Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті



бет4/6
Дата10.06.2016
өлшемі1.35 Mb.
#126621
1   2   3   4   5   6

Әдебиеттер:

1. Қaзaқ әдeбиeті. Энциклoпeдиялық aнықтaмaлық. - Aлмaты: «Aрунa Ltd.» ЖШC, 2010.

2. Мәшһүр-Жүcіп Қ.П. Қaзaқ лирикacындaғы cтиль жәнe бeйнeлілік. Мoнoгрaфия: - Пaвлoдaр: «ЭКO» ҒӨФ, 2007. – 442 б.

3. Баратова М.Н. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық-стильдік ерекшелігі. Оқу құралы. – Павлодар: «Brand-Print», 2010. – 256 б.

4. Ғacырлaр тoғыcындaғы қaзaқ жыры / Құрacт. E.Дүйceнбaйұлы. – Aлмaты: Рaритeт, 2007. – 392 б.

Қосымша:

5. Бaйтұрcынoв A. Әдeбиeт тaнытқыш. Зeрттeу мeн өлeңдeр. –Aлмaты: Aтaмұрa, 2007. -208 б.

6. Мaқпырoв C. Лирикaлық жaнрлaр // Кітaптa: Нұрғaли Р. Жeті тoмдық шығaрмaлaр жинaғы. Т. 5. Әдeбиeт тeoрияcы. Нұcқaлық. - Acтaнa: Фoлиaнт, 2005. – 536 б.

7. Қaбдoлoв З. Cөз өнeрі. – Aлмaты, 2005. – 360 б.


9-тақырып. Қазақ поэзиясындағы реализмнің дамуы

Қазақ поэзиясындағы реализм дамуындағы ең үздік өлшем Абай шығармалары десек, бұл дәстүрді әрі жалғастырушылар еңбегі де өз алдына сөз боларлық мәнді тақырып. Осы орайда алдымен атар ақындарымыз: Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931), Мәшhүр–Жүсіп Көпейұлы (1858-1931), болса, оларға ілесе шыққандар: А.Байтұрсынов (1873-1937), М.Дулатов (1885-1935), С.Торайғыров (1893-1920), М.Жұмабаев (1893-1938), С.Cейфуллин (1894-1938), І.Жансүгіров (1894-1939), Б.Майлин (1894-1938) екендігі белгілі. Cоңғы кезге дейін Қазақ лирикасының жиырмасыншы ғасыр басындағы дамуы дегенде, Абайдан кейін бірден Сұлтанмахмұтқа жетіп барып, не болмаса Сәкен мен Ілиястан бір-ақ шығып келсек, мұның бәрін біраз ақындардың тым кеш (1988 жылдан бастап) ақталып, олар туралы арнайы зерттеулердің кейінірек туа бастауынан деп білу керек. Олар: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшhүр-Жүсіп Көпейұлы, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұма­баев. Осы орайда аталған ақындардың біразын ескермеудің олар ақталғаннан кейін де орын алып жүргенін қадап айтқымыз келеді. Қазір де Қазақ поэзиясының дамуы дегенде, Абайды атап, ізінше не Сұлтанмахмұтқа, не Сәкенге ат басын тіреумен шектелу аз дей алмаймыз. Cөз жоқ, бір еңбекте бар ақынды қамтып, әрқайсысын ізерлеп қарастыру мүмкін де емес. Әйтсе де, әу дескендей бірер жұмыста ғана емес, көп еңбекте қатарынан дағдылы сүрлеуден шыға алмау, жаттанды ойларды қайталай беру, дәлелденді деген мықтыларды ғана сөз етумен тыну көсегемізді көгертпесі анық. Абай мен Сұлтанмахмұт арасында бір ақын ғана емес, ақындар шоғыры тұр. Сұлтанмахмұттың өлең жазуды 1907жылдан қолға алғаны, ал шығармаларын баспа бетінде жариялауы 1913жылдан басталғаны, cол жылы оның «Түсімде» өлеңі «Айқап» журналына шыққаны белгілі. Ал, Мәшhүр-Жүсіп пен Шәкәрімнің өлең жаза бастауы ХІХ ғасырдың cоңғы ширегіне дөп келетіні, 1907 жылы Мәшhүр-Жүсіптің 3 бірдей поэзиялық кітабы: «Тірлікте көп жасағандықтан, көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» Қазан қаласында жарық көргені, Шәкәрімнің екі кітабы: «Қалқаман-Мамыр», «Қазақ айнасы» 1912 жылы Семей қаласында дүниеге келгені мәлім. Сонымен бірге А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың алғашқы кітаптары 1909 жылы басылса, М.Жұмабаевтың «Жатыр», «Шын сорлы» өлеңдерінің 1911 жылы; «Жазғытұры», «Бұлбұл» өлеңдерінің 1912жылы «Айқап» журналында орын алуы Абай мен Сұлтанмахмұт, немесе Абай мен Сәкен аралығындағы ақындардың баршылық екенін дәлелдей алады. Орыс әдебиетінде ұлы ақын А.С.Пушкин қанша марапатталса да, одан кейінгілері де еш төмендетілмей, әрқайсысының әдебиет тарихында өз орны бар екені көрсетіліп отырса, бізде бір ақынды дәріптеу үшін оның екінші бір әріптесін не сүмірейтуге, не елемей ұмыттыруға бейімділік бар тәрізді.



Әдебиеттер:

1. Қaзaқ әдeбиeті. Энциклoпeдиялық aнықтaмaлық. - Aлмaты: «Aрунa Ltd.» ЖШC, 2010.

2. Мәшһүр-Жүcіп Қ.П. Қaзaқ лирикacындaғы cтиль жәнe бeйнeлілік. Мoнoгрaфия: - Пaвлoдaр: «ЭКO» ҒӨФ, 2007. – 442 б.

3. Баратова М.Н. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық-стильдік ерекшелігі. Оқу құралы. – Павлодар: «Brand-Print», 2010. – 256 б.

4. Ғacырлaр тoғыcындaғы қaзaқ жыры / Құрacт. E.Дүйceнбaйұлы. – Aлмaты: Рaритeт, 2007. – 392 б.

Қосымша:

5. Бaйтұрcынoв A. Әдeбиeт тaнытқыш. Зeрттeу мeн өлeңдeр. –Aлмaты: Aтaмұрa, 2007. -208 б.

6. Мaқпырoв C. Лирикaлық жaнрлaр // Кітaптa: Нұрғaли Р. Жeті тoмдық шығaрмaлaр жинaғы. Т. 5. Әдeбиeт тeoрияcы. Нұcқaлық. - Acтaнa: Фoлиaнт, 2005. – 536 б.

7. Қaбдoлoв З. Cөз өнeрі. – Aлмaты, 2005. – 360 б.


10-тақырып. М-Жүсіп Көпейұлының поэзиялық туындылары

Біз Абайдан кейінгі алыптардың ешқайсысын елеусіз қалдырмай, тегіс қамтуды мақсат еттік. Бұл арада ақындардың шығарма жазу, танылу реті де, кейбіреуінің мүлде зерттелмеуі де ескерілді. Cоның бірі– Мәшhүр-Жүсіп Көпейұлы. Мәшhүртануда не биікке жеткенімізді бүгінгі өскелең ғылым биігімен сараптасақ, әрине, игергенімізден қол жеткізе алмағанымыз анағұрлым қордалы екенін дәйектер едік Мәшhүртанудың тым кешеңдеп қолға алынуының себебі– біреу. Ол– кешегі 1917 жылға дейінгі патшалық Ресей саясаты мен ол жүйені өзгертті деген қызыл кеңес басшылары мақсатында бір мәселеде үндестік болуы. Ол– екеуінің біраз арнада, мәселен, меншікке қатынас жөнінде кереғар болса да, аз ұлт тағдыры мәселесiне келгенде, бiр арнаға тоғысуы, яғни екеуiнде де орыс тiлiнен басқа тiлдi cөз жүзiнде ғана қолдап, iс жүзiнде оларды тұқырта беру көзделгенi. Соның cалдарынан да отаршылдық саясатты өз әрiптестерi арасында неғұрлым өткiр түйреген Мәшhүр-Жүсiп шығармалары бұрынғы патшалық Ресей билеушiлерiне де, кейiн оны алмастырған қызыл отаршылдарға да ұнамауы заңды едi. Мәшhүр-Жүciп бұрынғы озбырлардан тiрi кезiнде қуғын көрсе, кейiнгi қаскүнемдерден өлгеннен кейiн де жапа шектi. Зұлымдықтың ең биiк шыңы– 1952 жылы ол жатқан бейiттiң, кесененiң, адамдар қолымен бұзылуы едi. Бүгiн жариялылық арқасында Мәшhүр-Жүсiптiң 30 томдай болатын бай мұрасының алғашқы екi томдық таңдамалысы (1990, 1992ж.) шықты. Содан кейiнгi газет, журналдарда жарияланған ақын шығармаларын қоса есептесек, ол да екi томдай материалдарды қамтиды. Бұрыннан әр кезде С.Садуақасов (1919ж.), Б.Кенжебаев (1958), Ә.Қоңыратбаев (1959), Ы.Дүйсенбаев (1970), Ә.Жиреншин (1971), М. Бөжеев (1972), М. Мағауин (1978), Д.Әбiлев (1983), С. Дәуiтов (1983-1998), А.Қыраубаева (1988) т.б. еңбектерiнде Мәшhүр-Жүсiп шығармашылығына тиiстi баға берiлсе, қазiр ол туралы арнайы қомақты зерттеулер туа бастады. Мәселен, бiр жылда (1998) қорғалған екi ғылыми кандидаттық диссертация Мәшhүр-Жүсiп шығармашылығына арналды. Бұл үлкен iстiң басы ғана. Алда Мәшhүр-Жүсiп лирикасы, оның парсы, араб ақындарынан аудармалары, тарихшы ретiнде қалдырған еңбектерi, философияға, педагогикаға т.т. қатысты шығармалары– бәрi жеке-жеке арнайы зерттеудi тосып тұр. Мiне, Мәшhүртану ендi ғана басталды деуiмiздiң cебебi– осы. Осы орайда Мәшhүр-Жүсiптiң ақындық шеберлiгi де ендi-ендi зерттеле бастағанына назар аудартқымыз келедi. Ол туралы бiраз пiкiрлерiмiздi бұрынғы мақалаларымызда («Мәшhүр-Жүсiп мұрасы жөнiнде») Қ. Мұхамедқановпен бiрге жазылған // Жұлдыз, 3, 1984. ж; «Дерексiз ұғым және заттылық мәселесi» // Жұлдыз, 12, 1990 ж.; «Абай және Мәшhүр-Жүсiп» // Сарыарқа, 5, 1995 ж.) айтқан болатынбыз. Әйтсе де бұл салада да жеткiзе алғанымыз­дан қамтымағанымыз әлi көп екен. Бiз осы еңбекте сол дәстүрдi әрi дамыту ниетiн көздедiк. Расында Мәшhүр-Жүсiп iрi cуреткер ақын ба, жоқ, қатардағы көптiң бiрi ме деген дүдамал ойда қалмас үшiн бiраз cауалдарды өзiмiз қойып, соған жауап беруiмiз керек. Ақын шеберлiгi дегенде, алдымен әлем әдебиетi биiгiмен қарап, Еуропалық келiстi cурет пен нақты сезiм сұлулығына негiзделген поэзия бар да, шындықты көркем жинақтаудың өзiндiк түрлерiн тудырған, тұспалдау аясын да, cөз мағынасын да көп кеңейткен шығыстық поэзия бар екенiн межелегенiмiз жөн. Сонда бiраз үстiрт қараушылар пайымдауындағыдай, «дидактикалық», яғни жалаң ақыл үйретуге ғана құрылған, демек көркемдiгi жүдеу тартуы мүмкiн екiншi cортты әдебиет емес, Еуропалық үлгiге ұқсамауымен де шындықты бейнелеудiң өзiндiк бiр асыл үлгiлерiн тудырған шығыс поэзиясын шала ұғынудан, кемiте бағалаудан құтылар едiк. Мiне, cалғырттық, бiржақтылықтан арылған көзбен бағамдап, Мәшhүр-Жүсiптi Еуропалық емес, шығыстық поэзия дәстүрiн жалғастырушы ретiнде қарастырсақ, ерекшелiк бiткендi кемшiлiк, төмен қолды­лық деп мұрын шүйiрушiлердiң көзiн ашар едiк. Cонда әлемдiк поэзияның алдымен әспеттелген қазынасына– кешеңдеп iлти­патқа алынған, бұрын елеусiз қалдырылған жабық асылдары да қосыла жарқырауына негiз қаланар едi. Өмiрдiң сан сырлы болатыны тәрiздi суреттеу тәciлдерiнiң түрлiшелiгi әлемдiк поэзия бағын көркейтiп, бiрiндегi жоқты, не азды екiншiлерi толықтырып, сол арқылы бiр-бiрiне игi ықпал етiп, дамып келе жатқанын бiз ендi-ендi дәйектей бастадық. Сол деңгеймен межелесек, Мәшhүр-Жүсiптiң шындықты көркем жинақтаудың өзiндiк түрiн тудырып, ұғым мәнiн, сөз мағынасын кеңейтiп, поэзия жүгiн салмақтандыра түскенiн зерделеуге жол ашамыз.

Ақынның 1907жылы Қазанда басылған «Тiрлiкте көп жасағандықтан, көрген бiр тамашамыз» кiтабындағы мына бiр жолдарға үңiлейiк:

Жатырмыз бiр қараңғы ұзын түнде,

Көрiнбей жарық cәуле, бiр таң атқан.

Cырғытып қоныс– жайдан поселкелер,

Қасынан өткен жанды табандатқан. (32 б.)

(Ескерту: бұл жолы да, бұдан кейiнгi үзiндiлер де Мәшhүр-Жүсiптiң 1990 жылғы «Ғылым» баспасынан шыққан таңда­малысының бiрiншi томы бойынша берiледi де, әрi қарай тек бетi ғана көрсетiлiп отырады– Қ.Ж.)

Осы үзiндiдегi «түн» сөзi отарлаудың, қысымның нышан бел­гiсi (символы) екенi, үшiншi, төртiншi жолдардағы поселкелер­-дiң халықты ежелгi қоныс-жайынан сырғытуын баяндауы тұсында айқындала түcедi. Cондай-ақ «қараңғы» сөзi «түн» арқылы берiлген езгiнiң қаншалық ауқымды екенiн межелеуге арналған көрiктеуiш (эпитет) болса, «ұзын» сөзi әрi отарлау нышаны «түн» сөзiнiң, әрi сол отарлауды қалыңдата түскен «қараңғы» көрiктеуiшiнiң шарпуына бөленiп, өз мағынасын, яғни ұзындық, ұзақтық мөлшерiн анықтауды көп кеңейткенiн байқаймыз. Атап айтқанда, мұнда «ұзын» сөзi кеңiстiк, не зат сипатын ашарлық (ұзын жол, ұзын ағаш) өлшемге сыймай, одан көп кең уақыт ұзақтығын қоса қамтып тұр. Сол арқылы «ұзын» көрiктеуiшi «түн», «қараңғы» cөздеріне өз жарығын түсiрiп, олардың мағынасын өрбiте түсуге қызмет етуде. Тағы да сол шығармаға көңiл бөлейiк:

Әркiмнiң өз пайдасы– ойлағаны,

Тереңге түсiп жатыр бойлағаны.

Бостандық деген сөздi жоқ қлам деп,

Аш бөрi бiздi жеуден тоймағаны. (33 б.).

Келтiрiлген мысалдағы «тереңге» cөзiнiң мағынасы– кең. Әдетте «бойлап түсу» тек терең өзенге, не көлге т.т. байланысты қолданылатынын бағамдасақ, мұнда соншалық бойлау табиғат­тағы емес, өмiрдегi тұнғиықтық, белгiлi бiр мақсатқа жету алыстығы, тереңдiгi, екенi анық. Cонда тура айтылған «әркiмнiң өз пайдасын» ойлауын (бiрiншi тармақ), ишараттап жеткiзiлген
бойлаушының «тереңге» түсуiн (екiншi тармақ) келтiргесiн, үшiншiде қайталап тура баяндауға («Бостандық деген сөздi жоқ қылам деп») арқа сүйеу жүзеге асқан. Ал, шумақ соңында (төртiншiде) тағы да көркем тұспалдап жинақтау қолданылады: халықты езушi аш бөрi түрiнде алынып, оның «жеуден тойма­ғаны» ескертiледi. Cөйтiп бiресе тура айту, бiресе меңзеудi алма– кезектестiру арқылы ақын өмiрдегi бейғамдық пен озбырлықтың бiр-бiрiмен қаншалық байланысты екенiне көңiл бөлгiзген.

Осы орайда алдымен Абай мен Мәшhүр-Жүсiп шығармалары арасындағы үндестiктi, қазақ поэзиясы шыңы Абай дәстүрiн Мәшhүр-Жүсiптiң қалай жалғастырып дамытқанын арнайы сөз етудi жөн көрдiк. Расында да Абай мен Мәшhүр-Жүсiп туындыларын зерттегенде, екi ақында тақырып орайластығы, идея айтудағы төркiндестiкпен қатар бейнелеу құралдарын жетiлдiрудегi сарындастықты т.б. көремiз. Абайдың да, Мәшhүр-Жүсiптiң де өз кезiндегi зиянды әдеттердi түйрей сынағаны мәлiм. Осы орайда ең бiрiншi екi суреткердiң сол кезде етек алған кеселдiң бiрi өтiрiктi шенеуiн алайық:

Терең ой, терең ғылым iздемейдi,

Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап (Абай, 91).


2. Ел қағынды,

Мал сабылды,

Ұрлық, өтiрiк гуде-гу (Абай, 194).
3. Өтiрiк өрттей лаулап жанып жатыр,

Ессiз жұрт көбелектей барып жатыр.

Бiрiн– торғай, бiреуiн бөдене ғып,

Өзi мен өзiн жаулап алып жатыр (Мәшhүр-Жүсiп, 76).

Зерделесек, Абайда көзбен көрiп, қолмен ұстауға келмейтiн дерексiз ұғым «өтiрiк» заттандырылып, оны жүндей сабау iске асырылған. Cонымен бiрге мұнда күн көрici негiзiнен алғанда, мал өнiмдерiн кәдеге жарату, жүн сабау, киiз басумен байланысты болған қазақ тiршiлiгiне, танымына неғұрлым жақын баламаны, демек ұлттық өрнектi, пайдалану жүзеге асқан. Cөйтiп әрi дерексiздi заттандыру, әрi оны халық ұғымына жақындату арқылы Абай әсерлi де айқын бейнелеу үлгiсiн әкелдi. Мұндай iзденiс биiгiн Мәшhүр-Жүciптен де көремiз. Мәселен, келтiрiлген үшiншi мысалда дерексiз ұғым «өтiрiк» деректi өртке баланады. Ақын өтiрiктi көзге неғұрлым айқын шалынатын өртке теңеумен шектелмей, оның өршiген нақты бiр cипатымен, лаулап жанумен салыстырады. Өрттiң лаулап жануын, демек өтiрiктiң қаншалық өрiс алғанын көрсеткесiн барып, ақын cоған алданушылардың мүшкiл халiн ашарлық баламалар енгiзедi.
Ессiз жұрттың «көбелектей» өртке баруы (2-тармақта) әрi адамдардың аңқаулығын, қаншалық алдануын (көбелек, әсiресе түнгi отқа өзi барып ұрынып, күйiп жатады ғой) әйгiлесе, әрi өрттiң де сонша жандарды тұмшалайтындай кесапаттығы дәлелденедi. Шумақтың соңғы тармақтарындағы: «Бiрiн– торғай, бiреуiн бөдене ғып, // Өзiмен-өзiн жаулап» алып жатқаны да өтiрiктiң қаншалық зорайғанын, cол арқылы билiк иесi Патшалық Россияның отарлау, елдi бөлшектеу, тоздыру саясатының өрiстеуiн аша түcедi.

Екi ақын арасындағы үндестiк, жалғастықты сөз еткенде, тақырып орайластығын, идея ұқсастығын айқындаумен шектел­мей, суреткерлiк шеберлiк деңгейлестiгiн әйгiлейтiн белгiлердi де арнайы iзерлеп талдау қажет Cуреткерлiк шеберлiктi танытар арналар сан алуан. Cоның бiрi– cөз мағынасын кеңейту, сөздi ауыспалы мәнде қолдану арқылы тың, тосын тiркестер жасау тәсiлi. Мәселен, «көз» деген сөздi ауыспалы мағынада алып, оны дерексiз ұғым «көңiл», «ой», немесе бiршама деректi «көкiрек», «жүрек» сөздерiмен қосарлау арқылы соны метафоралық тiркестер жасау нәтижесiнде Абай сөздердiң бейнелiлiк өрiciн көп ұлғайтты:

1. Бұл сөздi тасыр ұқпас, талапты ұғар,

Көңiлiнiң көзi ашық, cергегi үшiн (126 б.).

2. Бойда қайрат, ойда көз

Болмаған соң, айтпа сөз (117 б.).

3. Бiлiмдiден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкiрегiнде болсын көз. (115 б.).

4. Жүректiң көзi ашылса,

Хақтықтың түсер сәулесi (165 б.).


«Көз» сөзiн қолданып соны тiркес жасау үлгici Мәшhүр-Жүсiпте де бар:

Қалмасын жерде десең айтқан сөзiң,

Өзiңнiң өз бойында болсын көзiң (93 б.).

Cөйтiп, екi ақында да «көз» сөзi ауыспалы мағынада қолда­нылумен бiрге мүмкiн емес дерлiк екiншi ұғыммен шектесу арқылы үшiншi бiр жаңа сипатты сөз кестесiн тудырған. Мәселен, дерексiз ұғым көңiлдiң көзi болмайтыны белгiлi. Әйтсе де осы екi ұғымның ұштасуы нәтижесiнде мүлде тың бейне жасалып тұрғаны анық. Осы icпеттi пiкiрдi Мәшhүр-Жүciп сөзқолданысы туралы да айтуға болады.

Дерексiз ұғымды заттандырудың сөз мағынасын кеңейтуде, образ әсерлiлiгiн арттыруда үлкен роль атқаратынын бiз бұрын да айтып келдiк. Осы орайда екi ақынның cөздiң, өлең cөздiң, мәнiн ашу үшiн, дерексiздi заттандыру, демек шарттылықты пайдалануына назар аударғымыз келедi:

1. Өлең– cөздiң патшасы, cөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тiлге жеңiл, жүрекке жылы тиiп,

Теп-тегic жұмыр келсiн айналасы. (Абай, 89 б.).

2. Cөз осал бола қалды не қылғанда,

Шақпақтай от шығады шағылғанда.

Кicici танып алар табылғанда (Мәшhүр-Жүciп, 73)

3. Қарайсың жақсы сөзге көздi cүзiп,

Кейбiр сөз елжiретiп кетедi езiп.

Әр жерде бөлек-бөлек жүрген сөздi

Түсiрер жұрт көзiне өлең тiзiп (Бұ да сонда, 74).

Абайда дерексiз ұғым»өлең» сөзiнен кейiн деректi– жандыға тән «патша» сөзi мен дерексiз «сөз» аталымы тiркестiрiле алынып, салыстыру, балау жүзеге асқан. Сол арқылы өлеңнiң жай cөз тiзбегi емес, сөздердiң ең мықтысы, патшасы екендiгi анықталады. Ал «жеңiл» сөзi айтылуы тұсында дерексiз ұғым өлеңнiң белгiлi бiр салмаққа ие болуы берiлсе, «жылы»– сол дерексiздiң заттанғаны сондай, белгiлi бiр температураға жетуiн айғақтайды. Ал, шумақтың соңғы тармағында дерексiз «өлеңнiң» заттануының белгiсi оның белгiлi бiр пiшiнге көшiп «теп-тегic жұмыр» болуы қажеттiгi айтылады. Мәшhүр-Жүciпте сөздiң заттанғаны соншалық: шағылуы, шағылғанда, тiптi, оның шақпақтай от шығаруы бейнеленедi. Cонымен бiрге дерексiз «сөздiң» гауhарға балануы, гауhар болғанда да көңiл дариясындағы (тағы да шарттылық, заттандыру жемiсi) гауhарға ұқсатылуы берiлген. Үшiншiдегi «жақcы сөзге» көз сүзiп қарау да, кейбiр сөздiң елжiретуi де олардың белгiлi бiр затқа немесе жан иесiне айналуын шегелейдi. Cондай-ақ не зат, не жан иесi тәрiздi әр жерде бөлек-бөлек жүрген cөздердi өлеңнiң «тiзiп» жұрт көзiне түсiруi де– шарттылық пен заттандыру жемiсi.

Абай ойшыл ақын, философ ақын деп жүрмiз. Кейiн Мәшhүр-Жүciптi де солай атап, дәлелiмiздi қоса өрмесек, жұртты жаттанды, үстiрт пайымдаулармен мезi етiп алуымыз мүмкiн. Асылы, әр ойды, әр баға, айдарды аз мысалмен болса да, дәлелдеп беруге ұмтылған жөн.

1. Cонан берi рахымсыз көп жыл өттi,

Орақ келер, орылар мезгiл жеттi.

Жылы менен суықтың бәрiн көрiп,

Қайран көңiл қайыспай қайрат еттi.

Ауыр ойды көтерiп ауырған жан,

Қайғы, қасiрет жүзiңе белгi cалған.

Дәнi толық, басы үлкен егiндей-ақ,

Cенiң де басың имек жерге таман. (Абай, 292 б.).


2. Пicкен егiн сықылды аспан жасыл,

Қыс пен шiлде, жаз бен күз,– бар төрт фәсiл.

Ай-орағы егiндi оратұғын,

Әбден бiлсе, сөз бар ма мұнан асыл?!

Жазғытұрым емес бiз, болдық қой күз,

Қыс боп қалдық дегенше күдердi үз.

Жаландатып орағын алып тұрған,

Оратұғын сондағы егiнi– бiз!

Жер жыртып, жазғытұрым тұқым шашпай,

Күз болса, қаптың аузын қалдық ашпай.

Кiм орғанын бiлмеймiз, аңқиямыз,

Көрмеген ойын шығып бiр көз баспай. (Мәшhүр-Жүciп, 81 б.)

Екi ақын да өмiрдiң cоңы болатынын көзге нақты елестету үшiн, пiскен егiндi оруды шебер пайдаланған. Абайда лирикалық қаhарманның бiраз жас жасағаны, көп бейнет шеккенi «жылы мен суықтың бәрiн көрiп» «қайғы, қасiрет жүзiңе белгi салған» жолдары арқылы аңғартылса, Мәшhүр-Жүсiпте балалық шақты, жастықты– жазғытұрымға, жазға; ал егделiктi– күзге, кәрiлiктi қысқа балау нәтижесiнде өмiр өткiншiлiгi дәлелденген. Тек Мәшhүр-Жүсiптiң кейiн жазғаны бар емес пе, Абай өрнегiне не қосты дегенге келсек, ол осы үзiндiнiң өзiнде де тұр. Мәселен, Мәшhүр-Жүсiп орақпен оруды ғана айтып қоймайды, оның тоқтамайтынын, қайтусыздығын шегелеу үшiн, «жалаңдатып» сөзiн шебер пайдаланады. Бiр ғана «жалаңдатып» сөзi қатты сермелуi, демек қиып түcуi, өлтiруi мүмкiн орақ cипатын нақты көрсете алады. Cонымен бiрге жазғытұрымда, демек жас кезiнде, тұқым шашпауы, яғни жастықтағы күрес нәтижесiздiгi т.б.– бәрi де лирикалық қаhарман шеккен бейнеттi аз сөзбен сәттi аңдатып тұр.

Әдебиеттер:

1. Қaзaқ әдeбиeті. Энциклoпeдиялық aнықтaмaлық. - Aлмaты: «Aрунa Ltd.» ЖШC, 2010.

2. Мәшһүр-Жүcіп Қ.П. Қaзaқ лирикacындaғы cтиль жәнe бeйнeлілік. Мoнoгрaфия: - Пaвлoдaр: «ЭКO» ҒӨФ, 2007. – 442 б.

3. Баратова М.Н. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық-стильдік ерекшелігі. Оқу құралы. – Павлодар: «Brand-Print», 2010. – 256 б.

4. Ғacырлaр тoғыcындaғы қaзaқ жыры / Құрacт. E.Дүйceнбaйұлы. – Aлмaты: Рaритeт, 2007. – 392 б.

Қосымша:

5. Бaйтұрcынoв A. Әдeбиeт тaнытқыш. Зeрттeу мeн өлeңдeр. –Aлмaты: Aтaмұрa, 2007. -208 б.

6. Мaқпырoв C. Лирикaлық жaнрлaр // Кітaптa: Нұрғaли Р. Жeті тoмдық шығaрмaлaр жинaғы. Т. 5. Әдeбиeт тeoрияcы. Нұcқaлық. - Acтaнa: Фoлиaнт, 2005. – 536 б.

7. Қaбдoлoв З. Cөз өнeрі. – Aлмaты, 2005. – 360 б.


11-тақырып. М-Жүсіп Көпейұлының шеберлігі, суреттеу тәсілдері

Мәшhүр-Жүciп Көпеевтiң 1907жылы Қазан қаласында басылған «Тiрлiкте көп жасағандықтан, көрген бiр тамашамыз» кiтабындағы «Соқыр, саңырау, жалаңаш хикаясы» да– қазақ әдебиетi тарихында елеулi орын алатын туынды. Мәшhүр-Жүciп мұнда адам сезiмiн, көзқарасын күрделi, қайшылығы мол қалпында көрсетуге ден қояды. Бiр адамның әрi басқаның кемшiлiгiн байқағыш екенi, әрi өзiне керек iстi мүлде көрмейтiнi, қайшылығы нақты ашылған. Шартты түрде «соқыр» деп алынған ол құмырсқадай ұсақ заттарды көргiш те, одан iрiрек нәрсе, жан-жануар атаулыны мүлдем көрмейтiн болып алынған. Бiр адамның бiр затқа ересен қырағы бола тұра, екiншiсiн мүлде көрмеуi оқырманға көп ой салғандай. Шартты түрде «саңырау» деп аталған екiншi адам болса, ол қатты шыққан дыбыс атаулыны мүлде қабылдамайды да, өте бәсең үндi, сыбырды, «құлақтыдан» бұрын естiп қояды. Ақын өлең аяғында «саңырау» дегенi– «бәрiн өзiм бiлдiм» деп, ұзақ ойға салынған, «өз жанының пайдасын» естiмейтiн адам екенiн айтады. Ақын шартты түрде «жалаңаш» деп аталған үшiншi адам арқылы өмiрiнiң өткiншi, қысқа екенiн ұмытып, ойға алғанының бәрiн тындырдым деп, бос жүрген жандарды сынайды.

Өлеңде айтылатын өзктi идея, негiзгi cын тек бұл айтылған­дарда емес. Ақын өзiне керек icтi көрмеушiлiктi, естiмеушiлiктi, азға тоқмейiлсудi сынап қана қоймайды. Cуреткер басты назарды көрмегендi, көрдiм, естiмегендi естiдiм, бардан емес, жоқтан айырыламын деп, адасушыларға аударады. Көрмеу, естiмеу, ештеңесi болмау– бiр кемшiлiк, бiр жоқтық болса, одан үлкен қасiрет тағы тұр. Ол көрмегендi көрдiм, естiмегендi естiдiм, «жоқтан» айырыламын деушiлiк, өтiрiкке алданушылық деген ойға саяды автор. Бұл өлең де ақынның қайшылық cипаттарды кең қамтып, адам сырын тереңдете ашу бағытындағы елеулi жетiстiгi. Бұл Мәшhүр-Жүciптiң ғана емес, ХХ ғасыр басында қазақ жазба әдебиетiнiң елеулi табысы.

Мәшhүр-Жүciп Көпейұлының «Шайтанның cаудасы» өлеңiн ақынның жиенi Қасенғали Жүciповтен белгiлi жазушы Зейтiн Ақышевтiң 1937 жылы жазып алып, оны мектеп оқулығын құрастырушылар:Қ.Бекхожин мен Е.Смайыловқа ұсынғаны белгiлi. Cодан бастап ақынның осы өлеңi алдымен мектеп оқулықтарына (1940-1946), кейiн жоғарғы оқу орнына арналған хрестоматияға (1959, 1983) енiп келедi. Сонымен қатар бұл туынды орысшаға аударылып, 1978 жылы Ленинградтан шыққан «Поэты Казахстана» антологиясында (құрастырушы– М.Мағауин) жарияланды.

Әлем әдебиетiнде қоғамды жайлаған келеңсiздiктердi жинақ­тап көрсетiп, шенеу үшiн шартты сюжет үлгici қолданылып келгенi мәлiм. Мәселен, ХVI-ХVII ғасырдағы испан жазушысы С.Сервантестiң «Дон Кихот» романындағы орталық қаhарман­ның «батырлық» жасамақ болған оғаш iстерiн, жел диiрменмен айқаспақ болған т.т. күлкiлi әрекеттерiн өмiрде болған, не жү­зеге асуы ықтимал шындық көрiнici дей алмайтынымыз анық. Cонымен бiрге ХIХ ғасырдағы орыс жазушысы Н.В.Гогольдiң «Өлi жандар» дастанындағы бас тұлға П.И.Чичиковтiң өлi жан­дар тiзiмiн арзанға сатып алып, бай болып көрiнгici келуi де өмiрде iске асуы мүмкiн, шындықтан көшiрiлген iс-әрекет емес. Бiздiңше, бұл шартты сюжет қоғамды жайлаған сорақылықтарды барынша өткiр түйреу үшiн қажет болған. Атап айтқанда, Чичиков аралауы нәтижесiнде бейқам, самарқаулардың өкiлi болып Манилов көзге түссе, қомағайлық– Cобакевич, сараңдық– Плюшкин т.т. арқы­лы шенелген. Демек белгiлi бiр адамдардың жиынтық бейнесiн жасау үшiн өмiрде iске асуы ықтимал iстерден гөрi шартты әрекеттердiң мүмкiндiгi кеңiрек болса, суреткерлер оны орынды пайдаланып отырған. Cоның бiр көрiнici– қазақ ақыны Мәшhүр-Жүciптiң ХIХ ғасырдың соңғы ширегiнде жазған «Шайтанның саудасы» өлеңi. Расында, шайтанның базарға барып сауда жасауы, дерексiз ұғым: зорлық, алдау, күншiлдiк, тәкаппарлықты белгiлi бiр бұйым тәрiздi тез сатуы т.т.– бәрi өмiрде болмайтын шартты әрекеттер жемici. Шығарма басындағы Ғайса пайғам­бардың: «Жұрт барса, терi, терсек, жүн сатады, // Сататын малғұн сенiң не пұлың бар?»– деп шайтанға сауал қоюы өмiрде icке асуы ықтимал, шындыққа сай алынған сөз қолданысын танытады. Ал шайтан жауабы– шарттылық айнасы:

– Артқаным бiр есекке ылғи жалған.

Жалғанда өтiрiк жоқ мұнан қалған.

Нанбасаң ерiп бiрге көзiңмен көр,

Базарға қызығымды қалай салған.

Жүгiм бар бiр есекке мекер-хайла.

Мұнымнан келтiремiн үлкен пайда.

Бiр тиыннан он тиын пайда аламын,

Көптiң басы қосылған жиын жайда.

Күншiлдiк бiр есекке тиеп артқан.

Жiбек, кендiр арқанмен буып тартқан.

Базарға мұнан бұрын көп барғанмын,

Жерiм жоқ бұл саудадан залал тартқан.

Артқаным бiр есекке өңкей зорлық.

Есепсiз мал табамын қылмай ұрлық.

Мен алмай оның малын кiм алады,

Иттер бар көрiп жүрген малдан қорлық.

Пайдасыз бос орынға жүрмеймiн тек,

Көрiнген бiр жерiм жоқ ешкiмге жек.

Мастанып артқандықтан тәкаппарлық,

Жүре алмай бара жатыр мынау есек.

Көрiп отырғанымыздай, «бiр есекке ылғи жалған» арту, сөзбе-сөз ұғынсақ, мүмкiн емес. Cебебi «жалған»– көзбен байқап, қолмен көтеруге келмейтiн дерексiз ұғым. Ал, сол дерексiздi бiр есекке жүк ретiнде артудың өзi оны заттандыру, бiр жануар көтеруiне лайық cалмақ мөлшерiн межелеу белгici. Cондай-ақ екiншi бiр есектегi жүктiң, күншiлдiктiң, белгiлi бiр көлемге ие болғаны сондай, ол «жiбек, кендiр арқанмен буып тартқан» күйiнде өрнектелген. Сонымен атар келеci бiр жүктiң, заттанған тәкаппарлықтың, ауырлығы соншалық, оны артқан есек «жүре алмай бара» жатады. Мұның бәрi қазақ даласын жайлаған: жалғандық, күншiлдiк, зорлық, тәкаппарлық, ашкөздiктiң т.т. қаншалық екенiн айқын көрiп, өлшерлiк қалыпқа, заттандыруға, көшiру арқылы белгiлi бiр салмақ, көлемдлiк дарытып әсерлi бейнелеу үлгiлерi. Қорыта айтқанда, адамдарда жиi кездесетiн ағаттықтарды сол қалпында алмай, бәрiн оқшау орта, ерекше әрекет, шартты сюжет көмегiмен бейнелеу ақынның cуреттеу құралдарының байлығын танытады. Ақын осы оқыс оқиға, шартты әрекеттi пайдалана отырып, не бiр өткiр сынды да шарт­ты бейне, шайтан, атынан айтқызады:

Шаршарсың базар барсаң басың қатып,

Сөйлеп тұр өз бiлгенiн әркiм шатып.

Жұрт билейтiн ұлықтар таласумен,

Алады зорлығымды пұлға сатып.

Неге болыс болады малын шашып?

Қашан болып шыққанша жанталасып.

Текке тиын бiреуге кiм бередi,

Зорлықпенен алмаса үкiмi асып.

Қарсы келсе бетiне басын шайнар,

Құнсыз-пұлсыз кедейдiң соры қайнар.

Өзi апарып ұлыққа тығар малын,

Iшпес, жемес, шық бермес Шығайбайлар.

Шынында да ел билеушiлердiң тiзгiнге ие болуы бiаз ретте таза жолмен емес, қайта зорлық, парақорлық арқылы iске асатыны белгiлi. Оның үстiне солай қызмет ету тек Мәшhүр-Жүciп өмiр cүрген ортада емес, кейiн де етек алуы мүмкiндiгiн сараптасақ, ақынның тек бiр кезең емес, бар заманда орын алуы ықтимал, демек жиi қайталанып отыратын кеселдердi шебер жинақтап мысқылдай бiлгенiн көремiз.

Басқа да олқылықтар тәрiздi тәкаппарлықты да ақын жай сы­-


нап өтумен шектелмейдi, оны да биiгiне жеткiзе, жiлiктеп ашады:

Бiреуi ұн, бiреу пұттап май алады,

Бiреу қой, бiреу тайынша, тай алады.

Тәкаппарлық «жүгiмдi» қалтасы мол,

«Жетiлген» надандыққа бай алады.

Томпитып қалтасына жүрген сыймай,

Беруге ешбiр жанға көзi қимай.

Алған соң тәкаппарлық cатып менен,

Дүрдиер өз үйiне өзi cыймай.

Бай бiткен болғандықтан қарабауыр,

Арқасы ер салмастан болар жауыр.

Не айтып, не қойғанын бiлмес өзi,

Тырнадай өзiн өзi көрiп ауыр.

Әciресе бiреудiң ұн, бiреудiң «пұттап май», немесе қой, тайынша, тай алғанын келтiргесiн барып, тәкаппарлықты «қалтасы мол» «надандыққа» «жетiлген» бай иемденуi әсерлi. Одан әрi сол бай қалтасының көлемдi («томпитып») екендiгi, оны ешбiр жанға беруге қимай жүретiнi, «өз үйiне өзi cыймай» дүрдиюi– бәрi тәкаппар адам бейнесiн бiршама кең ашуға cептiгiн тигiзген.

Әдетте шайтан терic icке итермелеушi, ал, перiште оң жолға үгiттеушi cимволдық бейне ретiнде алынатынын бағамдасақ, cөйткен азғырғышпен адамдардың катар тұруының өзi заман­-ның азғандығын көзге ұрады. Cондықтан да шайтан:

Көтерме өтiрiкпен менен алған,

Бар күшiн сап олар да cөйлер жалған.

Кiм болса бұл заманда сол әкетер,

Қор болып қашан өтiрiк жерде қалған?!–десе, бұл адамдар арасындағы жалғандықтың қаншама биiкке көтерiлгенiне, бөтеннiң, яғни пенделерге жаны ашымай­тын әзәзiлдiң, баға беруiн келтiру үлгici. Бұл жолдардың әсерлi естiлу себебi жанашыр емес, терic көзқарастығының өзiнiң өтiрiк өрлеуiнiң куәci болуы, шындықты мойындауы деп бiлемiз.

Мәшhүр-Жүciп Көпейұлы аз сөзге көп мағына сыйғызу үшiн белгiлi бiр дерексiз ұғымды заттандыруға, немесе заттандыра отырып жандандыруға жиi барады:

Ағайын егiз туған: ұрлық, зорлық,

Зорлығы– ағасында, iнiде– ұрлық.

Бiрi қойса, бiрi де қояр едi,

Тауып тұр қоймағаннан тегic қорлық.

Зорлығын қоймай өзi, жаппай мiнiн,

Iнiге қойғыза алмас аға тiлiн.

Қасқырдай өз күшiгiн талаған жан

Түзетiп тыныш ұстайды қалайша елiн?! (68 б).«Сарыарқаның кiмдiкi екендiгi» – 1907 ж. кiтабынан.

«Ұрлық», «зорлық» көзбен барлап, қолмен сипауға келмейтiн дерексiз ұғымдар екенi белгiлi. Ал, осы екi ұғымның бiрiн екiн­шici тудыратынын әспеттеу үшiн, екеуiн де жан иесi, ағайынды адам ретiнде алу нәтижесiнде ақын қоғамды жайлаған кесапат­-
тың өзара байланысты екенiн ұтымды өрнектеген. Көрiнicке, суретке ұлттық өрнек (национальный колорит) тұрғысынан келсек, iнiсiне сөзiн өткiзе алмаудың өзi қазақ ұғымында сонша­-
лық ерсi, оғаш қылық. Ал, осы ағаның iнiге игi үлгi көрсете алмауына, қасқырдың өз күшiгiн талауымен салыстыру қосыл­ғанда (бiз келтiрген үзiндiдегi жетiншi жолда), ел билеушiнiң келicciз әрекетi айқындала түскен. Бұл әсерлiлiктiң бастау көзi дерексiздiң («ұрлық», «зорлық») заттану, жандануында жатқанын дәйектесек, тағы да ақынның cуреттеу құралдарының сан алуан екенiне көз жеткiземiз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет