұаштың өзі айтпақшы, халқымыз аман болсын. Жыр сүйер қауым барда оның рухы мәңгі жасайды.
-
Қайтейін, жан дүнием өртеніп, іш-бауырым езіліп бара жатқан жоқ па?
-
Қой, күңірене берме, Мұқаштың қазасынан кейін ауруханадан шыққаның кеше емес еп? Өзіңді күт, жұмыс жаққа барып қайт. Мә, бешпентің.Бешпентін киіп, қолын қалтасына салған Нұрғисаның қолына хат ілінеді. Нұрғисаға бешпентін кигізген Дариға көңілі босап жылап, шығып кетеді.
Мынау Мұқаштың қолы ғой! Бешпентінің қалтасынан шаққан хатты ашып оқиды.
«Аға мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көріңізші.
«Есіңе мені алғайсың» бір шумағы оқылады.
«Есіңе мені алғайсың» әні домбырамен айтылады.
Ақын осылай өмірден өтті, алайда оның мұрасы кейінгі ұрпақтың жадында мәнгі сақталады деп есептейміз.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада ақын М.Мақатаевтың өміріне арналған ашық сабақтың үлгісі берілген.
РЕЗЮМЕ
В статье дан образец открытого урока, посвященного поэту М.Макатаеву.
Қазақстандағы мектептердің дамуын зерттеудің кейбір мәселелері
Даулетбаева З. – оқытушы (Шымкент қ., М.Әуезов атындағы ОҚМУ)
Қазақстандағы мектептердің даму тарихын зерттеу ісі патшалық Ресей дәуірінде – ақ қолға алынған болатын. Өйткені, Патша үкметі қазақ жерін отарлаудың бір бағыты ағарту ісі екендігін жақсы түсінді. Сол кездің өзінде өлкедегі мектептердің қызметін зерттеп, үкметке арнайы мәліметтер беріп отырған. Осындай мақсатта жазылған бірнеше еңбектерді атауға болады. Мәселен, Н.П.Остроумовтың /1/, Н.И.Ильминский-дің /2/, А.В.Васильевтің /3/, С.Г.Граменицкийдің /4/, Н.Бобровниковтың /5/ мақалалары, ресми хаттары және зерттеулері маңызды дерек көздері болып табылады.
Н.П.Остроумов өз еңбектерінде патша үкметінің басты міндеті бұратаналарды орыстандару саясатында ағарту саласының, әсіресе мектептердің маңызды рөл атқаратындығын атап көрсеткен. Ол Түркістан өлкесіндегі соның ішінде Сырдария, Жетісу сынды қазақ жерлеріндегі білім беру саласының даму барысын, мұсылман оқу орындары (мектебі-медресе) тарихын зерттеді. Әрине, Н.П.Остроумовтың көзқарас-тары мен мәліметтері құнды дерек болып табылғанымен, оның негізінен Ресейдің отарлық саясатты жүзеге асыруға атсалысқан тұлғалардың бірі болғандығын ұмытпауымыз керек.
ХІХ ғасырда Қазақстан жерінде ашылған мектептердің шығу тарихын зерттеу барысында 1886 жылы Ішкі Орданың оқу инспекторы болып тағайындалған, кейіннен қазақ даласында ұзақ жыл қызмет атқарған Е.А.Алекторовтың еңбектеріне тоқталмай өту мүмкін емес. Оның 1885 жылы “Московская ведомость” журналында жарық көрген “Задачи русской школы в инородческой орде” мақаласы... Ал 1900 жылы Орынборда жарық көрген “Очерк народного образования в Тургайской области. 1744-1898г.” атты еңбегінде Е.А.Алекторов Торғай өңірінде ашылған орыс-қазақ мектептерінің саяси-экономикалық, тарихи себептерін көрсете отырып, сол мектептер жөнінде мәліметтер келтірген. Мәселен, Ырғыз жерінде ашылған қыздар училищесі жөнінде төмендегідей мәлімет береді: “Ырғыз қалалық қоғамы 1886 жылы 30 қазандағы қаулысымен қыздар училищесін ашу туралы мәлімдеме жасады... Осы мәлімдеменің негізінде Халық ағарту министрі 1887жылғы 19 наурыздағы №4565 жарлығымен Ырғызда қыздарға арналған училище ашуға рұқсат етеді”. Сондай-ақ бұл құжатта мұғалімдердің жалақысы, оқу ғимараты жөнінде деректер көрсетілген.
Жоғарыда көрсетілген еңбекте 1887 жылы Торғай облысының Елек, Қарабұтақ, Ырғыз, Ұбаған, Жетіқара уездерінде бірсыныптық болыстық мектептер ашылғандығы баяндалған. Е.А.Алекторов осы еңбегінде Ы.Алтынсариннің инспекторлық қызметіне тоқталып, оның қазақ балаларына көрсеткен қамқорлығы туралы мәліметтер келтіреді.: “Торғай облысының мектеп инспекторы Ы. Алтынсарин Орынбор оқу округінің попечителіне кіріп, Қарабұтақ училищесінің мұғаліміне көмекші керектігін мәлімдеген, оқытуда табысқа жету үшін ең алдымен әдісті дұрыс таңдау керектігін айта отырып, ол орыс тілі өз ана тілі болып саналатын орыс балалары үшін оны оқыту әдісі бір бөлек, ал орыс тілін мүлдем білмейтін қазақ балалары үшін екінші әдіс қолданылады, сондықтан алғашқы кезде оларды бөлек оқытуды ұсынған.”
ХІХ ғасырдағы Қазақстан жеріндегі мектептердің дамуын зерттеу барысында аталған мәселеге тікелей қатысы бар, Түркістандағы халықтық училищелердің директоры С.М.Граменицкийдың “Очерк развития народного образования в Туркестанском крае” еңбегінің маңызы зор. Аталған еңбегінде С.М.Граменицкий Түркістан Генерал-Губернаторлығындағы халыққа білім беру ісінің жай-күйіне тоқталған.
Біз қарастырып отырған кезеңдегі қазақ даласындағы ағарту ісінің тарихы Н.А.Бобровниковтың да зерттеулеріне арқау болған. Ол 1913 жылы Санк-Петербург қаласында “Русско-туземные училища, мектебы и медресы Средней Азии” атты еңбегін басып шығарды.
Н.А.Бобровников бұл еңбегінде орыс-түзем училищелерін ұйымдастырудың мәселелері мен орыс тілін оқытудың әдістерін қарастырып, мұсылман оқу орындарының жалпы саны жөнінде статистикалық деректер келтіріп, Түркістандағы бұратаналарға жүргізіліп жатқан білім беру жүйесінің төмендегідей артықшылықтарын көрсеткен.
а) бұратаналар мен орыс сыныптарына бөлініп оқу оқушылардың бірден ана тілінде және орысша сауаттарын ашуға мүмкіндік береді;
б) орыс-түзем училищелерінде сауаттандыру ісі дұрыс жолға қойылған және ол бұратаналардың көзқарастарына сәйкес келеді, сондықтан олардың мектептерге деген сенімділігін туғызады;
в) аталған училищелерде орыс тілін оқыту қажетті білім беруде ғана табыс әкелмейді, сонымен бірге табиғат, адамдар мен жануарлар әлемі, Ресейдің қысқаша географиясы, тарихы туралы мәліметтер беру оқушылардың жалпы мәдени дамуына мүмкіндік береді;
г) бұл училищелерде орыс тілін оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер көрсетілген нәтижелерге оңай қол жеткізуге ықпал етеді және бұратаналардың балаларының оқуға деген қызығушылығын арттырады.
Н.А.Бобровников Халық ағарту министірлігінің 1910 жылғы 1-ші қаңтардағы есебінің негізінде Орта Азия жеріндегі оқу ошақтарының негізі болып табылатын мектеп-медреселердің саны жөнінде бірқатар мәліметтер берген. Мәселен, Ресейде мектептердің жалпы саны – 10 003, медреселер – 1 085. Көрсетілген статистиканы облыстарға шаққанда төмендегідей көрсеткіш болған.
№
|
Облыстардың
атауы
|
Мектептердің саны
|
Медреселердің саны
|
Жалпы саны
|
1
|
Сыр-Дария
|
804
|
31
|
835
|
2
|
Ферғана
|
2 446
|
204
|
2 650
|
3
|
Самарқанд
|
2 753
|
93
|
2 846
|
Жалпы
|
6 003
|
328
|
6 331
|
Қазақ даласындағы халыққа білім беру және ағарту ісінің қалыптасуы мен даму мәселелері тарихи дамудың әрбір кезеңінде назардан тыс қалмаған. Аталған мәселеге қазақстандық ғалымдар Т.Тәжібаевтың, К.Бержановтың, Ә.Сембаевтың, И.Сагинтаев-тың, Г.Храпченковтың, тарихи аспектіде М.Жолсейітованың зерттеулері арналған.
ХІХ ғасырда Қазақстан жерінде ашылған мектептердің даму тарихын зерттеу ісімен белгілі ғалым-педагог Т.Тәжібаев айналысты. Оның “Просвещение и школы Казахстана во второй половине ХІХ века”, “Просвещение и педагогические мысли в Казахстане во второй половине ХІХ века”, “Казахская школа при Оренбургской пограничной комиссии (1850-1869)” атты ғылыми еңбектері отандық педагогика тарихында маңызды орын алады.
“Казахская школа при Оренбургской пограничной комиссии (1850-1869)” еңбегінде ғалым Орынбор шекара аймағында ашылған орыс-қазақ мектептерінің жағдайын мұрағат құжаттары арқылы талдауға алған.
Г.Храпченков “Становление и развитие русско-национальных школ Средней Азии и Казахстана” атты диссертациялық зерттеуінде Орта Азия мен Қазақстанда орыс-ұлттық мектептерінің пайда болуы мен дамуы, аталған мектептердің жергілікті халықтардың дамуына тигізген ықпалы және орыс-қазақ, орыс-түзем мектептеріндегі оқытуды ұйымдастыру мәселелерін, орыс тілін, арифметика,география пәндерінің оқыту әдістемесін қарастырған.
Тарихшы М.Жолсейітова “Қазақстандағы халық-ағарту ісінің қалыптасуы мен дамуы” тақырыбындағы диссертациялық жұмысында Жетісу материалдары негізінде аталған өлкедегі оқу-ағарту ісінің даму барысына талдау жасалған. Автор Жетісу облысында ашылған оқу орындарының тарихи ролін, оның отарлаудың әдістерінің бірі екендігін көрсеткен. “Жетісу жерінде орыс-түзем мектептерінің ашылуы орталықтағы үкметтің орыстандыру саясатымен үндесіп, соны жүзеге асыру шаралары ретінде көрініс берді”. Дегенмен біз қарастырып отырған кезеңдегі мектептердің дамуы толық зерттелді деп айтуға болмайды.
әдебиеттер
-
Остроумов Н.П. Мусульманские мактабы и русско-туземные школы в Туркестанском крае. // Журнал Министерство народного просвещения, 1906. №2.
-
Ильминский, Алекторов Е.А. Очерк народного образования в Тургайской области 1744 -1898. Оренб. 1900
-
Васильев А.В. Исторический очерк русского образования в Тургайской области и современное его состояние. Оренбург. 1896.
-
Граменицкий С.М. “Очерк развития народного образования в Туркестанском крае”
-
Бобровников Н.А. “Русско-туземные училища, мектебы и медресы Средней Азии” СПб. 1913.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада ХІХ ғасырдағы Қазақстан жеріндегі білім беру ісінің даму мәселелері қарастырылған және Н.П.Остроумов, Н.И.Ильминский, А.Е.Алекторов, А.В.Васильев, В.П.Наливкин, С.Г.Граменицкий, Н.Бобровников, т.б. қоғам қайраткерлері мен ағартушылардың еңбектеріне талдау жасалған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются проблемы развития образования на территории Казахстана в ХІХ веке; дается анализ трудов общественных деятелей-просветителей, таких как Н.П.Остроумов, Н.И.Ильминский, А.Е.Алекторов, А.В.Васильев, В.П.На-ливкин, С.Г.Граменицкий, Н.Бобровников и др., исследовавших данный исторический период.
Профилактика социальных отклонений в школьной среде в процессе изучения спецкурсов по гражданскому образованию
Жумаканова Р.А.- к.п.н., доцент (Алматы, КазГосЖенПИ)
Правонарушения, наркомания, курение, алкоголизм и другие социальные отклонения среди несовершеннолетних являются серьезным дестабилизирующим фактором, препятствующим осуществлению рыночных реформ, построению демократического общества и правового государства.
В результате кризисных явлений в социально-экономической сфере значительная часть детей школьного возраста находится в неблагоприятных условиях жизни и воспитания, растет детская безнадзорность, не решаются вопросы обеспечения занятости школьников.
Как свидетельствует статистика, более 60% несовершеннолетних, привлекаемых к уголовной ответственности, не учатся либо не обеспечены какими-либо видами занятости. Не снижается число детей и подростков, совершающих уголовно наказуемые деяния до достижения возраста наступления ответственности, более 70% из них проживает в неблагополучных семьях.
Сегодня назрела острая необходимость совершенствования профилактической деятельности, осуществляемой правоохранительными органами и учреждениями образования. Приоритетным направлением профилактической деятельности школы и полиции должна стать коррекция девиантного поведения несовершеннолетних.
Анализ состояния правопорядка и законности в условиях обостренной социально-экономической ситуации в стране показывает, что проблема борьбы с преступностью требует принятия радикальных мер, направленных на профилактику правонарушений, наркомании и иных социальных отклонений и предупреждение асоциальных явлений среди несовершеннолетних. Это свидетельствует о важности обеспечения системного и комплексного подхода к профилактической воспитательной работе среди школьников, поиска новых, инновационных форм и методов воздействия на снижение преступности, поиска инновационных технологий воспитательной работы по формированию жизненных навыков учащихся с учетом неразрывной связи учебной и внеурочной деятельности школьников. В этих целях важно использовать методически грамотные, научно обоснованные специальные образовательные программы и учебные дисциплины, апробированные в дошкольных организациях, школах, лицеях и колледжах и получившие положительную оценку Министерства образования и науки.
Профилактика правонарушений несовершеннолетних должна тесно увязываться с осуществлением формирования жизненных навыков общесоциального характера, направленных на активное участие школьников в жизни общества, предупреждение безнадзорности подростков. Необходимо принятие мер по ограждению подростков от пагубно влияющей на их психофизическое состояние аудио-, видео- и печатной продукции, пропагандирующей насилие, жестокость, порнографию, а также привлекательность курения и употребления алкоголя, наркотических средств и психотропных веществ. Активно проводить пропаганду здорового образа жизни средствами физической культуры и спорта, обеспечить занятость детей и подростков по месту жительства, развивать сеть подростковых физкультурно-спортивных клубов и детско-юношеских спортивных школ, возобновить проведение массовых физкультурно-спортивных мероприятий.
Своевременным и целесообразным является включение в вузах, имеющих педагогические и юридические факультеты, подготовку педагогов, которые смогут осуществлять целенаправленную профилактику девиантного поведения школьников, предупреждение правонарушений, насилия, жестокости, наркомании и иных социальных отклонений в учебно-воспитательном процессе учебных заведений страны, а также в работе с неблагополучными семьями. Целесообразно в связи с этим показать наличие в Казахском государственном женском педагогическом институте, являющемся «альма-матер» для автора статьи, обучавшейся в данном вузе в далекие 70-е годы, специальности, готовящей правоведов. Для студентов этой специальности у автора статьи имеется ряд разработанных и апробированных в Казахском университете иностранных языков авторских образовательных программ, которые могут быть использованы в учебном процессе педагогических вузов.
Реализация мероприятий, связанных с профилактикой социальных отклонений в процессе изучения специализированных образовательных программ в школе, во многом зависит от эффективности осуществления комплексных целевых программ, принимаемых как на государственном, так и на межрегиональном и региональном уровнях, а также повышения уровня правосознания подрастающего поколения, формирование которого должно стать приоритетной задачей учебно-воспитательного процесса в учреждениях образования.
Каждая из учебных программ, подкрепленных учебными пособиями - Книгой для учащихся и Руководством для учителя - направлена на формирование активного гражданского участия школьников и студентов в жизни общества, развитие стремления к здоровому образу жизни, формирование жизненных навыков по профилактике и предупреждению девиантного поведения, жестокости, насилия, злоупотребления наркотическими средствами.
Материалы анкетирования, проведенного Научно-информационным центром гражданского образования в высших учебных заведениях страны, колледжах, школах, инспекциях и комиссиях по делам несовершеннолетних, показали, что профилактика правонарушений, наркомании, других социальных отклонений среди несовершеннолетних может быть эффективной, если учащиеся будут принимать активное участие в инновационных образовательных программах, направленных на формирование жизненных навыков, способствующих предупреждению асоциального, девиантного поведения среди несовершеннолетних. В анкетах отмечается, что в процессе работы по инновационным образовательным программам большую помощь в обучении жизненным навыкам оказывает Руководство для учителя, в котором раскрывается четкая структура и эффективная методика работы по образовательной программе, доступно и в логической последовательности раскрывается роль и место каждого из предлагаемых познавательных упражнений, заданий, рисунков, размышлений. Образовательные программы предполагают активное участие каждого ребенка в работе всего класса, в целом, и в специально организуемых микрогруппах, в частности. Материалы программ направлены на развитие знаний, отношений и особенно навыков, создание благоприятных условий для разработки профилактических планов класса, нацеленных на предупреждение правонарушений, насилия, жестокости и других социальных отклонений среди школьников.
Также в анкетах отмечалось, что профилактические образовательные программы способствуют:
- созданию системы социальной профилактики правонарушений, усилению контроля за гражданами, склонными к противоправной деятельности;
- улучшению криминальной ситуации в целом, усилению борьбы с правонарушениями, асоциальными явлениями, преступностью, снижению тяжких преступлений, повышению раскрываемости преступлений;
- улучшению состояния общественного порядка в городах и населенных пунктах;
- повышению уровня правосознания населения, его доверия к государству и органам уголовной юстиции, улучшению взаимодействия граждан с правоохранитель-ными органами.
В Научно-информационном центре гражданского образования разработаны и внедрены в пилотных школах Казахстана учебно-методические пособия для учителей по шести образовательным программам на казахском и русском языках /1/. Каждое из пособий направлено на формирование активного, гражданского участия школьников и студентов в жизни общества, стремление к здоровому образу жизни, развитие жизненных навыков по профилактике и предупреждению девиантного поведения, насилия, злоупотребления наркотическими средствами.
Достарыңызбен бөлісу: |