Бақылау сұрақтары:
Біртұтас педагогикалық үдеріс түсінігіне сипаттама бер.
Біртұтас педагогикалық үдерістің құрылымы қайсылар?.
Педагогикалық үдерістің заңдылықтары туралы не білесің?
Педагогикалық үдеріс қандай кезеңдерден тұрады?
Педагогикалық үдерістің Ш.А.Амонашвили жағынан ұсынылған принциптерді айтып бер.
Педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мақсаты неден тұрады?
ДИДАКТИКА - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ. ОҚЫТУ ПРОЦЕСІ КІРІКТІРІЛГЕН ОҚЫТУ РЕТІНДЕ
Жоспар:
Оқыту теориясы (дидактика) педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде.
Дидактиканың мақсаты мен міндеттері.
Оқыту процесінің функциялары.
Оқушылардың танымдық әрекеті және оның құрылымы.
Оқытудың принциптері мен заңдылықтары.
Оқыту теориясы (дидактика) педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде. Педагогикалық процестің құрылымында маңызды орынды оқыту процесі алады, оның барысында білім, білік және дағдылар игеріледі, адамның сыртқы жағдайларға бейімделуіне және өзінің даралығын көрсетуіне мүмкіндік беретін жеке қасиеттер қалыптасады.
Оқыту процесін ұйымдастырудың теориялық негіздерін, оның заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін және т.б., педагогиканың маңызды саласы – дидактика зерттейді. «Дидактика» термині гректің «didaktikos» – оқыту және «didasko» – оқу деген сөздерінен шыққан. Бұл ұғымды алғаш рет ғылыми айналымға неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) оқыту өнерін белгілеу үшін енгізді. Дидактиканың ғылым ретінде дамуына Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Ф.Гербарт, Д.Дьюи, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, М.А.Данилов, Б.П.Есипов, М.Н.Скаткин, Л.В.Занков және басқа да ғалымдар елеулі үлес қосты.
Ұлы чех ағартушысы Ян Амос Коменский (1592-1670) «Ұлы дидактика» атты еңбегінде дидактиканы «барлығын бәріне үйретудің әмбебап өнері» деп атаған. Ол «дидактика» терминіне кең мағына берді. Я.А.Коменский дидактика тек оқыту ғана емес, тәрбиелеу өнері деп есептеді.
Неміс ағартушысы және философы Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841) дидактиканың теориялық негіздерін жасап, оған тәрбиелік білім берудің тұтас теориясы мәртебесін берді. Ол дидактиканы педагогиканың бір бөлігі деп есептеп, оның пәні – тәрбиелеп оқыту- деп түсіндірді.
Ғылыми дидактиканың маңызды мәселелерін шешуге көрнекті орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) елеулі үлес қосты. Баланың психикалық дамуы мен тәрбиесі процестерін терең зерттей отырып, ол оқытудың мәнін ашуда көп еңбек сіңірді.
Қазіргі кезде дидактика оқыту теориясының мәселелерін шешуге бағытталған. Тәрбиесіз оқыту да, білім беру де болмағанымен дидактикадағы тәрбие мәселелері дербес қарастырылмайды. Бұдан шығатыны, дидактика – оқытудың мазмұнын, әдістерін, ұйымдастыру формаларын ғылыми негіздеуді қамтамасыз ететін оқытудың педагогикалық теориясы.
Кейбір авторлар «дидактика» ұғымына кеңірек мағына береді.
Достарыңызбен бөлісу: |