Педагогика


Мидың қажуы һәм оны тынықтыру



Pdf көрінісі
бет14/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64
Педагогика

Мидың қажуы һәм оны тынықтыру. Ми – дененің бір
мүшесі. Ол жұмыссыздықтан қажыған сықылды жұмыстан да
қажиды. Қажыған соң тынығуды керек қылады. Миды бет
алдына жұмсай беру күшін азайтады, хатта оны паралич
соғып, адам есалаң болып қалады. Денемен жұмыс қылсаң да,
мидың ѳзімен жұмыс қылсаң да, мида бір у пайда болып
отырады. Сол уды қан жуып алып кетіп, миды тазартып
отырады. Егерде жұмыс тым қатты болса, миға у тым кѳп
жиылады да, қанның жуып алып кетуіне шамасы келмей
қалып, нерв системасының бәрі уланады. Және миға қатты
жұмыс істеткенде, қан миға ұмтылып, ѳзге дене ашығып
қалады да, әлсірейді, сола бастайды. Міне, осы себептен ақылға
жұмыс қылдырғаннан кейін әр уақыт тынығып отыру керек.
Тынығу екі түрлі болады: не біржола жұмысты доғару, не
44


болмаса жұмысты жаңарту. Жұмысты жаңартқанда да, яғни
бір жұмыстың орнына екінші жұмыс қылғанда да адам
тынығады. Мысалы, кѳру жұмысынан соң (оқу, жазу) есту
жұмысына кѳшсе (әңгіме тыңдау), бала әжептәуір тынығып
қалады. Әйткенмен бұл тынығу жұмысты біржола доғарып
тынығуға жетпейді. Әсіресе жас балаларды жиі-жиі жұмыссыз
тынықтыру керек. Ал енді тынығу уақытында бала не қылады?
Бұған жауап беру үшін мынаны білу керек: бала қозғалмай
отыра алмайды. Баланы ең қажытатын нәрсе – тек отыру.
Сондықтан баланы тынықтыру дегенде оны таза ауада ойнату,
таза ауада гимнастика жасату деп ұғу керек. Ойын һәм
гимнастика туралы алдымызда тағы сѳз қозғармыз.
Жан кѳріністерін тап-тапқа бѳлу
Жан кѳріністері қанша түрлі болғанмен, оларды түп
негіздері бойынша үш тапқа бѳлуге болады: білу яки ақыл
кѳріністері, ішкі сезім кѳріністері һәм қайрат кѳріністері.
Қазақтың данышпаны Абай бұл үш тапты ақыл, жүрек,
қайрат деп атайды. Біз бір заттың яки кѳрінісінің сынын
белгілейміз, заттар яки кѳріністер арасындағы байламды яки
айырманы табамыз. Бұл – ақыл ісі. Біз қайғырамыз, қуанамыз.
Бұл – ішкі сезім ісі. Біз бір істі істемекші боламыз, бір
мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл – қайрат ісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет