4-параграф. Педагогтің білімін бағалауды өткізу
87. Барлық лауазым педагогтері біліктілік санатын беру (растау) кезінді ПББ тапсырады.
88. ПББ келесі тапсырмалардан тұрады:
1) мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогтері үшін:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі және мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясы» – елу тапсырма.
2) бастауыш білім беру педагогтері үшін:
«Пәндік білім, оқыту әдістемесі» - елу тапсырма;
3) негізгі орта, жалпы орта білім беру педагогтері, білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін:
«Пәндік білім, оқыту әдістемесі» – елу тапсырма;
4) қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:
«Педагогика және психология негіздері» - елу тапсырма;
5) арнайы ұйымдардың, интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, педагог-ассистенттері үшін:
«Педагогика және психология негіздері» - елу тапсырма;
6) арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері мен білім беру ұйымдарының арнайы педагогтері үшін:
«бейіні бойынша «Пәндік білім», арнайы педагогика және психология» - елу тапсырма;
7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін:
жалпы білім беретін пәндер, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері::
«Пәндік білім, оқыту әдістемесі» – елу тапсырма;
басқа лауазымдардың педагогтері үшін:
«Педагогика және психология негіздері» - елу тапсырма;
8) білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылары, басшының орынбасарлары үшін:
«Қазақстан Республикасының заңнамасын және нормативтік құқықтық актілерді білу» бағыты бойынша - алпыс тест тапсырмасы:
9) әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:
«Оқыту әдістемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасын және нормативтік құқтық актілерін білу» - елу тапсырма.
89. ПББ-ны өткізу тәртібі осы Қағиданың 2-тарауының 4-параграфына сәйкес .
90. Біліктілік санатын растау кезінде 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері ПББ тапсырудан босатылады, қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтаудан өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |