Пән аты: Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелері


Әдебиеттегі дәстүр және жаңашылдық мәселесі



бет10/17
Дата26.02.2023
өлшемі2.8 Mb.
#470087
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Әдебиет теориясы емтихан (копия)

Әдебиеттегі дәстүр және жаңашылдық мәселесі

А Әдеби үдеріске тән ерекшеліктің бірі – дәстүр жалғастығы. Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиеттанудағы ең өзекті мәселелер- дің қатарында саналады. Себебі әдебиет дамуының, өркендеуінің негізі, жалпы тіршілік дамуының тетігі - дәстүр мен жаңашыл- дық. Бұл екі ұғым бір-бірімен байланысты, бірінен екіншісі туындайды. Жаңара да жалғаса дамып отыратын әдеби процесс күрделі диалектикалық даму заңдылығына бағынады.
Түрлі анықтамалық басылымдарда көркемдік дәстүрді өнерді дамытудағы, өткен дәуірлердің көркем тәжірибесін иге- рудегі сабақтастық деп қабылдайды. Мысалы, ХХ ғасырға дейін қазақ әдебиеті өлең сөз шеңберінде дамып келді және оның жаңадан қалыптасқан проза жанрына әсер етті. Әдебиетімізде қара өлеңнің десі басым болғандықтан, ХХ ғасырдың басында қара сөз шеберлерінің туындылары поэзияға жақын болды. Бұл турасында Ә.Дербісәлин: «Қай салада болмасын, жалпы дәстүр атаулыға тән қасиет – ол дайын күйінде тумайды, не өзге біреуден оңай алына салмайды, ол заманалар жемісі, тәжірибе- лер нәтижесі, уақыт сынынан, ұрпақтардың ақыл-ой елегінен мүдірмей өткен, халықтың тіршілік-тұрмысына жауап беру ар- қылы өміршең сипат алып, әрдайым өсіп, өніп, жалғасып отыр- ған әрі тұрақты, әрі жанды, белсенді құрал»1 - деп жазады. Орыс әдебиетінде осы мәселеге ХХ ғасырдың басында назар аударған В.Маяковский: «Біздер Пушкиннің «Евгений Онегині» сияқты туындыларға жүз рет қайта айналып соғамыз. Тіпті өлімге бас тіккенде де оған қайта айналып отырамыз. Олардан ұтымды шы- ғармашылық тәсілдерді үйренетін боламыз. Мұның өзі сана- мызда туған, әмірі жеткен, сезінген ойымызды дұрыс жеткізуге септесіп, шексіз ләззат сыйлайтын болады» - дейді.
Философиядағы «жоқтан бар болмайды» деген қағидаға сүйенсек, көркем өнердің даму үдерісінде жаңалықтар өзіне дейінгі мұраны, дәстүрді жоймайды, қайта оның кейбір элемент- терін дамыта келіп, жаңаша көркемдік ізденістермен, тың дү- ниелермен ұштастырады. Мәселен, А.Құнанбайұлы өзіне дейінгі баяғы замандардан келе жатқан шығыстың эстетикалық дәстүрі мен халқымыздың бай рухани мұрасынан сусындады, оны жо- ғары бағалады. М.Әуезовтің «Абай жолындағы» фольклорлық дәстүрлер, І.Есенберлиннің «Көшпенділеріндегі» аңыздық баян- даулар турасында да осыны айтуға болады.
М.Әуезовтің көркемдік әлемі мен қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ғылыми тұрғыдан алғанда аса маңызды, мәнді мәселе екендігінде сөз жоқ, мұның өзі арнайы зерттеуді қажет етеді. Осы орайда М.Әуезовтің дәстүрі мен қазіргі қазақ романының эстетикалық ізденістерін, жаңашылдық сипатын, оларға ортақ және дара белгілерді анықтау тарихи дәуір шындығын көркем бейнелеудің басты ерекшеліктерін жаңа қырынан тануға бас- тайды.
Ә.Кекілбаев шығармаларындағы мифтік желілер, аңыз- әңгімелерді пайдалану тәжірибесін алсақ, ол өзіне дейінгі аңыз- әңгімелерді шебер пайдалана отырып, философиялық, психоло- гиялық мән-мағына, өзіндік концепция жүктейді. Жазушы шы- ғармаларында аңыздық сарынды дайын күйінде алмайды. Қа- ламгер халық жадындағы аңыз-әңгімелерден ерекше бір күрделі мазмұн, символдық мағына көре біледі. Фольклорлық дәстүрдің көркемдік жетістіктерінен нәр алған О.Бөкеев прозасының сти- листикасы поэзия тілімен табиғи жарасым табады.
Техникалық ғылымдарда ашылған жаңалықтар өзіне дейін- гі дәстүрді жойса, әдебиеттің даму заңдылықтары бойынша жаңалық дәстүрлі көркемдік құндылықтарды жалғастыра дамы- тады. ХХ ғасыр әдебиетінде қазақ қаламгерлері фольклорлық дәстүр жүйесінде ерекше эмоционалдық-мазмұндық жүк арқала- ған фольклорлық образдылықты эстетикалық тұрғыда өз туын- дыларында ұтымды пайдалана білді. Осы ретте адам мен әлем- нің, табиғаттың уақыт пен кеңістік тұрғысындағы байланысын көрсететін зооморфты символиканы, яғни, көшпенділер санасын- да аса маңызды орын алатын қасқыр, ат, түйе, бұғы т.б. тотемдік бейнелерді атауымызға болады (Көксерек, Кербұғы, Бура, Бәйгеторы, Аруана т.б бейнелер). Түйе – қазақ әдебиетінде кон- цептуалдық ауқымы кең дәстүрлі образдардың бірі. Аруана, бура бейнелері ұлттық көркемдік дәстүрімізде жиі кездеседі. Түйе - шексіз ана махаббатын бейнелейтін қазақ ертегілерінің, мифтік аңыз-әңгімелердің («Бозінген», «Бота» т.б.) дәстүрлі кейіпкері, киелі болып саналатын төрт түлік малдың бірі, қазақ дүние- танымында тұтастықтың, болмыс бірлігінің, ғарыштың сим- волы. О.Бөкеев «Бура» шығармасында мифтік аңыз-әңгімелер- дегі халықтың рухани тәжірибесімен суарылған дәстүрлі бей- неден авторлық мифологиялық кейіпкерді сомдайды. Образ «ға- рыштық», «табиғи» деңгейге көтеріліп, экспрессиямен, лиризм- мен молыққан, жалпылық, жинақтық мән алып, сонымен қатар жаңа мифтік бейнеге, бостандық сүйгіш рухтың бөкеевтік сим- волына айналған.
Қаламгерлердің дара шығармашылық ерекшелігін әдебиет- тегі дәстүр мәселесімен сабақтас қарастырудың мәні зор. Әр жаңашыл ақын өзінен бұрынғы ақындар қол жеткізген көркемдік тәсілдерді, көркемдік даму тәжірибесін игеру арқылы дамиды да, өзі де жаңа ой қосады. Мысалы, Шәкәрім Құдайбердиев дүние- танымының қалыптасуына ұлы Абайдың, орта ғасырдағы сопы- лар поэзиясының, жыраулар поэзиясының, Л. Толстой шығарма- шылығының ықпалы зор болды. Шәкәрім ақиқатты тану, рухани тұрғыда өзін-өзі жетілдіру ұмтылыстарын, рухани ізденістерін әдеби, көркемдік ізденістерімен ұштастыра білген сирек тұлға- лар қатарына жатады. Оның шығармашылығында діни, эстетика- лық, философиялық және психологиялық бастаулардың синтезі жүзеге асты.
1960-70 жылдары қазақ поэзиясына келіп қосылған қуатты буын М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Қ.Мырзалиев, Т.Айбергенов, М.Шаханов т.б. лирик ақындарымыздың әрқайсысы өзіндік үні- мен, дара таланттарымен, қайталанбас қолтаңбасымен ерекше- лене отырып, барлығы да қазақтың қара өлеңіне ден қойды. Олардың көркемдік, тілдік, жанрлық ізденістері қара өлеңнен бастау алды. «Қазақтың күпі киген қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» - деген Мұқағали ақынның сөзі бекер емес. Осы ретте әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық туралы белгілі ақын Т.Медетбек: «Баба дәстүрдің мұрагері - өз ұлтының рухани байлығы мен әлем әдебиетінің үздік үлгілерін бойына жинақтап, оларды өзінше игеріп, өзінше қорытқан, өз уақытының үні бола білген, өз заманының әлеуметтік мәнін ашып көрсете аларлық қуатқа ие немере Жаңалық» - деп қорытады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет