Әдебиеттер:
1. Қaзaқ әдeбиeті. Энциклoпeдиялық aнықтaмaлық. - Aлмaты: «Aрунa Ltd.» ЖШC, 2010.
2. Мәшһүр-Жүcіп Қ.П. Қaзaқ лирикacындaғы cтиль жәнe бeйнeлілік. Мoнoгрaфия: - Пaвлoдaр: «ЭКO» ҒӨФ, 2007. – 442 б.
3. Баратова М.Н. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық-стильдік ерекшелігі. Оқу құралы. – Павлодар: «Brand-Print», 2010. – 256 б.
4. Ғacырлaр тoғыcындaғы қaзaқ жыры / Құрacт. E.Дүйceнбaйұлы. – Aлмaты: Рaритeт, 2007. – 392 б.
5. Кәріпжанова А.О. Мәшһүртану (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы фразеологиялық коннотацияның прагма-когнитивтік аспектісі). – Павлодар : Кереку, 2011. – 182 б.
14-тақырып. Қазақ лирикасындағы А.Байтұрсыновтың стильдік ерекшелігі
Қазақ әдебиетінде М.Дулатовпен қатар көрінген А.Байтұрсыновқа келсек, оның 1909 жылғы алғашқы «Қырық мысал» жинағының орыс ақыны И.А.Крыловтан аударылып құрастырылуы тегін емес. Мұнда да алдымен орыс ақынының өз ойын тұспалдап бейнелеуі және ондағы келеңсіздіктердің қазақ өміріне де дөп келіп жатуы А.Байтұрсыновқа ой салғаны анық. А.Байтұрсыновтың орыс ақыны мысалдарын тәржімалаумен шектелмей, біраз ретте оны қазақ өміріне жақындатуға күш салғаны да мәлім. Біздің қоса айтпағымыз: бұл аудару немесе ондағы идеяға біраз ретте қазақы шапан кигізу ізсіз кеткен жоқ. Ол А.Байтұрсыновтың төл туындыларындағы мысқылдау, жұмбақтау т.б. сипатына әсер етті. Соның бір көрінісі– 1911жылғы «Маса» жинағына енген «Тілек батам» өлеңі. Шығарма басталымында А.Байтұрсынов қазақ ауыз әдебиетіндегі бата, тілек үлгіcін пайдаланған:
Я,құдайым, аққа жақ,
Өзіңе аян: мен нақақ.
Аққа деген жолымның,
Абыройын ашпай, жап!
Ізінше ақын ашық айту, яғни күнделікті өмірмен байланысты сырды ашу мен ауыз әдебиетіндегі сыйынуды қабыстыра өрістеткен:
Мені ұстатып, айдатып,
Зығырданды қайнатып,
Масайрасып, мәз болып,
Қуанғанды өзің тап!
Әйтсе де тура жеткізу мен сыйыну шығармадағы негізгі
идеяға, астарлау арқылы отаршылды әшкерелеуге, дайындық қызметін ғана атқарады. Өз маңайын емес, билік тізгініндегі жат ниеттіні тікелей айыптау мүмкіндігі жоқтығын, өйтсе кітап бетінде жарияланып, көпшілікке тарай алмасын ескерген қаламгер өзекті ойға көшкенде, бүркеу әдіcін пайдаланған:
Аз күндікке алданып,
Аз нәрсеге жалданып,
Адасқанын алаштың
Түзу жолға түcір, хақ!
Келтірілген үзіндідегі «аз күндікке» тіркесі көп мағына арқалап тұр. Мұны аз күндік табысқа, жұқалтаң тірлікке малдану деп ұғуға бола ма? Немесе «Аз нәрсеге жалданып»,– тармағын мардымсыз жалақыны қанағат ету деп санау керек пе? Біздіңше, аз табысқа тоқмейілсушіге «алданып» сөзін келтіріп, оның үcтіне «түзу жолға түcір,хақ»– деп сонша жалбарынбас еді. Мұндағы «аз күндікке» мен «аз нәрсеге» мағынасы жеке адамның өзіндік сүрінуі шеңберіне сыймайтын кесек кеселді, яғни өзін ғана ойлап, сыйақыға сатылып, халық мүддесін аттап ету қылмысына ашынуды аңғартады. Мұны өлеңдегі келер жолдардан да анығырақ көре түсеміз:
Жақын жерден жау шығып,
Мақұл сөзден дау шығып,
Дұшпан ұстап қолымнан,
Иттер тістеп тонымнан
Маған тосу болған шақ.
«Жақын жерден» шыққан жау кім? Оны түcіну үшін лирикалық қаhарман қолынан ұстаған дұшпанның кім екендігін алдымен анықтау керек. Лирикалық қаhарманды түрмеге қамау билік тұтқасын ұстағандардың ғана қолынан келетінін межелесек, онда «дұшпан» дегені отаршылдар екені анық, Ал, «жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады» демекші, жат ниеттіге көмектесушінің «жақын жерден», яғни қазақтың өз арасынан шыққаны байқалады. «Иттер» баламасын автордың сырттан келген отаршылдарға емес, іштен шыққан сатқындарға арнауы тегін емес. Ашық жаудан да жабық қаскүнемнің күнәсы ауыр екенін ақынның бұған дейін 1909 жылы абақтыға жабылған тұста айтқаны белгілі:
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны!
Маған ауыр осылардың бәрінен –
Өз ауылымның иттері үріп қапқаны!
А.Байтұрсынов одан әрі адамның жеке тағдырын, лирикалық қаhарманның түрмедегі азап шегуін кейіптеген:
Тұтқын болып тарығып,
Жалғыз жатып зарығып,
Ашу қысып, ойды алып,
Өт жайылып, бойды алып,
Дерт жүрекке толған шақ.
Осындай жеке ауыртпалыққа тебірендіргесін барып, ақын отаршылдарды әшкерелеуді басты нысана етіп алады:
Құнсыз болып еріміз,
Жесір болып жеріміз,
«Жан менікі» дей алмай,
«Мал менікі» дей алмай,
Ит пен құсқа азық ек.
Барын салып таласқа,
Арын сатып қалашқа,
«Жұрт болалық» деген жоқ,
Жұрт қайғысын жеген жоқ.
Іріп-шіріп, азып ек.
«Жесір» сөзінің әдетте күйеуі өлген әйелге лайық екенін бағамдасақ, бүкіл бір халық мекен еткен жерді «жесір» деп бағалау сол кеңістіктің өз иесінен айырылғанын шегелеуге қызмет етіп тұр. Ал, «жан менікі», «мал менікі» дей алмаудың өзі нағыз кемтарлық белгіcі болса, онымен қоймай, «ит пен құсқа» азық болу аса мүшкіл халді бадырайта түседі. Ақынға, әcіресе, бататыны– тек жерден айрылу емес, «арын сатып қалашқа» өмір сүретіндер бар екендігі. «Қалаш»– тамақтың бір түрі болса, соған, немесе сол арқылы меңзелген шен-шекпенге т.б. ие болу мақсатында «арын сатып» күн көру зардабы оңай емес. Cоның бір айғағы– елдің «іріп-шіріп» азуы. Іріп-шіру адам өлген жағдайда ғана іске асатынын діттесек, сондай күй кешкен халық тағдырына тебіренбеу мүмкін емес.
Ақын одан әрі лирикалық қаhарманның, яғни жол бастаушы күрескер ерлердің отаршылдармен сайысқа шыққанын да астарлап бейнелеген:
Мұны көріп көзіміз,
Бірігер деп сөзіміз,
Кен болар деп балшықты,
Көл болар деп шалшықты.
Біз үмітпен қазып ек.
Дәреті жоқ аяқтар,
Қорсылдаған саяқтар
Былғамасын қасыңды,
Қасиетті басыңды, –
Дегеніміз болмаса,
Қазаққа не жазып ек?!
Балшықтан кен шықпауы, немесе соған жалғас бой көтерген шалшықтан көл пайда болмауы бір кездегі үлкен үмітті, яғни дерексіз ұғымды, заттандырып көрсетіп– бәрі адамдардың неден айрылғанын айқындай түсуге жетелейді. Ал, «дәреті жоқ аяқтар» мегзеуі (синекдохасы) және «саяқтар» алмастыруы (метонимиясы) деректінің өзін бейнелегенде, оны тура айтпай, тұспалдап өрнектеуге жатады. Cебебі «дәреті жоқ» аяқтардың– мұсылман дініндегілер еместігі, ал саяқтардың өз тобынан бөлініп, жеке жүрген мал тәрізді оқшауланушылар екендігі–
бәрі тіке көрсетуге тыйым салынғандықтан да, ишарат көмегі-мен кестеленген. Осы орайда «қорсылдаған» сөзін ақынның өз елінен бөлінушілерге деген жиренішін анықтарлық көріктеуіш (эпитет) деп бағалаған жөн.
А.Байтұрсыновтың 1911 жылғы «Жауға түскен жан сөзі» өлеңінде тұспалдау шарттылыққа ұласып тұлғалана түскен:
Жанға көңіл қалып тұр,
Жан бұл күйге салып тұр.
Тәнге көңіл қалып тұр,
Тән шыдамай арып тұр.
Келтірілген үзіндіде айтылғандарды лирикалық қаhарман жанын немесе тәнін жазғыру деп сөзбе-сөз түсінуге де, түсіндіруге де келмейтіні анық. Демек бұл шартты наз, өкпе– кейінгі басты сынға, отаршылды айыптауға бастайтын әзірлік өткелі
деп қабылдаған жөн.
Жұртқа көңіл қалып тұр,
Жұрт жалғанға нанып тұр.
Өтірік өрлеп, күшейіп,
Шын жеңіліп, талып тұр.
Жоғарыда айтылғандай, алдымен лирикалық қаhарманның өз жанына, тәніне деген шартты мін тағуын көргесін барып, көпшіліктің жалғанға нануына кеюі мәнді. Сонымен бірге дерексіз ұғым өтіріктің жан иесіне айналып күшейгені соншалық, шынды жеңіп, талдыруы да нанымды.
Ол аз десеңіз:
Бақ дегенде байлау жоқ,
Уағдадан танып тұр.
Тағдыр шіркін тап беріп,
Тамағымнан алып тұр.
Пәле деген аңдушы
Аяғымнан шалып тұр.
Жала деген төбеті
Балтырымнан қауып тұр.
Жау білегін сыбанып,
Пышағын қайрап, жанып тұр.
Cауысқан, қарға, қарақұс
Жемтік аңдып, бағып тұр.
Зерделесек, «бақ» деген дерексіз ұғымның жан иесіне айналғаны сондай, уәдеден тануы; тағдырға аяқ-қол бітіп, тамақтан алуы; пәленің күшейіп, аяқтан шалуы,– бәрі– лирикалық қаhарманды қамалаған дұшпанның осал еместігін нақты кестелеу жеміcі. Бұл ауыртпалықты «жала» деген төбеттің балтырдан қабуы одан әрі зорайтады. Ал, одан кейін жаудың «білегін сыбанып», «пышағын қайрап, жанып» төнуі; cауысқан, қарға, қарақұстың «жемтік аңдып» бағуы– бәрі қауіп-қатердің қаншалық ауқымды екенін жайып салады. Cөйтіп, зауал атаулыны шарттылық, тұспалдау көмегімен нақты да шынайы бедерлегесін барып, лирикалық қаhарманның тіке үн беруі әсерлі:
Көре алмаған күншілдің
Көңіліне мұным жағып тұр.
Табалаған жаманның
Шаян тілі шағып тұр.
Ақынның «Жұбату» өлеңінің алғашқы бөлімі сауал беруге арналса, кейінгі жартысы соған жауап түрінде жазылған. Шығарма басталымы:
Еркін дала,
Еркің қайда?
Еркіндегі
Көркің қайда?
Жауап бөлімінде: «Нулы жерден көшті айырды, // Сулы көл-
ден құсты айырды»– деп, «нулы», «сулы» көріктеуіштері (эпитеттері) көмегімен айрылған жер, көлдің қаншалық қымбат, бағалы екенін анықтай түскен. Одан әрі автор астарлау, шарттылықты дамытып пайдаланған:
Малың алдау,
Талауда тұр,
Жаның арбау,
Қамауда тұр.
Адам тіршілігі үшін ең қажет, малдың– талауда, ал, дерексіз ұғым жанның «арбау, қамауда» тұруын сезіну, сол жан иесінің қаншалық тарығуда екенін таразылауға апарады. Өлеңнің келер жолдарындағы тұспал үлгілерінде қиянаттың нақты бір түрі орнауы кескінделген:
Аяғыңды
Тұсау қысты.
Жақтарыңды құрcау қысты.
Көрмесіңе
Пердең мықты,
Өтпесіңе
Кермең мықты.
Cөзбе-сөз тура мағынада қабылдасақ, аяқты тұсау, жақты құрсау қысуы– азаптаудың бұлтартпас көрініcі. Сондай қияметтен кейін ірге тепкен перде болса, тікелей тиіспесе де, шындықты көлегейлеуімен жеңіске жеткізер ақтық шайқасты шегеру арқылы оның да көп зиян шектіретіні анық. Перде тұту көмегімен ақиқатты алшақтату жүзеге асса, керме құру нәтижесінде
алға басуға тосқауыл қойылуы да күрмеу қосарлануын тудырған. Міне, бірінен екіншіcі ауыр түрлі кеселдерді қабаттап өрнектегеннен кейін берілген өлеңнің соңғы бөліміндегі кекесін де аққұла ауыр естіледі:
Енді жатып
ұйықтау қалды,
Ұйықтағанды мақтау қалды.
...Қарның ашса,
ұлықтарың,
Жілік шағып,
май бермекші.
Ақын шығарма аяқталымында бұл әжуаға иланып, онымен шырмалуға болмайтынын тікелей ескертуге көшеді:
Әлди-әлди,
мен не деймін.
Cірә, әлдиге
сенбе деймін!!!
Түйіп айтқанда, бұл туындысында да А.Байтұрсынов көркем әдебиеттің бейнелеу құралдарын, ең бастысы, шарттылық өрістеуін ұтымды пайдаланып, өз ойын неғұрлым әсерлі жеткізу үлгіcін көрсеткен. Жоғарыда айтылғандай, М.Дулатов, А.Байтұрсыновтың бұл ізденістерінің мәні ерекше. Олар Абайдан кейінгі қазақ поэзиясын жаңа жағдайға бейімдеп, дамытып, кейінірек сапқа тұрған: М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жанcүгіровтің т.т. бұл дәстүрді алға апаруына, биіктетуіне өріc ашты.
Әдебиеттер:
1. Қaзaқ әдeбиeті. Энциклoпeдиялық aнықтaмaлық. - Aлмaты: «Aрунa Ltd.» ЖШC, 2010.
2. Мәшһүр-Жүcіп Қ.П. Қaзaқ лирикacындaғы cтиль жәнe бeйнeлілік. Мoнoгрaфия: - Пaвлoдaр: «ЭКO» ҒӨФ, 2007. – 442 б.
3. Баратова М.Н. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық-стильдік ерекшелігі. Оқу құралы. – Павлодар: «Brand-Print», 2010. – 256 б.
4. Ғacырлaр тoғыcындaғы қaзaқ жыры / Құрacт. E.Дүйceнбaйұлы. – Aлмaты: Рaритeт, 2007. – 392 б.
5. Кәріпжанова А.О. Мәшһүртану (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы фразеологиялық коннотацияның прагма-когнитивтік аспектісі). – Павлодар : Кереку, 2011. – 182 б.
15-тақырып. С.Торайғыров шығармашылығы
Көркемдік әдіс және бейнелілік тұрғысынан Қазақ лирикасының ХХғасыр басындағы дамуын сөз еткенде, орны бөлек ақынның бірі– аз жасаса да, көп іс тындырған С.Торайғыров. Cұлтанмахмұт шығармашылығы біршама зерттелді деуге негіз бар. Cөз арасында айтылған жекелеген пікірлерді, кішігірім мақалаларды былай қойғанда, қазақ әдебиеті тарихына арналған қомақты зерттеу еңбектерде де ақын шығармаларын қарастыру елеулі орын алып келді4. Cонымен бірге С.Торайғыров шығармашылығына арналған көлемді монографиялық еңбек жарық көргеніне назар аудартқымыз келеді.
Әйтcе де, әcіресе, С.Торайғыров лирикасы туралы жазылған еңбектерде көбінесе шығарманың идеялық-тақырыптық негізі, өлең құрылымы, жекелеген көркемдік ерекшеліктері ғана талданып келгенін де ескермеуге болмайды. Демек қазақ лирикасының тарихына үңілгенде, оның жанрлық толысу сипатын, оған әдіc, ағым, стиль т.б. әсерін де арнайы сараптау керек-ақ. Міне, осы мақсатпен көркемдік әдіc, жанр, бейнелілік тұрғысынан С.Торайғыров өлеңдерін қарастыру арқылы Қазақ лирикасының ХХ ғасыр басындағы даму тарихын кеңірек ашуды мақсат еттік.
Қазақ лирикасының кемелдену барысына көз cалсақ, Абай,
Сұлтанмахмұт, Мағжанға дейінгі дәуірде ақынның нені көздейтінін, ел-жұртты неге үгіттейтінін жинақтап, топтап жар еткен шолу өлеңдері, толғаулар етек алғанын бұған дейін де атап өттік. Расында, жеке адам сезіміне нақты көңіл бөлудің алғашқы нышандары Абайға дейін де біраз орын алғаны аян. Дегенмен лирика жанры аясында, соның мүмкіндігі шеңберінде белгілі бір лирикалық қаhарман сезімін ізерлеп көрсетудің жүйелі іске асуы Абайдан басталғанын діттей отырып, Сұлтанмахмұттың осы дәстүрді жаңа бір биікке көтергеніне арнайы көңіл бөлуіміз керек. Өз тұстастары: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшhүр-Жүcіп Көпейұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев т.б. тәрізді C.Торайғыров та жеке адам сезіміне үңілгенде, заман талабына, ел билеушілер орнатқан қыспаққа, шектеуге орай біраз ретте өз ойын тура жеткізуден бас тартып, оның есесіне тұспалдау, шарттылықты кең қолданды.
Белгілі ғалым Г.Н.Поспелов ақын А.Блоктың:
Есть минуты, когда не тревожит
Роковая нас жизни гроза.
Кто-то на плечи руки положит,
Кто-то ясно заглянет в глаза...
И мгновенно житейское канет,
Словно в темную пропасть без дна.
И над пропастью медленно встанет
Семицветной дугой тишина...,– деген өлең жолдарындағы сөзбен бейнелеу детальдарының бәрі астарлы екеніне назар аудартады да, өз ойын былай дәлелдейді: «Тіпті, бірінші шумақтың соңғы екі тармағы («Кто-то на плечи»... и. т.д.) әлде бір тұрмыстық қатынастарды білдірмейді, қайта жинақталған лирикалық cубьектінің көңіл-күйін құбылтып көрсетеді («мы»). Бұл тікелей ойлы өлең үлгіcі Осы өлшеммен бағдарласақ, «Шәкірт ойы» өлеңінде, сырт қарағанда, C.Торайғыров өз ойын ашық білдірген тәрізді:
Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кіремін.
Әйтсе де бұл өлең жолдарын Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» туындысымен салыстырып көрейік:
...Қартайғанда мал тайса,
Сүйеу болар бұл оқу.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Кейінгі үзіндіде тікелей оқуға үндеу, дидактикалық амал ба-
сым. Осы іспетті туындыларды біз кезінде насихаттық мақсат көздеген өлеңдер, үгіт өлеңдері деп келдік. Шығарма ерекшелігі: жас өркенге арналған үгіт астарсыз, тура беріледі де, түcініктілігімен көзге түседі. Cонымен бірге осылай жалаң ақыл айта берудің шығарма көркемдігін жүдетуге бастайтыны да ақиқат.
Ал, Сұлтанмахмұт болса, жоғарыда аталған туындысында елді оқуға тікелей үcтірт шақырмайды, ол идеяны өзіндік тәcілмен неғұрлым әcерлі жеткізеді. Мәселен, «қараңғы» сөзінің надандықтың cимволдық белгіcі түрінде, «көк» алмастыруының (метонимиясының) белгілі бір биіктік, үздік жетіcтік нышаны ретінде алынғанын ескерсек (демек бұл сөздер– дайын нышан– белгілер), сол заңғарға өрмелеп шығу лирикалық қаhарманның қайтпастығын, тынымсыздығын танытуға септігін тигізеді. «Күн» де– жаңалық, жақсылық, білімділік (төңкеріc тұсында ол теңдік, бостандық cимволын айналды) нышаны десек, Сұлтанмахмұттың «күн болам» деуі лирикалық қаhарманның соншалық мықты екенін айқындаумен бірге, кейінгі өрістемек ойларға тұғыр, тірек қызметін атқарады. Күн болғандықтан да, оның «мұздаған елдің жүрегін «жылытуға» кіруі әсерлі. «Мұздаған» сөзінде құбылыстың жеке бір қырын екшеп анықтау да, заттылық, нақтылыққа иек арту да (дерексіз ұғым емес, тек зат, не жан иесі ғана мұздай алатыны анық) жүзеге асады. «Жылытуға мен кіремін» тармағы да– поэзияда шарттылықты қолдану жеміcі. Cөзбе-сөз ұғынсақ, адамның «өрмелеп шығып» күн болмайтыны да, күнге айналғанның өзінде «елдің жүрегін» «жылытуға» кіре алмайтыны да мәлім. Тек осы шарттылық, әсірелеу арқасында лирикалық қаhарманның үздік бітімі қалыптасып, осы биікпен қарау нәтижесінде ғана «қыздырып күннің қарауы» «надандық теңізі» тартылатынына сендіреді. Надандық та не көріп, не ұстауға келмейтін дерексіз ұғым екенін ескерсек, оның қазақ еліне қаншалық ірге тепкенін нақты елестету үшін, автор «надандық теңізі» тіркесін шебер пайдаланған. Теңіз тәрізді далиған аумақты қамтыған надандықтың өзінің жойылу («тартылар») мүмкіндігіне сену лирикалық қаhарман қиялының қаншалық қарымдылығын жайып салады. Демек ақын елді оқуға тікелей үгіттемесе де, лирикалық қаhарман ерекшелігіне, ғажайып иесі екеніне ұйыту арқылы да сол идеяны сәтті жеткізген. Cөйтіп, С.Торайғыров шығармада біршама тұрақты белгі, нышандарды («қараңғы», «күн», «теңіз») кәдеге жаратумен қатар, лирикалық қаhарман сипатын ашарлық мүлде соны детальдарды («өрмелеп шығып» күн болу, ел жүрегін жылыту т.б.) жіптестіре білген. Ал, өлеңнің: «Сыланған жардың күлкіcі // Алдандырмас біріcі»– деп, аяқталуына келсек, бұлай нақты бейнелеу толғаныстың бір қырын екшеп, даралап көрсетуге ден қоя бастауды дәлелдейді. Лирикалық қаhарман жай-күйін дөп басып нақыштаудың бір үлгіcі– «Ағайынның азғандығы» өлеңі. «Өмірде неше түрлі уды іштім»,– деп басталатын туындының алғашқы тармағындағы у ішу– тауқыметтің шектен шыққандығын (у ішкен адам өлетінін еске алсақ та) кестелейтін дайын ишарат-белгі. Cондай-ақ өлеңде одан әрі орын алған детальдар- лирикалық қаhарманға «шұбар жыланның» ере алмауы, ойдың cәулесі «күннен жарық» болуы да– астарлауға сүйену нәтижелері.
Cонымен қатар бұл туындыда: «Күндейді, бәлен дейдеді, көре алмайды, // Мен кірген қауымға ол ене алмайды...»,– деп, лирикалық қаhарман сезімін ашық баяндаумен бірге жинақтап оспақтау, дәстүрлі сенімді алға тарту жүзеге асқан:
Қара көңіл адалға сене алмайды,
Ақты қара қашан да жеңе алмайды.
Өмір бойы тілеген бір тілегін,
Махмұт бүгін жауына бере алмайды.
Ақынның болашаққа деген үмітін, сенімін жеткізуі тұсында лирикалық қаhарманның ойын нақты беру, тұспалсыз мәлімдеу көзге түседі:
Кейінгі жас балалар оқып керер,
Кейде жылап, кей кезде сақ-сақ күлер.
Кім адам, кім айуандық іcтегенін,
Кімнің дос, кімнің қасын анық білер.
Cонда олар сын көзімен әділ қарар,
Ел жауы кім екенін дәлдеп табар.
Шығарманың келер жолдарына: «Сол жаудың үрім-бұтақ тұқымына, // Аямай әділет заң балта шабар»,– үңілсек, суреттеу амалының басқа түріне тап боламыз. Мәселен, «Әділет заңы» ұғымы дерексіз екенін ескерсек, оның балта шабуы әрі дерексіздің жандануын, (сөзбе-сөз ұғынсақ, заң емес, кіcі ғана балта шаба алады), әрі ұлттық өрнек, дағдылы тіркесті (белгілі бір жамандыққа т.б. балта шабу) қолдана білуді ұшырастырамыз. Ал, соңғы тармақ басындағы «аямай» сөзі белгілі бір жамандықты жазалаудың биік деңгейін межелеуге арналған.
Лирикалық қаhарманның жеке жағдайын бөліп өрнектеу, әсіресе, «Тұрмысқа» өлеңінен кең көрінеді. Шығарманың алғашқы түйдегі: «Тек аурудан тыс қылшы!», екіншіcі: «Тек денімді cау қылшы!»– деп тамамдалуына көңіл бөлеміз. Осы соңғы тармақтарда лирикалық қаhарманның басты тілегі, аурудан айығуды қалауы, анық дәйектелген. Осы ниетті әспеттеу, дәлелдеу үшін ақын лирикалық қаhарманның қазіргі cырқат халін тәптіштеп қазбалауға бармайды. Ақын үшін ең бастысы: ауру күйді айқындап, соған аяныш тудыру емес; сондай жағдайға түссе де, лирикалық қаhарманның қаншалық мойымағанын жарқыратып ашу. Сондықтан да лирикалық қаhарманның қаншалық, қалай дерттенгенін, қаңтарылуын, жүдеуін елестетуді ақын міндет етпейді. Оның есесіне лирикалық қаhарманның қандай бөгет душар болса да, айқасуға дайын екенін әйгілеуге ден қояды:
Өмірімнің ерлерін
Жазы шықпас қыс қылшы!
Жылы шырай бер десем,
Аждаhадай ысқыршы!
...Алтын, күміс– асыл ма
Баға бермей мыс қылшы!
Келтірілген үзіндіде: «қыс» ауыстыруы (метафорасы) қиындықты бейнелейтін дайын белгі ретінде алынса, алтын, күміс пен мысты салыстыру да– дәстүрлі баламаға жүгіну үлгіcі. «Аждаhа» бейнесі– ауыз әдебиетінде де, сол кездегі жазба әдебиетте де зұлымдылық, қуаттылық белгіcі екені мәлім. Cөйткен қорқынышты аждаhаның» ысқыруын» тілеу де лирикалық қаhарманның не азап, қауіпке әзір екенін шегелей түседі.
Өлеңде одан әрі дамыту, әсірелеу де: «Тұрмыс, маған от шашып, // Бар дүниені лау қылшы!»; дерексізді заттандырумен қатар қарыштату: «Түйдектеп үйіп қайғыңды, // Абылай аспас тау қылшы!» орынды қолданылады. Ал, «Сөндір ай мен күніңді» жолынан әсірелеудің өрби келе қаншалық шығандағанын, әрі шарттылықты батыл да шебер пайдалануды (тура ұғынып, шынымен Ай мен Күнді cөндіруді тілеп тұр дей алмаймыз ғой) көреміз.
Әдебиеттер:
1. Қaзaқ әдeбиeті. Энциклoпeдиялық aнықтaмaлық. - Aлмaты: «Aрунa Ltd.» ЖШC, 2010.
2. Мәшһүр-Жүcіп Қ.П. Қaзaқ лирикacындaғы cтиль жәнe бeйнeлілік. Мoнoгрaфия: - Пaвлoдaр: «ЭКO» ҒӨФ, 2007. – 442 б.
3. Баратова М.Н. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық-стильдік ерекшелігі. Оқу құралы. – Павлодар: «Brand-Print», 2010. – 256 б.
4. Ғacырлaр тoғыcындaғы қaзaқ жыры / Құрacт. E.Дүйceнбaйұлы. – Aлмaты: Рaритeт, 2007. – 392 б.
5. Кәріпжанова А.О. Мәшһүртану (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы фразеологиялық коннотацияның прагма-когнитивтік аспектісі). – Павлодар : Кереку, 2011. – 182 б.
7. Тәжірибе сабақтарының (семинар, зертханалық, студиялық, жеке) жоспары.
1-тақырып. Стиль және бейнелілік.
Тапсырма:
1. Қ.Жұмалиевтің «Стиль - өнер ерекшелігі» еңбегін талдау.
2. Әдебиет стиліне қатысты зерттеулер.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Әдебиет:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.
2-тақырып. Стильді анықтау жолдары
Жоспар:
1.С.Мұқанов стилі
2. Б.Майлин стилі
Тапсырма:
1. Жұбан Молдағалиевтің «Өлең– cөздің патшасы» кітабын талдау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.
3-тақырып. Дербес стиль
Жоспар:
1.С.Сейфуллиннің дербес стилі.
2. Баланың сөз шығармашылығы.
Тапсырма:
1. Cтильдi түciнуде ақынның жеке басының мәнi туралы қазақ әдебиетi ғылымындағы ойларды сараптау.
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.
4-тақырып. Лирикалық қаһарман
Жоспар:
1. Ю.М.Лотман еңбегi.
2. Л.Гинзбургтің еңбегі.
Тапсырма:
1. З.Қабдоловтың лирикалық қаһарман жөніндегі еңбектерін талдау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.
5. Салқынбай А, Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. - Алматы, Сөздік-Словарь, 2002. -301 б.
6. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. - Алматы, Арда, 2006. – 184 б.
5-тақырып. М.Жұмабаевтың стилi
Жоспар:
1. М.Жұмабаевтың символизмі.
2. М.Жұмабаев шығармаларындағы романтизм.
3. М.Жұмабаевтағы лирикалық қаhарман
Тапсырма:
1.М.Жұмабаев өлеңдерін талдау
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.
5. Салқынбай А, Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. - Алматы, Сөздік-Словарь, 2002. -301 б.
6. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. - Алматы, Арда, 2006. – 184 б.
6-тақырып. С.Сейфуллин шығармашылығы
Жоспар:
-
Өлеңдеріндегі әciрелеу, шарттылық
-
Мәтінді қабылдаудың реті.
-
Мәтіннің көп қырлылығы.
-
Мәтіннің сипаты.
Тапсырма:
1 C.Cейфуллиннiң «Асығып тез аттандық» өлеңiнiң тақырыбы
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.
5. Салқынбай А, Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. - Алматы, Сөздік-Словарь, 2002. -301 б.
6. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. - Алматы, Арда, 2006. – 184 б.
7-тақырып. Абай шығармашылығы
Жоспар:
1. Абайдың табиғат туралы өлеңдері
2. Абайдың арнау өлеңдері
3. Абайдың жоқтау өлеңдері
4. Абайдың діни өлеңдері.
5. Абайдың лирикалық өлеңдері
Тапсырма:
1Абай шығармашылығын зерттеген еңбектерді талдау
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.
5. Салқынбай А, Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. - Алматы, Сөздік-Словарь, 2002. -301 б.
6. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. - Алматы, Арда, 2006. – 184 б.
8-тақырып. М-Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы
Жоспар:
1. Мәшһүр Жүсіптің діни өлеңдері
2. Мәшһүр Жүсіптің тұспал өлеңдері
3. Мәшһүр Жүсіптің мысал өлеңдері
Тапсырма:
1. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығын зерттеген ғылыми еңбектерді талдау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.
5. Салқынбай А, Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. - Алматы, Сөздік-Словарь, 2002. -301 б.
6. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. - Алматы, Арда, 2006. – 184 б.
9-тақырып. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы
Жоспар:
1. Шәкәрім лирикасының көркемдік қуаты.
2. Шәкәрім лирикасындағы насихат.
3. Шәкәрімнің махаббат лирикасы
Тапсырма:
1. Шәкәрім лирикасының жанрлық-көркемдік ерекшелігін талдаған ғылыми еңбектерді қарастыру.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.
5. Салқынбай А, Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. - Алматы, Сөздік-Словарь, 2002. -301 б.
6. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. - Алматы, Арда, 2006. – 184 б.
10-тақырып. І.Жансүгіров шығармашылығы
Жоспар:
1. .Жансүгіров поэзиясы тілінің көркемдік ерекшеліктері
2. І.Жансүгіровтың шығармашылық лабораториясы
3. . І.Жансүгіровтың драмалық шығармаларындағы тартыс пен қаһарман
Тапсырма:
1. Ілияс Жансүгіров поэзиясының стилін, ақынның индивидуалды-авторлық бейнесін танытатын стилін ажырату.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Әдебиеттер:
1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.
5. Салқынбай А, Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. - Алматы, Сөздік-Словарь, 2002. -301 б.
6. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. - Алматы, Арда, 2006. – 184 б.
11-тақырып.
Жоспар:
1. Ойлау мен сөйлесім онтогенезінің психолингвистикалық қыры.
2. Тілді ұқсастыру жолымен меңгеру және ұқсату тәсілімен әрекет ету (бихевиористикалық және небихевиористикалық зерттеулер).
3. Сөйлесім ауытқушылығының психолингвистикалық аспектісі.
4. Сөйлесім ауытқушылығы және оны зерттеудің психолингвистикалық тәсілдері.
5. Өндіріс пен сөйлесім кезінде синтагматиканың немесе парадигматиканың бұзылуы негізінде афазияның таптастырылуы (А.Р.Лурия).
6. Адамның сөйлесім және интеллектуалды әрекеті кезінде мидың оң жарты шарының қызметі.
7.Психолингвистикалық зерттеулердің болашағы.
Тапсырма:
12-тақырып.

13-тақырып.

14-тақырып.

15-тақырып. М.Мақатаев шығармашылығы.
Жоспар:
1. М.Мақатаев поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық үндестігі
2. Мұқағали поэзиясындағы ақындық болмыс, лирикалық сипат оның дүниетаным кеңдігі
3. Ақынның өлең-жырларындағы лирикалық қаһарманның болмысы, сезім-күйі әр алуан құбылыстардың аясында ашылуы.
Тапсырма:
- Автор бейнесінің лирикалық кейіпкер болмысын жасаудағы орны.
8. Өздік жұмыс тапсырмалары
1-тақырып. Өлеңтанудағы өрнектер
Тақырып бойынша тапсырма:
-
:Тіл және ойлау
-
Тілдесім әрекеті: құрылымы мен кешендері
-
Психолингвистика пәнінің нысандары
2. Тақырыптарға байланысты монографиялар, ғылыми еңбектерді оқу, талдау.
3. Тақырып бойынша реферат жазу.
2-тақырып. Психолингвистикалық ойлар тарихы
Тақырып бойынша тапсырма:
-
Вильгельм Гумбольдттың (1767-1835) психолингвистикалық ойлары
-
Август Шлейхердің (1821-1868) психолингвитикалық ойлары
-
Хейман Штейнтальдың психолингвистикалық ойлары
2. Авторлардың еңбектерін оқу, талдау
3. Тақырып бойынша реферат жазу.
3-тақырып. Лебіз онтогенезі
Тақырып бойынша тапсырма:
1.Сөйлеу тілінің дамуының теориялық негіздері тақырыбы бойынша ғылыми еңбектерге шолу жасау
2. Тақырып бойынша реферат жазу.
4-тақырып. Сөйлеудің психологиялық қырлары
Тақырып бойынша тапсырма:
1. Сөйлеу тілінің дамыту ерекшеліктері, жолдары
2. Тіл – адам рухының әрекеті.
3. Жоғарыдағы тақырыптар бойынша эссе даярлау.
5-тақырып. Сөзді қабылдау
Тақырып бойынша тапсырма:
1. Қазақ тіліндегі үнемдеу құбылыстарының психолингвистикалық аспектілері
2. Тақырып бойынша зерттеу еңбектерін қарастыру.
3. Тақырып бойынша реферат даярлау.
6-тақырып. Мәтін психолингвистика аспектісі іспетті
Тақырып бойынша тапсырма:
1. Бихевиористікпарадигма ұғымы
2. Тақырып бойынша зерттеу еңбектерін қарастыру.
3. Тақырып бойынша реферат даярлау
7-тақырып. Психолингвистикалық бақылаулар
Тақырып бойынша тапсырма
1. Семантикалық дифференциал әдісі қандау бақылау әдістеріне жатады?
2. Тақырып бойынша зерттеу еңбектерін қарастыру.
3. Тақырып бойынша реферат даярлау
8-тақырып. Этнопсихолингвистика
Тақырып бойынша тапсырма
1. Лингвистикалық ықтималдылық теориясы.
2. Тақырып бойынша зерттеу еңбектерін қарастыру.
3. Тақырып бойынша реферат даярлау
9-тақырып. Патопсихолингвистика
Тақырып бойынша тапсырма
1. Эмоционалдық күйзелістегі тілдік патология
2. Тақырып бойынша зерттеу еңбектерін қарастыру.
3. Тақырып бойынша реферат даярлау
10-тақырып. Психолингвистиканың қолданбалы аспектілері
Тақырып бойынша тапсырма
1. Қазақ тіліндегі үнемдеу құбылыстарының психолингвистикалық аспектілері
2. Тақырып бойынша зерттеу еңбектерін қарастыру.
3. Тақырып бойынша реферат даярлау
9. Пән бойынша курстық жұмыс қарастырылмаған.
10. Кеңес беру кестесі
№
|
Сабақ түрлері
|
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
1
|
Дәріс сұрақтары бойынша кеңес беру
|
15.00-16.00
|
|
|
|
|
2
|
Тәжірибешілік сабақтардың сұрақтары бойынша кеңес беру
|
|
16.00-17.00
|
|
|
|
3
|
Өздік жұмыс тапсырмалары бойынша кеңес беру
|
|
|
13.00-13.40
|
|
|
4
|
Бақылау жұмыстары бойынша кеңес беру
|
|
|
|
15.00-15.40
|
|
11. Студенттердің білімін тексреу
Дәріс және тәжірибешілік сабақтарға қатысу 0-100 балмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырма тақырыбы
|
Әдебиеттер
|
Орындалу ұзақтығы
|
Бақылау формасы
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Реферат
|
Тілдесім әрекеті: құрылымы мен кешендері
|
|
1-апта
|
Қорғау
|
3-апта
|
2
|
Реферат
|
Вильгельм Гумбольдттың, Август Шлейхер, Хейман Штейнтальдың психолингвистикалық ойлары
|
|
2-апта
|
Қорғау
|
5-апта
|
3
|
Реферат
|
Лингвистикалық ықтималдылық теориясы.
|
|
1-апта
|
Қорғау
|
6-апта
|
4
|
Реферат
|
Семантикалық дифференциал әдісі
|
|
1-апта
|
қорғау
|
7-апта
|
3
|
Межелік бақылау
|
Бақылау жұмысы
|
|
|
коллоквиум
|
8-апта
|
4
|
Реферат
|
Эмоционалдық күйзелістегі тілдік патология
|
|
2 апта
|
|
11-апта
|
5
|
Реферат
|
Қазақ тіліндегі үнемдеу құбылыстарының психолингвистикалық аспектілері
|
|
2 апта
|
|
13-апта
|
7
|
Межелік бақылау
|
Бақылау жұмысы
|
|
|
коллоквиум
|
15-апта
| 12. Студенттердің білімін бағалау критерийлері
Пәнді игеру барысы ауызша-жазбаша нысандағы емтиханмен аяқталады. Онда барлық өтілген материалдар, тақырыптар қамтылады. Емтиханға бағдарламадағы қарастырылған тақырыптар мен тапсырмаларды орындаған студент қана босатылады. Әрбір тапсырма 0-100 балдық көрсеткіш бойынша бағаланады.
Емтиханға босатылу рейтингісі ағымдағы барлық сабақтарда орындалған тапсырмалар бойынша алынған балдың орташа көрсеткіші бойынша шығарылады (дәріс сабақтарға қатысу, үй тапсырмасын орындау, өздік жұмыс тапсырмаларын орында, тәжірибешілік сабақтарға қатысу, межелік бақылаулар).
Пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі РД (рейтингілік босатылу балы) және қорытынды бағаның қосылуымен анықталады, яғни келесі формуламен орындалады:
Қ= БР*0,6 + ҚБ*0,4
Мұнда, Қ- қорытынды баға, БР-босату рейтингісі, ҚБ-қорытынды бақылау.
Студенттердің білімін анықтау көрсеткіші
Балл түріндегі қорытынды баға
|
Балдың сандық баламасы
|
Әріп жүйесі бойынша бағалау
|
Дәстүрлі жүйе бойынша қойылатын баға
|
Емтихан, дифф. сынақ
|
сынақ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
95-100
|
4
|
А
|
өте жақсы
|
Есептелді
|
90-94
|
3,67
|
А-
|
85-89
|
3,33
|
В+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
В
|
Жақсы
|
75-79
|
2,67
|
В-
|
Жақсы
|
70-74
|
2,33
|
С+
|
қанағаттанарлық
|
65-69
|
2,0
|
С
|
60-64
|
1,67
|
С-
|
55-59
|
1,33
|
Д+
|
50-54
|
1,0
|
Д
|
0-49
|
0
|
F
|
қанағаттанарлықсыз
|
есептелмеді
|
Егер студент емтиханда F деген баға алса, оның қорытынды рейтингі анықталмайды. Ведомостьқа «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. Егер пән бірнеше семестрде өтетін болса, онда балл түріндегі баға орташа есеппен қорытылады:
13. Оқытушы талаптары, саясаты және іс-шаралары
Психолингвистика пәні таңдау кешеніндегі пән болып табылады. Оқу жүктемесінің көлемі 2 кредиттен тұрады, оның ішінде дәріс – 15 сағат, семинар (практикалық) сабақ – 15 сағат.
Пәннің талаптары: аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, семинар сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, СӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бақылаудың барлық түріне қатысу (ағымдық бақылау, СӨЖ тапсырмалары, аралық бақылау, қорытынды бақылау).
Студенттердің білімін бағалауда аудиториялық сабақ барысындағы жауабының сапасымен қатар белсенділігі де ескеріледі.
14. Әдебиеттер тізімі
Негізгі:
-
Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.
-
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
-
Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
-
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.
Қосымша:
5. Салқынбай А, Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. - Алматы, Сөздік-Словарь, 2002. -301 б.
6. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. - Алматы, Арда, 2006. – 184 б.
Достарыңызбен бөлісу: |