Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет20/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Кошо–цайдам тақтасы – түркі хандары Күлтегин (732) және Біл­ге қа­ған­дарға арналған (735). Екеуінің де авторы қаған әулетінің бір мү­шесі Иолығ–тегін. Бір ескеретіні ол алғашқы түркі тарихшысы. Бұл екі ескерткіш те басқа жәдігерлер үшін эталон сияқты. Кошо–цайдам мәтін­деріне Тоныкөк (716 ж.), Күлі–шор (722 ж.), Онгин жазуларыда жа­та­ды. Оларда негізінен Шығыс түркі қағандығы тарихы жөнінде мәлімет бар. Дегенмен онда Батыс түркі жерлерін мекендейтін «он оқ бүдүн», түркеш, қарлық, оғыз, кенегеарес, Жетысудағы соғдылар айтылады.
Орхон ескерткіштеріне жататын Селенг тасы (немесе Шине Усу ескерткіші), Терхин тақтасы (756 ж.) Елтеріс Білге–қаған (747–759 жж.) арналады. Бұл ескерткіштерде алғаш рет түркілермен бірге билік құрған қып­шақ этносы сөз болады. Дәл осы жерде Елтеріс–қағанның түркі, түргеш, қар­лық және басмыл тайпаларымен қарым–қатынасы баяндалады. Алтай–тар­ба­ғатай қарлықтарының Жетісуға қоныс аударуы сияқты тарихи оқи­ғалардың уақыты көрсетіледі. Кейінде Қарлық және Қарахан мем­ле­кет­терін құруға ат салысқан ягма тай­па­ла­ры туралы алғашқы мәлімет те осы ескерткіштерде кездеседі. Ени­сей өзе­ні алқабында табылған, Қырғыз мемлекеті туралы мағұлымат беретін Енисей және Суджин тақтасында да қазақ жерін мекен­де­ген тайпалар жөнінде ақпарат кездеседі. Бір жерінде қыр­ғыз елінде қайтыс бол­ған түркеш бегі туралы айтылса, екінші бір же­рін­де, керісінше, түркештің Қа­ра ханына елшілікке кетіп, оралмаған қыр­ғыз­ды жоқтайды. Бұл оқи­ға­лар шамамен 744–756 жылдары болған.
Жетісу жеріненде Талас өзені бойынан Батыс Түркі қағандығы та­ри­хы­нан сыр шертетін 12 жазу табылды. Олардың көпшілігі тасқа, метал моне­­та­лар­ға, ыдыс–аяқ, ағаш таяқшаға жазылған. Ескерткіштер шама­мен ҮІ–ҮІІІ ғасырлар аралығын қамтиды. Мұнда қара түркештер әуле­ті­нің Сулук Чабыт–чора және оның баласы билік құрған дәуір жөнінде ақ­па­рат береді.
Түркі әулеті VІ ғасырдың орта шенінде жеке мемлекет ретінде тари­хи аренаға шықты. Алғаш рет жазба деректерінде Түрік қағандығы мен Қы­­­тай пат­шалығы арасындағы мемлекет аралық қарым–қатынас баян­далады. Күл­тегін ескерткішінде Қытайдың езгісінде болып, құрып кету­ге таянған түркі тайпа­ларының басын қосып, тәуелсіздікке жеткізген есіл ерлердің ерлігі жырланады. «Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп ал­да­нып түркі хал­қы, қырыл­дың, түркі халқы жойылдың» (Ежелгі дәуір әдебиеті... 7 бет.) делінеді жырда.
VІ ғасырдың аяғы мен ХІІ ғасырдың басында жеке мемлекет болып шық­қан. Түрік қағандығы Алтай мен Карпат таулары аралығын бағын­дырып, Ұлы түркі қағаңдығын құрады. Бұл процесс Күлтегін жырында былай кө­рі­ніс табады «Ілгері – Шаң–түң жазыққа дейін жау­ла­дым, Тибетке сәл жет­­­­пе­дім. Батыста Інжу (Сырдария А.К.) өзеңін ке­ше Темір Қақпаға де­йін жау­ла­дым. Терістікте – Байырқы жеріне де­йін жауладым. Осынша­ма жерге дей­ін жорттым» (Бұл да сонда. 6 б.).
Күлтегін өз елінің гүлденуіне көп еңбек сіңірген адам. Көне түрік қауымы эгали­тарлы қоғамнан шығып стратты қоғамға кіре бастаған уақы­ты еді. Әлеу­меттік құрылымы жағынан үш топқа: бектер, қара­бү­деңдер және таттар болып бөлі­нетін түркі жұрты біртұтас, мызғымас берік қауым болып қалыптасқан сияқты. Оған мына төмеңдегі жолдар куә. «...кедей халықты көп көтердім, кедей халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым» (Бұл да сонда. 8 бет).
Данышпан сол бабамыздың бізге қалдырған мына сөздерін оқып, ойла­найық: «Көк тәңірі жаратқан, көк тәңірге ұқсас мен түрік қаға­ны, міне патшалық таққа отырдым. Менің халқым, руластарым, ата­­лас­та­рым, туыстарым, бауырластарым, менің соңыма ерген барлық­тарың менің бір сөзімді де қалт жібермей тыңдаңыздар. Жо­ға­рыда көк аспан жара­тыл­ғанда, жер төменде қарайып жатты. Еке­уінің ара­сында адамның баласы жара­тылды. Барлық адам баласының үсті­нен менің бабаларым Бұлқын қаған мен Естемі қаған қарады. Патша­лық таққа отырып, олар әр тай­па өзін­ің одағын құр­ды. Солардың бірі түркі халқы болды. Дүниенің төрт бұрышы олар­дың жауы болды. Әскер алып шығып, дүниенің төрт бұрыш­ын­дағы бар­лық халықты ба­ғын­дырып алды. Сөйтіп оларды бейбіт өмір сү­ру­ге мәжбүр етті. Басы бар­лардың басын игізді, тізесібарлардың тізе­сін бүктірді. Менің інім Күл­тегін өмірден өтті, мен қайғырдым. Өткір кө­зім өшкендей болды. Өт­кір ойым сөнгендей болды. Уақыт­ты білмей­тін көк тәңірі. Адам баласы туғанда өмірден өту үшін туады»,– деп жазылған. Зираттың басына қойылған көк тасындағы жазу, міне, осындай. Жазудағы терең ой–сөзі­нің қарапайымдылығында. Данышпан Тоныкөк қа­ған: «Мен қартай­дым, дәрежем көкке жетті. Егер жер бетіндегі қаған бар бір халық­тың ішінде жұмысқа құлқы жоқ, жұмыс істегісі келмейтін бір бей­ша­ра болса, ол сол халық үшін қандай қасірет болған болар еді. Мен да­ныш­пан Төныкөк: Білге қағанның түркі халқы үшін осының бәрін жа­зу­ға бұйырдым»,– деген сөзін тасқа қашатқан. Ұққан адамға еңбек сүйгіш бол, «сенің халқынды, елінді көр­се­теді, еңбек етпеген жалқау адам елін, халқын кері тартады, қырсығы тиеді», – деп кейінгі ұрпақтарға өсиеті, ақыл, нақыл, ой тұ­жы­рымын қал­дырған.
VІІІ ғасырға жататын «Тоныкөк» жырыңда да ел қорғау, түркі жұр­тының бірлігі, ел ішіндегі тыныштық, батырлардың бірлігі сөз болады. Тоны­көк тарихи тұлға, білімді, тәрбиелі. Ол өз дұшпандарының жоспа­рын, айла–амалдарын күні бұрын сезеді. Кез келген келіспеушілікті ақыл­ға салып, ұтымды келіссөз жүргізіп, қан төгіссіз шешуге тырысқан.
Көне түркі деректерінің құндылығы, біріншіден, олардың автор­ла­ры­­ның жергілікті (автохтонды), екіншіден, олар өз көздерімен көрген, өз­дері қа­тынасқан (аутентивті) оқиғаларды баяндайды. Сондықтан да он­дағы сая­си, экономикалық және мәдени процесстер объктивті.
Қорыта айтқанда, түркі жұртының рухани әлемітек осы шығармалар­мен шектелмейді. Сөз саптауы, поэтикалық өлшемдермен келетін көне түркі әде­би­е­тінің алғашқы нұсқалары зерттелу үстінде. Бұл процесс жа­ңа ғана өз жал­­ға­­сын тапқан сияқты. Кез келген жыр, эпикалық шығарма, ертегі–аңыздар үл­кен тари­хи дерек. Сондықтан да әрі ғылыми, әрі тәр­биелік, әрі танымдық мә­ні бар мұн­дай жәдігерлерді кешеңді түрде зерт­теу қажет. Жырдағы ата жо­лын­да беріктік, өткендер жасаған ерлік жо­рық­тары мақтан тұту, түркі елінің басқа да мемлекет­термен терезесі тең тұруы, тіпті, керек десеңіз, олардан жо­ға­ры тұруы бүгінгі жас­тарды отан­шылдық рухта тәрбиелеуде таптырмас мы­сал екендігі талас ту­дыр­мауға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет