Педагогикалық факультет



Pdf көрінісі
бет34/55
Дата17.05.2023
өлшемі0.52 Mb.
#473851
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Психотерапия негіздері.

«Өзін-өзі өзектендіру».Оның негізін қалаушылардың бірі А.Маслоудың ойынша, бұл 
ұғым «өсу», «өзін-өзі дамыту», «индивидуация» ұғымдарымен бірге синоним қатарында 
жүреді.Ол екі белгісімен анықталады: 1) ішкі ядроның (самость) қабылдануы мен көрінуі, 
яғни латентті қабілеттер мен потенциалдарды өзектендіру; 2) аурудың минималды болуы 
(невроз жəне басқа да қабілеттерді жоғалту).Ұғымды түсінуде толық (психикалық, 
əлеуметтік, денелік) денсаулық, яғни жеке өмірде адам мүмкіндіктерінің толық ашылуы 
ретінде дені саулық деп атауға болатын құндылықты парадигманы іздеу жатыр. 
«Құндылық» 

экзистенциалды 
психокоррекцияда 
бағыттылыққа, 
қайғыру 
ұмтылыстарына қатысты мазмұнды бейнелейтін ұғым.Құндылық мəн емес, бірақ оның 
шарты.Құндылықты жүзеге асыру өмірдің мəнін құрауы мүмкін.Келесідей құндылықтар 
ажыратылады: когнитивті, жоғары бағалаушылық, эстетикалық, моралды, мəдени 
«Мен».А.Маслоу құндылықтардың келесідей дихотомиясын ұсынды: 
1. В-құндылықтары – болмыстық құндылықтар, болмыстың толықтық құндылығы. 


2. D-құндылықтары – депривациялық құндылықтар, қандай да бір нəрсенің жетіспеуінен 
пайда болатын құндылықтар. 
Адамға тəн құндылықтар типі оның болмысын анықтайды.Маслоу бойынша, В-
құндылықтарына енеді: жақсылық, шындық, сұлулық, адалдық, өз-өзіне толымдылық
яғни негізгі, өмірлік қажеттіліктер көрсетілген дəстүрлі құрылымдар.Оларды былай да 
шектеуге болады: В-құндылықтары – тұлға мен оның əлемге бағытталған уайымдарының 
пайда болуы; D-құндылықтары – тұлғаның талаптары мен оның əлемнен өзіне 
бағытталған уайымдары. 
«Əлем болмысында». Бұл категория экзистенциалды психологияның барлық 
өкілдерімен талданып, мəнді белгінің тұтас жиынтығын жəне əлемге енуші өзіндік «Мен» 
уайымдарының феноменологиясын білдіреді: 
Біріншіден, бұл таза экзистенция, яғни зіне жəне əлемге берілу, болу; 
Екіншіден, «самостьтың» шынайы өмір сүруі; 
Үшіншіден, болмыста адамның басқаға ауысуы бар; 
Төртіншіден, болмыста – бұл; 
Бесіншіден, шексіздік жəне толықтықпен сипатталатын өмір сүрудің нақты сапасы. 
Сондықтан болмыс категориясымен қалыптасу категориясы тығыз байланысты, ал 
болмыс категориясының өзі «əлем» категориясымен өлшенеді. 
«Өмірлік əлем» - Э.Гуссерльдің енгізген жəне өңдеген ұғымы.Бұл сана үшін маңызы бар 
нəрсе. «Өмірлік əлем» ұғымы тек онтологиялықты мойындап қоймайды, сонымен қатар 
сананың ішкі онтологиясын есепке алу, оны клиентпен жұмыста шынайы қабылдау 
міндеттілігін талап етеді. 
«Оқиға» - заттық қатысты ұғым емес, экзистенциалды психологиядағы түзету 
жұмыстарын құру принципі.Оқиғалық принципі құралдық белсенділіктен бас тартуды 
болжайды жəне классикалық ғылыми елестер кезеңіне қарағанда күрделі өзара 
байланысты əлемде əрекет суъектісіне басқа орын береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет