Шығармашылық – жаңа сапалы материалдық және рухани құндылықтарды жасаудағы адамның іс-әрекеті.
Эмпатия – мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы
2 ДӘРІСТЕР
БӨЛІМ 2. ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЗУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық білімдерін қамтамасыз ету
Міндеттері:
Әр тақырыпты меңгерту барысында жүйелі білім беру;
Әр тақырып бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру және меңгерту;
Пәнге қызығушылығын арттыру және өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.
Дәріс -жоғары оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
Ол студенттерге олар үшін жаңа ақпараттарды беруге тиімді.
Дәріс студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі.
Дәріс - студенттерге өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады.
Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық:
Сабаққа кешікпеңіз;
Дәріс дәптеріңізді және қаламыңызды ұмытпаңыз.
Дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз.
2.1 Дәріс тақырыптары және оның қысқаша мазмұны.
Тақырып 1. Педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негізі
Мақсаты :
Студенттерді педагогикалық диагностиканың ғылыми - теориялық негіздерімен таныстырып,оның мақсаттары мен міндеттері туралы түсінік беру.
Жоспар:
1.Педагогикалық диагностиканың оқыту пәні.
2.Педагогикалық диагностиканың мақсаты мен міндеттері.
3.Педагогикалық диагностиканың қолданылуын талап ететін арнайы тәжірибе аумақтары.
Педагогикалық диагностика - педагогикалық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады.
Сондықтан, педагогикалық диагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер, яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз. Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі – педагогикалық үдеріс болып табылады. Педагогикалық диагностика педагогикалық үдерістегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды.
«Педагогикалық диагностика» ұғымын дұрыс түсіну үшін философия мен психологиядағы диагностиканың жалпы теориясын қарастыруымыз қажет. Өйткені педагогикалық диагностика философия мен психологиядағы диагностикагың заңды жалғасы болып табылады.
Диагностиканың әртүрлі ғылым саласында пайда болуын тарихи хронологиялық аспектіде қарастыратын болсақ, алғаш рет « диагностика » термині антикалық дүниеде кездеседы.
Диагностика жасау үрдісі, оны кезеңдерге бөлу ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі көрініс тапқан.
Мысалы, Е.И.Воробьева диагностика жасау үдерісін мынадай кезеңдерге бөлінеді:
Жүйенің жалпы және дәл қазіргі кездегі жағдайы туралы мәліметтерді жинақтау;
Үдерістің ( немесе объектінің ), жүйенің үйлесімді жұмыс істеуін сипаттайтын, жүйенің негізгі параметрлері туралы ақпараттың болуы;
Жүйенің нақты жағдайын оңтайлы анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттығ екі немесе одан да көп түрін салыстыру;
Басқару сигналын жасап шығару, яғни жүйені үйлесімді күйге келтіру үшін қажетті әсер ету;
Болжау – егер киліксе және әртүрлі килігу тәсілдері қолданылса немесе ештеңе килікпесе не болатынын алдын ала болжау;
Практикалық тәсілдердің көмегімен жүйені басқару бағдарламасын жүзеге асыру.
Диагностика жасау үдерісі кезеңдерінің екінші бір түрін Корч Ивонна ұсынады:
Объектіні диагностикалық тексеру және диагностикалық ақпараттарды жинақтау;
Мәліметтерді өңдеу диагноздың болжамды түрін құрастыру;
Дифференциалды диагностика;
Диагнозды негіздеу және бағалау;
Объектіні қосымша тексеру және жеткіліксіз ақпараттарды жинау.
Диагностика жасау үдерісін кезеңдерге бқлу көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Диагноситка нәтижесінде алынған білім объектінің қалыпты жағдайынан ауытқуының алдын алуға, сондай-ақ объектінің дамуын қамтамасыз етуге пайдаланылады.
Педагогикалық диагностиканың мәнін оның атқаратын функциялары арқылы талдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |