Педагогика



Pdf көрінісі
бет6/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Педагогика

Бала бѳлмесі. Мынау сѳзді оқығанда “атыңның басы тиіп,
жорғасы қалып па?” дегендей, қазақтың ѳзіне үй бітіп,
18


баласының жорғасы қалып па деп күліп кекетуші де табылар.
Шынын айтқанда, қазақта үй дерлік үй бар ма? Жоқ. Ѳнерлі
ауылдың адамы түгіл малы да жатпайтын бір былық қора.
Қазақтың қысқы үйінің кѳбі жермен-жексен болып жатқан
шымнан жасалған бір қуыс. Терезе деген тышқанның кѳзіндей
ғана бір тесік. Есіктен, тесіктен, үстінен аңырап тұрған суық.
Желдің жыбыр-жыбыр сѳйлегенін, дауыл, боранның адасқан
аңдай ұлығанын естігің келсе, сорлы қазақтың қысқы үйіне кір.
Шым қабырғадан, тѳбедегі сирек салынған сырғауылдың
арасынан сорғалаған су. Жер әбден саз. Босағада қатар-қатар
малдың тѳлі. Иіс-қоңыс, түтін. Егер қазақ жаз шығысымен
мынау сасық үңгір зынданын тастап, киіз үйіне шықпаса, сѳз
жоқ, бірнеше жылдың ішінде қырылып бітер еді. Мінеки, жыл
он екі ай ішінде сегіз-тоғыз ай қазақ тұратын үйдің түрі осы.
Әрине, мұндай үйде тұрған қазаққа бала бѳлмесі пәлендей
болсын деп айту орынсыз болар еді. Бірақ біздің үмітіміз
келешекте: сорлы қазақ мәңгі сасық үңгірде құрттап, шіріп
жата бермес, тұрмысын түзетер деп сенеміз. Бізге жұбаныш
ақынның әлгі ѳлеңі.
Сѳзге келейік.
Бала бѳлмесінің ішінде 6-5 куб сажын ауа болсын. Және ауа
жиі-жиі жаңартылып тұрсын. Бала жатқан үйде кір жуу, кір
кептіру, кірлеген киім тастау жарамайды. Себебі, кірдің кірі бу
болып, ауа болып баланың ішіне кіріп, саулығына зиян
келтіреді. Бала бѳлмесінің жылылығын да бақылап тұру керек.
Жаңа туған бала жатқан бѳлменің жылылығын Рьюмер
бойынша 17-18 градус, бір жеті мен алты жеті арасында 17-16
градус, мұнан соң 15-16 градус болуы тиіс. Қандай үйдің,
әсіресе, бала бѳлмесінің жарық болуы тым керек. Қараңғы
үйде тәрбиеленген баланың ѳсуі шабан болады. Тамағы қанша
жақсы болса да, зағып, нашар болып ѳседі. Сондықтан бала
жатқан бѳлменің жарығы мол болуы керек. Бѳлменің жарығы
мол болу үшін терезелері оңтүстік күн шығысқа, не оңтүстік
күн батысқа қарауы шарт.
19


Терезелері тура оңтүстікке қараған бѳлме қыстыгүні
жарық, жылы болғанымен жаздыгүні ыстық, қапа болады. Ал
енді терезелері солтүстікке – түн жаққа қараған бѳлме қашан
да қолайсыз. Сѳз аяғында қазақтың үйінде бала ѳсіруі,
асырауы туралы бір-екі ауыз сѳз айтып ѳтейік.
Бала тәрбиелеу үшін киіз үйді аса қолайлы деуге
болмайды. Аңғал-саңғал, ашық-тесік киіз үй баланың жел
тиіп, суық тиіп ауру болуына кѳп себепші. Бірақ баланы киіз
үйден біржола бездіріп кетуге орын жоқ. Киіз үйдің зиянды
болғаны сықылды, пайдалы жағы да бар. Әңгіме сол киіз үйдің
ішінде баланы ұстай білуде. Таза ауа сол киіз үйде болмағанда
қайда 
болады? 
Тегінде 
жаратылыспен 
бауырласып
құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге ѳскен
қазақ баласын аса нәзік етіп, үлбіретіп тәрбие қылмағаны
дұрыс болар еді. Бұл сѳзбен мен балаңды баяғыдай

шалбардың ішіне салып асыра” дейін деп отырғаным жоқ. Ол
заман озды ғой. Әйткенмен де қазақ баласының тәрбиесі қазақ
тұрмысына қабысуы мақұл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет