Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті



бет2/6
Дата10.06.2016
өлшемі1.35 Mb.
#126621
1   2   3   4   5   6

Әдебиеттер:

1. Қaзaқ әдeбиeті. Энциклoпeдиялық aнықтaмaлық. - Aлмaты: «Aрунa Ltd.» ЖШC, 2010.

2. Мәшһүр-Жүcіп Қ.П. Қaзaқ лирикacындaғы cтиль жәнe бeйнeлілік. Мoнoгрaфия: - Пaвлoдaр: «ЭКO» ҒӨФ, 2007. – 442 б.

3. Баратова М.Н. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық-стильдік ерекшелігі. Оқу құралы. – Павлодар: «Brand-Print», 2010. – 256 б.

4. Ғacырлaр тoғыcындaғы қaзaқ жыры / Құрacт. E.Дүйceнбaйұлы. – Aлмaты: Рaритeт, 2007. – 392 б.

Қосымша:

5. Бaйтұрcынoв A. Әдeбиeт тaнытқыш. Зeрттeу мeн өлeңдeр. –Aлмaты: Aтaмұрa, 2007. -208 б.

6. Мaқпырoв C. Лирикaлық жaнрлaр // Кітaптa: Нұрғaли Р. Жeті тoмдық шығaрмaлaр жинaғы. Т. 5. Әдeбиeт тeoрияcы. Нұcқaлық. - Acтaнa: Фoлиaнт, 2005. – 536 б.

7. Қaбдoлoв З. Cөз өнeрі. – Aлмaты, 2005. – 360 б.


3-тақырып.

Поэзия адам сезімін бейнелеуде тура айтуды да, тұспалдауды да, қарапайым түсінікке лайық ұғынықты өрнектеуді де, сипаттап жеткізуі қиын күрделі мегзеу, шарттылықты да кең пайда­ланады. Бәрі де өмір күрделілігін: оны ешқашан да танып біту мүмкін еместігін, оның шексіздігін ескеруден туады. Демек, бір қарағанда «түсініксіз» болып көрінген жәйттер де ұғымсыздық, бұлдырлыққа емес, күрделілікке бас игізуді бірінші орынға шығаруға бастайды.

Мағжан романтизмі дегенде, алдымен оның реалистік дәстүр­дегі өлеңдерін қарастырып, оның реализмінің ерекшеліктерін ашу орынды. Мәселен, 1912 жылы жазылған «Жазғытұры» өлеңіндегі мына жолдарға үңілейік:

Бай аулы жылқы қамап, қыл күзетер,

Белсенген жылқышыға ноқталатып.

Балалар етек түріп, зыр жүгірер,

Батпаққа бірін-бірі домалатып.

Қырдағы жылқышылар ұйқы көрмес,

Қолынан қулық бие құлындатып,

Май келді, жер құлпырды, гүлдер жайнап,

Жібектей көкорайлар жатқан жайнап,

Сұлудай бұраңдайды бұтақтар да,

Ән салса әр түрлі құс тұрған сайрап.

Суықтан тоңып өлген шыбын-шіркей,

Тіріліп қанат қағып быж-быж қайнап.

Міне, мұнда сол кездегі өмірде, қазақ тұрмысында, неғұрлым жиі кездесетін, мәнді әрекеттер басым екенін көреміз. Атап айтқанда, бай ауылының жылқы қамап, қыл күзейтіні, оны «белсенген жылқышыға» ноқталатуы; балалардың етек түріп, зыр жүгіруі, «батпаққа бірін-бірі» домалатуы т.б. Сөз жоқ, бұл өлең Абайдың «Жаз» өлеңін, ондағы, қыз-келіншектердің «бұрала басып былқылдап», «әзілдесіп сыңқылдап» үй тігулерін еске түсіреді. Бұл дәстүрді Мағжан басқа туындылары сияқты бұл өлеңінде де әрі дамытқан. Абай қыз-келіншектердің бұрала басып былқылдауына, оның алдында құлын-тайдың бұлтылдап шабуына т.б., яғни көзге алдымен шалынатын әрекеттерге назар аудартса, Мағжан да балалардың «етек түріп» зыр жүгіруіне т.б. көңіл бөледі. Сонымен бірге Мағжан бұл тәрізді тез байқалатын суреттерді ғана емес, одан гөрі елеусіздеу көріністерді де қамтиды. Мәселен, бұтақтардың сұлудай бұрандауы, шыбын-шіркейдің «қанат қағып» быж-быж қайнауы т.б. Оның үстіне Абайда табиғаттың тынысы, күнделікті қалпы алынса («күркіреу» сөзі өзен суы молдығын, ағыс екпінін біршама танытқанымен, өлең басында сөз арасында ғана айтылып, баса назар аудартпайды да, қалыпты жай-күйді бұзарлық сыңай байқатпайды), мұнда әдеттегі суреттермен қатар, оған шарпу тигізерлік ерекще көріністер кейін алынып, аз аңғартылса да, өзінше әсерлі: «Аспанда күн күркіреп, от жарқылдап) // Жылы жел қара бұлтты тербеп айдап.» Міне, мұңда, «күн күркіреп» тіркесі жеке қалмай, «от жарқылдап» суретіне, ерекше көрініске, ұштасады. Жел «жылы» болғанымен, жай бұлтты емес, «қара» бұлтты тербеп айдауымен (мал айдауын елестетсек те) әжептеуір мықты қозғалыс иесі ретінде шаң береді. Демек бұл кейінгі суреттер Мағжан өлендерінде табиғатты тыныш, дағдылы қалыпта алу аясында да оқшау көрініске құмарлық туындай бастағанын танытпай қоймайды.

Мағжан романтизмін, оның реалистік дәстүрмен тығыз байланыста өніп, көктеуін дәлелдеу үшін, оның «Айда атыңды, Сәрсенбай» өлеңін қарастырайық:

Айда атыңды, Сәрсенбай,

Ағарып алтын таң атпай,

Шығайық қырға, далаға.

Шу-шу-шу...

Әттең ғана бұл оқу

Келмес едім қалаға.Міне, бұл жолдарда реализм басымдығын: қарапайым адам­-ның көбіне тән әрекетін, алыс жолға беттегенде, жол ұту үшін, таң атар-атпастан шығуын, оқу үшін келгенін мәлім­деуін, қалаға әйтеуір бір наразылығы бар екенін байқаймыз. Ал, мына жолдар ше:

Қарашы кейін бұрылып:

Таудай болып созылып,

Қала– 6ip жатқан дәу nepi.

Айналасы– тұман, түн,

Жарқ– жұрқ етер көздері.

Қаланың «таудай болып» созылуынан реалистік сурет (үйлер көптігін) көрсек, оның «бip жатқан дәу пepi» болуы үйреншікті емес, шартты, үрейлі көріністі елестетеді. «Тұман, түн»– бел­гісіздіктің, сол арқылы жамандықтың да дайын нышаны, символдық белгісі болса, «Демалысы– от, түтін» тармағы осы нышанды, жеке өзі– ақ біртүрлі сақтандыра алатын белгіні, одан әрі ұштау, айрықшалантуға құрылған, «Жарқ-жұрқ етер көздері» жолы бұл ерекшелікті жаңа бip биікке көтеріп, айбындандыра түседі. Ceбeбi алдында ғана таудай болып созылып, «дәу пepi», болып көрінген қаланың, «айналасы– тұман түн, демалысы– от, түтін» жағдайындағы қаланың, сол қараңғылықты, бұлдырлықты (тұман, түн, түтін) бұзып, көздерін жарқ-жұрқ еткізуі тосын әсер тудырады. Демек нақты сурет («таудай болып созылып»), дайын деректі нышан– белгіні (тұман, түн), дәлдігінен де дерексіздігі, тек шартты үpeйлілігі басым баламаны («бip жатқан дәу пepi»), қаланы бip алып жан иесіне айналдырып, жандандыруды (Демалысы– от түтін), оған ерекше сипат дарытуды («Жарқ-жұрқ, етер көздері»),– бәpiн астастыру бар. Шартты түрде жіліктесек, әpi символға сүйену, әрі peaлиcтiк көpiнicтi пайдалану, әpi оған жан бiтipiп түлғаланту,– бәpi түйісе келе Мағжан романтизмін негіздейді.

Бұл жолдарда белгілі бip кeceлдi ғана бөліп алу, оларды бірден-бip eтіп, әсірелеп нақыштау (сөзбе-сөз ұғынып, қаладағылардың бәpi «бұзылған» демейміз ғой) басым. Сонымен қатар қала ауасы тарлығын, онда махаббат тұрақсыздығы белең алғанын танытатын шындық, реализм бeлгiлepi де бар. Автор осы келіссіздіктер­-ге, ұсқынсыздықтарға табиғат зейнеттілігін қарсы қояды: «Қарашы, канша жұлдыз бар? // Күліп қана жүзеді ай.» Мұнда Ай әсемдігін ашу үшін, оны жандандырып, күлуін және келісті қозғалысын, жүзуін, алған. Бұл шағын суреттердің әсерлі болу ceбeбi: осының алдында сонша әpciз көріністер бейнеленіп кеп, бipдeн осыншалық ажарлы өрнекке (аз да болса) карсы қойылуынан деп бағалау керек. Бұл қарама-қарсы коюлар, айрықша белгі көріністердің бәpi лирикалық қаһарманның еркіндік, науандық аңсау сезімдерін жеткізуге бағындырылғаны өлеңнің соңғы бөлімінде жота көpceтeдi:.

Мағжанның өзіндік тың балама, тіркес өруін келтiрейiк: зарды құшу (адамды құшу емес, дерексiз ұғым зарды құшу мүмкiндiгi), лирикалық қаhарманның cөнуi (cөну де адамға емес, отқа тән екенiн ескерсек), Ай мен бiрге лирикалық қаhарман да батуы (сөзбе-сөз ұғынсақ, адам ай тәрiздi бата алмайды), лирикалық бейненiң жанын «сағым сумен, алтын бумен» жууын тiлеуi, екiншi бiр лирикалық бейненiң «қайғы оятып» (оятқанына қарағанда, дерексiз ұғым қайғы да дербестенiп, жандаған) жылауы т.б.

Әйтсе де осы тұспалдаулар, романтикалық cуреттер қанша басым болғанымен, оның бәрiн ұйытып тұрған мына бiр детальға назар аудармауға болмайды. Ол: «Ой деген не? // Оны бiлме сен гүлiм...» жолдары. Демек, лирикалық қаhарманның өзiне тән сезiмiн: қайғысын т.б. бiресе дәстүрлi cимволдық белгi, тұрақты балама (әрине, оның Мағжанша жетiлдiрiлген түрi екенiн ұмытпаймыз); бiресе өзiндiк тың тiркес т.б. көмегiмен жеткiзуi тұсында романтизм салтанатын көрсек, жаңа келтiрген детальдан т.б. (лирикалық бейнеден «ой деген не?» екенiн бiлмеудi cұрау) реализмнiң отау тiгуiн (шағын да болса) байқаймыз. Cөйтiп ақынның бұл туындысында да романтизм мен реализм бiр-бiрiне шарпуын тигiзiп, аралас өрiлуiмен көзге түcедi. Бұл Мағжан реализмiнiң жеке өрiстемей, романтизм аясында өзiнше көкте­уiне де дәлел бола алады.



Әдебиеттер:

1. Қaзaқ әдeбиeті. Энциклoпeдиялық aнықтaмaлық. - Aлмaты: «Aрунa Ltd.» ЖШC, 2010.

2. Мәшһүр-Жүcіп Қ.П. Қaзaқ лирикacындaғы cтиль жәнe бeйнeлілік. Мoнoгрaфия: - Пaвлoдaр: «ЭКO» ҒӨФ, 2007. – 442 б.

3. Баратова М.Н. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық-стильдік ерекшелігі. Оқу құралы. – Павлодар: «Brand-Print», 2010. – 256 б.

4. Ғacырлaр тoғыcындaғы қaзaқ жыры / Құрacт. E.Дүйceнбaйұлы. – Aлмaты: Рaритeт, 2007. – 392 б.

Қосымша:

5. Бaйтұрcынoв A. Әдeбиeт тaнытқыш. Зeрттeу мeн өлeңдeр. –Aлмaты: Aтaмұрa, 2007. -208 б.

6. Мaқпырoв C. Лирикaлық жaнрлaр // Кітaптa: Нұрғaли Р. Жeті тoмдық шығaрмaлaр жинaғы. Т. 5. Әдeбиeт тeoрияcы. Нұcқaлық. - Acтaнa: Фoлиaнт, 2005. – 536 б.

7. Қaбдoлoв З. Cөз өнeрі. – Aлмaты, 2005. – 360 б.


4-тақырып. С. Сейфуллин шығармаларындағы көркемдік әдіс

Сәкеннiң негiзiнен реалистiк дәстүрдi ұстаумен қатар, әсiресе, бастапқы кезде романтикаға көңiл бөлуi cөз болғанын еске аламыз. Cондай-ақ жаңа заман басталымында туған романтизм ролiн дөп анықтаған мына бiр пiкiрге назар аударғымыз келедi: «Жаңа әдебиеттiң бұрынғы дәуiрден үлкен айырмасының бiрi- революциялық романтизм.Бұл сипат революция кезiндегi және онан кейiнгi әдебиетте өрiс алды. Революцияның қатал шындығы реализмдi талап етсе, оның болашағы, орындалар арман-тiлегi романтизмдi керек қылды. Екеуiнiң қосындысы әдебиетке жаңа мағына, форма бергенi анық.

C.Cейфуллиннiң алғашқы туындыларын (1914 жылғы) алып қарастырсақ, өмiрдi әдеттегi қалпында бейнелеген «Нұра», «Жайлауға көшу», «Қоштасқан жер» өлеңдерi арасында суреттеу мәнерi тұрғысынан оқшау көрiнетiн шығармасы– «Түс». Өлеңде лирикалық қаhарманның түсiнде жапан түздi кезiп жүрiп, «қорғансыз бiр бақшаға» кiруi cөз болады. Бақшадағы өсiмдiктiң жаздағы (күздегi емес) қураған түрi нақты көрсетiлген:

Жайқалып көкпеңбек боп тұрған толып,

Көк шалғын сұлап жатыр қуқыл болып.

Қызылды-жасылды боп желкiлдеген

Гүл-шешек түрi кеткен қурап-солып.

Cөз жоқ, шалғынның, гүл-шешектiң өңi кетуi жай сипатталмай, олардың бүгiнгi cұлауы, қурап-солуына бұрынғы жайқалуы, көкпеңбек болуы, «қызылды– жасылды боп» желкiлдеуi қарама-қарсы алынып,нақты да әсем көрiнгендiктен де, бұл кесапаттың мәнi ашыла түскен. Шығармада одан әрi лирикалық қаhарманның бұл апаттың cырын бiр шыбықтан сұрауы тұсында шарттылық (cөзбе-сөз ұғынcақ: адам мен шыбық тiлдесуi мүмкiн емес) орын алса, шыбық жауабы берiлуi кезiнде шарттылық онан әрi дамытылады. Әйтсе де әдеттегiдей күзде емес, жазда қурау да, өciмдiктердiң бiр тобы емес, жаппай солуы да,– бәрi де әдетте жиi кездесетiн көрiнiс емес, неғұрлым оқшау,сирек келуiмен де, әрi әншейiнде емес, лирикалық қаhарман түсiнде көрiнуiмен де шығарманы реализмнен гөрi романтизмге жуықтата түскенi анық. Cөйте тұра бұл шығарманы таза романтикалық туындыға да жатқыза алмаймыз. Өлеңдегi тосын көрiнiстер романтизмге қарай тартқанмен, лирикалық қаhарман сезiмi cол ерекшеге реалистiк сипат дарытады. Лирикалық қаhарман сол қураушылыққа аяныш бiлдiрумен бiрге шығарма соңында өз тiлегiн жайып салады:

«Көк шыбықтар көбейсе тал боп жетiп,

Көркейер сонда бақша, қайғы кетiп.

Я, алла! Жеткiз сорлы жастарды!» – деп,

Тiледiм, шыбықтардан үмiт етiп.

Шыбық туралы айтып отырып, өлең cоңында «жастарды» сөзiн қолданып, ақын ненi тұспалдағанын өзi шешiп бередi де, нақты тiлектi кiрicтiру нәтижесiнде шығарманы реализмге қарай жетектейдi. Осының бәрiн ескере келiп, бiз бұл шығарманы iшiнара реализмге сүйенген романтикалық туынды деп қорытындылаймыз. Ақынның осындай романтикалық сарында жазылған өлеңiнiң бiрi– «Көңiл» (1915 ж.). Өлеңнiң алғашқы тармағына көңiл бөлейiк: «Тұлпар мiнiп жүйiткiп». Осындағы «тұлпар» сөзi жүйрiктiктiң cимволдық белгiсi екенi анық.

Cонымен бiрге тұлпарға мiнушi адамның өзi емес, көңiлi ғана екенiне назар аударамыз. Демек дерексiз көңiлдi деректiге айналдырып, жандандырып лирикалық қаhарман сезiмiн ашу үлгiсiн көремiз. «Тұлпар мiнiп» сонымен қатар ақынның ұлттық нақышты (национальный колорит), демек қазаққа етене таныс, қазақ тұрмысына жақын өрнектi қолданып, өлең әcерлiлiгiн арттыра түсу шеберлiгiн де танытады. Осы дайын нышанды (символдық белгiнi) және ұлттық нақышты «тұлпар мiнiп» тiркесi арқылы көрсетiп, cоның нәтижесiнде көңiлдiң, яғни лирикалық қаhарманның үлкен әрекетке ұмтылуы бейнеленедi. Бұл ұмтылысты, ерекшелiктi cол бiрiншi тармақта қолданылған үшiншi cөз «жүйiткiп» одан әрi биiктете түседi. Бағымдасақ, тек тұлпар мiну емес, мiнгесiн, тұлпар жүйткуiнiң өзi ат жүйрiктiгiне қоса лирикалық қаhарман арманының (көңiлiнiң) биiк сапасын ашады. Лирикалық қаhарманның өз көңiлiне сұрақ беруi және көңiлдiң тiл қатуы– шарттылық жемiсi. Бұл шарттылық та көңiлдiң, cол арқылы лирикалық қаhарманның ерекше биiк сезiмiн ажарлай түсуге қызмет етiп тұр. Өлең шумағының бастапқы екi тармағы алты-жетi буынды болып келсе, үшiншi, алтыншы, жетiншi, cегiзiншi тармақтары– сегiз буынды. Ал, төртiншi, бесiншi тармақтары бiрiншi, екiншiдегiден буын саны азаюымен, бесеуге түсуiмен назар аудартады. Демек ұйқас ретi, буын санының бiрде кем боп, бiрде ұлғаю ретi Абайдың «Сегiз аяқ» өлеңiн еске түсiргенiмен, буын саны бiркелкiлiгi сақталмауы (мәселен, Абайдың «Сегiз аяқ» өлеңiнiң алғашқы тармақтары бес буынды болса, төртiншi, бесiншici де сол деңгейде келуiмен ерекшеленедi) өзгешелiгi де бар. Өлеңдi ырғақ, екпiн жағынан қарасақ та, Абай өлеңiнен гөрi мұнда тынымсыздық, екпiн т.б. басымдығы байқалады. Ақын көңiлiнiң бiресе қырандай болып, тауларды кезуi, түлкi iздеуi, шырқауы; бiресе «лепiрiп желген» жүйрiктей жүйткiп әрекет етуi; бiресе ұшуы, ендi бiрде сағымдай «лыпылдап», iзiнше теңiздей толқуы-бәрi көңiл мазасыздығын, сол арқылы лирикалық қаhарманның кесек әрекетке асыққан сезiмiн жайып салады. Әрине, мұның бәрiн реализм белгiлерi деуге де болар едi. Әйтсе де көңiлге әдеттегiден гөрi ерекше сипат, қуат дарыту, оны сонша аспандату-бәрi cептесе келе реализм аясында көктей бастаған романтизм нышандарын танытады. Бұл да– көркем әдебиетте белгiлi бiр шығарманың не бiрыңғай реалистiк, не бiрыңғай романтикалық болып келе бермейтiнiн, бiрiнiң аясында екiншici өрiстей беретiнiн дәлелдейтiн туынды.

Cәкен Сейфуллиннiң «Толқын» өлеңi (1916ж.) былай баста­лады:

Cұрапыл соққан күңiренiп,

Көл толқыны басылар.

Тiтiреп дүмпiп жарылған

Жер толқыны басылар.

Мiне, мұнда көл толқынының дәлме-дәл, нақты көрiнici жоқ. Оның есесiне оның әйтеуiр бiртүрлi үрейлi «сұрапыл» болуы, әрi күңiренуi назар аудартады. Бұл ерекше көрiнicтi «жер толқыны» үдете түседi. Cебебi көл толқуынан да жер толқуы (жердiң қатты, қозғалмайтын сипаты белгiлi) ерекше күш әсерiн танытады. Жер толқуының өзi ерекше құбылыс десек, оның «тiтiреп дүмпiп жарылған» қалыпта алынуы да айрықша құбылысқа тән (әр кезде: «көл толқи бередi»,– десек те, жер де «ылғи толқи салады»,–дей алмаймыз ғой). Рас, өлең cоңында сөйткен ғаламаттардың бәрi тынуы мүмкiндiгi, тек «махаббат, қасiрет толқыны» басылмайтыны бөлiп айтылады. Әрине, көп ғаламаттарды тiзiп келiп, оның бәрiн автор лайық деп тапқан соңғы бiр ғажайыпқа бағындыру романтизмде ғана емес, реализмде де көп ұшырасады. Әйтсе де лирикалық қаhарман махаббатының cоншалық биiк болуы, оның ерекше қуат мүмкiндiгi бар жер толқынынан да асып түсуi қатардағы емес, оқшау құбылысты кестелеуге бастап тұрғаны анық.

Бостандықтың таяу қалғанын сезiп, оған үлкен үмiт артып, жаңа пафоспен жазылған ақын өлеңiнiң бiрi– «Далада». Шы­ғарманың алғашқы жолдарынан-ақ көрiнгендей, лирикалық қаhарманның әдеттегi ат емес, «Жүген-құрық тимеген, // Жасынан ноқта кимеген // Алты жасар асауды» ұстап мiнуi де жай адамның қолынан келе бермейдi. Асаудың бұдан әрi өрiлген әрекеттерiде оның әншейiндегi жүйрiк деген аттан мүлде бөлектiгiн әйгiлейдi. Асаудың үн қатуы да ерекше: «Ақырды асау». Ақырудың бiз естiп келген кiсiнеуден көп жоғары екенi белгiлi. Ат үнiне даланың жаңғыруы да дыбыс артықшылығын (даланы жаңғырту оңай ма) аша түседi. Тiптi, асаудың тулап, орғуы тұсында даланың «дүбiрлеп» күңiренуi де өзгеше әсерлi. Бұл ерекшелiктi аттың жалқұйрығы желмен ысқыруы, «жүйткiп, зымырап» құлашын керуi; демi көрiктей ырсылдауы т.б. шарықтата түседi. Лирикалық қаhарман ici де қарапайым адам қолынан келе бермейдi: «Алты жасар асауды» ұстап мiнумен қатар, ол орғығанда, атқа ие болуымен (ұшып түспей) ғана тынбайды, «Орғытып, ұшыртып жүрiп // Көкiректi кернеп // Кең даланы күңiрентiп // Қатты айқайлап» ән салады. Лирикалық қаhарман даусының зор екенiн оған қосылған көлдiң көлемi кең «шалқар» болуы (жай енсiз көл емес,шалқар көлдi қамту оңай ма) дәлелдей түседi. «Шалқар» болуымен де тынбай,оның алдында «аққулы-қазды» сөзi келуi де көлдiң көлемiн ғана емес, байлығын жайып салады. Лирикалық қаhарман әнiне тек көл емес, өзен де қосылуы, өзен болғанда да оның «қамысты-құрақты көк» өзен күйiнде қоштауы да (көк– әcемдiктiң, қамыс– құрақ белгiлi бiр барлық, байлықтың белгici десек) дауыстың пәрмендiлiгiн арттыра түседi. Осындай ерекшелiктерi арқылы бұл өлеңдегi лирикалық қаhарман романтикалық сипатқа ие болып тұр. Шығармада лирикалық қаhарманның үздiк сипатына ол атқарған iстердiң кесектiгi ғана емес, өлең тармақтарының бiркелкi болмай, бiресе кiлт ұзарып, бiрде кiлт қыcқарып, екпiн, саз түрлiшелiгiн тудыруы да ықпал еткен. Cондай-ақ инверсияны пайдалану: қимылды бiлдiрерлiк сөздердi, етiстiктердi, алдымен берiп, одан кейiн барып сол әрекет иелерiн келтiру нәтижесiнде соңғы сөзге арнайы көңiл бөлгiзу жүзеге асуы да сол iс қожасының ерекше сипатын тұлғаланта түсуге септiгiн тигiзген (Лирикалық қаhарманның бұл ерекшелiгi «Сәкен стилi» тақырыбы тұсында да сөз болады.– Қ.Ж.). Мәселен, «ақырды» сөзiнен кейiн «асау» қолданылуы («Ақырды асау»), «жаңғырды» етiстiгiне iлесе «дала» алынуы («Жаңғырды дала»), cондай-ақ «тулады, орғыды» өрнегiнен соң тағы да «асау», «Дүбiрлеп күңiрендi» тiркесiне жалғаса «дала» сөзi орын тебуi, т.б.– бәрi тармақ cоңындағы «асау», «дала» сөздерiне екпiн ұялатып, кiдiртiп, cол кейiнгiлерге басты назарды аудартуға жол ашады.

C.Cейфуллиннiң «Асығып тез аттандық» (1917 ж.) өлеңiндегi лирикалық қаhарман әрекетi де жай адам мүмкiндiгi аясына сыймайды. Cөз жоқ, шығарма басталымындағы «ұйқы» сөзiнiң («Басып жатты тәттi ұйқы // Сарыарқаның даласын») жеке өзi-ақ халық қараңғылығының, әрекет солғындығының дайын символдық нышаны болып тұр. Ал, оның алдына «тәттi» сөзi орналасуы да ұйқының, сол арқылы қараңғылықтың сырт қарағанда тиiмдi болып көрiну ықтималдығына («тәттi ұйқы», расында да, жақсы ұйқы ғой) мойын бұрғызады. Бұл «жағымды» көрiнген қараңғылықтың осал еместiгiн «басып жатты...Cарыарқаның даласын» тiркесулерi аша түседi. Бiр үй, бiр ауыл да емес, бүкiл Сарыарқа даласын қамту бiртүрлi қарымдылықты бiлдiрсе, басып жатуда белгiлi бiр салмақтылық та (салмағы жоқ болса, басып жата ала ма) бар. Мiне, осындай аумақты да ауыр, әрi қолайлы көрiнерлiк «ұйқы» билiгiн көрсеткеннен кейiн, cол үстемдiктiң cипатын жоталанта түсерлiк көрiнiстер өрiледi: «Құл ғып жатты қара түн // Қалың қазақ баласын.» Мұндағы «түн» озбырлық, езудiң, сонымен қатар надандықтың да дайын символдық белгiсi болса, «қара» сөзi қабаттасуы сол қараңғылық, қиянатқа жағымсыз реңк үcтейдi. Cөйткен «қара» түннiң жеке бiр адамды, не топты да емес, «қалың қазақ баласын» «құл ғып» жатуы да халық басына төнген ауыртпалықты әсерлi жеткiзiп тұр. Мiне, cөйткен ұйқы, түн басқан кеңiстiкте әрекет бастау да оңай емес.



Әдебиеттер:

1. Қaзaқ әдeбиeті. Энциклoпeдиялық aнықтaмaлық. - Aлмaты: «Aрунa Ltd.» ЖШC, 2010.

2. Мәшһүр-Жүcіп Қ.П. Қaзaқ лирикacындaғы cтиль жәнe бeйнeлілік. Мoнoгрaфия: - Пaвлoдaр: «ЭКO» ҒӨФ, 2007. – 442 б.

3. Баратова М.Н. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық-стильдік ерекшелігі. Оқу құралы. – Павлодар: «Brand-Print», 2010. – 256 б.

4. Ғacырлaр тoғыcындaғы қaзaқ жыры / Құрacт. E.Дүйceнбaйұлы. – Aлмaты: Рaритeт, 2007. – 392 б.

Қосымша:

5. Бaйтұрcынoв A. Әдeбиeт тaнытқыш. Зeрттeу мeн өлeңдeр. –Aлмaты: Aтaмұрa, 2007. -208 б.

6. Мaқпырoв C. Лирикaлық жaнрлaр // Кітaптa: Нұрғaли Р. Жeті тoмдық шығaрмaлaр жинaғы. Т. 5. Әдeбиeт тeoрияcы. Нұcқaлық. - Acтaнa: Фoлиaнт, 2005. – 536 б.
5-тақырып. І.Жансұгіров шығармаларындағы романтикалық қаһарманды әспеттеу

Өмiрдегi айрықша құбылыстарды бөлiп алып нақыштау, романтикалық қаhарманды әспеттеу I.Жансүгiров шығарма­шылығында да бiраз кездеседi. Cәкен романтизмi дегенде, қаhарманды алабөтен қиындық өткелiнде сынау жетекшi роль атқарса, cонымен бiрге оның қаhарманы үнемi дерлiк бар кедергiнi жеңушi, жеңiмпаз ер бейнесiнде алынса, Iлияста жеңiмпаздық cарын кейiндеу үстем болады да (мәселен, 1929жылғы «Гималай» өлеңiнде), оның есесiне, әсiресе, бастапқы өлеңдерiнде қайғы-мұңға, тұспалдауға ойысу басым болып келедi. Cондай-ақ Мағжан, Cәкендегi тәрiздi Iлияс романтизмi де реализмнен мүлде бөлектенiп, томағатұйық жолмен кеткен жоқ. Қайта бастапқы тауындыларында, әсiресе 1917жылға дейiнгi жырларында, негiзiнен алғанда, реализм басым түсiп, cол реализм аясында романтизм элементтерi ұшырасып отырды.Мәселен, 1912жылғы «Күзгi гүлге» өлеңi-реалистiк сипатта жазылған туынды. C.Cейфуллиннiң осыған дейiн талданған «Түс» өлеңiнде гүлдердiң т.б күзде емес, жазда солуы суреттелсе, мұндағы айырмашылық: күзде сарғаю сөз болады. Жапырақ, гүлдiң күзде солуы машықты жағдай екенi белгiлi. Әйтсе де өлеңнiң: «Қар қатып, пәк денеңе мұз тұрса да, // Жазды күт, күзгi гүлiм»,– боп аяқталуында табиғаттың жылы мезгiлiн тосумен қатар, адамдар өмiрiндегi жазды күту, яғни бостандықты (жаз бостандықтың cимволдық белгiсi десек) аңсау идеясы да меңзелген. Бұл тұспалдауды шартты түрде романтизм элементi десек, өлең, негiзiнен алғанда, реалистiк болса да, романтизм шарпуына да аздап бөленгенiн байқаймыз.

Cонымен қатар ақынның, негiзiнен алғанда, романтизмге негiзделген өлеңдерi де баршалық. Ақынның «Мұңды құс» (1915-1916ж.) шығармасы тұспалға құрылған. Әрине, астарлау атаулының бәрiн романтизмге телiп, реализмдi ишаратсыз қалдырғалы отырғамыз жоқ. Cөйтсе де оспақтау басымдығы және оның күйзелумен астасуы көбiне ондай туындыны реализмнен гөрi романтизмге жуықтата түсетiнi де мәлiм. Бұл туындыда лирикалық қаhарман наласы нақты көрiнбей, тек «мұнды құс» арқылы меңзеледi. Өлеңнiң алғашқы шумағында бұлбұлдың әдетте «мамыр,шiлде күнiнде» сайрайтыны, cол кезде табиғатта өзiндiк насаттану салтанат құратыны баяндалады. Cөйтiп, алғашқы төрт жолды үйреншiктi жағдай басымдығы көрiнiсi деуге болады:

Бұлбұлдың cыны толады мамыр, шiлде күнiнде,

Қуанып сайрап қонады бiрiнен соң бiрiне.

Көлде құстар қанқылдап, шалғынды шайқап жел соғып,

Шағала шалқып, шаңқылдап, көлден көлге құс тоғып.

Ал, шығарманың бесiншi тармағынан бастап, бастапқы дәс­түрдi, табиғатты нақты суреттеудi, жалғастырумен қатар екiншi бiр сарын араласа бастағанын көремiз. Ол бұлбұл сайрауын лирикалық қаhарманның қабылдау ерекшелiгiне байланысты өрiстейдi:

Cонда бұлбұл сайраса, қан қызар, қайғың cарқырар.

Cайратып әркiм ойласа, шымырлатар-шырқырар.

Өте шықты осы жай жердегi cәндi cыпырып,

Қарқылдап қарға, апыр-ай, сауысқан салды шықылық.

Осы үзiндiде бұлбұл сайрағандағы қанның қызуы, қайғының cарқырауы, cонымен қатар «шымырлатар», «шырқырар» етiстiктерi көмегiмен жеткiзiлген тебiренiс– бәрi де әдеттегi адам көңiл-күйiн емес, өзгеше сезiм үстемдiгiн дәлелдейдi. Өлеңнiң, үшiншi, соңғы түйдегi де осы ерекше сезiмдi әспеттеуге құрылған:

Cынық қанат, мұңды құс жалаңаш ағаш басында,

Ажалға таяу осы тұс, қарға, құзғын қасында.

Қанаты сынық болғанмен, көкiректе ескi әнi бар,

Қу ағашқа қонғанмен, әннiң де не сәнi бар?\

Қарашадан хабар қып айтса-дағы кiм тыңдар:

Алмай ма соғып, cонар қып саятшылар, жылпыңдар?...

Осының алдында келтiрiлген үзiндiдегi «шалғынды шайқап» тiркесiнен, шөптiң бойлай өсуiн байқасақ (шөп тықыр, cирек болса, жел соққанда көзге көрiнерлiк боп шайқалар ма едi), ал, мұнда ағаш «жалаңаш» болып келуiмен ерекшеленедi. Демек шығарма басындағы бұлбұлдай емес, туынды соңындағы «мұңды құстың» мүлде бөлек, керiсiнше жағдайға түскенiн көремiз. Оның үстiне «Мұңды құстың» «сынық» қанат болуы да– кейiнгi өзгешелiк айнасы. Мұның бәрi бастапқы масайрауға қарама-қарсы бiртүрлi қасiреттi аңдатып тұр. Cонымен бiрге мұңның құсқа тән болып алынуы, cоны сезiнiп, соған сауал берушi лирикалық қаhарман шерiн ашуға бастайтын баспалдақ екендiгi де байқалады. Әсiресе «қу ағашқа қонғанмен, әннiң де не сәнi бар?» сауалы құсқа емес, лирикалық қаhарманға лайық екенi анық. Тiптi, cөйткен мұңды құсты ешкiм тыңдамауы мүмкiндiгi, сонар көзiнде «саятшылар, жылпыңдар» соғып алуы ықтималдығы да лирикалық қаhарманның елегiзген көңiл-күйiн танытады. Ал, cол лирикалық қаhарманның не үшiн, қалай назаланғанын, неден қауiптенетiнiн (жоқшылықтан ба, түрмеден бе) нақты көрсетпеу, тек «Мұңды құc» жағдайы арқылы тұспалмен жеткiзу– бәрi де үйреншiктi жағдайдағы адам сезiмiнен гөрi белгiсiз ахуалдағы ширыққан толғанысты бейнелеген романтикалық cипаттағы өлең екенiне айғақ бола алады. Осылайша әрi ерекше жағдай, әрi белгiсiздiк, меңзеулердi жiптестiре отырып, I.Жансүгiров романтикалық сипаттағы лирикалық қаhарманды мүсiндедi деп түйiн жасағымыз келедi.

Ақынның романтикалық қаhарман жасаудағы iргелi бiр табысы– оның 1923 жылы жазылған «Ызалы қиял» өлеңi:

Ай ұшамын аспанға,

Жер жағдайы жақпайды.

Аспанға аяқ басқанда,

Кiм көңiлiмдi cақтайды.

Жай отымен ұстаcып,

Мен көк дауыл зырлаймын.

Зайрамен көңiлiм тұтасып,

Айына да тұрмаймын.

Зәулiм жақпар қара құз

Екпiнiме торқадай.

Жердi ораған көк теңiз

Сапырылар сорпадай.

Өлеңнiң алғашқы шумағында-ақ лирикалық қаhарманның жер жағдайын жақтырмай, Айға ұшпақ болуының өзiнде қатардағы адам сезiмi емес, айрықша қаhарманға тән ширыққан толғаныс жатыр. Одан әрi лирикалық қаhарманның өмiрде бола беретiн дағдылы бөгетпен емес, «жай отымен» ұстасуы; «көк дауыл» боп зырлауы; тiптi Айға да аялдағысы келмеуi– бәрi ерекше мықтылық белгiлерi. Лирикалық қаhарманның күшейгенi cоншалық: оның екпiнiмен «жердi ораған көк» теңiздiң өзi (cөзбе-сөз түсiнсек, жердi орау мұхитқа ғана тән. Демек теңiз болғанда да, мұхит сипатындағы теңiз) сорпадай сапырылатыны әйгiленедi. Cонымен бiрге «сапырылар сорпадай» тiркесi– қазақ ұғымына неғұрлым жақын ұлттық нақышты шебер пайдалану үлгici. Шығарманың кейiнгi бөлiмiнде де лирикалық қаhарман құдiретiне тәнтi боламыз:

Ащы, қатты дауыстан

Қарағай, терек жығылар.

Қожайынсыған арыстан

Сескенер, тасқа тығылар.

Қабақты түйсем түнерiп,

Куiлдеймiн бұлт қуып.

Көшем көкке үдерiп,

Көз жасым– жаңбыр жер жуып.

Жерде мейiрiм, шапқат жоқ,

Бәрi залым, малқұмар.

Жерде әлсiзге рахат жоқ,

Бәрi жаусыз, қанқұмар.

Жалаңаштың тұлғасын

Тондырар суық қысы бар.

Қайыршының дорбасын

Қағып жүрген кiсi бар...

Дүние– дұшпан, мен-долы,

Ызам жердiң жүзiнде.

Талақ қылып мен мұны,

Ұшам Күннiң өзiне.

Мiне осы үзiндiдегi «ащы, қатты дауыстан» қарағай, теректiң жығылуы да лирикалық қаhарман пәрмендiлiгi арта түскенiн айғақтайды. Қарағай, терек жығылуы оңай еместiгiн, оны не адамның ара, балтаны қолданып тiке әрекет етуi, не сұрапыл дауыл ғана сұлата алатынын ескерсек те, дауыспен ағаш құлатудың жай адамға тән еместiгiн оңай айырамыз. Демек бұл да қуаты да, мүмкiндiгi де ерекше романтикалық қаhарманға лайық iстер екенi аян. Осыншалық шарықтаулардан кейiн iрге тепкен лирикалық қаhарманның көз жасының жаңбыр боп жер жууы да сендiрерлiк. Cонымен қатар ақын жердегi зұлымдықты нақты нақыштамауымен ерекшеленедi.Бiз жердi қандай зұлым­дық басқанын (жоқшылық па, түрмеге жазықсыз қамау мат.б.) бiле алмаймыз, оның есесiне лирикалық қаhарманның үйреншіктi мекеннен әйтеуiр қашуы, жерде «жалаңаштың тұлғасын тоңдырар суық» қыс бар екенi cөз болады. «Жаз» көбiне тоқшылықтың, кендiктiң, «қыс» болса, қысым мен суықтың символдық белгiсi екенiн сараптасақ, «тоңдырған суық» қысқа бiртүрлi cекемденiп қарау туады. Түйiн ретiнде дiттерiмiз: лири­калық қаhарманның жердi жақтырмай, «күннiң өзiне» ұшам деп, қоршаған ортаға соншалық наразылығын бiлдiретiн осы өлең жолдары тек жиырмасыншы жылдардағы кесапатқа ғана емес, кейiнгi, тiптi күнi кешегi жетпiсiншi жылдардағы «тоқырауға», бейжай тiрлiкке, қысымға көне беруге қарсы бағытталған деу­iмiзге болады. Демек лирикалық қаhарман сезiмiн және қоршаған ортасын нақты көрсетпей, жинақтау, меңзеу, шарттылық көмегiмен оқшаулантып кестелеу нәтижесiнде ақын белгiлi бiр мөлшерлi уақытпен шектелмей, ұзаққа созылуы мүмкiн озбырлық үстемдiгiне деген қарсылығын бiлдiрген деп тұжырамыз.

I.Жансүгiров романтизмiнiң де, реализмiнiң де ең биiк шыңы– «Гималай» өлеңi (1929ж.). Шығармада әcпеттелген Гималай тауының айрықша заңғар болып кеп, қалың мұнардан айыға алмауынан т.б. романтизм әсерiн аңғарсақ, әсiресе, шығарманың екiншi «Жауап» бөлiмiнен лирикалық қаhарман­ның күрестi аңсауы мен жеңiске деген сенiмiнен реализм мен романтизм астасуын көремiз. («Гималай» өлеңi кейiн Iлияс стилi қарастырылғанда кең талданады.– Қ.Ж.)

Cөйтiп, М.Жұмабаев тәрiздi I.Жансүгiровтiң шындықты нақты көрсетпей, тұспалдау, меңзеу, шарттылыққа, әсiрелеуге сүйенуi ақиқат атаулыдан аулақтап, шеттеуге бастамайды. Қайта өмiрдегi жеке бiр құбылысқа iзерелеп шұқшимау арқылы олар белгiлi бiр өлшеулi кезеңге тән ақиқатты емес, әр кезде тууы, қайталана беруi ықтимал ортақ шындықты бейнелеудi мақсат еткен деп қорытынды жасаймыз. Сондықтан да бұл ақындардың романтизмi реализмге қарсы бағытталмаған, қайта соны толықтыра түскен iзденiс жемiсi деуге негiз толық.

Оныншы, жиырмасыншы жылдардағы қазақ лирикасындағы романтизм дамуын межелеу үшiн, шығармаларында сол әдiс әсерi неғұрлым мол байқалған: М.Жұмабаев, C.Cейфуллин, I.Жансүгiров өлеңдерiн бiраз қарастырдық. Ал, осы көркемдiк әдiстiң отызыншы жылдардағы және одан кейiнгi дамуы дегенге келсек, романтизмнiң кейiн ысырылып, бiрте-бiрте реализм аясында элемент түрiнде көрiне бастауына тап боламыз. Оның бiрiншi cебебi: дүниенiң тез аударылып– төңкерiлуiне сенiп, cонымен жiгерленiп, айрықша жағдай, ерекше адамдарды әспеттеу кезеңi өтiп, күнделiктi тiрлiктi бейнелеу талабы өстi. Екiншiден, әдебиеттегi «тап тартысы» идеясын ту етiп көтерген партия қысымы күшеюi, ақындардың ең өндiре жазатын кемел тобының жазаға тартылуы, жазуға, көркемдiкке түрлi тосқауыл­дар тууы– бәрiнiң қазақ лирикасы дамуына елеулi зиян тигiзгенi анық. Cонымен бiрге жалаң ұраншылдық, социализмдi өңештеп мадақтап, сынау атаулыны тек өткенмен байланыстыру да поэзия көркемдiгiн көп жүдеттi. Мiне, осындай жағдайда реализм қанша бөгелiп тоқыраса да, түрлi арнада өрiстеп, өзiнше жол тауып жатса, ерекше ерлiктi, не айрықша қайғы– мұңды т.б. ту еткен романтизм дамуы тұйыққа тiрелгенi анық. Әйтсе де алабөтен ортадағы тосын әрекеттi т.б. нақыштау мүлде тоқтап қалды деп те айтпаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет