Педагогика теориясы



бет51/94
Дата04.06.2024
өлшемі0.77 Mb.
#502286
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   94
Педагогика теориясы оқу құралы OXIRGI

Бақылау сұрақтары:
1. Оқыту әдісі дегеніміз не?
2. Оқыту тәсілдері және құралдары дегеніміз не?
3. Оқыту әдістерін классификациялаудың мәнін ашып бер.
4. Оқыту әдістеріне сипаттама бер.
5. Оқыту әдісін таңдау неге байланысты?
6. Оқыту әдістерін таңдағанда баланың жеке ерекшеліктерін ескеру керек пе?
7. Оқу үдерісінде қолданылатын интерактивті әдістердің қандай түрлерін білесің?
ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ
Жоспар:

  1. Оқыту түрлері және оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік.

  2. Сабақтың түрлері мен құрылымы.

  3. Стандартты емес сабақтар.

  4. Оқытуды ұйымдастырудың көмекші формалары.

  5. Дарынды балаларды тәрбиелеу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қосымша білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттері.



Оқыту түрлері және оқытуды ұйымдастыру формалары туралы түсінік.
Дидактикалық жүйелер өткенге із қалдырмайды. Жаңа ой-пікірлерден нәр алып, заман талабымен үндес, түбірлік (аналық) қасиет ұзақ сақталатын жүйеге айналады. Мысалы, Гербарттың кейін дәстүрге айналған «педагогиканың ғылыми жүйесі» өзінен бұрынғы Коменский дидактикасының элементтерін, сондай-ақ бұрынғы догматикалық және схоластикалық жүйелерді бойына сіңірді. Дьюидің «прогрессивті» дидактикасы дәстүрлі дидактикаға сүйенбестен өзін орнықтыра алмас еді, сол сияқты бағдарламаланған немесе ағымдағы компьютерлік оқыту дәстүрлі, прогрессивті және басқа жүйелермен қаланған іргетассыз жасай алмайды. Дидактикалық жүйелердің сабақтастығы оқытудың теориясы мен практикасының дамуындағы жалпы заңдылық болып табылады.
Әрбір дидактикалық жүйе жаңа практикалық технологияны – оқытудың түрін өмірге әкеледі. Жоғарыда айтылғандай, жүйелер жоққа шығарылмайды, бірақ бірте-бірте жетілдірілетініне қарай дамып келе жатқандықтан, бір мезгілде оқытудың бірнеше әртүрлі түрлері бар және іс жүзінде қолданылады. Оларды қолдану мұғалімдердің жаңа идеяларды қабылдау қабілетін сақтай отырып, оқытудың теориясы мен практикасының алдыңғы даму кезеңдерінде қол жеткізген барлық пайдалы нәрселерден бас тартқысы келмейтіндігімен де байланысты. Ал схоластикалық білім беруде және қазіргі мектепте сақталып келетін жағымды жақтары болды. Бірқатар маңызды артықшылықтарды дәстүрлі білім беруде және барлық басқа жүйелерде атауға болады.
Оқу түрлері келесідей ажыралады: түсіндірме-көрнекілі, жалаң-жаттанды (догматикалық), тұлғалық бағдарлы, компьютерлі, модульді, қашықтан оқу (дистанционды), пəнаралық, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет