Педагогика



Pdf көрінісі
бет5/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Педагогика

Жылылық. Баланың да, жеткен адамның да ѳлшеулі
жылылығы (Цельсий бойынша) 37 – 37.5 градус болады. Бірақ,
жаңа туған бала денесінің жылылығы бастапқы күндерде түрлі
себептерден мынау ѳлшеуден 2-3 градус кем болады.
Әйткенмен де ұзамайды, бұрынғы қалпына түседі. Және
17


баланың да, жеткен адамның да жылылығы бір тәулік ішінде
бір қалыпта тұрмайды. Біресе ѳлшеуден асып кетеді, біресе
тѳмен түседі. Жылылықтың тѳмендейтін уақыты – таңертең.
Жоғарылайтын уақыты кеш. Дене жылылығы “термометр”
деген бір құралмен ѳлшенеді. Осы құралмен баланың денесін
күнде ѳлшеп тұру керек. Жылылық белгілі ѳлшемде тұрса,
баланың сау болғаны, не жоғарылап, не тѳмендеп кеткен болса,
баланың ауру болғаны. Жылылық ѳлшеніп отырылса, келе
жатқан науқастың алдын алуға болады. Болмаса, науқас билеп
алып, баланы қолды-аяққа тұрғызбай шыңғыртқанда, оның
науқас екенін білу, кѳбінесе пайдасыз болып шығады.
Дем алу. Жаңа туған бала бір минутта 44-40 рет дем алады.
Мұнан соң бірінші жыл бойынша 40-35 рет, екінші жылда 28,
үшінші жылында 25 рет, сѳйтіп кеми-кеми, 15 жаста бір
минутта 20-17 рет дем алатын болады. Міне, дем алудың осы
мѳлшерден кем немесе артық болуы баланың сау болмауын
кѳрсетеді. Баланың дем алуын ояу отырғанда санау қиын.
Ойнап, қозғалып отырғанда дем алуды мѳлшерден арттырып
жібереді. Дұрысы, ұйықтап жатқанда санау.
Тамыр соғу. Жаңа туған баланың тамыры бір минутта 150
рет соғады. Екі жасар баланың тамыры 120-ға шейін соғады.
Жеткен адамның тамырының соғуы бір минутта 70-65-тен
аспайды. Бала ояу отырғанда, әсіресе, жылағанда тамыр соғуы
жиілеп кетеді. Мұндайда мѳлшерлі соғудан 20-25 рет артық
соғады. Баланың тамырын бала ұйықтап жатқанда байқау
керек. Сонда белгілі мѳлшерден тамыры артық я кем соқса,
баланың сау болмағаны. Тамырын ұстау арқылы бір адамның
ауру-сау екені білінетін болса, тамыршылық деген әулиелік
емес екені ѳзінен-ѳзі кѳрініп тұр.
Бірақ надандыққа не шара, біздің надан еліміз тамыршыны
жынымен сѳйлесіп, күбірлесіп, тәңірімен тілдесіп отыр деп
біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет