Педагогика теориясы



бет50/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Кейс-стади–өзбетінше ойлау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау.
Іскерлік, рөлдік ойындар –студенттерге әртүрлі кәсіби рөлдерде сөйлеуге және сабақты мәселелі жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқыту методы.
Тестілеу–әртүрлі күрделіліктегі өзара байланысты тапсырмалар жинағынан тұрады.
PBL (problem based learning–мәселеге-бейімдеп оқыту) әдісі -қойылған мәселемен өзбетінше жұмыс істеу нәтижесінде студент әртүрлі пәндер бойынша компетенттілік құрылымдарын игеретін оқыту методы.
TBL (team based learning–кіші топтарда оқыту) методы –студентте топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың топтық методы.
Топтық дискуссия әдісі студенттерді кәсіби жағдайды талдауға, мәселені құру дағдыларын қалыптастыруды үйретуге, басқа қатысушылармен қатынасқа түсу игерімін дамытуға, сонымен қатар, әртүрлі кәсіби мәселелер бойынша шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әңгімелесудің түрі.
Миға шабуыл әдісі – топта жұмыс істеуде шығармашылық белсенділігін жігерлендіру негізінде студенттерге ситуация шешімі жауабының бірнеше жолын айтуға мүмкіндік беретін, идеялармен шешімдерді қабылдаудың оперативті методы.
Тренинг (ағылш. «to train» - оқыту, жаттықтыру). Егер оқыту интерактивті жүргізілсе, яғни ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады.


Есте сақтау деңгейлері

Оқыту әдістеріне қойылатын талаптар. Мектепте қолданылатын барлық негізгі әдістерді зерттеу мұғалімнің қарамағында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берудің аса мол педагогикалық құралдары бар екенін көрсетеді.
Оқыту әдістерін дұрыс қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты. Әдістерді қолдану бойынша арнайы нұсқау жоқ. Бірақ педагогикада қабылданған кейбір жалпы ережелер мұғалімнің қажетті әдісті дұрыс таңдауына көмектеседі.
Әдісті таңдау дидактикалық міндеттерге, яғни оқытудың нақтылы мақсатына, тақырыпқа байланысты болады. Мысалы, жаңа тақырыпты бастауда әңгімелеу, тәжірибе жасау, түсіндіру қолданылады, ал бекіту сабағында жаттығулар орындау қолданылады.
Әдісті таңдағанда оқушылардың жас шамасының ерекшеліктері де ескерілуі керек. Мысалы, төменгі сыныптарда лекция әдісін қолдануға болмайды. Ал жоғары сыныптарда суреттерді, табиғи заттарды көрсету методтарын қолдау қажет емес.
Әдістер оқу пәндерінің ерекешеліктеріне, оқу – материалдық жабдықтарға, балалардың өмірлік тәжірибесіне т б. таңдалуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет