адамның осы үш тап жан кѳріністері
тең болмай,
біреуі
таразыны
басып билеп кетсе, ол адам бақытты болмақ емес.
Бұл туралы данышпан Абайдық тѳмендегі сѳзі шын дұрыс сѳз.
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды асық жүрек,
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бѳлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жѳнін білмек.
46
Ә
А Қ Ы Л
К Ѳ Р І Н І С Т Е Р І Я К И Ж А Н Н Ы Ң
Б І Л У І
Ә С Е Р Л Е Н У
серлену ұғымы. Нерв
системасы алып келген әсерді
жанның ұғуы, аңдауы әсерлену деп аталады. Жан
алдымен білімді осы әсерлену арқылы алады.
Әсерлену кѳрінісі қалай болады? Әсерлену кѳрінісінің
болуы былайша: сыртқы дүниедегі
бір зат біздің денемізге,
яғни нервінің ұшына (периферия нервілеріне) әсер қылады.
Мысалы, дауыс құлақ нервісіне әсер қылады.
Осы әсерді нерв
орда нервіге, яғни миға алып барады. Ми
осы келген әсермен
әсерленеді, яғни мида бір аңдау пайда болады. Міне, осы нерв
системасы алып келген әсерді жанның аңдауы – әсерлену деп
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: