Педагогика


Әсерлену кѳрінісінің болу шарттары



Pdf көрінісі
бет16/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64
Педагогика

Әсерлену кѳрінісінің болу шарттары. Жанда әсерлену
кѳрінісі болу үшін тѳмендегі шарттар табылу керек.
1) 
Әсер білінгендей күшті болсын. Яғни әсер тым әлсіз
болса, яки тым күшті болса, әсерлену болмайды. Мысалы,
бетке шаң қонады. Сол шаң беттегі нерв ұштарына, әрине, әсер
бермей қоймайды. Бірақ бұдан әсерлену болмайды. Яғни жан
бетке шаң қонғанын білмейді, аңдамайды. Мұның себебі
әсердің тым әлсіз болғаны. Және әсер тым күшті болса да,
әсерлену 
болмайды. 
Мысалы, 
күшті 
дауыс 
құлақты
47


тұндырады, шулатады. Бірақ одан жан дұрыс әсерлену ала
алмайды.
2) 
Бір әсерден соң екінші әсерге шейін белгілі бір уақыт
ѳтсін, яғни бірі артынан бірі болған екі әсерден екі әсерлену
болу үшін екі әсердің арасында белгілі бір уақыт ѳтуге тиісті.
Мұның мәнісі мынау: сыртқы бір заттың нервке берген әсері
тоқталған күнде не нервтің ѳз-ѳзінен біразға шейін қытығы
басылмай тұрады. Сондықтан екінші әсер бірінші әсердің
артынан іле-шала келсе, екі әсер қосылып кетіп, екеуінің де
мінездері ѳзгереді. Мысалы, зырылдауық қатты айналғанда,
бір дѳңгелек болып қана кѳрінеді. Егерде сол зырылдауықты
түрлі бояуға бояп зырылдатсаң, ана бояулардың бірі кѳрінбей,
зырылдақ сұр болып кѳрінеді.
3) 
Әсер миға барып жетсін, һәм жан миға келген әсерге
іскерлігін жұмсасын. Егерде әсер миға барып жетпесе,
әсерлену болмайды. Мысалы, кѳру нервісін мидан айырсақ,
жанда кѳру әсерленуі болмайды. Және миға келген әсерге
жанның іскерлігін жұмсауы шарт. Бұлай болмаса, яғни
жанның іскерлігі басқа затта отырса, жанда әсерлену
болмайды. Мысалы, біз бір қызық кітап оқып, яки қызу
әңгімеге кіріп отырсақ, есіктен кірген адамды байқамаймыз.
Қан майданда кѳзіне қан толып жан алып, жан беріп жүрген
жауынгер денесіне түскен жараны сезбейді дейді. Грек ғалымы
Архимед туған, ѳскен шаһарына жау кіріп, шаһар іші азан-
қазан, айғай-ұйғай болып жатқанда, ешбір дыбыс естімей,
ѳзінің ойына батып, бір сызықтарын сызып отырды дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет