Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері


Аналогияның жүзеге асу жағдайлары



бет135/175
Дата02.10.2023
өлшемі2.12 Mb.
#479531
түріСеминар
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   175
Ïåäàãîãèêàëû çåðòòåóëåð ìåòîäîëîãèÿñûíû ì ñåëåëåð³

Аналогияның жүзеге асу жағдайлары. Жоғарыда баяндалған аналогия бойынша, ой қорытындыларын мүмкін боларлық бағалау туралы пікірлерді олардың қайсысы дұрыс, қайсысын жүзеге асыруға болатынына қарай қолдануға болады.
Аналогияның жүзеге асуының маңызды шарты ретінде салыстырылатын объектілердің арасында шынайы, қажет нәрсенің болуы үшін талап алынады. Егер салыстыруда негізгі, басты емес, қосымша ерекшеліктер, қасиеттер мен қатынастар анықталатын болса, бұндай аналогияны алдын-ала жүзеге аспайтын, жеңіл және әлсіз, қабылданбайтын деп санауға болады.
Кез келген объектілердің ұқсас, әртүрлі қасиеттері мен қатынастары болатыны сияқты, оларды салыстыруда әрбір нақты аналогияда олардың арақатынасын ескеру қажет. Егер айырмашылықтар ұқсастықтардан басым түссе, онда объектілер арасындағы аналогияны құруға болады. Кейде объектілердің ұқсас қасиеттерін позитивті аналогия шеңберінде, ал әртүрлі қасиеттерін – жағымсыз аналогия шеңберінде біріктіру ұсынылады. Содан кейін, олардың ортақ баланстары бойынша, зерттелетін объектілер арасындағы аналогияны іздеу туралы мәселені шешуге болады.
Бұнда бір объектіден екінші объектіге ауыстырылатын қасиеттер мен қатынастардың мәнділік дәрежесін анықтау мәселесі үлкен мәнге ие болады. Бұнда екі жағдайды бөліп қарау керек. Біріншісі, бір объектіден екінші объектіге ауыстырылатын белгінің мәнін бағалауға байланысты болады. Мәнді емес белгілі аналогияның мүмкін боларлық дәрежесін арттыруға ықпал етуі екіталай. Сондықтан, бұндай аналогияны терең және жеңіл болса да, жүзеге асушы деп санауға болады.
Екінші мәселе, ауыстырылатын белгі мен объектінің басқа мәнді белгілері арасындағы байланысты анықтауға қарай туындайды. Егер осындай байланыс анықталмаса, ауыстырылатын белгінің аналогияны күшейтуі екіталай. Объектінің басқа мәнді белгілері мен ауыстырылатын белгі арасындағы қажетті байланыстың болуы немесе болмауын қатал немесе қатал емес аналогияның болуымен байланыстырады.
Индуктивті ой толғаныстарында ғылыми аналогияны алынған қорытындысы бойынша, мүмкін боларлық дәрежесіне қарай, танымал аналогиядан бөлу маңызды болып саналады. Ғылыми аналогияда мәнділік дәрежесі бойынша ұқсас қасиеттер, қатынастар мен заңдылықтарды терең зерттеу жүзеге асады. Қазіргі кезде ғылыми әдебиеттерде заңдылықтар аналогиясына негізделген, аса дамыған шынайы ой толғаныстары саналады, олар математикалық көбейту, құрылымдар мен жүйелер көмегімен айқындалады. Бұл туралы ең алғаш классикалық электромагнетизм теориясының негізін қалаушы Д.К.Максвелл (1831-1879) айтқан болатын, ол өзінің электромагнитті теориясын қысылмайтын сұйықтықтың гидродинамикасы аналогиясына сүйене отырып құрған болатын. Қазіргі кезде, бұндай аналогиялар бір ғылымнан екіншісіне заңдылықтарды ауыстыру үшін қолданылады.
Ғылыми және қатал аналогиялармен салыстырғанда, басқа аналогияларда көп жағдайда қасиеттер мен қатынастар алынады. Сондықтан бұндай аналогиялар кейде қате болып саналады. Бұндай аналогиялар қатарына, атап айтсақ, кең тарған жалған аналогияларды жатқызуға болады, мысалы, қоғам тірі организмге ұқсастырылады, кикілжіңдер мен қарама-қайшылықтар - өмір сүру үшін күреске қарсы ұқсас қойылады және т.б.
Әртүрлі ғылымда, оның ішінде тарихта нақты міндеттерді шешу үшін, философиялық және жалпы ғылыми әдістерге негізделетін арнайы зерттеу әдістері қолданылады. Жалпығылыми әдістер философиялық әдістерге қарағанда, зерттеу міндеттерін шешудің бір құралы ретінде бола отырып, ғылыми-танымдық іс-әрекеттің белгілі аспектілерін ғана қамтиды. Жалпығылыми әдістерге жататындар:

  • жалпы тәсілдер (жалпылау, анализ, синтез, абстракция, салыстыру, модельдеу, индукция, дедукция және т.б.);

  • эмпирикалық зерттеу әдістері (бақылау, өлшеу, эксперимент);

  • теориялық зерттеу әдістері (идеализация, формализация, ойлау эксперименті, жүйелі тәсіл, математикалық әдістер, аксиомалық тәсіл, абстрактіліден нақтыға және нақтыдан абстрактіліге өрлеу әдістері, тарихи, логикалық жне т.б.).

Ғылыми танымның дамуы жаңа жалпығылыми әдістердің пайда болуына әкеп соқты. Олардың қатарына жүйелі-құрылымдық талдау, функционалды талдау, ақпараттық-энтропийлі әдіс, алгоритмизация және т.б. жатады.
Танымдық іс-әрекетте аталған әдістердің барлығы диалектикалық бірлікте, өзара байланыста болады, бір-бірін толықтырады, бұл танымдық процестің объективтілігі мен шынайылығын қамтамасыз етеді.
Жалпығылыми әдістердің таным процесінде алатын рөлі әртүрлі болып табылады. Бұл көп жағдайда олардың жүзеге асырылуы сипатымен анықталады. Бірқатар әдістерді зертеудің эмпирикалық, теориялық деңгейлерінде қолдануға болады, оларды танымдық процестегі міндеттерді жүзеге асырудың нақты құралдары ретінде қарастыруға болады. Тарихи және логикалық әдістердің әрекеті, абстрактіліден нақтылыға өрлеу және керісінше, қоғамдық құбылыстарды теориялық тану процесінде ғана мүмкін, ол теориялық зерттеу процесінде жетекші рөл атқарады.
Жалпығылыми әдістер тарихи объектілердің кеңістікте қозғалысын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұнда синхронды, бір уақытта жүретін процестерді талдау басым болады. Объектілердің құрылымы мен функциялары тарихи дамуға қатыссыз, статикада қарастырылады. Көп жағдайда жалпығылыми әдістер осы объектілерді жүйелі-құрылымдық талдау барысында қолданылады. Тарихи әдістер керісінше уақыт бойынша объектілердегі өзгерістерді зерттеуде қолданылады. Кейде жалпығылыми және тарихи әдістер біріктіріледі, онда қоғамдық жүйелер кешенді зерттеледі, яғни жүйенің құрылымы мен функциясы олардың тарихи дамуы арқылы түсіндіріледі, ал тарих тарихи объектілер немесе топтардң құрылымы мен функциялары арқылы түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет