Пән аты: Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелері


Ш. Мұртазаның «Жүрекке әжім түспейді» әңгімесінің композициялық құрылымы



бет11/17
Дата26.02.2023
өлшемі2.8 Mb.
#470087
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Әдебиет теориясы емтихан (копия)

Ш. Мұртазаның «Жүрекке әжім түспейді» әңгімесінің композициялық құрылымы




  1. Модернизм идеологиясының постмодернизм философиясына әсері

А Модернизм - (французша modern - жаңа, қазіргі, дәстүрге қарсы) – ХХ ғасырда көркем шығармашылықтың жаңа моделі ретінде көрінді. Модернизм - буржуазиялық әлем дағдарысының және олардың қалыптастырған сана типін белгілеген 20-ғ. әде- биет пен өнердегі философиялық-эстетикалық көзқарас. Модер- низмнің философиялық және психологиялық негізіне А.Бергсонның интуитивизмі, Ф.Ницшенің философиясы, З.Фрейдтің психоанализі, К.Т.Юнгтің аналитикалық психоло- гиясы, М.Хайдеггер, Ж.Сартрдың, К.Ясперстың, Н.Бердяевтің экзистенциализм концепциясы енді.


Модернизмде адам - өзі танып білмеген жауыздық күштің құрбаны, ол оның тағдырын қалыптастырады. Модернизмде бірыңғай, бірдей поэтика жоқ, ол алдына ондай мақсат қойған да емес. М.Пруст шығармашылығында («В поисках утраченного времени») «сана ағымы», психологиялық хаттар мен баяндаудың күрделі формалары, Д.Джойста («Улисс») мифологияның ерекше детализациямен байланысы көрінеді. Ф.Кафка прозасында («Процесс», «Замок» новеллалары мен тәмсілдері) модернизм поэтикасы түстер мен абсурд эстетикасы арқылы айқындалады.
Кафканың Прусттан ерекшелігі - стилінің қарапайымдылығы мен нақтылығында.
Модернистік әдебиеттің негізі қоғамдағы ықпалды тенден- циялар мен тұлғаның рухани тәжірибесінің терең және қарсы тұру мүмкін еместей алшақтағаны деген сенімнен тұрады. Қо- ғамнан, өмірден, қоршаған ортадан адамның күшпен алшақ- тануы, әрбір тұлғаның өмір сүруден суынуы. Осы әлемнің аб- сурдтығын өздерінің танымымен көре білуі т.б. тұрады. Франц Кафка, Джеймс Джойс, Марсель Пруст сынды модернист-жазу- шылар шығармаларында белгілі жағдайда мистикалық сарын болғанымен, ХХ ғ. буржуазиялық қоғамның даму өзгешелік- терін, ерекшеліктерін ашып берді. Осы әлемнің абсурдтығын өз танымымен көре білді. Модернизм қазақ әдебиетінде қалып- тасқан ұғымдағы бағыт дәрежесіне көтеріле алған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет