Педагогикалық факультет



Pdf көрінісі
бет35/55
Дата17.05.2023
өлшемі0.52 Mb.
#473851
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55
Психотерапия негіздері.

Түзету мақсаттары.Экзистенциалды түзетудің негізгі мақсаты – клиентке өмір мəнін 
табуға, жеке еркіндікті, жауапкершілікті ұғынуға, толымды қарым-қатынаста тұлға 
ретінде өз потенциалдарын ашуға көмектеседі. 
Психолог позициясы.Психологиялық позицияның негізгі алғышарты - өзіндік өмірлік 
əлемі, өзінің жəне шындықтың бейнесі терминінде клиентті түсіну.Психолог негізгі 
назарды клиент өмірінің ағымды, дəл қазіргі минуттағы сəтіне жəне оның «қазіргі» 
уайымдарына аударады. 
Экзистенциалды түзету үрдісіне қатысушы психологтың негізгі міндеттері: 
- Клиентке өз мəселесін шешуде, өз қызығушылығын толық сипаттауында көмектесуде 
жəне оған енуіне бірге əрекеттесуде толықтай қатысу. 
- Клиенттің өзі үшін бір нəрсе істеуге қабілетті екеніне көз жеткізуін қалыптастыру жəне 
қолдау. 
- Клиенттің ауыр жəне терең уайымдау сəттерінде қолдау көрсету жəне жанашырлық 
таныту. 
Клиенттен күтілетіндер жəне талаптар.Экзистенциалды психокоррекциядағы негізгі 
күштер клиентке өз əлемін шынайы қабылдауға көмектесуге, өзінің саналы жəне саналы 
емес 
таңдауларын 
жəне 
олардың 
салдарының 
шынайылығын 
ұғынуға 
бағытталады.Сондықтан клиенттің позициясы инсайттың жетістіктерімен шектелмейді, 
тұлғаның анықталған құндылықтары мен оның потенциалдарының шығатын əрекеттің 
күтілуі ретінде қалыптасады.Клиент өз-өзіне терең қызығушылыққа жауап беруге 
қабілетті болуы керек.Кейде бұл қызығушылыққа зиян келуі мүмкін.Сондықтан клиент 
түзетуді қажет етеді.Клиенттің өз қызығушылығын сипаттауы субъективті уайымдарға 
зейінін бағыттау арқылы шешімді іздеуде мүмкіндіктерінің шекарасын қозғайды.Іздеу 
үрдісі өзіне-өзі терең ену, өз денелік сезімдерін, эмоция, ойларын жəне ашылу 
күтілімдерін ұғыну арқылы жүзеге асады. 
Техникалар 


Экзистенциалды түзету үрдісі қабылдаудың жеке құрылымын көрсететін, «мен жəне 
сыртқы əлем» құрылымын өзгертетін ішкі өзіндік сананың дамуында болады.Бұл жолда 
клиенттің 
қарсыласуы 
мүмкін, 
«мен 
жəне 
сыртқы 
əлем» 
құрылымын 
қалыптастырғандықтан, адам өз ішкі потенциалдарына жетуде шектеулі. 
Экзистенциалды психокоррекцияда негізгі тұлғалық экзистенциалды мəселелердің 
міндетін шешу үшін қолданылатын тəсілдер жиынтығы ретіндегі психотехника туралы 
емес, осы міндеттерді шешудегі тұрғылар қарастырылады: 
1 тұрғы - өзіндік сананың дамуына сүйену.Өз мотивтерін ұғыну, құндылықтар жүйесін, 
мақсат жəне мəнін таңдау.Клиентке өз шектеулерін, өткенінен потенциалды тəуелсіздігін, 
қазіргідегі өзінің «мені» мен өмірінің құндылықтарын ұғынуға жəне қайғыруға мүмкіндік 
беру – экзистенциалды психологтың негізгі алғышарты мен оған сай қатынасы. 
2 тұрғы - жауапкершілік еркіндігін мəдениеттендіру.Бұл шартқа сай психолог 
тəуелсіздік пен жауапкершіліктен кету тəсілін анықтауға жəне осы құндылықтарға 
қатысты тəуекелділікті қабылдауын қолдауға, көмек беруге тырысады.Клиенттің əрдайым 
таңдауы бар екенін анықтау, жауапкершілікті қабылдаудан өздік бас тартуды ашық 
мойындауды қолдау, өздік тəуелсіздігін қорғауда жігерлендіру жəне клиенттің жеке 
қалаулары мен уайымдарына, қандай да бір өмір жағдаятында жеке таңдауына тоқталу – 
бұл шартты жүзеге асырудың негізгі алғышарты. 
3 тұрғы – мəнді ашуда немесе жасауда көмек.Бұл шартты жүзеге асыруда 
Ю.Джендлиннің ұсынған мəнге тіркеу техникасы тиімді.Оның мəні қандай да бір əрекет 
үрдісінде денелік сезімдерге шоғырлану болып табылады.Психолог клиент өмірінің 
мəнінің неде екенін көрсетпейді, тек клиенттің ашылуына немесе өзбетімен мəнін жасауға 
жағдай жасайды.Мұнда психолог үшін мəн тікелей берілмейді, адамды шығармашылыққа, 
жасаушы əрекетке еліктіруімен жолшыбай келеді. 
4 тұрғы – бірегейлік жəне ұқсастық.Психокоррекцияның бұл механизмін жүзеге 
асырудың кілті – клиенттің өз сезімдерін ашық айтуын жəне сезім мен уайым 
арасындағыны түсінуді мадақтауда: реактивті, жағдайлық жəне терең.Бұл алғышартты 
жүзеге асырудың негізгі сызығы – клиент өзіне тəнін немесе қалайтынын емес, басқамен 
жақындық немесе жатсынудың жасанды қатынастары емес, ойын, өмір имитациясымен 
байланыстыны істеген кезде өздік түп нұсқалық «мен» жəне жасанды емес «менін» ашу. 
5 түрғы – үреймен жұмыс. Экзистенциалды психокоррекцияда (басқа бағыттарға 
қарағанда) міндетті ереже жоқ – клиенттің үрейлену деңгейін төмендету.Үрей болмыс 
құбылыстарының бірі ретінде қарастырылады, сондықтан психолог үшін клиенттің 
үреймен қандай амалдармен күресуге тырысатыны; үрейдің қандай қызмет атқаратыны 
(тұлғаны өсіру жəне оның тұлғалық болмысын шектеу); клиенттің өз үрейін қабылдауға 
бейімдеу немесе оны жоюға тырысатындығы қызықты.Үрейдің зерттелуі, көрінуі, 
қабылдануы, бөлінуі, үрей жəне оған қарым-қатынасына қатысты клиентке деген 
сыйластық 

экзистенциалды 
психокоррекция 
өкілінің 
психотехникасының 
компоненттері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет