Педагогтың оқыту әдістері мен технологияларын таңдауын зерттеу


-тақырыптық тезаурусты құру -



бет3/9
Дата30.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#485021
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Презентация Дәріс 13

-тақырыптық тезаурусты құру - бөлім, тақырып бойынша базалық түсініктердің реттелген жиынтығы;
- идеялардың матрицасын құру - әр түрлі авторлар еңбегіндегі қүбылыстар мен бірыңғай нәрселерге салыстырмалы түрде сипаттама беру.

Көрнекілік әдіс. Оқытудың көрнекілік әдісіне оқу материалын игерудегі көрнекі қүралдар мен техникалық құрал-жабдықтарды пайдалану жатады. Оқытудың көрнекілік әдісін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрации әдісі мен демонстрация әдісі.


Иллюстрация әдісі
оқушыларға иллюстративті көрнекіліктерді, плакаттарды, кестелерді, майлы бояу суреттерді, карталарды, тақтадағы суреттемелерді. жалпақ модельдерді және т.б. көрсетуді ұсынады.
01
Демонстрация әдісі
әдетте құралдарды, тәжірибелерді, техникалық қондырғыларды, кинофильмдерді, диафильмдерді және тағы басқаларды демонстрациялаумен байланысты.
02
Практикалық Әдіс: Жаттығулар түрлеріне қарай: ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбектік болып бөлінеді. Олардың әрқайсысын орындау барысындаоқушылар оймен жұмыс істеу мен практикалық жұмысты атқарады.
Ауызша жаттыгулар логикалық ойлауды, есте сақтауды, тіл мәдениетін және оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.
Жазбаша жаттыгулар білімді қорытындылау мен оларды қолдана білуге үйренуге арналады. Оларды қолдану логикалық ойлауға, жазба мәденетіне және өздігінен жұмыс жасай білуге үйретеді. Жазбаша жаттығулар ауызша және графикалық жаттығулармен қатар жүреді.
Графикалық жаттыгуларга оқушылардың сұлбалар, сызба-лар, кестелер, технологиялық карталар, альбомдар, плакаттар, қабыр-ға газеттерін дайындауы, зертханалық-сарамандық жұмыстарды өткі-зудегі суреттемелерді тындауы, саяхаттар және т.б. жатады.
Оқу-еңбектік жаттыгуларга өндірістік-еңбек бағытына ие оқушылардың практикалық жұмыстары жатады. Бұл жаттығулардың мақсатына оқушылардың теориялық білімдерін еңбекте қолдану болып табылады. Мұндай жаттығулар оқушыларды еңбекке баулуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет