Пән бағдарламасының Нысан (Syllabus) титулдық пму ұс н 18. 4/19


Дәріс сабақтарының мазмұны



бет2/4
Дата03.07.2016
өлшемі490.48 Kb.
#173981
1   2   3   4

6. Дәріс сабақтарының мазмұны



1 тақырып. Кіріспе.

2 тақырып Логистика жағдайындағы көлік

Жоспар:

1 Логистиканың көлікке әсері.

2 Көлік кәсіпорынарының саясаты және олардың қызметінің өзгеруі..

3 Жүктерді жинау мен таратудың жаңа логистикалық жүйелері..


Логистиканың дамуы берілген саладағы кәсіпорын іс-әрекетінің мінез-құлығындағы құрылымдық өзгерістерге және көліктік саясатқа үлкен ықпалын көрсетті, бұл сала 70-ші жылдары кәсіби дамыған елдер экономикасындағы тар орынға айналды. Оның төмен тиімділігі келесіге себепші болды: мемлекеттік реттеу органдары, тарифтерді, тасымалдау қашықтығын, тасымалданатын жүктер номенклатурасын, капиталға қаржы салу бағытын, көліктік компанияның іс-әрекетінің кейбір басқа параметрлерін тым қатаң регламенттеді және де кешендегі фирмалар санының шектеулер саясатын өткізді. Нәтижесінде бәсеке тартыс сылбыр болды, ал жұмыс істеген копманиялар монополиялық жағдайын пайдаланды, бұл үлкен шығындарды үлкен тарифтермен есесін қайыруға мүмкіндік берді.

Көліктің мемлекеттік реттеу деңгейінің төмендетуі арқасында бұл саланың фирмалары клиенттердің айналым құралдарының бөлігін босататын қызмет көрсетуде ұсыныстар еркіндігін алды.

Осыған байланысты тауар жеткізу сапасының талаптары күшейтілген, көлік түрін таңдау барысында критерийлердің маңыздылық дәрежесі өзгеріске ұшырайды, жүктерді жеткізудің ілгерінді нысандары енгізіледі.

Осының барлығы логистикалық желідегі өзгерістерге, тасымалдау құрылымындағы қозғалысқа шын мәнінде көлікке деген жаңа көзқарасқа және көліктік саясатты қайта қарауына әкеледі.

70 жылдардың аяғында қатал мемлекеттік бақылауынан көлік саясатының өзгеруі басталды. Осы саланың ең көрінді қозғалысы АҚШ-та болды. АҚШ-та 1977 жылы әуе көлігінің, 1980 жылы автомобиль және теміржол көліктерінің, 1984 жылдың аяғында су көлігінің өзгеруі басталды. Қабылданған заңдар көліктің барлық түрлерінде жаңа компаниялар мен тарифтерді еркін орнатуға рұқсат берді. Автокөліктік агенттіктерге жалпы пайдалану көліктік компаниялардың іс-әрекетінде қатысуға рұқсат берілді. Экспедиторлық агенттіктер және көліктік компаниялар экспорттық саудада мамандандырылатын фирмалармен бірге кәсіпорындарды құруға мүмкіндіктері бар. Жапонияда бәсекені жоғарлату мақсатымен темір жолдарды жекешелендіреді. Ұлыбританияда тасымалдау қашықтығы бойынша, жүктер номенклатурасы автомобиль пайдалануын тежейтін лицензиялар жойылған. Өндіріс пен көліктің жұмысын синхрондау мақсатына жету үшін фирманың шаруашылық іс-әрекетінде «КАНБАН» және «ДӘЛ МЕРЗІМДЕ» жүйелері қолданылады.

Әдебиет: [10 28-41 б.,11].
3 тақырып. Логистиканың өндіріс үрдісі

Жоспар:

1 Материалдық ағымдардың өндірістегі мақсаты және ұйымдастырудың жолдары.

2 Материалдық ағымдарды ұйымдастыру және басқарудың талаптары.

3 Өндірістің үрдісті ұйымдастыру заңдары және материалдық ағымның кеңістіктегі және уақыт мөлшеріндегі тиемдендіру мүмкіндіктерін ұйымдастыру.

4 Материалдық ағымдардың ағымнан тыс өндірістегі тиімділікті ұйымдастыру

5 Уақыттағы өндірістік үрдісті ұйымдастыруды тиемдендіру.


Логистикада материалды ағын түсінігі басты болып келеді. Материалды ағындар шикізатпен, дайын өніммен тасымалдау, қомалау және басқа материалды операцияларды орындау нәтижесінде пайда болады. Материалды ағындар әр түрлі кәсіпорындар арасында немесе бір ғана кәсіпорын ішінде өтуі мүмкін.

Материалды ағындар – бұл әр түрлі логистикалық операциялар жасау үрдісіндегі уақытша интервалында қарастырылатын тауарлы-материалды құндылықтар қосындысы. Материалды ағын осы уақыт моментінде материалды қорға ауысады. Материалды ағын өлшемі бөлшектер, оның алымындажүктің өлшем бірлігі көрсетілген (дара, тонна және т.б.), ал бөлгішінде –уақыттың өлшем бірлігі(тәуілік, ай, жыл және т.б.). Көліктік, өндірістік, қоймалық буындары арқылы жүктердің, бөлшектердің, тауарлы-материалды құндылықтардың жүру жолдарындағы барлық операциялардың белгіленуі келесіге рұқсат береді:

- соңғы тұтынушыға өзгеретін өнімнің жалпы жүру үрдісін көруге;

- нарық қажеттіліктерін ескере отырып осы үрдісті жобалау.

Кейбір логистикалық операциялар жүзеге асқанда материалды ағынды берілген уақыт моменті үшін қарастыруға болады. Сонда ол материалды қорға өседі. Мысалы, теміржол көлігімен жүк тасымалдау операциясы. Жүк жолда болғанда, ол материалды қор деп есептеледі, яғни «жолдағы қор» деп аталады.

Жүктер мен логистикалық операциялардың үлкен әр түрлілігі материалды ағындарды оқу мен басқаруды қиындатады. Нақты бір есепті шешу үшін қандай ағындар зерттелетінің белгілеу қажет. Кейбір есептерді шығарғанда зерттеу объектісі ретінде операциялардың ұлкен тобының қосымша үрдісінде қарастырылатын жүк бола алады. Мысалы, қоймалардың санын және орналасуын анықтау және үлестіруші желіні жобалау кезінде. Басқа есептерді шығарғанда — мысалы, қойма ішіндегі логисткалық үрдісті ұйымдастыру кезінде – әрбір операция толық зерттеледі.

Материалды ағындарды келесі негізгі көрсеткіштер бойынша бөледі:

- логистикалық жүйеге қатынасы;

- ағынның табиғи-заттық құрамы;

- ағынды құрайтын жүк саны;

- ағынды құрайтын жүктің үлес салмағы;

- жүктердің бірлесу дәрежесі;

- жүктердің консистенциясы.



Әдебиет: [10 49-85 б.,11].
Тақырып 4. Логистикадағы материалдық ағымдар
Жоспар:

1 Материалдық ағым мен логистикалық операциялардың түсінігі.

2 Материалды ағымдарды талдау моделі.

3 Жұмыстың абсолютті шамаларының негізгі өлшемдері.

4 Жұмыстың салыстырмалы шамаларының негізі өлшемдері.
Материалды ағындар – бұл әр түрлі логистикалық операциялар жасау үрдісіндегі уақытша интервалында қарастырылатын тауарлы-материалды құндылықтар қосындысы. Материалды ағын осы уақыт моментінде материалды қорға ауысады. Материалды ағын өлшемі бөлшектер, оның алымындажүктің өлшем бірлігі көрсетілген (дара, тонна және т.б.), ал бөлгішінде –уақыттың өлшем бірлігі(тәуілік, ай, жыл және т.б.). Көліктік, өндірістік, қоймалық буындары арқылы жүктердің, бөлшектердің, тауарлы-материалды құндылықтардың жүру жолдарындағы барлық операциялардың белгіленуі келесіге рұқсат береді:

Логистикалық жүйеге қатынасы бойынша материалды ағынсыртқы, ішкі, кіру және шығу деп бөлінеді.

Ағынның табиғи-заттық құрамы бойынша материалды ағындарды бірассортиментті және көпассортиментті деп бөлінеді.Осы бөліну қажетті, себебі ағынның ассортименттік құрамы оның жұмысында корсетлед. Мысалы, ет, балық, көкөністер, жемістер сататын көтерме азық-түлік нарығында логистикалық үрдіс, бір жүк түрімен жұмыс істейтін картоп қоймасындағылогистикалық үрдісінен ерекшеленеді.

Сандық белгісі бойыншаматериалды ағындарды массалық, ірі, орташа және ұсақ деп бөліннеді.

Массалы ағын жүктікөлік құралдар тобымен тасымалдау үрдісінде пайда болады, мысалы, теміржол құрамы немесе бірнеше он шақты вагондар, автомашиналар колоннасы және т.б.

Ірі ағындар — бірнеше вагондар, автомашиналар.

Ұсақ ағындар көлік құралының жүккөтерілімдігін толық пайдаланбайтын және тасымалдау кезінде жолдағы басқа жүктермен қосылуын талап ететін жүк санынан пайда болады.

Орташа ағындар ірі және ұсақ ағындар арасында болады. Оларға дара вагондармен немесе автомобильдермен келетін жүктер құрайтын ағындар жатады.

Үлес салмағы бойыншаматериалды ағындар ауырсалмақты және жеңілсалмақты деп бөлінеді.

Ауырсалмақты ағындар көлік құралының жүккөтерілімдігінің толық пайдалануын қамтамасыз етеді, сақтау үшін аз қойма көлемін талап етеді, оған мысалы, металлдар.

Жеңілсалмақты ағындар көліктік жүккөтерілімдігін толық емес пайдаланатын жүктермен көрсетіледі, оған мысалы, тасымалдау үрдісіндегі темекі бұйымдар.

Бірлесу дәрежесі бойынша материалды ағындар үйлесімді және үйлеспейтін деп бөлінеді. Көбінесе азық-түлік тауарларын тасымалдау, сақтау кезінде ескеріледі .

Жүк консистенциясы бойынша материалды ағындарды төгілген, үйілген, таралы-даралы және құйылмалы жүктердің ағындары деп бөледі.

Төгілген (насыпные) жүктер (мысалы, бидай) тарасыз тасымалданады. Олардың басты қасиеті — сусымалығы. Олар арнайы көліктік құралдарда тасымалданады: ашық вагондарда, платформаларда, контейнерлерде, автомашиналарда.

Үйілген (навалочные) жүктер олар көбінесе тұз, көмір, құм және т.с.с.Тарасыз тасымалданады, кейбіреулері қатып қалуы, жымдасуы мүмкін. Бұлардың да — сусымалы қасиеті бар.

Әдебиет: [10 101-125 б.,11].
Тақырып 5. Көлік ағымдары мен көліктің тұрақты құрылғылары
Жоспар:

1 Көлік ағымдарының потенциалды теориясы.

2 Аймақтық көлік қызметін көрсету.

3 Сапар жолдардың аса пайдалылығы.

4 Торапты бекеттердің орналасуы.

5 Дұрыс геометриялық көлік торлары.


Әдебиет: [10 128-130 б.,11].
Тақырып 6. Жылжымалы құрамдардың ағымы

Жоспар:
1 Көліктің айналым қаржысы.

2 Пойыздар мен құрамдарды құрудың негізгі жоспары.

3 Ретке келтіру міндеті.

4 Жылжымалы құрамдағы мұқтаждықты анықтау.

5 Қозғалыстың қатаң графигі мен кестенің байланысуы.

6 Көлік өнімінің минимум заңы.


Көліктік қызмет дамуының сапалы деңгейі көбінесе қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағдайының дамуымен анықтайтының дүниежүзілік тәжірибе көрсетеді. Өнеркәсіптік өндіріс 1% өсуі тасымалдау көлемін 1,5% өсуіне әкеп соғады, яғни көлiк кешендерінің даму қарқыны экономиканың өсуiне қарағанда озық болу керектігі дәлелденді.

Қазiргi шарттарында көлiк кешенiнiң субъектiлердiң экономикалық белсендiлiк деңгейін анықтайды.

Ұлттық деңгейдегі көлік жүйесінің барабар емес дамуы өндіріс саласындағы көтеріңкі шығындарға алып келеді және қызмет көрсетуге, шаруашылық қызметтің барлық саласының дамуын тежеуге, азаматтар үшін әлеуметтік жеңілдіктер шегі халықаралық тәжірибе көрсетеді.

Көлік – бұл жүк пен жолаушылар тасымалдауын іске асыратын материалды өнгдіріс саласы. Қоғамдық өндіріс құрылымында көлік материалджы қызмет көрсету өндіріс саласына жатады.

Көлікті Жалпы пайдалану көлігі және Жалпы емес пайдалану көлігі екі қосалқы жүйеден тұратын жүйе ретінде қарастырады.

Жалпы пайдалану көлігі – жүктер мен жолаушыларлды тасымалдау кезінде тұрғындар мен халық шаруашылығының барлық саласындағы қажеттіліктерін қанағаттандыратын халық шаруашылығының саласы. Оны көбінесе магистральды деп атайды (магистраль – бұл қайсыбір жүйедегі негізгі, басты линия).

Жалпы емес пайдалану көлігі – қайсыбір өндірістік жүйелердің құрамдары болып келетін көліктік емес кәсіпорындарға жататын ішкі өндірістік көлік, көліктік құралдардың барлық түрлері.

Көліктік логистиканың негізгі міндетері бұл логистикалық жүйелердің қатысушылары арасындағы үйлестіруші байланысты реттеу болып келеді.

Тасымалдаудың интермодальды нысаны, яғни тасымалдаудың бір келісім шарты және бір тасымалдау құжаты бойынша әр түрлі көлік түрлерімен іске асатын тасымалдаулар.

1-ші кестеде аралас тасымалдауды ұйымдастыруына дәстүрлі және логистикалық тәсілдемелерінің салыстырмалы сипаттамасы көрсетілген.

Көліктік логистика міндеттеріне жатады:


  • жеткізудің рационалды маршруттарын анықтауы;

  • көліктік құрал түрін таңдауы;

  • көліктік үрдістің қойма мен өндірістік үрдіспен бірлескен жоспарлануы;

  • көліктік-қойма үрдісінің технологиялық бірлігін қамтамасыз етуі;

  • көлік жүйелерін, соның ішінде көліктік коридорлар мен көліктік тізбектерін құрастыруы.

Көліктік коридор – бұл жеке географиялық аудандар арасындағы жүк тасымалдауын қамтамасыз ететін ұлттық немесе халықаралық көліктік жүйенің бөлігі.

Көліктік тізбек – бұл бір немесе бірнеше көлік түрлерінің көліктік құралдарын пайдаланып, дәл қашықтыққа жүк тасымалдау кезеңдері

Көлік түрлерін таңдау міндеті көліктік логистикада негіз болып келеді,және ол логистиканың басқа міндеттерімен тығыз өзарабайланыста шешіледі.

Әдебиет: [10 128-130 б.,11].

Тақырып 7. Уақыт аралығында өзгертілетін көлік үрдісі
Жоспар:

1 Қозғалыс көлемінің ауытқуы.

2 Жылжымалы құрамның санын белгіленген дәрежеде ұстау.

3 Толық емес ақпарат кезінде қызмет көрсету.

Логистика бұл бірлік техника, технология, экономика және жоспарлау.

Көлік кешенінде техникалық түйіндес бұл көлік құралдары параметрлерінің келісушілігі. Бұл келусішілік модальды тасымалдауларды қолдануға, контейнерлермен және жүк пакеттарымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Экономикалық түйіндес – бұл нарық кңонъюктурасын және тарифтік жүйені құрастыруды зерттеудің жалпы әдіснамасы.

Бірлескен жоспарлау бұл графиктердің бірлік жоспарын дайындау және қолдану.

Көліктік логистика міндеттеріне жатады:

жеткізудің рационалды маршруттарын анықтауы;

көліктік құрал түрін таңдауы;

көліктік үрдістің қойма мен өндірістік үрдіспен бірлескен жоспарлануы;

көліктік-қойма үрдісінің технологиялық бірлігін қамтамасыз етуі;


  • көлік жүйелерін, соның ішінде көліктік коридорлар мен көліктік тізбектерін құрастыруы.

Көліктік коридор – бұл жеке географиялық аудандар арасындағы жүк тасымалдауын қамтамасыз ететін ұлттық немесе халықаралық көліктік жүйенің бөлігі.

Көліктік тізбек – бұл бір немесе бірнеше көлік түрлерінің көліктік құралдарын пайдаланып, дәл қашықтыққа жүк тасымалдау кезеңдері

Көлік түрлерін таңдау міндеті көліктік логистикада негіз болып келеді,және ол логистиканың басқа міндеттерімен тығыз өзарабайланыста шешіледі.

Көліктің әр түрі көлік құралдарының типажымен және көлік құралын пайдалануын, техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуін ұйымдастыруға арналған өндірістік-техникалық базасымен сипатталады.

Көптеген шетелдік авторлар көліктік жүйенің компоненттері ретінде жолды, терминалды, жылжымалы құрамды және тартым құралдарын қарастырады.

Логистикалық менеджмент үшін осы компоненттердің кейбір технико-пайдаланылма параметрлері шешуші болып келеді. Олар:

Жылжымалы құрам үшін:


  • техникалық және пайдаланылма жылдамдығы;

  • жүк сыйымдылығының және көлік құралдарының габаритті өлшемдері;

  • толық масса, өстегі жүктеме;

  • қозғалтқыш қуаты;

  • тіркеменің, жартылай тіркеменің, вагондардың жүксыйымдылығы және габаритті өлшемдері

Қатынас жолдары үшін:

  • өткізу қабілеттілігі;

  • жүру бөлігінің ені (колея), фарватер тереңдігі;

  • жол төсеміне ұйғарынды жүктеме.

Терминалдар үшін:

  • пайдалы қойма алаңы;

  • айналым саны (айналым жылдамдығы);

  • көліктік-көтергіш және қойма жабдықтарының өнімділігі.



Әдебиет: [10 155-166 б.,11].

Тақырып 8 Тасымалдаудың технологиялық жүйесі мен оның сипаты
Жоспар:

1 Тасымалдау жүйесіндегі үрдістер.

2 Тасымалдаудың технологиялық жүйесін құрастыру.

3 Математикалық ойлауды қолданып жүйені бейнелеу.

4 Графалардың көмегімен бейнелеу.

5 Эксплуатациялық жүйелерді бақылау.



Әдебиет: [10 172-198 б.,11].
Тақырып 9 Көлік кәсіпорнының микрологистикалық жүйесі қызметінің әдістемелік негіздері
Жоспар:

1 Көліктік қызмет көрсетуді жоспарлаудың әдістері мен модельдері.

2 Көлік құралдарын жөндеуді басқарудың әдістемелік негіздері.

3 Автокөлік кәсіпорнының материалдық техникалық жабдықтау жүйесінің әдістері мен модельдері.



Әдебиет: [10 201-240 б.,11].
Тақырып 10 Автокөлік кәсіпорнының микрологистикалық жүйесін дамытудың әдістері мен модельдері
Жоспар:
1 Көлік кәсіпорнын дамытуды болжалдау әдісі.

2 Көлік кәсіпорнының өндірістік бағдарламасын болжау әдісі.

3 Эвристикалық болжалдау.

4 Көлік кәсіпорнының микрологистикалық жүйесін ұйымдастыру нұсқалары.


Әдебиет: [10. 256-301 б., 11].
Тақырып 11 Теміржол көлігі моделін қңдеудің модульдік принципі
Жоспар:

1 Қойылу мақсаты.

2 үрдісін ұйымдастыру жүйесі.

3 Жолаушыларды тасымалдау жүйесі.

4 Жүктерді тасымалдау жүйесі.

5 Жүйенің модульдік құрылымы.

6 Теміржол көлігінің жүйелік жағдайын жобалаудың логистикалық сызбасы.

Әдебиет: [11 2ч. с.6-8].
Тақырып 12 Көлік қызметін пайдаланушының логистикасы
Жоспар:

1 Әртүрлі көлік түрлерінің салыстырмалы логистикалық сипаттамасы.

2 Тасымалдау баламалары мен логистикалық делдалдарды таңдау көрсеткіштері.

3 Терминалды тасымалдар.

4 Көлік шығындары және тарифтер.

5 Тасымалдауды ұйымдастыру және басқару.



Әдебиет: [11 2 ч., с. 36-80].
Тақырып 13 Жүкті қоймалау, жүк тарасы, орау және қайта өңдеу
Жоспар:

1 Қоймалаудың қисынды шешімдері.

2 Тара мен ораудың логистикалық аспектілері.

3 Жүкті өңдеу.



Әдебиет: [11 2 ч., с.83-96].
Тақырып 14 . Логистикалық үрдісті ақпаратпен қамтамасыз ету
Жоспар:

1 Логистикадағы ақпарат ағымы.

2 Логистикалық ақпарат жүйелері.

3 Логистикалық ақпараттық-компьютерлік технологиялар.

4 Логистикадағы штрих кодтары сканерлеуді қолдану.

Әдебиет: [11 2ч., с. 105-162].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет