Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а


Тарихнама курсын игеру барысында студенттер



бет5/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Тарихнама курсын игеру барысында студенттер мына төмендегі талаптарды орындауы қажет:

  • тарихи ілімдердің, ой–пікірлердің және концепциялардың мәнін, маз­мұнын, негізгі методологиялық ағымдардың заңдылықтары мен эво­лю­­ция­сын білу.

  • Тарих ғылымына елеулі үлес қосқан ірі тарихшылардың еңбек­тері­мен танысу.

  • Тарихи мәтіндерге тарихнамалық талдау жасау әдістерін мең­геру.

  • Ғылымдағы ағымдар мен тарихи концепциялардың бағыты мен маз­мұнын салыстыру әдістерін үйрену.




  1. Тарихнаманың ғылыми пән ретінде негізгі зерттеу аспектілері.

  • Тарихтың әр кезеңіндегі тарихи танымның әлеуметтік алғы шарт­та­рын ескере отырып, қоғамдағы тарихи ой–пікірлер мен концепциялар­дың сол қоғамдағы саясат пен биліктің ықпалының әсерін анықтау зерт­теушінің алға­шқы міндеттерінің бірі. Мұның өзі тарихшының саяси және әлеуметтік пози­ция­сын анықтауға септігін тигізеді.

  • Тарихи ой–пікір бағытының теориялық–методогиялық ұстанымда­рын анықтау тарихнамашы ғалымның келесі міндеті. Бұл үшін тарих ғы­лы­­мы мен фил­ософияның, әлуметтанудың, экономикалық теорияның бас­қа да қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының арақатынасын зерт­теу қажет.

  • Тарихи шығармалардың деректемелік базасына баға беру, тарих­шының нақтылы зерттеу әдістерін меңгеру деңгейін анықтау тарихнама­шының үшінші міндеті. Ғылымдағы сан алуан мектептер мен бағыттар­дың зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін,олардың деректер мен дәйек­тер­ді пай­да­ла­ну тәжірибесін бағам­дау қажет.

  • Әр заман, әр қоғам тарих ғылымынан өз күтері бар.Соған байла­ныс­ты ғы­лым да сол қоғамның сұранысын қанағаттандыруға тыры­сады. Қалып­тас­қан саяси–экномикалық ахуалға байланысты ғылымның тақы­ры­бы өзгереді. Та­рихты қалайда ғылым дегенмен ол қоғамның қажет­ті­лігін өтеуге икем­де­ле­ді. Осы процесске объективті баға беру де тарих­намашының мәртебелі мінде­ті.

  • Әртүрлі ғылыми бағыттар мен мектептердің тарихи процесс жө­нін­дегі концепциялары мұқият зерттеуді қажет етеді. Өйткені олардың пікір­леріне тал­дау жасау тарих ғылымының даму процессін қадағалауға мүмкіншілік береді. Уақыт өте келе тарихи уақиғаларға, құбылыстарға көзқарас өзгеруі мүмкін. Тарихшылар арасындағы пікірталас ғылымның алға жылжуына алғы шарттар жасайды. Ескі пікірлердің орынына жа­ңа­сы келеді. Бірақ ғылымдағы дәстүр үзілмейді, өз жалғасын табады. Міне осы ғылымдағы қарама–қай­шы­лық­тарды нақтылы мысалдар арқылы ай­қын­дау ­да тарихнама ғылы­м­ның мой­нындағы міндет. Осы жоғардағы мін­деттерді іске асыратын тарих­шы–ма­ман. Олар­ды заман талабына сәйкес дайындау, ғылыми зерттеу жұ­мыс­тарын тиім­ді ұйым­дас­тыру, біт­кен шығармаларды жарыққа шығару ғылымның же­дел дамуына ық­пал етеді. Сондықтан бұл мәселе де тарихнама ғылымының зерт­теу аспек­тісіне жатады.

Жоғарыда түгенделген тарихнамалық зерттеулердің аспектілері бір– бі­рі­мен тығыз байланысты. Зерттеуші осыларды кешенді түрде қарас­тыр­­­ғанда ғана айтулы жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі бар.
Тарихнамашы жан-жақты дайындықтан өтуі керек. Тарих ғылымы көп са­лалы. Кез келген тарихи шығарманы ғылыми талдаудан өткізу үшін тарих­шы осы салалардан хабардар болуы қажет. Ол тек ғылыми сыншысы ғана емес, сонымен қатар ғылымның келешек жаңа бағыт­та­рын да анық­тай алады. Соң­­ғы жылдары тарих ғылымының теориялық мә­­селелері мен әдіснамасына аса көңіл бөлінуде. Соған байланысты та­рих факультетте­рін­де теориялық бі­лім беретін пәндердің пәр­мен­ді­лі­гін күшейту абзал. 





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет