Педагогика және психология институты



бет4/5
Дата02.05.2024
өлшемі138.05 Kb.
#500298
1   2   3   4   5
Мөж 10 Асанбекқызы А

«Ирек» стратегиясы.
Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат — әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында. Осы орайда «Бұлар қайдан шығады?» тақырыбын топ бойынша бөліктерге бөліп тастап және интереактивті тақтадан жайлаудың суретін көрсету арқылы мәтін құрастыруына жол сілтедім.
«Болжам» стратегиясы.
Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу. Осы орайда әр топқа тапсырмалар бере отырып қиялдауына еркіндік бердім. Оқушылар арасынан қиялы жүйрік бала дараланып шығатыны сөзсіз.
«Пікір алысу» стратегиясы.
Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді.
«Әңгіме» стратегиясы.
Өзіне — өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықтау, бағалау. Сонымен, сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу үрдісінде қолданғандағы маңыздылығы мынада:
— мотивацияның артуы;
— дербес іс — әрекеттің артуы;
— ойлаудың белсенді болуы;
— оқушылардың білігі мен біліктілігінің жан — жақты дамуы;
— логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгеру.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі және білім прагдимасы қалыптасады.
Цифрлық технология
Қазіргі кездегі қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Білім саласы – біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Инновацияның қажеттігі сыртқы себептермен де анықталады. Яғни, адамдардың мұқтаждығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке тұлғаның дамуы болып табылады. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдық жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. Қоғамдық қажеттіліктің деңгейі мен сипаты ғана жаңалықты енгізу бойынша істелген жұмыстың бағыты мен жемісін анықтайды. Сондықтанда, оларды негіздеуде тар шеңберде қолданылатын міндеттермен шектеліп қалмауымыз керек. Осы орайда, цифрлық технологияны қолдану арқылы танымның жаңа деңгейіне өсу жолдарын анықтау – өмірдің барлық саласында, соның ішінде білім беру жүйесінде қарқынмен қарастырылып келе жатқан мәселе болып табылуда. Цифрлы технологиялрды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, таным деңгейінің кеңеюіне мүмкіндік туғызады.
Өркениетті қоғамның индустриалды-инновациялық мүмкіндіктері артқан сайын білім беру саласының өзгеруі заңды құбылыс. Ақпараттық қызметтердің күн сайын өміріміздің маңызды бөлігіне айналуы адамға көптеген жаңа мүмкіндіктерді игеруге негіз болады. Атап айтқанда, цифрлы қоғам құру тенденциясы адамның көптеген қызметтерін алмастыра алады. Мемлекеттің экономикалық, саяси, мәдени көрсеткіштері ақпараттың жедел, қарқынды даму үдерісімен тығыз байланысты. Сондықтан да білім саласында цифрлық технологияларды меңгерген педагогтың болуы заңдылық. Әлемнің көптеген дамыған елдерінде қалыптасқан дәстүрлі білім беру жүйесін түбегейлі реформалау қажеттілігі туындады. Бұл, өз кезегінде заманауи қоғамның сұраныстарын қанағаттандырмайтыны, жаңа заманның шарттарына сәйкес келмейтіндігі, қоғам дамуына кедергі болатындығы айқындалды. Сондықтан да барлық саланы жаңартудың әдістері мен инновациясын ойлап табу қажет болды. Цифрлы технологиялар білім беру саласының негізгі трендіне айналды. Интернет –адамның мүмкіндігін арттырып, ақпаратқа қол жетімді орта құруға әсер етті. Әсіресе, білім беру жүйесінің де іргетасын дамытуға септігін тигізді. Интернет арқылы адамзат өзіне қажетті ақпараттарды жылдам алатын деңгейге жетті. Онлайн курстар мен семинарлар білім беруді дамытудың индикаторы ретінде көптеген көрсеткіштерге жетті. Онлайн платформалары арқылы педагог білім берудің жаңалықтарын игерді. Бұл да цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін көрсетеді. Әртүрлі тапсырмаларды онлайн платформаларға ілі арқылы мұғалім мен оқушының цифрлық сауаттылығы мен дағдысы қалыптасты. Цифрлы технологиялар алғаш рет Америка елінде пайда болды.
Цифрлы технология ұғымы көптеген отандық және шетел авторларының зерттеу нысаны болды. Соның ішінде Б.С. Ахметовты, Р.Г.Бияшевті, А.В. Барабановты, Д.П. Зегжданы, М.Н.Калимолдаевті, С.В.Казмирчукті, M. Atighetchi, R.H. Campbell, J. Dawkins және т.б. атап айтуға болады.
Ресей ғалымы И.С.Глушков «цифрлық технологиялар-ақпарат өңдеумен байланысты пайда болған ұғым» — деп дәлелдеген. Ақпараттық технологиялар арқылы біз ақпарат алмасамыз, талдаймыз, сұрыптаймыз.
Цифрлы технологиялардың бірі-SMART. Ақылды технология, ақылды оқыту, ақылды техника -деп атауға болады. SMART- технологияның негізі Америка, Англия, Корея сияқты дамыған мемлекеттерде пайда болды. Ол ағылшын тіліне аударғанда «ақылды» деген ұғымды білдіреді. SMART технология – бұл барлық ақпаратты жинақтауға, қолайлы жұмыс мерзімдерін белгілеуге, ресурстардың жеткіліктілігін анықтауға мүмкіндік беретін заманауи тәсіл. Оның көмегімен көптеген проблемалардың алдын алып, өмір сүру деңгейін біршама жақсартуға болады.
Smart оқыту ортасын қалыптастыруда назар аударатын бірқатар ұғымдар бар. Ең алдымен, Smart learning – ақылды оқыту, кибер білім алу – онлайн тәртібінде білім алу түрі, контент – ақпараттық ресурсты немесе веб-сайтты кез келген маңызды мазмұнмен толықтыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет