Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері


Теориялық әдістерге сипаттама



бет144/175
Дата02.10.2023
өлшемі2.12 Mb.
#479531
түріСеминар
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   175
Ïåäàãîãèêàëû çåðòòåóëåð ìåòîäîëîãèÿñûíû ì ñåëåëåð³

Теориялық әдістерге сипаттама.
Теориялық зерттеудің ғылыми әдістері. 1. Формализация – белгілік-символдық түрде мазмұнды білімнің көрінісі. Формализация табиғи және жасанды тілдерді бөлуге негізделеді. Табиғи тілдегі ойлаудың көрінісін формализацияның бірінші қадамы деп атауға болады. Табиғи тілдер қарым-қатынас құралы ретінде көп мәнділікпен, көп жақтылықпен, дәлсіздікпен, бейнелікпен және т.б. сипатталады. Бұл үнемі жаңа мәндер мен мағыналарға ие болатын, ашық, үздіксіз өзгеретін жүйе болып саналады. Формализацияны әрі қарай тереңдету білімді дәл және қатаң көрсетуге арналған, жасанды тілдерді құрумен байланысты болады. Математиканың символдық тілдерінің мақсаты – жазбаларды қысқарту ғана емес, оны стенография арқылы жасауға болады. Жасанды тілдің формулалар тілі танымның құралы бола алады. Ол теориялық танымды эмпирикалық танымдағы микроскоп сияқты рөл атқарады. Арнайы символиканы қолдану қарапайым тілдегі сөздердің көп мағыналылығын жоюға мүмкіндік береді. Формальданған ой-тұжырымдарында әрбір символ қатаң бір мағына береді.
Коммуникация және пікір, ақпарат алмасудың әмбебап құралы ретінде тіл көптеген функцияларды атқарады. Математика мен логиканың маңызды міндеті - бар ақпаратты дәл беру және қайта құру, табиғи тілдің бірқатар кемшіліктерін жою болып табылады. Бұл үшін жасанды формальданған тілдер құрылады. Бұндай тілдер ең алдымен, ғылыми танымда, ал соңғы жылдары компютер көмегімен әртүрлі процестерді бағдарламалау және алгоритмдеуде кең қолданыс тапты.
Жасанды тілдердің жетістігі ретінде, ең алдымен, оның дәлдігін, бірмағыналылығын, ең бастысы – санау арқылы қарапайым ой-тұжырымының мазмұнын көрсету мүмкіндігін атауға болады. Ғылыми танымдағы формализацияның мәні келесіден тұрады:

  • ол ұғымдарды талдауға, нақтылауға, анықтауға, түсіндіруге мүмкіндік береді. Қарапайым ауызекі тілдегі ой-пікірлер анық болып көрінгенмен, ғылыми таным үшін өздерінің белгісіздігімен, дәлсіздігімен сәйкес келе бермейді.

  • ол дәлелдерді талдауда ерекше рөльге ие болады. Формулалардың бірізділігі түріндегі дәлелдерді көрсету оған қатаң дәлдікті береді.

  • есептеу құрылғыларындағы алгоритмизация және бағдарламалау процестері үшін негіз бола алады.

Формализацияда объектілер туралы ой-тұжырымдар белгілер арқылы операциялау кеңістігіне өтеді. Белгілердің орнын заттардың қасиеттері мен қатынастары туралы ой-пікірлер алады. Осындай жолмен әртүрлі құбылыстар мен процестердің құрылымын анықтауға мүмкіндік беретін, кейбір пәндік саланың белгілік моделін жалпылау құрылады. Формализация процесіндегі басты нәрсе – жасанды тілдердің формуласында операция жасауға болады, одан жаңа формулалар мен қатынастарды алуға болады. Осылайша, ой-пікірлер бар операциялар белгілер мен символдары бар әрекеттермен ауыстырылады.
Бұл мағынадағы формализация өзінше ой-пікірдің логикалық формасын нақтылау арқылы, оның мазмұнын нақтылаудың логикалық әдісін айқындайды. Формализация, осылайша, - мазмұны бойынша әртүрлі процесс формаларын жалпылау, осы формаларды оның мазмұнынан абстракциялау болып табылады. Ол мазмұнды оның формаларын анықтау арқылы нақтылайды және әртүрлі дәрежеде жүзеге асырылады.
2. Аксиомалық әдіс - ғылыми теорияларды дедуктивті құрудың бір тәсілі, онда:
А) ғылымның негізгі терминдер жүйесі құрылады (мысалы, Эвклид геометриясындағы – бұл нүкте, тік бұрыш, жазықтық және т.б. ұғымдары);
Б) осы терминдерден бастапқы болып саналатын және дәлелдеуді қажет етпейтін, көптеген аксиомалар (постулаттар)-ережелер құрылады. Белгілі ереже бойынша, аталған теорияның басқа ой-тұжырымдары пайда болады (мысалы, Эвклид геометриясындағы «екі нүкте арқылы бір ғана сызық жүргізуге болады», «тұтас бөліктен үлкен»);
С) бастапқы ережелер құруға және бір ережеден екіншісіне өтуге, сонымен бірге теорияға жаңа терминдер енгізуге мүмкіндік беретін ережелер тұжырымдарының жүйесі құрылады;
Д) шектелген аксиомалардан көптеген дәлелденген ережелерді – теоремаларды алуға мүмкіндік беретін, ереже бойынша постулаттарды қайта құру жүзеге асырылады.
Осылайша, аксиомалардан теореманы тұжырымдау үшін, тұжырымның арнайы ережелері құрылады. Теорияның барлық ұғымдары (әдетте, дедуктивті) бастапқыдан басқа, енгізілген ұғымдарды білдіретін, анықтамалар арқылы енгізіледі. Аксиомалық әдістегі дәлел – бұл формулалардың бірқатар бірізділігі, олардың әрқайсысы аксиома болып саналады немесе тұжырымның белгілі бір ережесі бойынша алдыңғы формулалардан алынады.
3. Жүйелі тәсіл – объектілерді жүйе ретінде қарастыру негізінде, жалпығылыми әдіснамалық принциптердің жиынтығы. Жүйе (система, грек тілінен аударғанда – біртұтас деген мағынаны білдіреді) – белгілі тұтастық, бірлікті құрайтын, бір-бірімен, ортамен өзара қатынаста және байланыста болатын, элементтердің жиынтығын көрсететін жалпығылыми ұғым.
Жүйелердің типтері көпқырлы: материалды және рухани, органикалық емес және тірі, механикалық және органикалық, биологиялық және әлеуметтік, статикалық және динамикалық, ашық және тұйық және т.б. Кез келген жүйе құрылымы мен ұйымдасуы бар көптеген әртүрлі элементтерден тұрады. Құрылым – а) тұтастығы мен өзіне ұқсастығын қамтамасыз ететін, объектілердің тұрақты байланыстарының жиынтығы; б) күрделі біртұтастың элементтер байланысы арақатынасындағы тұрақты тәсілі (заңы). Жүйелі тәсілдің спецификасы, зерттеуді объектінің тұтастығын ашуға және оның механизмдерін қамтамасыз етуге, күрделі объектінің байланысының көптеген типтерін анықтауға, оларды бірыңғай теориялық картинаға жинақтауға бағыттайды.
Жүйелі тәсілге қойылатын негізгі талаптар қатарына мыналар жатады:
А) әрбір элементтің жүйедегі орны мен функциясы бойынша, тәуелділігін анықтау, тұтастың қасиеттері оның элементтерінің қасиеттер санына сәйкес келмеуін ескеру;
Б) жүйенің жеке элементтері мен оның құрылымының қасиеттерінің ерекшеліктерімен негізделгенін талдау;
В) жүйе мен ортаның өзара іс-әрекетін, өзара тәуелділігі механизмдерін зерттеу;
Г) аталған жүйеге тән, иерархиялық сипатын зерттеу;
С) жүйені көпаспектілі қамту мақсатымен сипаттамалардың көптігін қамтамасыз ету;
Д) жүйенің динамизмін оның дамуы тұтастық ретінде қарастыру.
Жүйелі тәсілдегі маңызды ұғымдардың бірі ретінде «өзіндік ұйымдасу» ұғым алынады. Аталған ұғым күрделі, ашық, динамикалық, өзіндік дамушы жүйені құру, қайта құру және жетілдіру процесін сипаттайды, элементтер арасында қатаң емес, мүмкін боларлық сипаттағы байланыс болады.
Қазіргі заманғы ғылымда өзіндік ұйымдасушы жүйелер синергетиканың зерттеуінің арнайы пәні болып табылады. Жүйелі тәсілдің құрылымға, байланысқа және қатынастарға бағдарлануы оның тарихилық принциптеріне сәйкес келмеуді дегенді білдірмейді. Керісінше – ол онымен тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет