Педагогтың оқыту әдістері мен технологияларын таңдауын зерттеу


Технология сөзi (techne-өнер, шығармашылық, logos-iлiм) грек тiлiнен аударылғанда



бет5/9
Дата30.11.2023
өлшемі0.63 Mb.
#485021
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Презентация Дәріс 13

Технология сөзi (techne-өнер, шығармашылық, logos-iлiм) грек тiлiнен аударылғанда:
а) өндiрiс үдерісінде шикiзат, материал немесе жартылай фабрикаттың формасын, қасиеттерiн, жағдайын өңдеу, дайындау, өзгерту әдiстерiнiң жиынтығын, мысалы металлдарды өңдеу техноло-гиясы, химиялық технология, құрылыстық жұмыстар технологиясы;
1
ә) өндiрiстiң сәйкес келетiн құралдарымен шикiзат, материал немесе жартылай фабрикатқа әсер ететiн тәсiлдер туралы ғылым деген мағынаны бiлдiредi.
2
Оқыту теориясы – оқыту үдерісінің заңдары мен заңдылықтарын зерттейтiн, оқытудың мақсатын, міндеттері мен мазмұнын ашып көрсететiн, оқытуды ұйымдастыру формаларын және әдiстерiн, қағидаларын сипаттайтын педагогиканың құрамдас бөлiгi. Педагогика ғылымында оқыту теориясы «дидактика» ұғымының синонимi ретiнде қолданылады.
Оқыту әдiстерi - педагогикалық үдеріске қатысушылардың білімді меңгеруге бағытталған бiрлескен әрекеттерiн ұйымдастырудың тәсiлдер жүйесі. Оқыту әдістері сөздік, көрнекілік, тәжірибелік, бақылау және өзіндік бақылау әдістеріне жіктелген.
Оқыту әдiстемесi – пәндi оқытудың ғылыми дәлелденген әдiстер, ережелер, тәсiлдер жүйесi және оқыту теориясын қолдану құралы болып табылады.
Оқыту технологиясы – оқыту үдерісінің диагностикалы қойылған мақсаттарына қол жеткізу құралдары, алдын-ала жоспарланған оқыту үдерісінің практикалық түрде жүйелiлiк пен бiрiздiлiк негізінде іске асырылуы.
В.П. Беспальконың пікірінше педагогикалық технология - белгіленген бiлiм беру мақсаттарын табысты жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тәрбие мен оқыту үдерісін жаңарудың теориялық тұрғыдан негiзделген құралдар мен әдiстер жиынтығы.
В.М. Монаховтың пайымдауынша педагогикалық технология – мұғалiм мен оқушы үшiн жағымды жағдайды қамтамасыз ететiн оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру және өткiзуде барлық бөлшегiне дейiн ойластырылған бiрлескен педагогикалық iс-әрекет үлгiсi.
Г.К.Селевконың негіздеуінше, педагогикалық технология – көздеген мақсаттарға қол жеткізетін, уақыты мен кеңістік тұрғысынан бағдарламаланған, ғылыми негізде құрылған педагогикалық үрдістің барлық компоненттерінің әрекет ету жүйесі.
А.М. Кушнир технологияларда үдерістік (іс-әрекеттік), сандық және есептiк компоненттер көбiрек ұсынылады. Әдiстемеде мақсаттық, мазмұндық, сапалық және вариативтi-бағдарлық жақтарына басымырақ мән беріледі. Оқыту әдiстемесiне қарағанда педагогикалық технология өзiнiң басқа мұғалімдердің қолдануға ыңғайлылығымен, нәтижелерінің тұрақтылығымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет