Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері



бет130/175
Дата02.10.2023
өлшемі2.12 Mb.
#479531
түріСеминар
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   175
Ïåäàãîãèêàëû çåðòòåóëåð ìåòîäîëîãèÿñûíû ì ñåëåëåð³

Тарихи-салыстырмалы әдіс тарихи объектілерді уақыт және кеңістік бойынша ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау және салыстырудан тұрады. И.Д.Ковальченконың пікірі бойынша, тарихи-салыстырмалы әдістің логикалық негізі ретінде аналогия алынады, ол салыстырылатын объектілердің бір белгілерінің ұқсастығы негізінде басқалардың ұқсастығы туралы тұжырым жасалғаннан тұратын танымдық процедура болып табылады.
Тарихи-салыстырмалы әдіс әртекті тарихи құбылыстарды салыстыру үшін әртүрлі тәсілдерді қолдануды болжайды. Әсіресе салыстырмалы және тарихи-типологиялық салыстыру кең қолданылады. Бірінші әдіс тарихи объектілердің пайда болуындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды түсіндіреді. Салыстыру ұқсас формалар арқылы әртүрлі мазмұнды көруге мүмкіндік береді. Екінші салыстыру объектілердің бірдей генезисі мен дамуы жағдайындағы ұқсастық пен айырмашылықты түсіндіреді. Салыстыруды тарихи-генетикалық әдіспен үйлесімде қолдану тегі және пайда болуы бойынша, объектілердің ұқсастығын түсіндіруге және әртүрлі тарихи құбылыстардың өзара әсерін тіркеуге мүмкіндік береді.
Тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы зерттеуші аз зерттелген тарихи объектілер туралы қосымша ақпарат алады. Тарихи-салыстырмалы әдіс бұрын ежелгі грек тарихшылары мен философтары арқылы танылған болатын. Оны «тарихтың атасы» Геродот гректердің әдет-ғұрыптары мен өмір сүру салтын, парсылардың, египеттіктердің, сақтарды және тағы басқа халықтардың салт-дәстүрлерімен салыстыра отырып, сәтті қолданған болатын. Аристотель Теофрастпен біріге отырып, грек полистерінің мемлекеттік құрылуының 158 типін сипаттады және салыстырды. Аристотельдің тағы басқа тарихи-салыстырмалы шығармасы танымал – «Описание негреческих обычаев и установлений», бұл шығарма кейін жоғалып кеткен. Тарихи-салыстырмалы әдіс өзінің «жаңа демін» жаңа дәуірдің тарихи жазбасында алды. Француз ағартушылары оның жақтаушылары болды және олар тарихты объективті процесс ретінде қарастырды, оның айқын белгілері мен заңдылықтарын анықтауға тырысты.
Осы әдістің көмегі арқылы Ф.Вольтер Батыс пен Шығыс елдерінің жалпы әлеуметтік даму факторларын айқындады, еуроорталықтануды Шығыс елдерінің материалды және рухани жетістіктеріне жағымсыз қатынасына қарай шеттетті, Қытайдың, Үндістанның, Иранның, араб елдерінің тарихын Батыс Еуропа елдерінің тарихымен салыстырды.
Салыстырмалы талдау ағылшын тарихшысы А.Дж.Тойнбиге адамзат тарихында 21 өркениетті анықтауға мүмкіндік берді. Ол классификацияны белгілердің жиынтығы негізінде жүргізді (әмбебап мемлекеттің болуы, жалпы шіркеудің болуы және т.б.). Бірақ, аталған әдіс белгілі уақыт кеңістігінде тарихи объектілерді қарастыруға бағдарланған. Сондықтан, оны қолдануда негізгі назар объектілердің кеңістік пен уақыт бойынша статикалық қалпына жинақталады, бұл өз кезегінде қоғамдық процестердің динамикасын зерттеуді қиындатады. Бұнда тек қана дамудың бір сатысындағы біртипті тарихи объектілер мен құбылыстарды салыстыруға болады, немесе әртүрлі типті құбылыстарды әртүрлі сатыларда салыстыруға болады. Алғашқы жағдайда тарихи объектілер мен құбылыстар арасындағы ұқсастық, ал екінші жағадйда – олардың арасындағы айырмашылықтар анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет