Б
К
дұрыс емес. Бала жансыз заттардан шығатын шуды, судың
сылдырын,
жібектің судырын, шѳптің сыбдырын, темірдің
қаңғырын, һәм жанды
заттардан шығатын дыбыстарды,
жылқының кісінеуін, қойдың маңырауын,
мысықтың мияуын,
құстың шырылын ести берсін. Бала малдың дыбысына
еліктегіш болады. Бала қошақанша маңыраймын деп әуре
болып жатады.
Баланың есту сезімін ілгерілету үшін біраздан балаға түрлі
музыка құралдарының үнін естірте беру керек. Домбыраға
түрлі күй тартып отырсаң, алдыңда отырған бала тырп етпей,
шын ынтасымен тыңдап отырмай ма?
Баланың есту сезіміне
аса кѳп әсер беретін – бесік жыры. Баланы қолына алған,
баланың бесігі жанына келген ана аузына тас салғандай
үндемей отырмасын. Жырлай берсін. Бала сѳзін ұқпаса да
күйінен әсерленеді. Жас балаға қазақтың «Әлди-әлди, ақ
бѳпем» деп басталатын ескі бесік жырын жырлау керек. Бұл
жырдың күйі де, сѳзі де тәтті.
Біраз есейген балаға жырлау
үшін қазақ әйелі тѳмендегі бесік жырымен таныс болса игі
болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: