Педагогтің кәсіби стандарты



бет7/110
Дата02.05.2023
өлшемі452.43 Kb.
#473122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   110
PS pedagog kz

Іскерлікпендағдылар:

  • педагогикалық тактты, педагогикалық этика ережелерін сақтайды;

  • білім алушылар тұлғасына сыйластықпен қарайды;

  • білім алушылармен қарым-қатынаста демократиялық стильді ұстанады;

  • жоғары әлеуметтік құндылықтарға, гуманистік педагогика идеяларға берілгендігін білдіреді;

  • жалпы адами және ұлттық құндылықтарының біріккен жүйесіне баулиды;

  • дискриминация, экстремизмнің кез келген түрлеріне қарсы тұру қабілеті бар екенін көрсетеді;

  • ерекше білім қажеттілігі бар тұлғаға (оралман балалар, Қазақстанның резиденті емес, аз ұлт балалары, дарынды балалар, денсаулығы шектеулі балалар) педагогикалық қолдау көрсетеді;

  • «Мәңгілік Ел» - жаңа жүйе құраушы құндылықтарына араластығын танытады.

Білім:

  • балаларды оқыту мен дамытудағы тәрбиелеудің басыңқы рөлін түсіну;

  • балаларды тәрбиелеудегі ересек адамдардың үлгі болуының жетекші рөлін түсіну;

  • «оқытып тәрбиелеу» жалпы дидактикалық қағидатты іске асыру әдістері мен тәсілдері;

  • гуманистік педагогиканың қазіргі тұжырымдамалары;

  • мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудегі денсаулықты сақтау заманауи технологиялары.

3-еңбек қызметі Әдістемелік: білім үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді
жүзеге асырады

Іскерлік пен дағдылар:

  • өз бетімен кәсіби дамудың траекториясына сәйкес біліктілігін жетілдіреді;

  • өз бетімен есеп беру құжаттарын талдайды және рәсімдейді;

  • өз бетімен жалпы педагогикалық деңгейдегі АКТ құзыреттілігін меңгерген (оқыту және ойын бағдарламаларды, веб-ресурстарды, дағдыларды қалыптастыратын тренажерлерді әзірлейді,

компьютерлік сынып жағдайында жұмысты ұйымдастырады немесе АКТ құралдарын пайдаланады, АКТ-ны білім нәтижесіне жету, бағалау шараларын өткізу үшін қолданады.

  • тәлімгердің жетекшілігімен білім алушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқу бағдарламаларының, нормативтік актінің талаптарына сәйкес сабақтарды жоспарлайды.







Білім:

  • отандық және шетелдік білім жүйесі дамуының заманауи үрдістері;

  • білім саласындағы ұлттық заңнаманы (Бала құқығы туралы конвенция, ҚР «Білім туралы», «ҚР бала құқықтары туралы», «Неке және отбасы туралы», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды

әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету туралы», «ҚР тілдер туралы» заңдарын, ҚР еңбек кодексін ;

  • МЖМБС, типтік оқу жоспарлары мен типтік оқу бағдарламалары ;

  • білім ұйымдарының әрекеті мәселелері бойынша басқа нормативтік құқықтық актілерді;

  • ҚР білім жүйесінің ерекшеліктері.

4-еңбек қызметі
Зерттеушілік: білім мазмұнын меңгеру деңгейін
зерделейді, білім ортасын зерттейді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   110




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет