Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері


Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері



бет146/175
Дата02.10.2023
өлшемі2.12 Mb.
#479531
түріСеминар
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   175
Ïåäàãîãèêàëû çåðòòåóëåð ìåòîäîëîãèÿñûíû ì ñåëåëåð³

Әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері

Танымның екінші деңгейі-теориялық деңгейде зерттелетін нысанаға, құбылысқа тиесілі жақтары, байланыстары және заңдылықтары неғұрлым тереңдетілген мәнді сатыда іске асады. Өйткені теориялық деңгей- ғылыми танымдағы ең жоғры саты. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арсындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден педагогикалық зандылықтарды анықтауға көмектеседі. Теориялық танымның нәтижелері – болжам, теория, заңдар.


Кез келген зерттеу жұмысы өзекті мәселені анықтаудан басталады. Проблеманың пайда болу сипатына қарамастан, оған талдау, нақты түрдеу негіздеу теориялық зерттеуден басталады.
1.Салыстырмалы тарихи талдау әдісі зерттеушіні өзінің тақырыбы бойынша әдебиетпен танысу, тарихи зерттеулер, ғылыми монографиялар және публикациялармен танысуға мүмкіндік береді. Зерттеуші оның дамуын, проблемаға әртүрлі тұғырмен келу жодарын салыстырып, талдап, қолданған зерттеулердегі ғылыми ұғымдармен танысып, оның мәніне көзқарасын білдіріп, қорытынды жасайды.
2. Үлгілеу (моделирование) әдісі – зерттелетін үдеріс және құбылыс сурет, сызба, қысқаша сөздік, сипаттама түрінде берілетін көрнекі-бейнелі сипатта болады. Үлгіні дайындау үдерісін сипаттайтын негізгі ұғым үлгілеу болып табылады. Кей жағдайда педагогикалық құбылыс матрица, символ, математикалық формула түрінде де беріледі. Модель зерттелетін құбылысты толық бейнелеп көрсетпейді, тек оның идеализациясы, оңтайланған түрі. Моделде зерттеушінің шартты белгілері мен шығармашылық жорамалы көрінеді. Бұл бірақ (моделирование) үлгілеудің ғылыми құндылығын түсірмейді, негізгісін іріктеп, жүйелі және өзін-өзі анықтайтын байланысты және факторларды көрсетеді.Үлгі құру кезінде оның зерттеу нысанасының түпнұсқаға сай келуін қадағалау қажет. Үлгі үнемі түсіндіру, анықтау құралы бола отырып, танымдық рөл атқарады.
3.Себепті-тергеулік талдау. Себеп бұл құбылыс, яғни басқа құбылысты өзгертеді немесе пайда болуына себеп болады. Себепті тудыратын және өзгертетін құбылысты тергеу деп аталынады. Себеп-салдар –себеп құбылысы тергеу құбылысын шығарады. Себеп пен тергеу күрделі өзара байланысты құбылыс. Тергеу тек себепті шығарып қоймай, себеп болған фактілерді анықтап, тауып, талдап, түсіндіріп зерттелетін мәселеге тереңнен еніп, дұрыс қорытынды жасауға көмектеседі.
2.Логикалық-теориялық зерттеу әдістері

  1. Формализация– білім мазмұнын белгілермен беру, нақты ойды формула, ереже, символмен беру. Кез келген формалды жүйені құру үшін: 1) әріптерді беру қажет, яғни нақты белгілеулерді енгізу қажет; 2) осы альфавиттердің белгілеулерін «сөз» және «формула» шығатын ережелерді беру қажет; 3) берілген жүйенің бір сөзінен немесе формуласынан екінші сөзді немесе формулаға көшуге болатын ережелерді беру қажет.

  2. Идеализация – зерттеу мақсатына сәйкес зерттеуші нысанаға нақты бір өзгерісті ойша енгізуді айтады. Таным әдісі ретінде идеализацияның жағымды мәні теориялық құрылымды жан-жақты зерттей отырып, реалды нысаналар мен құбылыстарды тиімді зерттеуге септігін тигізеді.

  3. Аксиоматикалық әдіс – ғылыми теорияның құрылу амалы, оның негізінде бастапқы аксиома болады. Логикалық жолмен дәлелденеді.

  4. Гипотетикалық-дедуктивті әдіс – болжамдардың бір-бірімен дедуктивті байланысын құрайтын жүйе құру.

  5. Әдебиет көздерін зерттеу – зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады.

  6. Талдау әдісі – зерттеліп отырған объектіні бөлек зерттеу үшін құрамды бөліктерге бөліп қарау.

  7. Жинақтау (синтез) әдісі – біріктіру, біртұтас етіп қарау үшін зерттеу объектісінің бөліктерін біріктіру. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасын формаларын анықтау; білім құрылымын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар.

  8. Абстракциялаудың екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Дәріптеушілік-дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады.

  9. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері– бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады

  10. Ұқсастыру әдісі – заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.

  11. Болжау әдісі – зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады.

  12. Математикалық және статистикалық әдіс – педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады.

  13. Тіркеу әдісі – педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Теориялық әдістердің бұл тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы зандылықтарды ашуға, сыртқы факторларды түсіндіруге бағытталған.

Қазір қоғамға өзінің жеке басын және іс-әрекетін ұдайы жетілдіріп отыруға ұмтылатын бастамашыл және талапты мамандар қажет. Солар ғана жоғары түйсігімен, әлеуметтік-кәсіптік ұтқырлығымен, білімін жаңартып отыруға ұмтылысымен, біліктілік пен дағдыларын ұштап отыруымен, жаңа қызмет салаларын меңгеруімен ерекшеленіп, өз қызметін жақсы атқара алады.
Осындай үздіксіз өздігінен білім алудың негізінде педагогикалық зерттеу процесі жатыр.
Әрбір зерттеуші әдебиетпен жұмыс істей бастағанда-ақ библиография құрастыруға кіріседі.
Әрбір зерттеуші өзі қолға алған жұмысқа негіз болатын басты педагогикалық тұжырымдамаларды анықтап алу қажет. Зерттеуші өз жұмысының методологиялық базасы шын мәнінде неде екенін анық білуі керек.
Педагогикалық зерттеулер үшін мыналар қажет:
1. Мәні бар ғылыми түсініктер мен ұғымдарды меңгеру.
2. Жалпы қабылданған терминологияны қолдана отырып, факторлар мен құбылыстарды дәлме-дәл сипаттау.
3. Салалас фактілерді олардың мәнді белгілері бойынша жинақтай білу.
4. Фактілерді, белгілерді жалпы ғылыми ережелерге сәйкес топтай білу.
5. Фактілер мен құбылыстарды талдай білу, олардан жалпы және бірегей, тосын және заңды белгілерді айыра білу.
6. Ұғым дегеніміз ғылымның қол жеткен деңгейін білдіретін ғылыми танымның баспалдақтары екенін ескеріп, ұғымдарға нақты анықтама беру.
7. Әр түрлі зерттеулердің ғылыми деректеріне сүйенгенде, ғылыми пікірталастарда делелдемелер мен растауларды дұрыс келтіру.
Әдетте жалпылама мәселелер теориялық педагогикалық зерттеулерде әлеуметтік және психологиялық сипатта болады, ал жеке (бірегей) нәрсе оның- нақты әдістеме (ілімге деген қызығушылықты тәрбиелеу, ұжымды, саналы тәртіпті қалыптастыру, мұғалім этикасы және т.с.с.) астарын маман ашады.

6-семинар. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі жалпы ғылымилық әдістер.


Зерттеудің эмпирикалық әдістерінің мәні, олардың ғылымдағы ролі. Бақылау. Әңгімелесу. Сауалнама жүргізу.
Жалпы ғылымилық әдістер мен тәсілдердің жалпы қабылданған классификациясы әртүрлі негіздер бойынша жүргізіледі. Ең сәтті болып саналатын тәсіл ретінде, жалпы ғылыми әдістер мен тәсілдер құрылымында үш деңгейін анықтайды («жоғарыдан төменге қарай»): жалпылогикалық, теориялық, эмпирикалық.
Негізгі эмприкалық әдістерге жататындар:
1. Бақылау – сезім мүшелеріне сүйенетін, заттарды мақсатты бағыттап зерттеу (түйсік, қабылдау, елестету). Бақылау барысында біз таным объектісінің сыртқы жақтары туралы ғана білім алып қоймаймыз, сонымен бірге – соңғы мақсат ретінде – оның мәнді қасиеттері мен қатынастары туралы білім аламыз.
«Әдістер» және «тәсілдер» ұғымдары көп жағдайда синонимдер ретінде қолданылады, әдістер деп өзінің құрамына зерттеудің әртүрлі тәсілдер жиынтығын енгізетін, аса күрделі танымдық процедуралар аталады. Бақылау тікелей болады немесе әртүрлі приборлар мен техникалық құралдар арқылы жүргізіледі (микроскоп, телескоп, фото және бейнекамера және т.б.). Ғылымның дамуымен, бақылау күрделеніп келеді. Ғылыми бақылауға қойылатын негізгі талаптар: ойдың біржақтылығы, әдістер мен тәсілдер жүйесінің болуы; тиімділігі, яғни қайталап бақылау жолымен тексеру мүмкіндігі. Әдетте бақылау эксперименттің құрамды процедурасы ретінде енгізіледі. Бақылаудың маңызды сәті ретінде интерпретация және оның нәтижелері алынады. Бақылаудың танымдық нәтижесі ретінде сипаттау – зерттелетін объект туралы бастапқы мәліметтер табиғи және жасанды тіл құралдарымен тіркеу – алынады: сызбалар, графиктер, диаграммалар, кестелер, суреттер және т.б. Бақылау өлшеумен тығыз байланысты, бұл өлшеудің бірлігі ретінде қабылданған, аталған шаманың басқа біртекті шамаға қатынасын табу процесі болып саналады. Өлшеудің нәтижесі санмен беріледі. Бақылаудағы ерекше қиындық - әлеуметтік-гуманитарлы ғылымдарда пайда болады, оның нтәижелері көп шамада бақылаушының тұлғасына, оның өмірлік бағдарлары мен принциптеріне, оның зерттелетін құбылысқа қызығушылық қатынасына байланысты болады.
Бақылау барысында зерттеуші әр уақытта белгілі идеяны, тұжырымдаманы немесе болжамды басшылыққа алады. Ол кез келген деректерді тіркеп қана қоймайды, сонымен бірге бекітілетін немесе теріске шығарылатын деректерді саналы таңдайды. Бұнда ерекше репрезантативті деректерді таңдап алу маңызды. Бақылаудың интерпретациясы белгілі теориялық ережелер арқылы жүзеге асырылады.
2. Эксперимент – арнайы құрылған және бақыланатын жағдайларда объектінің өзгерісін немесе қайта жаңғыртылуына сәйкес, зерттелетін процестің барысына белсенді және мақсатты түрде араласу. Осылайша, экспериментте объект жасанды түрде қайта жаңғыртылады немесе зерттеу мақсатына жауап беретін, қойылған жағдайларға сай өзгереді. Эксперимент барысында зерттелетін объект басқа, қосымша, оның мәнін төмендететін жағдайлардан тыс оқшауланады. Бұнда эксперименттің нақты жағдайлары беріліп қана қоймай, тексеріледі, модернизацияланады, көп рет қайта жаңғыртылады.
Кез келген ғылыми эксперимент белгілі идея, тұжырымдама, болжам арқылы бағытталады. Эксперименттің негізгі ерекшеліктері:
А) объектіге деген аса белсенді қатынас, оны өзгерутге және қайта құрылуға дейін;
Б) зерттеушінің қалауы бойынша, зерттелетін объектінің көп рет қайта жаңғыртылуы;
В) табиғи жағдайларда бақыланбайтын, құбылыстардың қасиеттерін табу мүмкіндігі;
Г) құбылысты «таза күйінде» қарастыру мүмкіндігі, оны күрделі жағдайлардан оқшаулау, эксперименттің жағдайларын нұсқалау;
Д) зерттеу объектісінің қалпы және нәтижелерді тексеруді бақылаудың мүмкіндігі.
Экспериментті жүзеге асырудың негізгі сатылары: болжамдар мен теорияларды тәжірибелі тексеру, жаңа ғылыми тұжырымдамаларды қалыптастыру. Осы функцияларға байланысты төмендегідей эксперимент түрлері анықталған: зерттеу (ізденуші), тексеру (бақылау), қайта жаңғыртушы, оқшаулау және .б.
Объектілердің сипатына қарай физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік және т.б. эксперименттерді анықтайды. Қазіргі заманғы ғылымда екі бәсекелес тұжырымдамалардың біреуін бекіту және теріске шығару мақсатында жүргізілетін шешуші эксперименттің маңызды мәні бар.
Ғылыми эксперименттің қарапайым типтерінің бірі – ұсынылатын болжам немесе құбылыстың теориясының болуы немен болмауын анықтау мақсатында жүргізілетін сапалы эксперимент болып табылады. Сандық эксперимент ерекше күрделі болып саналады, ол зерттелетін құбылыстың бір қасиеттерінің сандық анықтамасын айқындайды.
Қазіргі заманғы ғылымда ойлау эксперименті кең таралған – бұл идеалданған объектілерге жүргізілетін ойлау процедураларының жүйесі. Ойлау эксперименті – бұл шынайы эксперименталды ситуациялардың теориялық моделі. Бұнда ғалым шынайы заттар мен олардың әрекет ету жағдайларын ғана емес, сонмыен бірге тұжырымдамалы бейнелерін жүзеге асырады.
Әлеуметтік эксперименттер аса кең даму үстінде, олар өмірге әлеуметтік ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге және қоғамды басқаруды жетілдіруге ықпал етеді. Әлеуметтік эксперименттің объектісі ретінде адамдардың белгілі бір тобы алынады, олар қызығушылықтарымен санасуға тура келетін эксперименке қатысушылар болады, ал зерттеуші зерттелетін ситуацияға енгізіледі.
Педагогикалық зерттеулердің органикалық құрамдас бөлігі ретінде өлшеуді атауға болады. Өлшеу – оның дәлдік шамасын арттыратын танымынң маңызды құралы. Ол бірлік ретінде қабылданатын, өлшенетін шаманың ұқсас шамамен салыстыруды болжайтын, эмпирикалық-математикалық әдіс болып табылады. Педагогикадағы өлшеудің функциясы даму деңгейінің сандық көрінуінде, белгілер мен қасиеттердің болуы мен жиілігінде көрінеді, олар оқу-тәрбие процесінің әсерімен өзгереді.
Әдетте, өлшеу тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей өлшеу өлшенетін объектінің белгілі бір нормативпен, эталонды өлшегішпен тікелей салыстыруда көрінеді. Педагогикалық зерттеулерде ол сирек кездеседі, мысалы, оқушылардың дене дамуында (толықтығы, бойы және т.б.). Көп жағдайда жанама өлшеу қолданылады. Оқушылардың білім және білік деңгейі, олардың моральды сапалары, тәртіптері және т.б. тек жанама түрде ғана өлшенуі мүмкін.
Қазіргі замандағы прогрессивті тенденцияның бірі болып педагогтардың кәсіби қызметінде ғылыми әдістемелік практикалық мақсаттарда қолдану болып табылады.
Қазіргі таңда мұғалімнің алдына жоғары дәрежелі тапсырма қойылған: білім беру реформасына қатысу, білім беруде қоғамның жаңа, үнемді жолын табу.
Бұл тапсырмалар социалды-экономикалық дамуына байланысты күрделене түседі. Бұл жағдайда маман бұрынғы жұмыс тәжірибесіне ғана сүйене алмайды. Ол өзінің педагогикалық тәжірибесіне сүйеніп қана қоймай тәрбие, оқытудың моделін іздеуі керек, құрастырып іздеу теориялық болжау оқу-тәрбие процесінің мүмкіндік құрылымын болжау және педагогикалық тәжірибе жүзінде тексеру. Содан соң терең теоретикалық зерттеуі негізінде ашу. Тек қана осы негізінде білім беру жүйесінің жаңаруы шынайы табысқа жетуге болады.
Педагогикалық тәжірибе шешуші тапсырмаларға сәйкес мұғалім зерттеушіге өзіндік кешенімен, деректерді терең түсінуге ықпалын тигізеді. Осы арнайы курста педагогикалық тәжірибенің теоретикалық негіздерін ашуға талаптанған, ғылыми-зерттеу әдістерінің жүйесіндегі орнын көрсетуге және педагогикалық тәжірибені ұйымдастыруда жаңадан бастаған зерттеушіге көмек көрсету, дидактика, тәрбиелеу, мектептану, ЖОО педагогикасы проблемаларын зерттеуді сауатты жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет