Педагогика және психология институты



бет5/5
Дата02.05.2024
өлшемі138.05 Kb.
#500298
1   2   3   4   5
Мөж 10 Асанбекқызы А

    Бұл бет үшін навигация:
  • W ordwall
Е-learning – бұл оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сәйкес келетін, электронды және қашықтықтан оқыту. Оқытудың аталмыш жүйесі білім беру саласын түбегейлі өзгертеді. Ақпараттық технологиялардың арқасында сабақ беру әдісі жаңаланып, білім беру үрдісіне қатысушылардың міндеті өзгереді. Электронды оқыту жүйесі педагог пен білім алушыға жаңа бағытты үйретеді. E-learning білім беру жүйесінің мазмұны – сандық технологияларды, құрылғылар мен бағдарламаларды пайдаланудың әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып, студенттердің танымдық құзыретін қалыптастыруды көздейді.
Plickers – статистикалық жұмыс жасау үрдісін жеңілдетіп, білім алушылардың жауабын лезде бағалап беретін қосымша. Бағдарлама өте қарапайым технологиямен жасалған. Қолдану барысында қиындық туғызбайды. Негізгі құрылымдары: мобильді қосымша, QR-код. Бұл – студенттермен кері байланыс жасауда онлайн тестілеу жүйесі бағдарламасының бір түрі. Plickers-тің тиімділігі сонда – ол оқу үрдісін өзгертпейді. Тек студенттерді қызықтыратын бағалаудың өзгеше тәсілі ретінде ғана қолданылады. Бұл қосымшаны қолдану үшін компьютерлік сынып немесе басқа да техника қажет емес, тек қана мұғалімнің ұялы телефоны қажет. Сонымен қатар, студенттердің өзіне де қызықты, себебі сабақта бір жағынан білімді тексеру жүргізілсе, екінші жағынан жақсы көрсеткішке жету үшін өзара бәсекелестік пайда болады. Бұл технологияның ерекшелігі – мұнда QR-кодтардың қолданылуы. Біз кез келген жарнамалардағы QR-кодтарды қосымша ақпарат алу үшін арнайы бір сайтқа сілтеме жасайтынын білеміз. Алайда бұл QR-кодтардың жалғыз қолданысы ғана емес. Бұны Plickers қосымшасының бір элементі ретінде де көре аламыз. Сабақ барысында оқытушының ұялы телефоны білім алушылардың карточкаларындағы QR-кодтарды оқу үшін пайдаланылады. Олар сабақ үстінде телефонды пайдалану маңызды емес, әр балаға жеке карточка болады, яғни педагог-психолог алдын-ала QR-коды бар қағаздарды таратып береді.
Wordwall технологиясы арқылы педагогтер жаңа сабақты құрастырады. Білім беру процесінің негізгі міндеттерінің бірін шешуге көмектесетін оқу ресурсы ретінде оқушылардың ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Осы ресурстың көмегімен әр баланың мүмкіндіктерін ескере отырып, интерактивті немесе баспа жаттығуларын құру арқылы оқытуды саралау мен дараландыруды ұйымдастыруға болады. Әртүрлі тапсырмаларды құрастыру арқылы мұғалім өзінің сабағын қызықты өткізеді. Викториналық сұрақтар, тест тапсырмалары, сәйкестендіру жаттығулары, ментальды карта, интеллект карта құрастыру т.б. тапсырмалар жасау арқылы білім алушының ізденуін, оқуға деген мотивациясын жетілдіреді. Сонымен қатар wordwall арқылы интерактивті ойындар өткізуге болады. Оқу тапсырмасын жасау үшін өз контентін таңдау қажет, содан кейін тапсырманы енгізу қажет.
Қорыта айтқанда Цифрландыру- еліміздің болашағы мен ертеңі. Оны дамыту жастардың қолында. Еліміздің технологиялық келешегі жалынды жастарымыздың қарым-қабілетіне байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Аймағамбетов А.А. Отандық ғылымда жаңа серпіліс болады
    https://egemen.kz/article/233068-askhat-aymaghambetov

  2. Қазақстан бүгіні мен ертені https://qazaq1913.com/2020/08/11/aza-stan-ylymy-b-gin-

  3. https://adister.weebly.com/

  4. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы. – Алматы: РБК, 1999.

  5. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б

  6. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Алматы, 2009


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет