Педагогикалық жағдаят № 355
Сенің сыныптасың оқудағы өз жетістіктеріне көңілі толмай, өз қабілеттіліктеріне және де қашан да болмасын материалды толығымен түсініп, меңгере алатынына, жетістікке қол жеткізе алатынына күмәнданады. Сен оған осы жағдайға не айтар едің және неліктен?
«Шынымды айтсам, мен де күмәнданамын».
«Сенде қабілеттіліктер бар және де мен саған үлкен үміт артамын».
«Сен неге өзіңе күмәнданасың»?
«Сөйлесіп, мәселе неде екенін анықтайық».
«Көбісі сенің өзіңе байланысты».
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 356
Бала мектепке кішкентай аламанды алып келді. Бұндай күні бүкіл сабақтар «тоңқаласады». Не істейміз?
Оқушыны өз аңын үйге тастап келуге жіберу. Ал өзі, міндетті түрде, сабаққа оралу керек.
Сабақ барысында аңды «тәркілеу» және де қол жетпес жерге тығып тастау. Сабақтан соң күнделіктегі ескертумен қайтарып беру.
Аңға торлы орын ретінде өз үстелінің тартпасын ұсыну және де балаларды жұмыспен қамту үшін жазбаша бақылау жұмысын ұсыну.
Алдымен бүкіл сынып болып аламанды тамақтандыру және де онымен сүйсіну; негізгісі - бұл мейірімділік сабағы. Ал математика (химия, физика және басқ.) тұра тұрады...
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 357
Өзіңізді мұғалім рөлінде келесі жағдайда елестетіңіз.
Оқушы өз сыныптастарының біреуіне нашар қарым-қатынасты ашық көрсетіп: «Мен онымен бірге тапсырманы орындағым келмейді» дейді. Сіз осы жағдайға қалай жауап қайтарасыз (қалай жасайсыз, не істейсіз, не айтасыз? және басқ.) және неліктен?
Не болар дейсіз? Ешқайда бара алмайсың, бәрібір де орындауға тура келеді.
Бұл сенің жағыңнан - ақылсыздық.
Мен сенен бәрібір де тапсырманы орындауға кірісуді өтінемін!
Сіздер ұсынылған тапсырманы бірігіп жақсы орындай аласыз.
Мен тапсырманы орындау үшін ұсынылған жұпта біріккен жұмысты маңызды деп есептеймін.
Неліктен оқушы өз сыныптасымен бірігіп жұмыс жасағысы келмейтіндігін анықтауға тырысамын.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |