Педагогикалық жағдаят №347
Егер де сіз сынып жетекшісі болсаңыз, жоғары сынып оқушыларымен Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесін өткізу шарасына байланысты жұмыс жоспарыңызға нені енгізер едіңіз?.
Педагогикалық жағдаят №348
Марат 9-шы сыныптан кейін оқуға бармады. Қазір ол 17 жаста және еш жерде жұмыс жасамайды. Сіз қалай ойлайсыз, болашақ өміріне орта білім туралы құжаттың жоқтығы кесел келтіре ме? Сіз оған қандай кеңес берер едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №349
Сіз өзіңізді ата-ана ретінде елестетіңіз, сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз бақылау жұмысынан «екі» деген баға алды. Сіздің әсеріңіз? Балаға пән бойынша үлгермеушілікті жою үшін не істер едіңіз?
Педагогикалық жағдаят № 350
Сіздің сыныбыңыздың оқушысы үнемі сабақ жібереді. Сіз қандай іс-әрекет жасайсыз?
Педагогикалық жағдаят № 351
Сіздің сыныбыңыздың оқушысы оның тәртібіне жағымсыз әсер ететін ұлдармен дос. Сіз қандай іс-әрекет жасайсыз?
Педагогикалық жағдаят № 352
Сынып жетекшісі өз оқушылары әр түрлі жағдайларда өздерін ұстай ала білсе деп тіледі. Осы мақсатпен ол сыртқы киім кию мен жақсы әдеттер туралы сыныпта бірнеше әңгімелер өткізді. Балалар өз сынып жетекшісін зейін қойып тыңдады, көп сұрақтар қойды. Бірақ содан соң жетінші сынып оқушыларының тәртібінде ешқандай да өзгерістер болмағанын педагог қамыға байқады. Неліктен?
Педагогикалық жағдаят № 353
Оқушы өзіне-өзі үлкен сеніммен мұғалімге: «Егер де мен қаласам, менің қолымнан келмейтін еш нәрсе де жоқ. Соның ішінде Сіз беретін пәнді де маған меңгеріп алу түк те тұрмайды» - дейді. Мұғалімнің бұған жауабы қандай болу керек?
Педагогикалық жағдаят № 354
Оқушы оқудағы өз жетістіктеріне көңілі толмай, өз қабілеттіліктеріне және де қашан да болмасын материалды толығымен түсініп, меңгере алатынына күмәнданып, мұғалімге былай дейді: «Сіз қалай ойлайсыз, сыныптағы басқа да балалардан қалмай, мен қашан да болмасын «беске» оқи аламын ба»? Мұғалім оған не деп жауап беру керек?
Достарыңызбен бөлісу: |