Педагогика тарихы


Кредиттік оқыту жүйесінің негізі



бет105/113
Дата23.12.2023
өлшемі2.03 Mb.
#487680
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   113
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет.

Кредиттік оқыту жүйесінің негізі - студенттің өз бетінше дамуына мүмкіндік туғызу. Студенттің іс-әрекетін ұйымдастыра алуға және білімін жетілдіруге қабілетін дамыту мақсатын іске асыру үшін оқытушы мен студент арасында типтік цикл іске асады. Ол - студенттің оқытушының басшылығымен жүргізілетін өз бетінше жұмысы; студенттің өзбетінше жұмысы.
Кредиттік оқыту жүйесінде бағалаудың бұрыннан келе жатқан дәстүрлі 5 балдық жүйенің орнына 10 балдық сандық жүйе енгізілді.


Мамандардың кәсіби білімін көтеру

Жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мамандардың кәсіби білімін көтеру институттарындағы педагогикалық дайындық және білімін қайта жетілдіру – қосымша кәсіптік білім беруге жатады. Ол алған кәсіби білімдерін ары қарата дамыту және жетілдіру, білім беру процесінде болып жатқан инновациялық процестерді менгеруге бағыттала ұйымдастырылады.


Қосымша кәсіптік білімді іске асыруда білім беру мекемелері, әртүрлі ұйымдастыру-құқықтық формалары, басқару органдары, ғылыми-зерттеу мекемелері, ақпарат қызметтері өзара бірлікте жұмыс атқарады. Бұл жүйе төмендегі ұйымдастыру түрінде іске асады: мұғалімнің өздігінен білімін көтеру, әдістемелік бірлестіктер, кафедралар, білім беру орталықтары, курстар, семинарлар, конференциялар, мұғалімнің білімін жетілдіру және қайта даярлау мекемелері, жоғары оқу орындарындағы қайта даярлау орталығы. Республикада кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау республикалық, облыстық, қалалық білім жетілдіру институттарында жүзеге асырылды.
Нарықтық білім жүйесіне көшуге байланысты әр мұғалімнің өзінің кәсіби өсуінің стратегиялық бағдарламасын айқындау арқылы білімін жетілдіру бірінші кезекке қойылуы керек.


Білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістер

Білім беру жүйесінде соңғы жылдары оқытудың бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі түрлерімен қытулармен бірге инновациялық оқытулар жедел қарқынмен тәжірибеге ене бастады. Жаңа технологияларды пайдалану, сыни тұрғыда оқыту т.б. бүгінгі мектеп үрдісінде маңызды орын алады. Инновация дегеніміз – дәстүрлі және көпшілік тәжірибеден өзгеше, білім беру ісіне жаңа тұрпатты көзқарас пен қатынас. Инновациялық оқыту - оқушылардың жаңа жағдайларда бірлесе әрекет жасау қабілетін дамытатын, білімді игерудің нақты нәтижеге бағытталған оқыту түрі болып табылады. Бұл, біріншіден, ғылыми және мәдениеттану білімдерінің негізінде мақсатты бағытта жобаланған оқу үрдісі болып саналса, екіншіден жеке тұлғаны дамытудың болашағын жобалайтын және соны жүзеге асыруға дайындық мақсатындағы бағытта ұйымдастыратын білім беру болып саналады.


Қазақстанда педагогикалық инноватиканың білім беру жүйесіндегі жаңалықты енгізудің теориясы және практикасы ретіндегі мәртебесі, аталған ғылымның теориялық негіздері профессор Ш.Т.Таубаеваның еңбектерінде жан-жақты зерттелген.
Республикамызда педагогикалық жаңалықтар туындайтын және солардың жедел игерілуі мен тәжірибеде қолданылуына ықпал ететін жаңашыл инновациялық орта қалыптасты. Жалпы орта білім беретін орта мектептерде Қ.Бітібаева, Қ.Айтқалиев, О.Очкур, Ұ.Есназарова, т.б. инновациялық тәжірибелері мектептерге таратылды.
Қазақстан мектептерінде профессор Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикованың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша ғылыми-әдістемелік зерттеулері оқушылардың білім сапасын арттыруға мүмкіндіктер тұғызып отыр. Ғалымдардың ұсынып отырған деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқу процесінің құрылымына, дидактикалық құралдарға қойылатын жалпы технологиялық талаптардың орындалуын қажет етеді. Оқушылар алдын-ала қабілет деңгейлеріне қарай шағын топқа бөлінбейді. Деңгейлік тапсырмалар орындалу барысында оқушылар өздері-ақ сараланады. Технологияның басты компоненттері – оң мотивация қалыптастыру және табысқа жетелейтін бағалау тәсілін пайдалану негізінде оқушылар төменгі деңгейден жоғары деңгейге ауыса алады.
Аталған инновациялық технология базалық білім қалыптастыратын (ұғым, ереже, факт, заңдылықтар), репродуктивті таным қызметін қажет ететін, күрделілігі төмен тапсырмалардан күрделілігі орташа, жоғары тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет