Педагогикалық жағдаят №415
Сіз сабақ өтіп жатырсыз. Өтіліп жатқан тақырып бойынша сізге бір оқушы сұрақ қояды. Сіз сұрақтың жауабын білмейсіз. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз?
Сұраққа жауап беруге тырысамын.
Сұрақтың нақты жауабын оқушының өзіне тауып кел деп тапсырма беремін.
Бұл сұрақтың нақты жауабын білмейтіндігімді мойындаймын.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №416
Сіз сынып жетекшісі болып қызмет ететін сыныпта материалдық жағдайлары әртүрлі балалар жиналған. Сіздің байқауыңызша, материалдық жағдайы жоғары отбасынан шыққан балалар материалдық жағдайы төмен отбасынан келген балаларды шеттетеді.
Сіздің әрекетіңіз? (Не айтасыз ? Қандай әдіс қолданасыз?)
1. Бұл тақырыпта тәрбие сағатын өткіземін.
2. Мектеп психологынан кеңес аламын.
3. Жағдайы жоғары отбасынан шыққан балалармен әңгіме өткіземін.
4. Ата-аналар жиналысын ұйымдастырамын.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №417
Сіз семинар түрінде сабақ жүргізудесіз. Оқушылар бір-біріне қарама-қайшы пікірлер айтуда. Нәтижесінде сынып екіге бөлінді, оның бірі қате пікірді қолдауда.
Сіздің әрекетіңіз? (не істейсіз, не айтасыз және неге ?)
Пікірлердің бір ортақ мәмілеге келуін ойластырамын.
Балалардың өз қателерін өздері табуына бағыт-бағдар беремін.
Бір топтың қате жібергенін бірден айтып саламын.
Балаларды мұқият тыңдаймын да, өз пікірімді айтамын.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №418
Сіз сабақ жүргізудесіз, сынып еңбектенуде. Сабақтың дәл ортасына таман бір оқушы кенеттен орнынан тұрып, есікті тарс жауып, сыныптан шығып кетті.
Сіз не істейсіз? Сіздің реакцияңыз?
Мән бермеймін.
Оқушыны қайтарамын да, сынып ережесін есіне саламын.
Дәл қазір мән бермеймін, бірақ кейін шақырып алып, сөйлесемін.
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |