Зерттеушілік: білім мазмұнын меңгеру деңгейін
зерделейді, білім ортасын зерттейді
|
әріптестерімен өзара әрекеттесе оқу жетістіктерін бағалау үдерісін жүзеге асырады;
тәлімгердің жетекшілігімен білім алушылар әлеуетінің алғашқы диагностика әдістерін қолданады;
тәлімгердің жетекшілігімен рефлексия әдістері мен тәсілдемесін, білім алушылардың іс-әрекеттегі қиындықтары мен коррекциялауды анықтаудың әдістері мен тәсілдерін пайдаланады.
|
Білім:
педагогикалық мониторингтің негіздері (әдістер, технологиялық үдерістер);
білім алушылардың оқу жетістігін бағалау үдерісі, әдістері, қағидаттары;
мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік құзыреттілігін бағалау жүйесінің ерекшеліктері;
кері байланыстың құралдары мен әдістері;
рефлексия әдістері мен тәсілдері, білім алушылардың іс-әрекеттегі қиындықтары және коррекциялауды анықтау әдістері мен тәсілдері;
бастауыш мектеп жастағы балалардың тілдік құзыреттілігін (сөйлеудің төрт түрі бойынша) бағалауға ұсынылған критерийлер.
|
5-еңбек қызметі Әлеуметтік -
коммуникативтік: кәсіби
қоғамдастықпен және білімнің барлық мүдделі тараптарымен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады
|
Іскерлік пен дағдылар:
аналармен педагогикалық әрекеттесуді ұйымдастыру әдістері мен қағидаттары негізінде ізгі ниетті қарым-қатынас орнатады;
әріптестерімен өзара әрекеттесе мектепке дейінгі балаларды қосымша оқытудың жүйесіне тартады, оның ішінде ана тілі емес және шет тілдеріне (үйірмелер, балалар қоғамдастығы);
әріптестерімен өзара әрекеттесе кәсіби-педагогикалық тілдесу негіздерінің біліміне сүйеніп өз қызметін жасайды.
|
Білім:
педагогикалық әдеп ережелері;
білім алушылармен педагогикалық өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың әдістері мен қағидаттары;
|