Пән аты: Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелері



бет14/17
Дата26.02.2023
өлшемі2.8 Mb.
#470087
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Әдебиет теориясы емтихан (копия)

А.Байтұрсыновәдебиеттанушы

А А.Байтұрсынұлы «Әдебиет та- нытқышта» күлкінің түрлері туралы: «Екі түрлі күлкі бар: шын күлкі, сын күлкі. Шын күлкі – шаттық үстінде, көңіл қоштағанда келетін күлкі. Сын күлкі – нәрсе көңілге күдікті, ерсі көрінген уақытта келетін күлкі»1 - дейді.
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеттанушылары ел ара- сындағы халықтың бай рухани қазынасын, фольклорлық және әдеби мұраларды жинау мен жариялау, жүйелеу, зерттеу істеріне белсене араласты, әдебиеттің тарихы, теориясы туралы алғашқы ғылыми пікірлерін білдірді. ХХ ғасырда қазақ әдебиеттануының негізін салушы А.Байтұрсынұлы ғылымының тууына, дамуына өлшеусіз үлес қосты, іргелі ғылыми еңбектер жазды. Осы ретте оның 1926 жылы жарияланған «Әдебиет танытқыш» атты еңбе- гін атауымызға болады. Ахмет Байтұрсынұлы аталған еңбегінде әдебиет теориясының басты терминдері мен түсініктерін ең ал- ғаш рет ғылыми айналымға түсірді. «Әдебиет танытқыш» еңбе- гінде ғалым әдебиеттің сөз өнері ретіндегі ерекшеліктеріне ар- найы тоқталды. Әдебиеттің көркемдік, эстетикалық, тілдік ерек- шеліктерін, рухани және халықтық сипаттарын таныта білді.
А.Байтұрсынұлы сөз өнерінің адам санасының үш негізіне (ақылға, қиялға, көңілге) тірелетінін, ал оларды халыққа ұғынық- ты етіп жеткізу, яғни «ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жа- рау»1 тілдің міндеті екендігін ерекше атап ескертеді. Ғалым А.Ісімақованың сөзіне ден қойсақ: «Әдебиет танытқышта» әлем- дік әдеби терминдерінің қазақша баламалары көңілге қонымды әрі сәтті түрде қолданысқа енгізілген. Әр категория өзінің логи- калық дамуы, қалыптасқан жүйесі бар әдеби түсінік ретінде ай- қындалады»2.
Қазіргі әдебиеттану ғылымының қарқынды дамуы, ең ал- дымен, қоғамдық ой-пікірде еркіндік тууымен, еліміздің егемен- дікке қол жеткізуімен байланысты болды. Қуғын-сүргінге ұшы- раған ақын-жазушылар мұрасы халыққа қайтарылды. Әдеби зерттеу қарқынды дамып, жан-жақты салалы еңбектер дүниеге келді. Тәуелсіздік тұсында қазақ әдебиеттану ғылымы ұлттық сөз өнері тарихын, оның танымал тұлғаларының өмірі мен шығар- машылық мұраларын талдап, таразылау ісін кең жолға қойды. Әсіресе, кеңестік жүйе тұсында қалың көпті назарынан тыс қа- лып келген әдеби, мәдени мұраларды, ел үшін еңбек еткен тари- хи тұлғаларды, халық жадынан шыға бастаған көне кезеңнің жә- дігерлерін т.б. жинап, жариялау мен бастыруда айтарлықтай ең- бек етті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет