Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру (растау) шарттары мен тәртібі



бет9/33
Дата27.03.2024
өлшемі142.43 Kb.
#496667
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Ереже аттестация ЖОБА

1-параграф. Педагогтерге біліктілік санаттарын мерзімінен бұрын беру (растау) шарттары мен тәртібі

79. Қызметтің тиісті нәтижелері болған кезде кезекті аттестаттаудан кейін кемінде 2 (екі) жыл өткен соң біліктілік санатын мерзімінен бұрын беруге жол беріледі


1) «педагог-модератор» - педагог кемінде екі талапқа сәйкес болуы тиіс:
пәнді ағылшын тілінде оқыту құқығымен жоғары оқу орнын бітірген, С1 деңгейінен (CEFR) төмен емес ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификаты (куәлігі) бар немесе ғылыми-педагогикалық бейіні бойынша «магистр» академиялық дәрежесі берілген дипломы бар адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес аудан/қала (облыстық /республикалық маңызы бар қала) деңгейіндегі кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
2) «педагог-сарапшы» - педагог кемінде төрт талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейлердегі кәсіптік шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстық деңгейдегі білім беруді басқару органы немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
аудандық/қалалық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;
облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін) педагогтер үшін іс-шаралар өткізуге қатысады;
С1 (CEFR) деңгейінде ағылшын тілін меңгерген және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын адамдар;
бейіндік пән бойынша халықаралық дәрежедегі кандидат немесе спорт шебері болып табылатын адамдар;
бейіні бойынша жоғары біліктілік разряды бар өндірістік оқыту шеберлері.
3) «педагог-зерттеуші» - педагог кемінде бес талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;
білім басқармасы жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте облыс, республикалық маңызы бар қалалар, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);
облыстық деңгейдегі «Үздік педагог» атағына ие болған адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD ғылыми докторы дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар.
4) «педагог-шебер» - педагог кемінде алты талапқа сәйкес болуы тиіс:
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, чемпионаттардың жеңімпазын немесе жүлдегерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган немесе тиісті саланың уәкілетті органы бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпазы немесе жүлдегері болып табылады;
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік кешеннің немесе бағдарламаның немесе әдістемелік материалдардың авторы болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады;
білім беру саласындағы уәкілетті органның жанындағы оқу-әдістемелік кеңесте республикалық деңгейде тәжірибені таратады;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы дәрежесі және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар адамдар;
Қазақстан Республикасының «Үздік педагогы» атағына ие болған адамдар.
Комиссия «мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған кезде мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде қолданыстағы біліктілік санаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет