Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті



бет1/6
Дата10.06.2016
өлшемі1.35 Mb.
#126621
  1   2   3   4   5   6

Пән бағдарламасының (SYLLABUS) титул беті




Нысан

Н ҰС ПМУ 7.18.4/19


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы








6М011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»мамандығына

«Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» пәні бойынша
Пән бағдарламасы (Syllabus)

Павлодар, 2013 ж.






Пән бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы





Нысан

Н ҰС ПМУ 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН

ГПФ деканы

___________ Сарбалаев Ж.Т.

(қолы)


«___»_____________20__ж.

Құрастырушы: ____________ ф.ғ.к., доцент Кәріпжанова А.О.


5В020500- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған

«Психолингвистика» пәні бойынша

Пән бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі __________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________

Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20_ ж. «_____»____________ №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _____________ Ксембаева С.К. 20_ж. «_____»___________
1 Оқу пәннің паспорты
Пән атауы: Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік
Таңдау компоненті бойынша пән
Оқу мерзімі және кредит саны

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 1



Жалпы аудиторияда оқу сағаты – 45 сағат

Дәрістер - 30 сағат

Тәжірибелік /семинарлық оқу сағаттары – 15 сағат

Зертханалық – жоқ

СӨЖ – 90 сағат

Оның құрамында СОӨЖ – 15 сағат

Жалпы көлемі - 135 сағат
Бақылау формасы

емтихан – 1 семестрде


Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: әдебиеттануға кіріспе, қазақ халық ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиеті, ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, Қазіргі қазақ әдібиеті, Әдебиет теориясы.


Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері, Қазіргі әдебиеттанудың философиялық-әдістемелік негіздері


2. Оқытушы туралы мәлімет және байланысу ақпараттары

Аты-жөні: Кәріпжанова Айнұр Оралқызы

Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Кафедра «Қазақ филологиясы», аудитория 356

телефон: 8-7011842854,

Е-mail: ainurok1974@mail.ru


3. Пән, мақсаттары мен міндеттері

Пән нысаны: «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» пәні филология бағыты бойынша дайындалатын магистранттардың таңдау компонентіндегі пән болып табылады.

Пән мақсаты: магистранттарды қазақ әдебиеттану ғылымында арнайы зерттелмеген лирикадағы стиль және бейнелiлiк мәселелерiмен таныстыру. Бүгiнгi кемелденген қазақ лирикасындағы стиль өрiciн оған ықпал еткен көркемдiк әдiспен байланыстыра қарау, стиль туралы жазылған қазақ ғалымдары ғана емес, орыс ғалымдары iзденiстерiнiң бай тәжiрибесiне сүйену – бәрi тақырып ауқымдылығын, көкейкестiлiгiн көрсететінін, стильдiң алдымен лирикалық қаһарман бiтiмiн негiздеп, тақырып, идея, сюжет, композициядан, әciресе ақынның cөз қолданысы ерекшелiктерiнен көрiнетiнiн дәлелдеу үшiн автор көне қазақ әдебиетiнен бастап бүгiнге дейiнгi бай материалды қамтылуын зерделеу.

Пән міндеттері: «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» пәні бойынша:

- негізгі арнайы ұғымдар мен түсініктемелердің мазмұнын ашу;

- әдебиеттегі стиль негіздері бойынша білімдерін қалыптастыру;

- көркем әдебиеттегі стиль мәні, сипаты, ерекшеліктері туралы зерттеулерді оқып зерделеу, талдау;

- мақсаттары мен міндеттері, әдіс-тәсілдерін айқындау;

- қазақ өлеңі дамуындағы көркемдік әдіс, стиль мен бейнеліліктің өзара байланысы мәселелерін зерттеу;

- қазақ өлеңінің теориясы, өлең құрылымы, ондағы дәстүр мен жаңалық роліне байланысты мәселелерді тұжырымдау.
4. Білім, біліктілікке және құзыреттілікке койылатын талаптар:

білу керек:

- негізгі арнайы әдебиет стиліне байланысты ұғымдар мен түсініктемелерді және олардың ерекшеліктерін;

- көркем әдебиет стилінің негіздері бойынша қазіргі ғылымда пайда болған үрдістердің басымдылықтарын айқындай білуі тиіс;

машықтану қажет:

- көркем әдебиеттегі стиль және даралық ұғымын ажырата білуге;

- қазақ лирикасының даму тарихы, қазақ өлеңі дамуындағы көркемдік әдіс, стиль мен бейнеліліктің өзара байланысы бойынша практикалық жұмыс жасай білуге;

- алынған нәтижелерді бағалауды, іске асыруды;

игеру керек:

- қазақ лирикасының даму тарихындағы теориялық және әдіснамалық қағидаларды, басты ұғымдарды;



- көркем әдебиет стиліне қатысты ғылыми концепцияларды игеруі қажет..
5 Пәнді оқытудағы тақырыптық жоспар

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарын үлестіру




Тақырыптар атауы

Аудиторияда оқитын сабақ сандары мен түрлері

МӨЖ

дәрістер

тәж(семинар) сабақтар

Зертхеналық және дербес сабақтар

Барлығы


Оның құрамындағы СОӨЖ

1

1-тақырып. Кіріспе. Лирикадағы стильдің зерттелуі

2

1




6

1

2

2-тақырып. Көркемдік әдіс және бейнелілік

2

1




6

1

3

3-тақырып. М.Жұмабаев романтизмі

2

1




6

1

4

4-тақырып. С. Сейфуллин өйлеудің психологиялық қылары

2

1




6

1

5

5-тақырып. І.Жансүгіров шығармаларындағы романтикалық қаһарманды әспеттеу

2

1




6

1

6

6-тақырып. Қ.Аманжоловтың романтикалық сарындағы туындылары

2

1




6

1

7

7-тақырып. Қазақ лирикасындағы күрескерлік рух

2

1




6

1

8

8-тақырып. Қазақ лирикасындағы ауыз әдебиетінен етек алған дәстүрлі суреттеу үлгілері

2

1




6

1

9

9-тақырып. Қазақ поэзиясындағы реализмнің дамуы

2

1




6

1

10

10-тақырып. М-Жүсіп Көпейұлының поэзиялық туындылары

2

1




6

1

11

11-тақырып. М-Жүсіп Көпейұлының шеберлігі, суреттеу тәсілдері

2

1




6

1

12

12-тақырып. Қазақ лирикасындағы Шәкәрімнің орны.

2

1




6

1

13

13-тақырып. М.Дулатов шығармашылығы

2

1




6

1

14

14-тақырып. Қазақ лирикасындағы А.Байтұрсыновтың стильдік ерекшелігі

2

1




6

1

15

15-тақырып. С.Торайғыров шығармашылығы

2

1




6

1




Жалпы:135 сағат (3 кредит)

30

15




90

15


4. Білім, біліктілікке және құзыреттілікке койылатын талаптар:

білу керек:

- негізгі арнайы әдебиет стиліне байланысты ұғымдар мен түсініктемелерді және олардың ерекшеліктерін;

- көркем әдебиет стилінің негіздері бойынша қазіргі ғылымда пайда болған үрдістердің басымдылықтарын айқындай білуі тиіс;

машықтану қажет:

- көркем әдебиеттегі стиль және даралық ұғымын ажырата білуге;

- қазақ лирикасының даму тарихы, қазақ өлеңі дамуындағы көркемдік әдіс, стиль мен бейнеліліктің өзара байланысы бойынша практикалық жұмыс жасай білуге;

- алынған нәтижелерді бағалауды, іске асыруды;


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1-тақырып. Кіріспе. Лирикадағы стильдің зерттелуі

Қазақ лирикасының даму тарихын сөз етерде бұл тақырыптың зерттелу өрісіне көңіл бөлу қажеттігі аян. Бұл салада бұрынғы кеңестік республикалар одағы кеңістігінде қалыптасқан Орыс әдебиеттану ғылымы тәжірибесіне шолу жасау әр ғылым саласын томағатұйық алмай, көрші елдің бай дәстүрін ескеру қажеттігінен туындайды.

Әсіресе, XIX ғасырдағы В.Г.Белинский, А.Н.Веселовский еңбектері поэзия зерттеушілері үшін өнеге көзі болғаны анық. Кейінірек Б.В.Томашевский, В.М. Жирмунский, Л.И.Тимофеев, В.Е.Холшевников, Б.Эйхенбаум, Л.Я.Гинзбург т.б. еңбектері де тек орыс әдебиеті сыны емес, көрші республикалардағы әдебиеттану ғылымы дамуына игі ықпал жасағаны мәлім.

Әдебиеттің басқа жанрлары тәрізді қазақ лирикасы хақында да зерттеу еңбектер баршылық. Қазақ өлеңінің теориясы, өлең құрылымы, ондағы дәстүр мен жаңалық ролі біраз қарастырылды дегенде, арнайы қомақты зерттеулер: Қ.Жұмалиевтің «Абайға дейінгі Қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1948), Ә.Тәжібаевтың «Өмір және поэзия» (1960), З.А.Ахметовтың «Казахское стихосложение» (1964), «Өлең сөздің теориясы» (1973), М.Базарбаевтың «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» (1973), С.Негимовтың «Өлең өрімі» (1980), Қ.Мырзалиевтің «Сөз сиқыры» (1982), Р.Нұрғалиевтің «Телағыс» (1986) кітап­тарының алдымен еске алынуы заңды. Сонымен қатар жеке ақындар шығармашылығы туралы жазылған: С.Қирабаевтың «Сәкен Сейфуллин» (1962), Е.Исмаиловтың «Ақын және революция» (1964), М.Дүйсеновтың «Ілияс Жансүгіров» (1965), Т.Әбдірахманованың «Қасым Аманжоловтың поэтикасы» (1976) Ә.Нарымбетовтың «Қалижан Бекхожин творчествосы» (1983), т.б. монографиялық еңбектерде қазақ лирикасының даму тарихы біраз қамтылғаны мәлім. Сондай-ақ жекелеген мақала, зерттеулері аркылы қазақ поэзия сынына үлес қосқан ғалымдар еңбегі– азалдына бір төбе1.

Әйтсе де әдебиеттің басқа сала, өзге жанрларына қарағанда, лирика табиғаты неғұрлым аз зерттелді деумізге де негіз толық. Атап айтқанда, қазақ өлеңі дамуындағы көркемдік әдіс, стиль мен бейнеліліктің өзара байланысы арнайы зерттелмей келуі де игерілмеген тақырыптардың әлі де баршылық екенін дәлелдесе керек.

Көркем әдебиеттегі стиль мәні, сипаты, ерекшеліктері туралы зерттеулер бастауын іздесек, көне дәуірге, ерте Грек мәдениетіне тірелеріміз сөзсіз. Қазақ әдебиеті ғылымына көп игі әсер беріп келген Орыс әдебиеті ғылымы тарихына үңілсек те, стиль хақындағы ізденістердің тұтас бір шежіресіне тап боламыз. Орыс мәдениетінің алтын ғасырында (ХІХғ.) ерекше орын алатын әдебиетші ғалымдар: А.А.Потебня, А.Н.Веселовский мұраларынан бастап, төңкерістен (1917 ж.) кейінгі жиырмасын­шы-отызыншы жылдардағы: П.Н.Сакулин, А.Белецкий, В.Жирмунский, В.Гофман, М.А.Рыбникова т.б. енбектерінің стиль зерттеу тарихында маңызды орын алатыны белгілі. Сон­дай-ақ елуінші жылдардан бері туған зерттеулерді сараласақ: В.В.Виноградов, Д.С.Лихачев, М.М.Бахтин, А.В.Чичерин, В.Д.Днепров, М.В.Храпченко. Г.Н.Поспелов, А.Н.Соколов, Р.А.Будагов, В.А.Ковалев, Л.И.Тимофеев т.б. еңбектерінде стиль жан-жақты қарастырылды. Орыс әдебиеті ғылымындағы көп жылдық ізденістерді жинақтап, тұжырымдаған 4томдық «Теория литературных стилей» кітаптарының (1976-1982ж.) шығуының мәні зор.



Казақ әдебиеттану ғылымына келсек, стиль туралы арнайы монографиялық еңбек әлі шыға қоймаса да, жекелеген мәнді ізденістерге тап боламыз. Ол А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» (1926), Қ.Жұмалиевтің «Стиль– өнер ерекшелігі» (1966), Ф.Оразаевтың «Замана каһарманы» (1981) кітаптарында біраз орын алған. Сондай-ак белгілі әдебиетшілер: Ә. Қоңырат­баев, З. Қабдолов, Р. Нүрғалиев, Ә.Кекілбаевтың т.б. пікір айтуларында да бұл үлкен тақырыпты игерудің алғашқы нышандары бар. Стиль туралы айтылған пікірлерді қорытып, саралай келе, қазақ ақындары өлендерін стиль тұрғысынан зерттегенде, оны дәуір, уақыт ықпалымен тығыз байланысты карастыру міндеті туары анық. Қазақ әдебиеті дамуының басқа кезеңдері тәрізді ХХғасырдың жиырмасыншы, отызыншы жылдарындағы қазақ лирикасының қандай жағдайда, қалай өрістегенін сөз еткенде де, ол мәселеге тәуелсіздік арқасында кол жеткен жаңа көзқарастар биігімен қарауға тиістіміз. Сөз жоқ, 1917жылғы қазан төңкерісі қазақ мәдениеті дамуында үлкен зобалаң тудырып, пікір шектеулілігін т.б. негіздеумен қатар әдебиеттің даму бағытына өзінше әсер еткенін ескермеуге болмайды. Демек төңкеріске дейінгі, немесе одан кейінгі әдебиет дегенде, оны уақыт мөлшерін белгілеу ушін ғана емес, дәуір ерекшелігіне сай әдебиет дамуының өзіндік кезеңін, сипатын анықтау мақсатында да қолдана береміз. Өзгешілік себебін іздегенде, төңкеріске дейін кітап бастыру қанша жолға қойылды десек те, жазба әдебиеттен гөрі ауыз әдебиеті басым болғанын, жазба әдебиеттің проза, драма жанрлары енді-енді қаз тұра бастап, онда әлі де поэзия үстемдік еткенін алдымен еске аламыз. Рас, төнкерістен кейінгі алғашқы онжылдықта да жазба әдебиетте әлі де поэзия жетекшілік етті. Әйтсе де, біріншіден, жетекшілік ету мен басым болу түсінігі бір емес. Поэзияның «жетекшілік етуі» ұғымы проза, драманың да қаулап дами бастауын жоққа щығармайды. Екіншіден, бұл кезде жазба әдебиет жетекші ғана емес, басым болды. Бұған кітап, газет шығарудың күрт өсуі, халықтың жаппай сауаттана бастауы, қаламгерлердің революцияға сеніп жігерленуі– бәрі әсер етті. 20-30 жылдардағы қазақ лирикасын бөліп қарастырсақ, тақырып жаңалығын да, жаңа мазмұнға сай өлең түріндегі өзге­рістерді де, тіпті, сан жағынан да каулап өсуді көрер едік. Әрине, лириканың жанрлық сипаты, жанр түрі ретінде дамуы сөз етілгенде, оның шартты түрде болсын ішкі бөлінісін: толғау; публицистикалық, немесе шолу өлең; дидактикалық, немесе үгіт өлеңі; арнау, хат өлеңі; сондай-ақ азаматтық лирика, көңіл-күй, табиғат, махаббат лирикасы болып тарамдалу мүмкіндігін т.б. ескеру керек. Бұл тұста, толғау өлеңінің 1917 жылға дейін жетекші роль атқарып келгені, ал одан кейін бұрынғы шеңберін­-де калмай, көп өзгеріске түскені өзалдына сөз боларлық тақырып деп санаймыз. Толғауда қамтылатын мәселелерді молайта беру көп ретте оның жеке жанр түрінде сақталмай, орынсыз шұба­тылған үзақ шолу өлеңге айналуына да әкеп жатты. Осы орайда қазақ әдебиеттану ғылымында толғаудың арнайы кең сарап­талғанын да атап өткіміз келеді. Бұл зерттеулерде толғаудың жанрлық табиғаты: оның ішінде, атап айтқанда, толғаудың кұраңды (синкретикалык) сипаты жете ашылды деп санаймыз2. Белгілі бір әдебиеттің кез келген жанрдағы жетістіктерін сөз еткенде, ондағы бейнеліліктің, сөз қолданыстың мәнін арнайы қарастыру қажеттігі туады. Осы саладағы зерттеулерді сарала­-сак та, жекелеген ізденістер бар екеніне көз жеткіземіз.3 Сондай-ак Қазақ әдебиетіндегі, оның ішінде лирикадағы бей­нелілік зерттелуі дегенде, әдебиетші ғалымдармен қатар тіл мамандарының, яғни қазақ тілі тарихын, сөз мағыналарын қарастырушылардың енбектерінде де ақындардың сөзбен жұмыс істеу, суреткерлік шеберліктері біршама сөз болғанын ескеру керек.

Түйіп айтқанда, бейнелілікті жеке алмай, оны стиль, көр­кемдік әдіспен байланыстыра саралаудың қазақ әдебиеттану ғылымында дәйектелмеген тың сала екеніне назар аудартқымыз келеді. Мұның бәрі қазақ лирикасын көркемдік әдіс, стиль, бейнелілік тұрғысынан байланыстыра зерттеу міндетін қояды.



Әдебиеттер:

1. Қaзaқ әдeбиeті. Энциклoпeдиялық aнықтaмaлық. - Aлмaты: «Aрунa Ltd.» ЖШC, 2010.

2. Мәшһүр-Жүcіп Қ.П. Қaзaқ лирикacындaғы cтиль жәнe бeйнeлілік. Мoнoгрaфия: - Пaвлoдaр: «ЭКO» ҒӨФ, 2007. – 442 б.

3. Баратова М.Н. Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық-стильдік ерекшелігі. Оқу құралы. – Павлодар: «Brand-Print», 2010. – 256 б.

4. Ғacырлaр тoғыcындaғы қaзaқ жыры / Құрacт. E.Дүйceнбaйұлы. – Aлмaты: Рaритeт, 2007. – 392 б.

Қосымша:

5. Бaйтұрcынoв A. Әдeбиeт тaнытқыш. Зeрттeу мeн өлeңдeр. –Aлмaты: Aтaмұрa, 2007. -208 б.

6. Мaқпырoв C. Лирикaлық жaнрлaр // Кітaптa: Нұрғaли Р. Жeті тoмдық шығaрмaлaр жинaғы. Т. 5. Әдeбиeт тeoрияcы. Нұcқaлық. - Acтaнa: Фoлиaнт, 2005. – 536 б.

7. Қaбдoлoв З. Cөз өнeрі. – Aлмaты, 2005. – 360 б.


2-тақырып. Көркемдік әдіс және бейнелілік
Қазақ лирикасының даму жолдарын сөз еткенде, оған көркем­дік әдіс тұрғысынан қарау, жіліктеп айтқанда, ондағы реализм, романтизм әдістерінің қалай дамығанын арнайы зерттеу болмады, немесе тым аз болды деп шегелеп тұжыра алмаймыз. Тіпті, сөз арасында болсын, реализм, романтизм туралы пікір білдірмеген зерттеуші, әдебиетші кемде-кем екенін тізіп жатпаған күннің өзіңде арнайы монографиялық еңбектер де жарық көрді. Әйтсе де бұл кітаптардың такырыбының өзі басқашалау болуымен ерекшеленеді: оның бірінде көркемдік әдістің прозадағы дамуы қарастырылып (М.Қаратаев), екіншісінде (М.Қараев) қазақ лирикасы дамуындағы реализм біраз қамтылса да, романтизм қалыс қалған. Ал, үшінші еңбекте (Р.Нұрғалиев) көркемдік әдістің драматургиядағы мәні ғана сарапталғаны мәлім. Сөз жоқ, лирикаға жеке арналып жазылмағанымен, бұл еңбектердегі көп тұжырымдардың жалпы көркемдік әдіс ролін танытудағы мәні үлкен. Дегенмен мұның бәрі қазақ лирикасын көркемдік әдіс тұрғысынан арнайы зерделеудің орнын толтыра алмасы да анық.

Осы орайда әдебиетке тек таптық тұрғыдан келудің бұған дейінгі зерттеулердің бәріне ықпал етіп келгенін есте ұстау керек. Тіпті XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне үңілгенде, оны Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мәщһүр-Жусіп Көпеев т.б. тәрізді ақындарсыз алудың өзі қазақ әдебиетінің, оның ішінде қазақ лирикасының дамуын жан-жақты, толық қамту ісін қиындатқаны белгілі. Әрине, әдебиетті зерттеу ісі ешқашан тоқталмайтынын, тек белгілі бір еңбек белгілі бір тақырыпты игеруді жаңа биікке көтеріп, өзінен кейінгі жаңа­лықтарға жол ашатынын ескерсек, бұған дейінгі ізденістердің өз кезінде де, қазір де өзіндік мәні болғанын жоққа шығармай­мыз. Басқа да тақырыптар тәрізді қазақ әдебиетіндегі реализм, романтизм әдісінің даму жолдары да әлі де көп болып колға алуды, жан-жақты бағымдауды кажет ететін маңызды сала. Біз осы саланың аса мәнді деген біраз мәселелерін сөз етпекпіз.

Бұл мәселеге кірісерде реализм де, романтизм де, біріншіден, бір-біріне үнемі қарама-қарсы, немесе мүлде бөлек әдіс еместігін есте ұстаған жөн. Екіншіден, қаншама ортақ жәйіттер болса да, сонымен қатар екі әдістің бір-бірінен түбірлі айырмасы бар екенін дәлелдеп ашу қажет. Үшіншіден, бұл екі әдістің екеуі де бір шығармада «тап-таза» түрде салтанат құра бермейтініне, кайта бірінің ішіңде екіншісі өрістей отыратынына көңіл бөлу керек. Төртіншіден, романтизм дамуы үшін реализм табыстары қандай пайдалы болса, реализм өркендеуі үшін де романтизмнің қанат жаюының мәнін шөмейтпей қарастыру орыңды. Міне, осы төрт принципті басшылықка алсақ қана, біз белгілі бір әдістің ролін аша отырып, екіншіні елеусіз қалдыруға жол бермеуге мүмкіндік аламыз.

Реализм ерекшелігі дегеңде, онда белгілі бір кейіпкер арқылы әрі «бірдің», әрі «мыңның» («мың» дегеніміз шарттылық: ол жүз де, миллион да болуы мүмкін: әйтеуір «бірмен» шектелмеуді, неғұрлым ол тектес көп адам сезімін жинақтау ұғымын беруге алынып жүр.– Қ.Ж.) көзқарасы, сезімі әрі жинақталып, әрі дараланын беріледі дегенді кайталап түсіндіріп келдік. Әйтсе де бұлай айту арқылы реализмді романтизмнен бөле алмаймыз. Себебі жинақтау мен даралау бірлігі романтизмде де бар. Әрине, реализмдегі жинақтау, даралау көбінесе қатардағы адамның әдеттегі жағдайы тұсында жүзеге асса, романтизмде көбінесе ерекше кесек әрекет иелерінің айрықша жағдайда көрінетіні белгілі. Дегенмен де әдеттегі мен айрықшаның арасында айқын жік бола бермеуі, көбінесе бірінің аясында екіншісінің де орын тебуі зерттеушіге жіті талғампаздық талабын артатыны анық. Осының бәрін ескере, түйіндей келе айтарымыз: қатардағы адамдардың әдеттегі сезімдері басым («басым» ұғымы «бірден-бір» болу еместігі белгілі) болса, шығарма реализмге жуықтай түседі де, айрықша жағдайдағы ерекше адам іс-әрекеттері үстемдік құрса, романтизмге ойысады.

Халық басына түскен ауыртпалықтың жоталана түсуі, әділдік іздеуші ерлер алдында өлшеусіз кедергі– қамалдар тууы,– осылардың бәрі қашан да қай елде болмасын романтизмнің көркем өнерде қанат жаюына, тіпті, үстемдік құруына ықпал еткені мәлім. Міне, Мағжан Жұмабаев романтизмі де осындай қысым, дүрбелең етек алған аумалы-төкпелі заманда туды.

Қөпшіліктің, қазақ шаруасының, әдеттегі қарапайым адамның жан дүниесін кімнен көбірек көреміз десек, алдымен Б.Майлин еске түседі. Б.Майлин өлендеріндегі лирикалық қаһарманнан да, лирикалық бейнелерден де (мәселен, Мырқымбай т.б.) сол кездегі қалың көпшілік ұғымы, ояну, өсу жолы көрінеді. Ал, С.Сейфуллин каһарманына келсек, онда әдеттегі емес, алға шыққан, асқақ айрықша адамға тән сипаттарды көп кезіктіреміз. Осындай елеулі айырмашылықтары бола тұра С.Сейфуллин мен Б.Майлинді бір қатарға қойдыратын ұқсастық, ортақ сарын да бар. Ол: бірі әдеттегіні, бірі озықты жырлап отырса да, бәрі де өмірдің күнгей, жарқын жағына баса көңіл бөліп, оның шешілуі тым алыс, көлеңке, кесапат тұстарына тым үстірт қарауы еді. Соның нәтижесінде С.Сейфуллин, Б.Майлин тәрізді І.Жансүгіров, С.Мұқанов т.б. ақындардың бәрінде де өмірдегі қиындық атаулы көп жеңілдетіліп алынып, күрделі шындық бір жақты ғана көрсетіліп келді. Бұл ақындар бар окиғаларға сол кезең мұңарасымен ғана қарап, белгілі бір басшылар сызып берген тар жолдан, қате қалыптан ұзамауды әдет етті. Бұлай өмірдің күнгей жағын ғана теріп алып, бірыңғай марапаттаудың бәрі керексіз дегелі отырғанымыз жоқ. Талантты ақындар сол мадақ өлеңдермен-ақ өмірдің біраз қырын көрсете алды. Әйтсе де бірыңғай жетістік іздеу дағдысы болмыстың сан қырлылығын ескермеу, біржақтылық, үстүрттікпен шектелу тә­різді олқылықтарға ұрындырмай қоймайды. Міне, белгілі бір кезең дәстүрімен, сол шақта туып, кейін қателіктері дәлелденген қаулылар межесімен емес, жалпы адамзаттық биік сана көзімен қарасақ, көп ақындар ескермеген (дұрысында кысымға көніп, ескере алмаған) жәйттерді қамтуда М.Жұмабаевтың өзіндік еңселі жетістігі бар екенін көреміз. Осы орайда Мағжан роман­тизмінің шындықтан аулақ кету үшін емес қайта күрделі ақиқатқа мүмкін болған (сол кездегі цензура, қысым бөгеттен өтіп, шығармаларының жарық көру үшін де) өзгеше жол іздеу нәтижесінде туғанын ескеруге тиістіміз.

Көркем әдебиет дамуында реализм тәрізді романтизмнің де елеулі орын алғаны белгілі. Қазір әдебиетіміз, негізінен, реалистік бағытта дамып жатыр десек, ол романтизмнен мүлде безді деген сөз емес. Романтизм кеше болғаны тәрізді бүгін де бар. Әрине, оның бұрынғыдай тым оқшау, тым «таза» емес, өзіндік сипатта дамып отыратынын да ескерген жон. Жалпы, адамдардың әдеттегіні тамашалаумен қатар ерекше биікті аңсауы қашан да қай түрде, қай сипатта болмасын романтизмді, немесе романтизм элементтерін тудырып отыратыны ақиқат. Демек реализмсіз бірыңғай романтизммен калу әдебиет тынысын тарылтатыны тәрізді-романтизмсіз реализм де бір қанатты, бір аяқты жарымжанға ұқсап қалар еді. Ендеше ежелден қатар өмір сүріп келе жатқан бұл екі әдісті бір-біріне қарама-қарсы қоймай, екеуінің де қабағат керек екенін үмытпау лазым.

Эпос жанрының XX ғасырдағы даму өзгешілігін бағдарласақ, онда көбінесе әдеттегі адамдардың калыпты мүмкіндіктері ескерілетінін көреміз. Мәселен, Шұғаны бөліп әкеткенде, Әбдірахманның (Б.Майлиннің– «Шұғаның белгісі» повесінде) Қамарды ұзатқанда, Ахметтің (С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романында) пәлендей кесек кайрат жасай алмай, шарасыздық тұсауында қалуы қарапайым адам мүмкіндігін ескеруден туған. Өйткені қанша қайратты болса да, жеке адамның «көпке топы­рақ шаша алмайтыны» анық. Әйтсе де жалғыздың көпке шама­сы келмейді екен деп, оны сол қалпында (шынайылық сол жақта десек те) алу да үнемі өзін ақтай бермейтінін, біржақтылыққа ұрындырарын да ескермеуге болмайды. Өмірде етек алған шындық фактілері мен қатар сол жағдайды өзгертуге құштар, өзгеше күшке сенім арту бар екенін ескеру романтизмге есік ашады. Мәселен, соншалық билік иесі, құдіретті Медғаттан жалғыз қалған, ересен ауыр соққы жеген Қасымның кейіннен кек алуы (М.Құнанбаевтың «Медғат-Қасым» поэмасында) сол ерекшеге сенуден туған. Ғаламат ауыр жаза тұсында, насоспен атқылаған су астында жатқанда, Касымның асқан төзімділік танытып, дыбыс шығармауы оның қатардағы адамнан мүлде бөлек айрықша сипатын танытады. Кейін өзін қорлаған Мәриямға ерекше ауыр жаза қолданып, өлтіруі де Қасымның басқаға мүлде үқсамайтын айрықша сипатын аша түседі. Өш­тескеніне мүлде рақымсыз Қасым әділдік іздегенге қалтқысыз қамқор болуымен де ерекшеленеді (Ғазизаның сүйгені Сәліммен табысуы кезіндегі әрекетіне қарайық). Мұның бәрі Қасым­ның романтикалық қаһарман екенін дәлелдейді.

Эпостағы романтизм дегенде, жазба әдебиет қана емес, ауыз әдебиеті үлгілеріне де көңіл бөлмей кете алмаймыз. Мәселен, «Қозы Көрпеш– Баян сұлу» жырындағы Қодардың шөлде қалған Қарабайдың тоқсан мың жылқысын аман алып қалуын алайық. Жай көптің бірі болса, өзгеше ауыр жағдайда сонша малды аман сақтауға шамасы келмес еді, демек ондай іс тек аскан қайрат иесінің, романтикалық каһарманның ғана қолынан келері анық, Сөйтіп, 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейінгі қазақ әдебиетінде, оның ішінде эпостық жанрда, біраз ретте кесек қайратты, асқан төзімді романтикалық каһарман мүсінделгенін көреміз. Эпостағы романтикалық каһарманның айрықша бітімді, ерен қарулы боп келуі лирикаға да әсер етпеді емес. М.Өтемісов жырларына қайталап үңілсек, ондағы лирикалық каһарманнан әдеттегі адамға тән сипаттармен қатар, айрықша батырға тән өзгеше кесек әрекеттерді де кезіктіреміз. Сөйтіп, М.Жұмабаевқа дейінгі қазақ әдебиетін қарастырсақ, онда романтизмнің бірер қырымен ғана қанат жайғанын, атап айтқанда, алып күш, ерен батылдық таныткан романтикалық бейне түрінде ғана көрінгенін байқаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет