Тарихнама курсын игеру барысында студенттер мына төмендегі талаптарды орындауы қажет:
тарихи ілімдердің, ой–пікірлердің және концепциялардың мәнін, мазмұнын, негізгі методологиялық ағымдардың заңдылықтары мен эволюциясын білу.
Тарих ғылымына елеулі үлес қосқан ірі тарихшылардың еңбектерімен танысу.
Тарихи мәтіндерге тарихнамалық талдау жасау әдістерін меңгеру.
Ғылымдағы ағымдар мен тарихи концепциялардың бағыты мен мазмұнын салыстыру әдістерін үйрену.
Тарихнаманың ғылыми пән ретінде негізгі зерттеу аспектілері.
Тарихтың әр кезеңіндегі тарихи танымның әлеуметтік алғы шарттарын ескере отырып, қоғамдағы тарихи ой–пікірлер мен концепциялардың сол қоғамдағы саясат пен биліктің ықпалының әсерін анықтау зерттеушінің алғашқы міндеттерінің бірі. Мұның өзі тарихшының саяси және әлеуметтік позициясын анықтауға септігін тигізеді.
Тарихи ой–пікір бағытының теориялық–методогиялық ұстанымдарын анықтау тарихнамашы ғалымның келесі міндеті. Бұл үшін тарих ғылымы мен философияның, әлуметтанудың, экономикалық теорияның басқа да қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының арақатынасын зерттеу қажет.
Тарихи шығармалардың деректемелік базасына баға беру, тарихшының нақтылы зерттеу әдістерін меңгеру деңгейін анықтау тарихнамашының үшінші міндеті. Ғылымдағы сан алуан мектептер мен бағыттардың зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін,олардың деректер мен дәйектерді пайдалану тәжірибесін бағамдау қажет.
Әр заман, әр қоғам тарих ғылымынан өз күтері бар.Соған байланысты ғылым да сол қоғамның сұранысын қанағаттандыруға тырысады. Қалыптасқан саяси–экномикалық ахуалға байланысты ғылымның тақырыбы өзгереді. Тарихты қалайда ғылым дегенмен ол қоғамның қажеттілігін өтеуге икемделеді. Осы процесске объективті баға беру де тарихнамашының мәртебелі міндеті.
Әртүрлі ғылыми бағыттар мен мектептердің тарихи процесс жөніндегі концепциялары мұқият зерттеуді қажет етеді. Өйткені олардың пікірлеріне талдау жасау тарих ғылымының даму процессін қадағалауға мүмкіншілік береді. Уақыт өте келе тарихи уақиғаларға, құбылыстарға көзқарас өзгеруі мүмкін. Тарихшылар арасындағы пікірталас ғылымның алға жылжуына алғы шарттар жасайды. Ескі пікірлердің орынына жаңасы келеді. Бірақ ғылымдағы дәстүр үзілмейді, өз жалғасын табады. Міне осы ғылымдағы қарама–қайшылықтарды нақтылы мысалдар арқылы айқындау да тарихнама ғылымның мойнындағы міндет. Осы жоғардағы міндеттерді іске асыратын тарихшы–маман. Оларды заман талабына сәйкес дайындау, ғылыми зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, біткен шығармаларды жарыққа шығару ғылымның жедел дамуына ықпал етеді. Сондықтан бұл мәселе де тарихнама ғылымының зерттеу аспектісіне жатады.
Жоғарыда түгенделген тарихнамалық зерттеулердің аспектілері бір– бірімен тығыз байланысты. Зерттеуші осыларды кешенді түрде қарастырғанда ғана айтулы жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі бар.
Тарихнамашы жан-жақты дайындықтан өтуі керек. Тарих ғылымы көп салалы. Кез келген тарихи шығарманы ғылыми талдаудан өткізу үшін тарихшы осы салалардан хабардар болуы қажет. Ол тек ғылыми сыншысы ғана емес, сонымен қатар ғылымның келешек жаңа бағыттарын да анықтай алады. Соңғы жылдары тарих ғылымының теориялық мәселелері мен әдіснамасына аса көңіл бөлінуде. Соған байланысты тарих факультеттерінде теориялық білім беретін пәндердің пәрменділігін күшейту абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |