1 –еңбек қызметі Оқытушылық: оқу ақпаратын
таратады, өз бетімен оқуды үйретеді
|
5.1
Іскерлік пен дағдылар:
өз бетімен оқытудың тиімді технологияларына сүйене отырып, оның ішінде командалық жұмыстың әдістемесін, оқытудың әдістемесін пайдаланады;
өз бетімен оқу бағдарламасын кеңейтетін қосымша ресурстарды қолданып оқу/сабақ өткізеді;
өз бетімен мектепке дейінгі жастағы балаларға мақсатты тілдерде: қазақ (Т2), орыс(Т2), ағылшын (Т3) (көптілді бағдарламалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер ) қарым-қатынас жасау үшін
бейімделу жағдайын жасайды;
тәлімгердің жетекшілігімен мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш мектеп жастағы балаларды оқыту сабақтастығы мен кіріктіру қағидаттарын есепке ала отырып, сабақтарды
жоспарлайды;
тәлімгердің жетекшілігімен білім алушылардың лингвистикалық сұраныстары мен қажеттіліктерін есепке ала отырып сабақтарды құрайды;
тәлімгердің жетекшілігімен оқытудың жаңа технологияларын қолданады, оның ішінде АКТ;
тәлімгердің жетекшілігімен білім алушының қабілеттігін ескере отырып дифференциация стратегияларын қолданады;
әріптестерімен өзара әрекеттесе сын тұрғысынан ойлауды дамытатын және білім алушының дербес дамуын қамтамасыз ететін оқыту мен бағалау стратегияларын қолданады.
|