Дедуктивті тәсіл жеке объектінің белгілі бір типке қарай бөліну мүмкіндігін құрайды. Индуктивті әдісті қолдану типтер мен олардың сипаттаушы белгілері эмпирикалық мәліметтерді талдау тәсілі арқылы анықталғанда жүзеге асады. Дедуктивті-индуктивті тәсілдің мәні бойынша, белгілі типтер қарастырылатын құбылысты мазмұнды мәнді талдау негізінде анықталады, ал мәнді белгілері осы құбылыстар туралы эмпирикалық мәліметтерді талдау бойынша анықталады.
Ғылымда типологизация әдісін қолданудың өзінің тарихы бар. О.Конт, Д.С.Милль, Г.Спенсер сияқты классикалық позитивистер және олардың ізбасарларының пікірлері бойынша, қоғамдық құбылыстардың типтері – айқын белгілері бойынша ұқсас объектілердің біріктірілген жиынтығы болып табылады. Позитивистер құбылыстардың мәнін тану мүмкіндігін теріске шығарды, сондықтан типологизацияны мәні бойынша, объектілерді классификациялаудың формальды процедурасы деп қарастырды. Бұндай көзқарас неокантиандар тарапынан сын туындатты. Объективті, жеткілікті формальды типтерді анықтауға И.Канттың ізбасарлары зерттеуші-тарихшының ойлаудағы тарихи типтерді құрастыруын қарама-қарсы қойды («идеалды типтер» тұжырымдамасы).
Бұл әдісті қолданудың үлгісі ретінде В.И.Ленин ұсынған ХІХ ғасырдың аяғында Ресейдегі капитализмнің даму сызбасын атуға болады. Капитализмнің әртүрлі сатыларын зерттеу, олардың әрқайсысының типтік қасиеттеріне анықтама беру капитализмнің генезисі келесі типтік сатылардан өткенін аңғартады: қарапайым капиталистік кооперация-мануфактура-фабрика.
Қазіргі заманғы зерттеушілердің ішінде, тарихи-типологиялық әдісті сандық әдістермен жетістікпен біріктірген И.Д.Ковальченко және Л.И.Бродкина болды. Тарихи-педагогикалық процесс - әлеуметтік және педагогикалық, бірлік және ерекше, ортақ және жалпы өзара тығыз байланысқан үздіксіз, динамикалық процесс. Тарихи педагогикалық шындықта типтікті анықтаудың негізі ретінде осы объективті шындықтың қасиеттерінің мәнін қалыптастыру және ескеруді атауға болады. Білім беру жүйесінде, педагогикалық процесте олардың тарихи жүзеге асуы мен дамуы барысында жаңа элементтер мен компоненттер, түр өзгерістер мен нұсқалар, жаңа байланыстар анықталғанмен, оларды зерттеу және жалпылау үшін типологиялық талдау әдісі қолданылады.
Қазіргі кезде ғылыми-тарихи зерттеу тәжірибесінде тарихи-жүйелі әдіс кеңінен таралып келеді. Бұл қоғамдық-тарихи жүйелерді терең талдауға ұмтылыс жасаумен, олардың жүзеге асуы мен дамуының ішкі механизмдерін ашумен байланысты.
Бұл әдіс дара және қайталанбайтын тарихи оқиғаларда, тарихи ситуациялар мен процестерде болатын жүйелі элементтерді жинақтайды. Барлық тарихи оқиғалардың өзіндік себептері болады және олар бір-бірімен өзара байланысты болады, яғни олардың жүйелі сипаты болады. Тіпті қарапайым тарихи жүйелерде оның құрылымын анықтайтын, жүйелер иерархиясындағы орнын анықтайтын көптүрлі функциялар болады.
Тарихи-жүйелі әдіс әрбір нақты тарихи шындыққа сай тәсілдің болуын талап етеді: осы шындықты құрылымдық және функционалды талдауын жүргізу, оны жеке қасиеттерден тұратын жүйе ретінде емес, жүйелер иерархиясында танымал рөл атқаратын және белгілі орын алатын, өзіндік белгілер кешені бар біртұтас сапалы жүйе ретінде зерттеу.
Жүйелі талдау жүргізу үшін, бізді қызықтырған тарихи шындық иерархиясынан жүйені анықтап алу қажет. Бұл күрделі процесс жүйенің декомпозициясы (анықтау) деп аталады. Оны жүзеге асыруда бірнеше жүйені құраушы (жүйелі) белгілер анықталады. Бұл белгілер бір-бірімен өзара тығыз байланысты және аталған жүйенің құрылымын анықтайды, яғни оның тұтастығы мен тұрақтылығын айқындайды.
Жүйенің декомпозиция процедурасын жүзеге асыра отырып, тарихшы-зерттеуші оның құрылымдық талдауын жүзеге асырады. Бұл талдау жүйенің негізгі белгілерін және элементтерінің байланысын анықтаудан тұрады. Оның нәтижесі ретінде тарихи жүйенің өзі туралы тікелей білім алынады.
Келесі кезеңде – функционалды кезеңде – жүйенің шындық иерархиясындағы орны, оның барлық функционалды байланыстары анықталады. Функционалды талдау жүйенің қоршаған дүниемен, зерттелетін жүйенің табиғатын анықтайтын қоршаған ортаның қасиеттерімен байланысын айқындауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің жүйелі-құрылымдық тәсілдерін ең алғаш құрушылардың бірі К.Маркс болды, ол құрылымды белгілі тұрақты қатынастарды жүзеге асыру деп атады. Қазіргі кезде жүйелі талдау АҚШ-ның және басқа елдердің әлеуметтік объектілері мен саяси жүйесін зерттеу үшін, «жаңа әлеуметтік тарих» және «жаңа саяси тарих» мектептерінде белсенді қолданылады. Осылайша, Р.Фогель мен С.Энгерман («жаңа экономикалық тарихтың» өкілдері) АҚШ-ның оңтүстігінде құлдық жүйесін зерттеуге арналған «Время на кресте» еңбегінде, негрлердің американ өркениетіне қосқан белгілі үлесін атап көрсетті. А.Д.Силби («жаңа саяси тарих») американ конгресінде ситуацияны зерттеуде, заң шығарушлардың іс-әрекетіне партиядағы алатын орны, оның мүшелері арасындағы өзара қатынас, сонымен бірге елдегі саяси жалпы жағдай әсер еткені туралы тұжырым жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |