Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. Өтпелі кезеңде - Платформа жұмыс істей бастағанға дейін педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) шарттары мен тәртібі



бет8/33
Дата27.03.2024
өлшемі142.43 Kb.
#496667
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Ереже аттестация ЖОБА

4-тарау. Өтпелі кезеңде - Платформа жұмыс істей бастағанға дейін педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) шарттары мен тәртібі

75. Білім беру ұйымдары аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларына, республикалық білім беру ұйымдарына – білім беру саласындағы уәкілетті органға аттестатталушы педагогтердің, білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшыларының, басшысының орынбасарларының тізімін электрондық тасымалдаушыда ұсынады.


76. «Екінші санат», «бірінші санат», «жоғары санат» біліктілік санаттары бар педагогтер өтініш негізінде осы Қағидаларға сәйкес тиісінше немесе жалпы негізде «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» біліктілік санатын беру үшін біліктілік бағалауынан және ПББ-дан өтеді.
Мәлімделген біліктілік санаттарына өтпеген педагогтерге санат ПББ нәтижелері негізінде беріледі. «Педагог-модератор» біліктілік санатын беру үшін ПББ балы жеткіліксіз болған жағдайда педагогке «педагог» біліктілік санаты беріледі.
«Екінші санат», «бірінші санат», «жоғары санат» біліктілік санаттары бар орта білім беру ұйымдардың педагогтерін аттестаттаудан өту мерзімі осы Қағидалар редакциясы қабылданған күннен бастап ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін (басқа білім беру ұйымдарының педагогтері үшін – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін).
77. Педагогтер біліктілік санатын беруге (растауға) кезекті аттестаттау кезінде өтініш негізінде біліктілік бағалауынан, қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан және ПББ-дан өтеді. Педагогтерді аттестаттаудан өту мерзімі Қағиданың осы редакциясы қабылданған күннен басталады.
78. Білім беру ұйымы қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау үшін аттестатталушы педагогтердің материалдарын (портфолиосын) қалыптастырады және тиісті деңгейдегі комиссияларға электрондық форматта ұсынады.
Материалдарды (портфолионы) дайындау кезінде академиялық адалдық принципі сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет