Әдебиеттің тектері мен түрлері
Тектері: эпос, драма және лирика
Эпос:
Шағын: миф, аңыз, ертегі, мысал, новелла, әңгіме, фильетон, очерк, өлең;
Орта: Повесть, поэма
Кең көлемді: роман, эпос батырлар жыры
Лирика – ода, баллада, сонет, элегия, эпиграмма, эпитолама, эпитография, экмога, романс, мадригал, ой, толғау, иделлия, канцонетта;
Драма – трагедия, комедия, драма водевиль
Өлең жүйесі
Ең көне түрі – метрикалық (грекше metron – өлшем) өлең жүйесі. Метрикалық жүйе – әуезді жүйе, оның арқауында ән жатады. Көне дүние әдебиетіндегі өлеңдер әрқашан әнмен айтылған, жай оқылмаған, музыкалы мақаммен оқылған. Осыдан келген де өлең өлшемі әр буынды мақамдауға кеткен уақытқа (мораға) негізделген: созымсыз буын бір мора, созымды буын екі мора болса, бәрі қосылып күйлі-сазды бунақ құраған. Айталық, бір өлшемдегі бунақтың соңғы буыны созылса (ра-ра-а), басқа бір өлшемдегі бунақтың басқы буыны созылған (ра-а-ра); осыған сәйкес метрикалық жүйенің бірнешс түрлері бар. Басты-бастылары – ямб, хорей (трохей), дактиль, амфибрахий, анапест, антипаст, бакхий, антибакхий, амфимакр, екі түрлі (көтеріңкі, бәсең) ионик, пиррихий, спондей, тримакр, дипиррихий, диспондей, гекзаметр, пентаметр, триметр, төрт түрлі пеон, төрт түрлі эпитрит т.б.
Әр елдер әдебиетіндегі силлабикалық (грекше sillabe – буын) өлең жүйесінің туу тарихы осындай. Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе – буын: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ та буынға негізделеді.
Силлабикалық жүйе – бағзы бір әдебиеттерде әншейін өткінші ғана құбылыс. Силлабикалық өлең жүйесі екпіні аумалы-төкпелі тілдерде емес, сөз тіркестерінің буын сапалары бірдей, дыбысталу әуендері ұқсас тілдерде ғана тұрақты. Айталық, ежелден екпін, акцент дегендері көп құбыла бермейтін, құбыла қалған күнде де осылардың өзін онша бұйым көрмейтін чех, поляк, серб, итальян немесе француз өлеңдері секілді, қазақ өлеңі де силлабикалық өлең
тоникалық (грекше tonos– екпін) яки акцентті (латынша accentus – екпін) өлең. Бұл өлеңнің өлшемі– екпін: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де екпінге негізделеді. Егер силлабикалық өлеңде буын атаулының бәрі есепке алынатын болса, тоникалық өлеңде екпін түсетін буындар есепке алынады да, екпін түспейтін буындар есептелмейді.
Сапалы (квалитативті) топтың силлабика мен тоникадан бөлек, сөйте тұра екеуімен де ұқсас негізгі жүйелерінің бірі – силлабо-тоникалық өлең. Бұл өлеңнің өлшемі– әрі буын, әрі екпін: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ – бәрі де буын мен екпінге бірдей негізделеді. Мұнда буын мен екпін бірдей есепке алынады. Бұл жүйенің әр бунағындағы екпінді, екпінсіз буындар метрикалық жүйедегі созымды, созымсыз буындарға сыбайлас, сондықтан мұның негізгі түрлері де сол антикалық атаулармен аталып, белгілері де сол ретпен – екпін түсетін буынға сызықша (–), екпін түспейтін буынға доға (v) қойылып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |